Гистология



бет1/2
Дата01.11.2023
өлшемі3,03 Mb.
#189004
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
А.Б.К. Гисто Срс
Глоссарий психология (копия)

Тақырыбы:Бүйректің эндокриндік аппараты.
Презентация
Орындаған:Абдижаппар Б, Алайдар Б,Абилда Ж, Ауескан А,Ахметова Г.
Тобы:ЖМҚА-01-22
Қабылдаған:Тойымбетова К.А
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Шымкент-2023
Жоспар:
I.Кіріспе бөлім.
III.Негізгі бөлім
1.Бүйректің эндокриндік қызметі.
2.Ренин-ангиотензин немесе юкстагломерулярлы аппаратты
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Сыртқа шығарудың негізгі мүшесі – бүйректер

  • Несепті түзуші, жинақтаушы және шығарушы мүшелердің жүйесі.
  • Адамда және жоғары сатыдағы жануарларда несеп шығару жүйесі тұрады:
  • екі бүйректерден
  • екі несепағардан
  • қуықтан
  • несеп жолынан

Бүйрек — зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.
Бүйректің қызметі нефронмен байланысты. Нефронның екі түрі бар: кортикалды-қыртысты қабатта орналасқан қысқа Гангле тұзағы бар. Юкстагломерулярлы-қыртысты және милы қабаттың шекарасында орналасқан, ұзын төмен түсетін және жоғары шығатын Гангле тұзағының тізелері бар. Нефрондардың айырмашылығы атқаратын қызметіне байланысты. Судың қалыпты мөлшерінде плазманың көлемін қыртысты бөлім, ал су жетпегенде юкстагломерулярлы нефрондар бақылайды. Себебі, судың реабсорбциясы күшейеді.

Бүйректің қызметтері

  • Экскрециялық (зәр түзу және зәр шығару);
  • Судың және мин.тұздардың тепе-теңдігін сақтау;
  • Қанның артериялық қысымын реттеу (қан тамырларын тарылтатын фермент – ренин және қан тамырларын кеңейтетін простогландин бөлу);
  • Қан жасау (эритропоэтин гормонын бөлу);
  • Қандағы түрлі ақуыздардың мөлшерін қалыпта ұстау – қанның онкотикалық қысымын реттеу;
  • Қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстау;
  • Қанның осмостық қысымын реттеу (изоосмия)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет