Гистология


Нефронның құрылысы және қанмен қамтамасыз етілуі



бет2/2
Дата01.11.2023
өлшемі3,03 Mb.
#189004
түріПрезентация
1   2
Байланысты:
А.Б.К. Гисто Срс
Глоссарий психология (копия)

Нефронның құрылысы және қанмен қамтамасыз етілуі


Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі
Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің, тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады. Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы, индикан және басқа эфиркүкірт және эфирглюкурон қышқылдары, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин және басқалары. Бүйректің бұл қызметі зәр түзу және оның концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
    • Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері, эритропоэтин, ренин және басқа биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге қолданылады.Ренин артериалық қысымды реттеуге қатысады, сондықтан бүйрек аурулары кезінде жиі гипертония байқалады

Бүйректің эндокринді жүйесі ағзадағы несеп түзумен қоса бүйректегі қан айналымын қанның гемодинамикасын,су мен тұз алмасу процесін реттейді.Бұл жүйеге:
-Ренин-ангиотензин
-Калликреин-кинин аппараттары жатады.
    • Ренин-ангиотензин немесе юкстагломерулярлы аппаратты(ЮГА) қанға өте белсенді зат ренинді синтездейді.Ренин ағзадағы ангиотензинді түзуге қатысып,қан тамырының диаметрін тарылтып,гипертензиялық қызмет атқарып қана қоймай,бұлармен қоса бүйрек үсті безінен альдостеронның және гипоталамустан вазопрессиннің бөлінуін де реттейді.Альдостерон
    • нефрон түтікшелеріндегі Na+ мен СL-дың реабсорбциясын күшейтеді.Вазопрессин болса,нефронның қан тамырлар шумағындағы қанның гемодинамикасын төмендетіп,несеп жинайтын түтікшедегі судың реабсорбциясын үдетіп,ағзадан судың көп мөлшерде бөлінуін азайтады.Рениннің қанға бөлінуінің белгісі болып табылатын,ол қанды қан тамырлар шумағына әкелетін артериоладағы қан қысымын төмендеуі.

Юкстагломерулярлы аппараттың тағы бір маңызды кызметі,ол эритропоэтиндерді бөлу болып табылады.Бұл апппараттың құрамында:
-Юкстагломерулярлы жасушалар
-Тығыз дақ
-Юкставаскулярлы немесе Гурмагтиг жасушалары болады

Юкстагломерулярлы жасушалар қан тамырлар шумағына қанды әкелетін және қанды алып шығатын тамырлардың қабырғасындағы эндотелийдің астында орналасады.Бұл жасушалардың пішіні-көпбұрышты болып келгенде,цитоплазмасында көптеген ірі секреторлы түйіршіктері болады.

Тығыз даққа –бүйрек денешігіне қанды әкелетін және әкететін артериолалар арасындағы нефронның дистальды түтікшесінің,қабырғасының эпителиоциттері жатады.Бұлардың пішіні – биік призма тәрізді,нәзік келген базальды мембранаға бекінген(базальды мембранасы болмайды деген тұжырымда бар.)Бұл эпителиоциттердің ерекшелігі-пайда болған несептің құрамында натрийдің бар – жоғын танитын рецепторлары болады.Және ренинді синтездейтін шумақ маңындағы жасушаларға да әсер етеді.

Юкставаскулярлы жасушалар-бүйрек денешігіне қанды әкелетін және әкететін артериолалармен тығыз дақ арасындағы үшбұрышты кеңістікте орналасады.Мұндағы жасушалардың пішіні –сопақша.Нашар дамыған жасушалық өсінділері мен кейде шумақтағы мезангий жасушалармен түйіседі де,цитоплазмасында фибриллалы құрылымдары болады

Простогландиндік аппарат-бүйректегі рениннің қарсыласы ангиотензинді аппарат болып саналады.Бүйректің простогландиндері қан тамырларының қабырғасын кеңейтіп,қан ағымына,несептің мөлшеріне,натрий экскрециясына әсер етеді.Ал бүйректегі простогландиндер синтезіне,секрециясына қан тамырлардың қабырғасының
қысылуы,ангиотензин көбеюі,вазопрессин мен кениндердің бөлінуі саналады.
Калликреин-кининді аппарат-бүйректегі қан тамырлардың қабырғасына әсер етіп кеңейтеді.Натрийурез бен диурез процесін күшейтеді.Ал керісінше,нефрон түтікшелеріндегі натрий мен судың реабсорбциясын тежейді.Кининдер-пептидтер болып табылады.Бұлар қан плазмасындағы белоктардың ізашары кининогендерден пайда болады.Бұған калликреин ферменттерінің әсері зор.Калликреиндер нефронның дистальды түтікшелерінің қабырғасындағы жасушаларда синтезделініп,кининдердің бөлінуіне ықпал жасайды.Ал,кининдер болса простогландиндердің секрециясына қатысады.Сонымен,бүйректің өте күрделі эндокринді комплексі жалпы ағзадағы және бүйректегі қан айналымын реттеп,несеп түзуге қатысады.
Қорытынды
Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында — соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс — бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 — 15 үшбұрышты денелерден құралған
Пайдаланылған әдебиеттер
Гистология, эмбриология, цитология: оқулық / ред. басқ. Ю. И. Афанасьев
Нуртазин, С. Т. Жалпы гистология : оқу құралы . – Алматы
Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет