ГүЛ ҚҰрылысы



бет15/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
botanika darister

1 Жапырақтың анатомиялық құрылысы

Жапырақтың негізгі физиологиялық қызметі – фотосинтезге, транспирация және газ алмасуға байланысты онда ұлпаның үш түрі болады: ассимиляциялық – онда фотосинтез процесі жүзеге асады, жабындық- судың булануын және газ алмасуын реттейді, өткізгіш– заттарды өткізеді. Сонымен қатар, жапыраққа беріктік қасиет беретін механикалық ұлпа болады.


Жапырақ жоғары және төменгі жағынан эпидермамен қапталған, оның клеткалары түссіз, клетка қабықшалары қалыңдаған және сыртқы жағынан кутикуламен қапталған. Эпидермада устьиценің болуы тән және көп мөлшерде төменгі эпидермисте кездеседі.
Жапырақтың негізгі ұлпасы – мезофилл хлоропластары көп мөлшерде болатын паренхима клеткаларынан тұрады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ болып екіге бөлінеді. Бағаналы мезофилл клеткалары біршама ұзынша, бағана тәрізді, бір-біріне қабыса, тығыз, эпидермаға перпендикуляр орналасқан. Борпылдақ мезофилл әртүрлі пішінді, шашыраңқы орналасады және клетка аралықтары жақсы көрінеді.
Жапырақтар түрін өзгертіп, ықшамдалған жағдайда (ашық тұқымдыларда) мезофилдің жұмысшы ауданы оның клеткаларының ішкі қатпарлары арқылы толықтырылады. Бұл жағдайда мезофилл қатпарлы және тасымалдаушы болып екіге бөлінеді.


2 Қылқанжапырақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы
Устьиценің түйістіргіш клеткалары эпидерма деңгейінен төмен, көміле орналасқан. Эпидерманың астында әртүрлі қатарлы, су қорын жинақтаушы, нағыз тургорлық жағдайда механикалық қызмет атқаратын гиподерма клеткалары орналасады. Қылқан жапырақтың ассимиляциялық мезофилін, бірыңғай пішінді қатпарлы паренхима клеткалары түзеді. Қатпарлы деп аталуы, әрбір жеке клеткалардың оның ішкі қуысына қарай жіңішке, ұсақ бүртиген өскіндер өседі де, оның нәтижесінде ассимиляциялық ауданы артады. Сыртқы қабатта қатпарлы мезофилге көміле шайыр жолдары орналасқан.
Міне бұл құрамдар эпидерма мен орталық шеңбер сыртын қоршаған крахмалды қынапша (эндодерма) ортасындағы аралықта орналасқан. Орталық шеңберде өзара склеренхималық жіңішке “белдемемен” қосылған екі талшықты өткізгіш шоқ және шеңбер түзе трансфузиялық паренхима орналасқан.


3 Сабаққа анықтама және жалпы сипаттамасы.

Сабақтың атқаратын қызметі: өсімдік мүшелерін байланыстыру, өсімдікті субстратқа бекіту, заттарды өткізу, вегетативті көбеюге қатысу, қор заттарын жинау.


Сабақ – жоғары сатылы өсімдіктердің ұзарған өркені.
Сабақтың жіктелуі:
Топырақ деңгейіне қатысты орналасуы бойынша:

  • Жер үсті;

  • Жер асты.

Ұзындығы бойынша:

  • Қысқарған;

  • Ұзарған.

Сүректену деңгейі бойынша:

  • Шөптесін;

  • Сүректі (мысалы, дің – ағаштың негізгі көп жылдық сабағы).

Бағыты және өсу сипаты бойынша:

  • Тік сабақ (мысалы, күнбағыс);

  • Жатаған сабақ – топырақтың беткі қабатында жатады, тамырланбайды;

  • Көтеріңкі сабақ – сабақтың төменгі бөлігі топырақтың беткі қабатында жатады, ал жоғарғы бөлігі көтеріңкі;

  • Көген сабақ – сабағы жер бетіне төселеді және буындарында қосалқы тамырдың түзілуіне байланысты тамырланады;

  • Өрмелегіш сабақ – мұртшаларының көмегімен тірекке бекінеді;

  • Шырмалғыш сабақ – тіреуге шырмалатын жіңішке сабақтар.



4 Сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысы



  1. Алғашқы анатомиялық құрылысы. Даражарнақты өсімдіктерде (камбий болмайды) және қосжарнақты өсімдіктерде болады.

  2. Соңғы анатомиялық құрылысы. Қосжарнақты өсімдіктердің сонғы кезеңінде, сүректі өсімдіктерде, ағаш, бұта, жартылай бұта, шөптесін өсімдіктердің тіршілік формасы.

Өсімдік сабағының анатомиялық алғашқы құрылысы
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы эпидерма, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидерманың іш жағында алғашқы қабық орналасқан, оның ішкі шекарасы тамырдағы сияқты эндодерма қабатынан тұрады. Эндодермада крахмалдың қоры мол болатындықтан, оны крахмалды қынап деп те атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет