ГүЛ ҚҰрылысы



бет17/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
botanika darister

4 Өсімдіктердегі жыныс процесі. Ұрпақ беру циклдері

Жыныс клеткалары – гаметалар арқылы көбеюдің түрі жынысты көбею деп аталады.


Спора даму барысында гаплоидты жынысты ұрпақ –гаметофитке бастама береді. Гаметофитте гаметангийлер дамиды да, онда гаметалар жетіледі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің аналық жыныс мүшесі – архегоний деп аталады, онда аналық гамета- жұмыртқа клеткасы жетіледі.
Аталық жыныс мүшесі– антеридий деп аталады, онда аталық гамета– сперматозоидтар пісіп-жетіледі. Тұқымды өсімдіктерде аталық гаметалар спермия болады. Сперматозоид немесе спермия жұмыртқа клеткасымен қосылып, диплоидты зигота пайда болады. Одан диплоидты жыныссыз ұрпақ – спорофит дамиды. Спорофиттің арнай мүшесі спорангий деп аталады. Онда споралар жетіледі. Спорангия ішіндегі спорогендік ұлпалар – археспория туындысы болып спораның аналық клеткасы табылады.


5 Гүл құрылысы және оның қызметтері

Гүл түрі өзгерген, қысқарған өркен, жынысты процеске және тұқым мен жемістің түзілуіне бейімделген генеративті мүше. Гүл өркеннің төбелік және бүйірлік түзуші үлпаларынан дамитын споралы, арнайы мамаңданған репродуктивті мүше. Гүлде спора да, гамета да түзіледі және жыныстық процесс жүреді. Демек, тозандану мен ұрықтану процестерінен кейін гүлде жеміс және үрықты тұқым пайда болады.


Гүлдің негізгі бөліктері: гүлсағағы, гүлтабаны, гүл серігі, аталығы және аналығы. Гүл мен гүл жапырақша арасындағы өркен бөлігі гүл сағақ деп аталады. Гүл сағағында даражарнақтыларда- бір, қосжарнақтыларда екі гүлжапырақша орналасады. Гүл сағағы жоқ гүлдер қондырма гүл деп аталады. Гүл сағақтың жоғарғы гүл серігі мен аталығы және аналығы бекінетін жері гүл тұғыры деп аталады. Кейбір гүлдерде гүл тұғыры, гүл серігінің төменгі бөлігі тұтасып, ерекше құрылым – гипантий түзеді, ол жеміс түзуге қатысады. Гүл тұғырында гүл бөліктері шеңбер тәрізді орналасса- циклді, спираль тәрізді орналасса – ациклді, гүл серігінің сыртқы жапырақшасы- шеңбер, ішкі жапырақшасы спиральды орналасса гемициклді гүл деп аталады.
Гүлсерігі қосарланған және жай болып бөлінеді. Қосарланған гүлсерігі тостағанша және күлте жапырақшаларынан тұрады. Жай гүлсерігінде тостағанша немесе күлте болмайды.


Гүлдің шығу тегі. 1 Эвант териясы немесе стробила теориясы. Ботаниктердін көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысыңда ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған.
2 Псевдант теориясы. Жабық тұқымды өсімдіктердің қос жынысты гүлдері жалаңаш тұқымдылардың аталық және аналықтарының қосылуынан пайда болған.
3 Телом теориясы. Гүл бастапқы өсімдіктердің «риниофиттердің» цилиндр тәрізді ортаңғы мүшесі – теломнан пайда болған.
Андроцей жалпы сипаттама, құрылысы. Гүлдегі аталықтар жиынтығын аңдроцей деп атайды. Гүлдегі аталықтардын саны әр түрлі, бірден жүзге дейін жетуі мүмкін. Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқашаштарда-3, күрделігүлдерде-5, лалагүлдерде-6, бұршақ тұқымдастарында-10. Аталығы (бөдене шөп, тал) екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер белгілі. Әдетте өсімдіктердін белгілі бір туысыңда гүлдің аталық саны тұрақты.
Аталықтың негізгі екі бөлігі бар: аталық жіпшесі жене тозаңқап. Тозаңқап әрбір аталықта екі-екіден болып, өзара бір-бірімен дәнекер арқылы байланысып жатады. Тозаңқаптың әрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы деп аталады. Тозаң ұясыңда микроспоралар (тозан) жетіледі.
Гинецей жалпы сипаттама, түрлері. Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атай­ды. Аналық үш бөлімнен тұрады.
Аналық өұрылысы: аналық ауызы; аналық мойыны және жатыны.
Аналық бір (бұршақтар тұқымдасы), екі немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынаң (ерінгүлділер, қалампырлар тұқымдасы), пайда болуы мүмкін. Егер гинецей жеке орналасқан жеміс жапырақшаларынан құралып, оның әрқайсысынан жеке аналықтар пайда болса, онда оны кірікпеген немесе апокарпты гинецей деп (сарғалдақтар тұқымдасы), ал керісінше бірнеше жеміс жапырақшаларының кірігуінен бір ғана аналық пайда болса, кіріккен немесе ценокарпты гинецей деп атайды.
Жеміс жапырақшаларының кірігуі ерекшеліктеріне және тұқым бүрінің орналасуына қарай ценокарпты гинецей тағы үшке бөлінеді. Олар: синкарпты, паракарпты және лизикарпты гинецейлер.
Синкарпты гинецейде жеміс жапырақшаларының жиектері терең еніп кірігеді де, көп ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы бұрышты (лалагүлділер, алқалар) келеді.
Паракарпты гинецей жиектері онша терең кірікпеген бірнеше жеміс жапырақшаларынаң тұрады. Сөйтіп бір ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы қабырғалық (асқабақтар тұқымдасы, қарлыған).
Лизикарпты гинецей паракарпты сияқты бір ұялы жатын түзетін бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады. Айырмасы тұқым бүрінің атацентациясы бағаналы (қалампырлар тұқымдасынын көптеген өкілдері).
Жатын ішінде тұқым бүршігі орналасады.
Тұқым бүршігінің негізгі құрамды бөліктері мыналар: фуникулюс немесе тұқым тірсегі, нуцеллус, ингегументтер, микропиле немесе тозан саңылауы, халаза.
Жатында тұқым бүршіктерінің бекінетін жері плацента деп аталады. Жатын ішінде плаценталардың орналасуына қарай плацентация типтері ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет