Глоссарий



бет4/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,64 Mb.
#24850
1   2   3   4

Тақырып 1.13. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

Дәріс мақсаты: Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымын сипаттап көрсету

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

  2. Педагогикалық іскерлік  

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігін педагогикалық іскерліктер құрайды. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықтары педагогикалық іскерліктерден құралады.

 

Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

  

Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).



Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).

Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды.


Бақылау сұрақтары: 

  1. Педагогикалық іскерлікке сипаттама бер

  2. Аналитикалық іскерлік дегенді қалай түсінесің?

  3. Педагогтің кәсіби құзіреттілігі

 Негізгі әдебиеттер:

1.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

2.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

3.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:

 

4.       Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.



5.       Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.

6. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.

7.     Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.

Тақырып 1.14. Білім беру құндылық ретінде

Дәріс мақсаты: Құндылық мәселелерін ажырату

Тақырыпқа арналған сұрақтар:


  1. Құндылықтар – адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқарады

  2. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде

  3. Білім берудің тұлға үшін маңыздылығы 

Білім беру ұғымын құныдылық ретінде де түсіндіруге болады. Себебі адамзаттың кез-келген даму формациясында әрбір мемлекеттің дамуының қозғаушы күші білім беру мен ғылымның дамуы болды, сондықтан да білім беруді құндылық ретінде қарастырады. 

Құндылық мәселесін аксиология ғылым қарастырады. Грек тілініде “аксио“- құндылық, “логос”- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Құндылықтар – адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын фактор. Бұл ұғымды алғаш рет философия саласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Г. Лотц енгізді. Аксиология ғылымының негізін қалаушы Г.Лотц бұл ұғымды мән деп түсіндіреді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.

Аксиология ғылымының басты міндеті – құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады. Аксиология – құндылықтар ілімі туралы және құндылықтар әлемінің құрылымы, олардың ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім.

Білім беру, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.

Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:

1. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде

2. Білім беру қоғамдық құндылық ретінде

3. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде



Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. Білім беруді мемлекеттік құндылық ретінде тану арқылы дамыған мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәледейді.

Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді. Мемлекет пен қоғам ұғымдары бірдей ұғым емес, олар өзара байланыстылықта болады. Әрқашанда мемлекет пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кезек күттірмейтін мәселелерін шешуін қадағалап, білім беру ісіне құзыретті мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.

Ұжымдық бастамалардың маңыздылығына қарамастан білім берудің тұлға үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды.  Тұлғалық құндылық ретінде білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.

Білім беруді құндылық ретінде түсіндіруде оның мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық маңызын тұтастықта, жүйелілікте қарастырған жөн. Өйткені, тек осы тұрғыда түсіндіргенде білім беру ісін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болады.


 Бақылау сұрақтары: 

  1. Аксиология – құндылықтар ілімі туралы мағлұматтар бер

  2. Тұлға, тұлғаның мәдениеті,дүниетанымы, көзқарасы

 Негізгі әдебиеттер:

1. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.

2. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с

 

Қосымша әдебиеттер:

3.       Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.

4.       Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.

5. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.



Тақырып 1.14.   Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Дәріс мақсаты: Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің маңызын көрсету

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің күйі

  2. Білім беру жүйесінің алға қарай дамуы

  3. Білім беру ісінде қазіргі кезеңдегі өзгерістер

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау  оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты.

Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады:

- қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;

- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;

- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;

- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;

- білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;

- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;

- білім беру сапасына қатысты проблемелар;

- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);

- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі;

- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.

Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та  мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде.

Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:

• Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;

• Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

• Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;

•Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.
  Бақылау сұрақтары: 


  1. Білім беру жүйесінің маңызын көрсет

  2. Жаңа ақпараттық технологияларды ата

 Негізгі әдебиеттер:

1.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

2.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

3.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.


Қосымша әдебиеттер:

5.  Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

6.  Боршова С.Г. Молодой учитель. Труд.Быт.Творчество.М.:1999

7.  Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие.- Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 1997.- 480с.

8.  Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.: Беларуская наука, 1998.- 319с.

9.  Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.



10.  Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с 
 
 
 
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет