Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет17/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
-дар
көнерек пе, я 
-лар
ескірек пе, болмаса 
-тар
кәрі ме, оны дәлелдеу мүмкін 
емес. Тіпті реконструкциялау әдісімен бұл формалардың архитипін 
тапқанның өзінде, қазіргі жазу практикасында оның соншалықты үлкен 
мәнге ие бола қоюы неғайбыл.
Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай 
келетін бірден-бір принцип – фонетикалық принцип. Ал олай болса, 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қойылып, яғни «морфологиялық 
принцип» деген айдармен таңбаланып жүрген басшы – [башшы], түнгі – 
[түңгү], көзсіз – [көзсүз] т.б. сөздердің жазылу нормасын қалай түсінеміз? 
Мұндай топтағы сөздердің саны едәуір және өз жүйесі бар. Сондықтан 
оларды «Ереже ескертусіз болмайды» деген рубликаға жатқызу тіл
шындығына сай келмейді. Тегінде, бұл топтағы сөздердің жазылуын 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюымыздың өзі дұрыс па? Әрине, 
фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай жазылады» деп түсінсек, онда 
басшы, түнгі, бізсіз т.б. сөздер морфологиялық принципке негізделген деп, 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюға болар еді. Бұл жерде 
фонетикалық принциптің өзін анықтап алу қажет тәрізді. Қ.Жұбанов «жазуда 
сөз естілуіне жақын болу керек» дейді, яғни бұл ұғым «қалай естілсе, солай
жазылады» деген формуламен бірдей емес. «Фонетикалық принцип, дәлірек 
айтқанда фонематикалық принцип, әрине, «қалай естілсе, солай жаз» дегенді
білдірмейді» [14, 91б.]. «Фонематический принцип имеет большую 
обьяснительную силу, чем морфологический: понятие фонематический 
принцип полностью покрывает понятие морфологический принцип и сверх 
того, обьясняет те факты, которые не могли быть обьяснены в терминах 
морфологического принципа, а именно, неизбежные отступления от 
единообразной передачи морфем в случае морфологических чередований» 
[27. 10б.]. 
Шындығында, фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай
жазылады» деп білу бұл принцип туралы түсінігімізді шатастырып, жазу 
тәжірибесінде оны дұрыс қолдануға кедергі болады. Егер «сөз қалай естілсе, 
солай жазылады» деген қағидаға сүйенсек, 
түн 
деген сөзді 
түнь

тын
деген 
сөзді
тын
түрінде жазып, н дыбысының жуан-жіңішкелік қасиетін жеке-
жеке таңбалар едік. Немесе 
сауда 
сөзі 
сауда
, ал 
саудагер
сөзі 
сәудәгер 
түрінде жазылар еді. Бірақ бұлай жазу фонетикалық принциптің емес, 
фонетикалық транскрипцияның міндеті. Қазақ жазуында [н`] мен [н], [т`] мен 
[т] тәрізді дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің арнайы таңбаланбауы 
сондықтан. Әрине, жазу мен транскрипция әуелден екі басқа нәрсе. Дыбыс 


жазуы дыбысталған сөздің айна-қатесіз көшірмесі емес. Оның қызметі 
алдымен ой мен сезімді жеткізу. Сондықтан дыбыс жазуында фонологиялық 
жүктемесі жоқ, фонетикалық қоршауға тәуелді небір дыбыс құбылыстары 
ескерілмейді. Жазу теориясының аса терең білгірі Л.В.Шербаның ертеректе 
айтқан мынадай пікірі бар:
«Многим казалось и кажется, что наше практическое письмо, не 
обозначая более тонких звуковых нюансов языка, должно считаться 
неточным. Это насколько не отвечает действительному положению вещей, 
что скорее можно было бы поддерживать обратное, т.е. что оно было бы 
неточным, если бы стремились обозначать все эти нюансы» [28, 19б.]. 
Жазу теориясына қатысты бұл мәселеге Қ.Жұбанов дер кезінде назар 
аударған болатын. Дыбыстық қоршауға тәуелді кез-келген дыбыстық
құбылысты жазуда таңбалай беру, Қ.Жұбанов айтқандай, ультрафонетик 
бағытқа бой ұру болар еді.
Бірақ мәселенің қиындығы мынада: фонологиялық жүктемесі жоқ 
немесе ультрафонетик (Қ.Жұбановтың терминологиясы) құбылыстарын 
фонологиялық мәні бар дыбыс құбылыстарынан қалай ажыратамыз? 
Фонема теориясы бойынша бір фонеманың бірнеше реңкі болуы ықтимал, 
яғни фонетикалық қоршау қанша болса, фонеманың реңкі де сонша болады. 
Бірақ солардың ішінде фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсізі – негізгі 
реңк. Фонологиялық жазудың ерекшелігі бойынша фонемалардың негізгі
реңкі таңбаланады да, фонетикалық қоршауға тәуелді реңктері ескерілмейді. 
Мысалы, 
жұмұсшұ
деп жазбай,
жұмысшы
деп жазу себебімізді осы 
тұрғыдан түсіндіруге болады. 
С/ш
алмасуы фонетикалық ортаға тәуелді, 
яғни [с] мен [ш] ілгерес келген барлық жағдайда <с> фонемасы [ш] реңкіне 
көшеді. Бұл іргелестікте <с>-ның басқа альтернациясы болмайды. Осы 
типтес өзгерістерді шартты түрде жалпы фонетикалық алмасу деп атауға
болады. Бұл топтағы дыбыс алмасулардың өздеріне тән белгілері бар.
Жалпы фонетикалық алмасулардың морфемаға қатысы жоқ. Мейлі ол 
үстеу жасайтын қосымша мен қалау рай тұлғасы болсын немес шартты 
райдың жұрнағы болсын, сондай-ақ «жоқтықты» білдіретін аффикс болсын, 
бәрібір, талғампаздық болмайды. Фонема реңктері талғаусыз өзгере береді: 
құсша – 
[құшша]; 
ысшы
– [ышшы]; 
безсе
[бессе], 
бізсіз
[біссіз]. Ал кейбір 
дыбыс өзгерістерінде мұндай қасиет жоқ, мысалы, 
қ/ғ, к/г, п/б
белгілі бір 
морфемалардың аясында болады: 
тұрақ – тұрағы, бұлақ – бұлағы, қазақ – 
қазағы, 
бірақ
 қазақы
(сын есім); 
қырық – қырығы
(сын есім); бірақ 
қырқы

зат есім (этнографизм); 
дарақ – дарағы
, бірақ 
дарақы
(сын есім); 
тақ –
тағыл
, бірақ 
тақыл
(зат есім); 
бақ – бағыл
, бірақ
бақыл
(зат есім); 
қап – 
қабы,
бірақ 
қапы
қалу

сап – сабы,
бірақ 
еңбек сапында
т.б. Белгілі бір 
морфемалардың аясында болатын мұндай өзгерістерді алдыңғы типтегі
алмасулардан бөлектеп, морфонологиялық алмасулар деп атауға болады. 
Әрине, морфонологиялық алмасулар да фонетикалық алмасу, бірақ бұл
алмасулар белгілі бір морфемалардың жүйесінде ғана көрінеді. Мысалы, 
көптік жалғауының дауыстылар мен /у/, /й/ сонорларынан соң 
л /-лар, -лер
вариант түрінде болуы осы морфемаға қатысты: 
қала-лар, тау-лар, тай-лар



Тап осы жүйе 
-лық, -лік
аффикстерінде де қайталанады: 
қала-лық, тай-лық. 
Бірақ өзге морфемада, мысалы септік жалғауында, бұл жүйе басқаша сипат 
алады: 
қала-да, тау-да, тай-да.
Жалпы фонетикалық алмасудың морфонологиялық алмасудан тағы бір 
айырмашылығы бар. Егер орфоэпиялық нормадан әдейі ауытқи отырып, 
артикуляциялық жақтан әнтек нық айтуға тырыссақ, қосымша реңктегі 
фонема өзінің негізгі реңкіне көшуге мүмкіндік алады: [башшы] – 
басшы,
[кешегелді] – 
кеше келді
т.б. Мектеп мұғалімдері оқыту процесінде, 
дикторлар радиодан ән тексін үйреткенде, мұндай мүмкіндікті нормадан 
әдейі ауытқи отырып, ара-тұра пайдаланып отырады. Тіпті сөз мағынасын 
айқынырақ ажырату үшін кей контексте [к] -ні әнтек нық айтып, фонеманы 
негізгі реңкте дыбыстауға тырысамыз: [сексеуүлдүң күлү] – сексеуілдің күлі, 
салыстырыңыз: [сексеуілдің гүлү] – 
сексеуілдің гүлі
.
Ал морфонологиялық алмасулар орфоэпиялық нормадан бұлайша әдейі 
ауытқуға ырық бермейді. Мысалы, 
ақ – ағар
сөзін «ақар» түрінде 
дыбыстаудың мәні жоқ.
Дыбыстардың жалпы фонетикалық алмасуы мен морфонологиялық 
алмасуы бір сөздің шенінде де кездесе береді. Мысалы, <қ> фонемасының 
сөз қолданыста бірнеше реңкі болуы ықтимал:
1)
[қырық] дегендегі [қ] – негізгі реңк;
2)
[қырығы] дегендегі [ғ] – фонетикалық қоршауға біршама тәуелсіз 
реңк-морфонологиялық алмасу;
3)
[отызғырық]
отыз-қырық
дегендегі [ғ] – фонетикалық қоршауға 
тәуелді реңк, жалпы фонетикалық алмасу;
4)
қырқы
(этнографизм), 
қырық
[қырығы]
 қырқы
– тарихи алмасу.
Осы салыстырудан байқайтынымыз, қазіргі жазу нормасында жалпы 
фонетикалық алмасуларға қатысты дыбыстық өзгерістер жазуда арнайы
таңбаланбайды да, бұған керісінше, морфонологиялық алмасулар жазуда
жүйелі түрде бейнеленіп отырады. Осы тұрғыдан қарағанда проф. 
Қ.Жұбановтың «қазақ емлесі дыбыс негізді болуы керек» дейтін тезисін 
жалпы фонетикалық алмасудың жазу-сызуда еленбей ерекшелігімен, сондай-
ақ морфонологиялық алмасулардың арнайы таңбаланатын сипатымен 
ұштастыра қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   195




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет