Графика пәні күнделікті сабақ жоспарлары топ Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов 2021-2022 оқу жылы Бекітемін: Пәні: Компьютерлік графика топ



бет1/84
Дата14.12.2021
өлшемі2,13 Mb.
#126638
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
компьютерлік графика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ-КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

КОМПЬЮТЕРЛІК

ГРАФИКА ПӘНІ

Күнделікті сабақ жоспарлары

1 топ
Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов

2021-2022 оқу жылы

Бекітемін:

Пәні: Компьютерлік графика 1 топ

Сабақ: №1 Уақыты: 03,04.09.2021

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Сабақтан алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі.

Сабақ кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңіЫнтымақтастықты оқытуды орнату;

ІІ.Үй тапсырмасы

«Сиқырлы сандар» ойыны

Бұл жерде экранда жылдар жазылған ұяшықтар тұрады, жылдар берілген сұрақтардың жауабы. Ұяшықтардың астында үй тапсырмасын сұрауға арналған сұрақтар орналасқан.

Сұрақтар:


  • Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? 1995 ж 30 тамыз

  • Желтоқсан оқиғасы қайжылы болды? 1986 ж. 16-17 желтоқсан

  • ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

  • ҚР Президент күні? 1991ж. 1 желтоқсан

  • ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? 1992ж. 4 маусым

Ұяшық сұрақтары:

  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритмнің неше түрі бар? (үш, сызықтық, тармақталған, циклдық)

  • Алгоритм түрлеріне анықтама бер?

  • Тармақталған алгоритмнің неше түрібар? (2 түрі, толық және толық емес)

  • Тармақталған алгоритмде шарт қандай фигурамен беріледі? (ромб)

  • Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы ол қандай алгоритм деп аталады (циклдік)

ІІІ.Шаттық шеңбері

Оқушыларға шаттық шеңберінің ережесімен таныстыру. Оқушылар ортаға шығып бір – бірінің жұмсақ ойыншық ұсынып жақсы тілектер айтады.

ІV.Жаңа сабақКүрделі шарттар

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі

тармақталған алгоритм.

Тармақталған алгоритмдер

– алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру,

яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы –ромб

қолданылады.Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді.

Күрделі шартты т

армақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады:

if - егер , then – онда , else – әйтпесе

if - егер , then – онда , else – әйтпесе

сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер)күрделі шарттардеп аталады.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.Оператордыңжазылутүрі:{Егершартонда1 оператор әйтпесе 2 операторорындалады.}IF THENELSE;Егершарттың мәні «ақиқат»болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған»болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.Шартөрнегінжазуүшінмынадайсалыстырубелгілерінпайдаланамыз:

= Тең = Үлкен немесе тең<> Тең емес

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.Берілу формалары:


  • Сөздік формада

  • Графикалық формада (блок-схема)

  • Программалау тілінде1 мысал:Функция мәнін есептеп шығару

  • Сергіту сәті.

Логикалық тапсырмалар

V.Тапсырмамен жұмыс

І топ – квадрат теңдеуді математикалық жолмен шешуді көрсетеді;

ІІ топ – квадрат теңдеудің блок – схемасын сызады.

ІІІ топ – квадрат теңдеуді шешудің программалау тіліндегі программасын жазады.


  • Тапсырма: Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға шығару керек.

Жауабы:program h;vart:real;beginread(t);if t>=50 then write('ыстык') elseif t>=25 then write('

калыпты') else write('суык');writeln('t=',t);end.



  • Тапсырма: х2 + 5x + 4 = 0, түбірлерін табатын программа құру. х1,2 >= 0 болса «есеп қате» сөзі, х1,2 =< 0 онда «есеп дұрыс» сөзі шығу программа құру

Оқушылар топпен жұмыс істейді. Топтық жұмыста оқушылар тармақталу операторлары туралы білімдерін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын өздері қорытып шығарады.

VІ.Сабақты бекіту.«Домино»ойыны.

Оқушыларға үлестірмелі парақшалар беріледі. Сол парақтың ортасынан қаламмен бөліп, оң жақ бөлігіне сұрақ.Кеінші парақшаның екінші бөліміне жауабынжаз. Содан соң доминоны келесі топқа бер. Дауыстап оқимыз.

Пысықтау сұрақтары:

1. Күрделі шарттар дегеніміз не?

2. Шарт өрнегін жазу үшін қандай салыстыру белгілерін пайдаланамыз.Оператордың жазылу түрі?

3.Күрделі шарттың берілу формаларын ата?

4. Күрделі шарт операторлары программалау тілінде қалай жазылады?

5. Не үшін бұл күрделішарт деп аталады?

Рефлексия «Ашық хат»

Оқушылар

ға түрлі- түсті стикерлер беріледі. Оқушылар тақтадағы бүгін не үйренді, не ұнады, не ұнамады соныстикерлерге жазып, ашық хатқа жабыстырып қоямыз.

VІІІ. Үйге тапсырма.Күрделі шарттар, есеп

Дені сау күшіккүніне кем дегенде 8 сағат ойнауы керек. Ақтабан деген күшік күніне 13 сағат ойнайды. Оның денсаулығын анықтайтын программа құр.

VІІ.Оқушыларды бағалау

Топ оқушыларын жинаған баллдарына қарай және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


Бекітемін:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет