Графика пәні күнделікті сабақ жоспарлары топ Пән мұғалімі: Айбат Бекжанов 2021-2022 оқу жылы Бекітемін: Пәні: Компьютерлік графика топ



бет6/84
Дата14.12.2021
өлшемі2,13 Mb.
#126638
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
компьютерлік графика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

• оқушылармен амандасу ;


• оқушылардың сабаққа қатысын тексеру ;
• оқушылардың сабаққа назарын аудару ;

ІІ.Үй тапсырмасы

Өздеріңе белгілі программалық жабдықтаманы қолданып, берілген келесі есептердің шығару модельдерін жасау керек.



  1. «Зат есімнің септелуі» ережесін қолданудың үйретуші модель блок-сұлбасын құрастырыңдар.

  2. Орамжапырақты көшеттік әдіс арқылы өсіру алгоритміне сөздік сипаттама жасаңдар.

  3. Графикалық редактор көмегімен отырғыш сұлбасын дайындаңдар.



ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерлік графика- программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Компьютерлік графика- күрделі аппараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.

Компьютерлік графика – бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың кескіндерін құруға, сақтауға және өңдеуге арналған информатиканың бір бөлімі.

Компьютерлік графиканы қолданатын аймақтар:

- Ғылыми графика, зерттеу нәтижелері;
- Іс жүргізудегі графика, жоспарлық көрсеткіштер;
- Конструкторлық графика, жұмыс сызбалары;

- Видеосабақтар, Мультимедиялық презентациялар;

- Компьютерлік анимация;
- Компьютерлік ойындар;
- Жарнамалық графика;
- Интернет, WEB-парақты дайындау;

- Медицинада, Компьютерлік томография;

- Сән аймағында, Маталар мен киім үлгілерін модельдеу.
Компьютерлік графиканың жасалу принципіне қарай кескіннің 3 түрі бар:


  • Растрлық графика

  • Векторлық графика

  • Фрактальдік графика

Растрлік графика дайын бейнелерді өңдеу үшін және Интернетте қолданылады.

Векторлық графика көбінесе жаңа бейнелерді жасау үшін, ал кейбір жағдайларда оларды өңдеу үшін қолданылады.

Фрактальдік графика математикалық есептеулер жолымен бағдарламала құрудан тұрады.

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады:екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден 2 өлшеу) және үшөлшемді (-ден 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден – 3өлшеу).



  • Түйін

  • Компьютерлік графика – программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

  • Жасалу принципіне қарай кескіннің 3 түрі бар: растрлық, векторлық, фрактальдік.

  • Растрлық графиканың басты элементі-нүкте, векторлық графиканың басты элементі- сызық немесе қисық, фрактальдік графиканың басты элементі- математикалық теңдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет