Грек мәдениетінің кезеңдерге бөлінуі



бет2/3
Дата30.09.2022
өлшемі2,37 Mb.
#151310
1   2   3
Байланысты:
Нұртас Ж.А. №5 Ежелгі Греция өркениеті
Презентация Огневая подготовка, 7 ае Бактыбеков Олжас ХИМИЯ, Оқулық (1), Жаңа КТЖ-2021 (2), Лекция-38 (1), 11 тақырып (11).ppt, 1612518414 (1), Емтихан сұрақтары Картография 2023, Дойбы ойынының әдіс-тәсілдері. Орталық шаршылар
Спарта мемлекеті
Лаконика мен Мессенияның барлық жері спарталықтарға теңдей бөлініп берілді. Олар бағындырған халқының көбін илоттарға айналдырды. Спартада басыбайлы бағыныштыларды илоттар деп атаған. Әр спарталыктың жер үлестері болған. Бұл жерлерді илоттарға өңдеткен.
Полистің орталығы қала болып , оның сыртында қауым мүшелері , қарапайым адамдарға тиесілі жерлер болды.Әрбір жанұя өз шаруашылығын дербес жүргізіп , тәуелсіз болды . Полис мүшелері , қауымның тең құқылы мүшелері барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Олар өздері мемлекетті кейіптеп , полисті бірлесе басқарды. Биліктің мұндай түрі демократия деп аталды. Полистің әрбір азаматы , жер иесі немесе еңбекші болсын , мемлекет өміріне белсене араласты.Барлық мемелекеттік лауазымдар сайланбалы болды. Лауазымды тұлғаларды сайлайтын және маңызды мәселелер бойынша түбегейлі шешім қабылдайтын орган Халық мәжілісі болды. Оған 20 жасқа толған тең құқылы әрбір адам араласа алатын.Мәжіліс кезінде байлық мөлшеріне , қызмет түріне , тұрмыс салтына қарамастан бәрі тең болды.Жиналыстар тұрақты түрде , мысалы , 9-10 күнде бір рет афинада өткізіліп тұрды. Күн тәртібіне полис азаматын толғандырған кез – келген мәселе қойылды. Әрбір адам заң жобасын ұсынып, өз көзқарасы тұрғыдан сөйлеп , қатысушыларды өз сөзінің растығына сендіруге құқылы болды. Жиналысқа қойылған мәселелер кеңінен талқыланды. Барлық пікірлер тыңдалып болғаннан кейін , дауысқа салынатын.
Александр Македонский жаулап алғаннан кейінгі б.д.д. IV ғасырда эллинизм дәуірі басталады. Бұл кезең көне Грекияда көптеген әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Александр Македонскийдің жорығы Грекияны ойсыратып кетті, экономикалық және саяси өмірін, қалаларын, грек өркениетін. Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысының дағдарысы эллинистік дәуірде айқындала түсті. Грекия полистері өз тәуелсіздіктерін жоғалтып, алдымен Македонияның, одан соң Римнің ықпалына түседі. Александр Македонскийдің жорықтары Шығысты эллинизациялауды бастап, эллинистік монархияларды қалыптастырды. Табиғат өз заңдылығымен дамиды, Құдайлардың араласуынсыз дамиды. Мемлекет биліктің, саяси араласудың мақсаты адамдардың өзара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өзара үрейленуін жеңуі, бір-біріне зиян келтірмеуі дейді. 
Патшалық етуші монархтар мен олардың әйелдері құдайлар деп танылып, оларға құдайдай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды.
Адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескі ұғымдарына байланысты дүниеге келді.
Эллинистік мемлекеттер көп өмір сүрген жоқ. Себебі, олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалың қолы жаулап алды.
Эллинистік діннің 1-ші белгісі – монархтарға табынушылық болды.
Эллинистік діннің 2-ші белгісі – “Тағдырға табынушылық”


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет