Кәмілетке толмаған балалардың интернетке тәуелділік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді



Дата04.03.2020
өлшемі356,05 Kb.
#59513
Байланысты:
Кәмілетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Кәмілетке толмаған балалардың интернетке тәуелділік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді.:

  • — компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;
  • —  ата-аналарымен кикілжіңге бару;

  • —  үйге кешігіп келу;
  • — сабаққа үлгерімі нашарлап, сабаққа жиі бармай қалу;
  • — баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;
  • — өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;
  • — күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;
  • — берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;
  • — ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;
  • — көз жанары төмендейді, басы ауырады,омыртқасы бұзылуы басталады.
  • Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады.

Интернет тәуелділігінен айырылудың жолдары

Тәуелділікті жеңудің ең қарапайым, әрі қолжетімді жолы - басқа нәрсеге алаңдау. Салауатты өмір салтын ұстану, табиғат аясында көп уақыт өткізу, шығармашылық заттармен айналысу, мысалыға сурет салу, өлең-әңгімелер жазу. Осындай жолдар арқылы тәуелділіктен шығуға болады.


Қорытындылай келе, дені сау саламатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, қоғам болып отбасынан бастап, мектеп, арнайы орта және жоғары оқу орындарының барлық білім алушылары мен педагогтарының алдында үлкен міндет тұр. Ол — адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі, яғни тұлғаны әлеуметтендіру мәселесіне басты назар аударғанымыз жөн. Егер әр адам бала кезінен өз ортасында ізгі қарым-қатынастар негізінде тәрбиеленсе және сүйікті ісімен айналысып, мәселен спорт, музыка, техникалық үйірмелер , дебат клубтары немесе шебер қолдар үйірмелері т.б. тәуелділік мәселелеріне тосқауыл қойылар еді. Сонымен бірге, ғаламтор желісін қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет