Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз а мәтіні Адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық «Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой»



бет1/3
Дата25.09.2023
өлшемі21,46 Kb.
#182342
  1   2   3
Байланысты:
1-нұсқа


9-сынып
Қазақ тілі пәнінен негізгі орта білім алушыларға арналған емтихан тапсырмалары

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз
А мәтіні
Адам, оның құқықтары мен бостандықтары - ең қымбат құндылық
«Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой»
Ә.Бөкейхан
Адам құқықтары мен бостандықтары - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары.
Әрбір азамат жеке тұлға болып қалыптасқаннан кейін өз құқығын толық білуге, нақтырақ айтатын болсам, мектептің заңы, оқушының заңмен қорғалатын міндеттері мен құқықтары, жұмыс орнының заңы, қызметкерлердің құқығы, т.с.с. заңнамаларды, яки өз құқығы мен міндетін білуге құқылы, әрі міндетті. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Қазіргі кезде елімізде өз бас бостандығын қорғай алмайтын, толық құқығын білмейтін азаматтар да кездесіп жатады. Тіпті, Қазақстан Конституциясында ол баптар мен тараудың бар екенін білсе де, оқығысы келмейтін адамдар да жетіп жатыр. Осындай бейжай қараудың нәтижесінде көп нәрсеге көз жұма қарайтынымыз өтірік емес. Сондықтан, біреуге есеміз кетпесін демесек, өз құқығымызды біліп, мемлекетке тигізер пайдамызды арттыра беруіміз керек. Біз, қазақстандықтар, бодандықта емес, бостандықта өмір сүріп жатқан елміз. Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргендіктен, соған лайық тәуелсіз, дербес, білімді азаматтар бола алуымыз қажет.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»- деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде айтып кеткен болатын. Әрбір азамат өзінің құқығы мен бостандығын ғана біліп қоймай, әрбір адамның жеке басына құрметпен қарауға, Ата заңымызға бағынып, ешқандай заңсыз әрекетке бармай, заңмен тікелей өмір сүретін болса, онда біздей халқы бар мемлекет талай асудан асып, талай биіктің шыңдарынан көрінетіні сөзсіз. Осылай өзімізді де, елімізді де бақытқа бөлеп, ең қымбат құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырып, дара да даңғыл жолымызды сала білуіміз керек. (239 сөз)
http://ksrk.gov.kz/sites/default/files/2018- 09/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%20%D1%8D%D1%81%D1%81%D0%B5%20%D0%9E%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD%20%D0%9D.%D0%9A._0.docx


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет