Гуманитарлық факультет


Тақырып-3. Гештальттерапевтерді оқыту 2 сағат



бет5/6
Дата10.12.2016
өлшемі0,93 Mb.
#3567
1   2   3   4   5   6

Тақырып-3. Гештальттерапевтерді оқыту 2 сағат

1.Гегшальттерапевтің кәсібі мен жеке тұлғасы.

2.Гештальттерапевті оқыту фазасы.Оқыту бағдарламасы.

3.Супервизия мен гештальттерапияны бағалаудағы эксперт


Гештальт терапия курсы екі кезеңге бөлінеді:

1 – кезеңде екі саты қарастырылады. Гештальт-терапевт бұл сатыларды 1 жыл ішінде оқиды.

  • Терапияның теориялық курсы

  • Гештальт терапиядағы әдістер

  • Жеке тұлғаға бағытталған жұмыстар

2 – кезеңі 3 жыл көлемінде оқытылады:

  • Клиентпен және топпен жүргізілетін гештальт терапия тұрғыдағы жұмыстарға бағытталған психологиялық технологиялар;

  • Кәсіби әрекетті арттыруға көмек;

  • Өздігінен күрделі мәселелерді шешуді үйрену;

  • Өзінің және өзгенің сезімін түсіну;

  • Түрлі мастер кластар өткізу.


Өзін-өзі реттеудегі шектеу фазасы

Гештальт-терапевтке фазаларды оқытуда байланыс үзу механизмдерін толықтай түсіндіреді. Фазаларға байланысты гештальт-терапевт байланыс орнатады. Фазаға байланысты гештальт-терапевт клиенттің ішкі үйлесімділігінің немесе үйлеспеуінің мәселесін түсінеді.


Гештальт-терапевттің жеке тұлғалық қалыптасуы кәсіби қоғаидағы үш процестің байланысы мен бірлігі негізінде болады: теоретикалық оқыту (философиялық, әдістемелік, техникалық және процедуралық білім және тілдік тәжірибесін қалыптастыруды талдау), жеке терапия (жеке және топтық) және супервизия (жеке және топтық). Осы процестер негізінде терапевттің кәсіби өзіндік санасы қалыптасады. Психотерапевттің кәсіби өзіндік санасы жекелік «миф» (аңыз) ұсынады. Терапевттің жекелік «мифында» өмірлік философия қалыптасады және оның психотерапиясындағы экзистенциалды мәні қалыптасады. Терапевттің кәсіби өзіндік санасын талдау – супервизияның негізі болып саналады. Терапевт тек «осында және қазір» принципінде болмай, супервизормен контактте және бір уақытта өзінің өміріне қатысты және кәсіби ортасына қатысты қарым-қатынасқа түседі.

Гештальт терапия – адамның жеке тұлғалық дамуы мен шығармашылық потенциалын арттыруға бағытталған, жарты әлемді мойындатқан психотерапиядағы заманауи және эффективті бағыттардың бірі.



2. Гештальт-терапевттарды дайындау бағдарламасының теориясы мен практикасы 2 негізгі сатыдан тұрады. Әрбір саты аяқталған нақты кезең және өзінің алдына қойған міндеттерді шешеді. Кәсіби қызметтегі әр түрлі дағдыларды, техникалар мен құрал-жабдықтарды меңгеруге, жеке сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі. Жалпы гештальт-терапевт ретінде базалық білімінен басқа, гештальт терапия бойынша 600 сағаттан кем емес тренинг, 150 сағаттан кем емес жеке терапия және супервизия бойынша 150 сағаттық жұмыстан өткен адамдар ғана саналады.

Бағдарламаға қатысудың негізгі талаптары:

  • Психология, педагогика, медицина және әлеуметтік жұмыс салалары бойынша аяқталған немесе аяқталмаған жоғары білімінің болуы.

  • Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін Гештальт-терапевт сертификаты беріледі.Онда бағдарламаны құрастыратын негізгі тақырыптар мен сағат саны көрсетіледі.

Сертификаттың негізгі талаптары:

  • Бағдарламаның барлық циклдарына қатысу (қандай да бір циклды босатып алған жағдайда, бағдарлама жетекшісінің келісімі бойынша қайта жүргізіледі).

  • Тренингтік сабақтар, дәріс, супервизия және терапия бойынша қажетті сағат сандарынан өту.

Бағдарлама 2 сатыдан тұрады:

    1. «Гештальт терапияның негіздері» (1 жыл).

Гештальт терапия туралы мағлұмат алу, топтағы жеке терапевтикалық тәжірибесі, жеке терапевтпен жұмыс, терапияға клиент ретінде қатысу.

    1. «Гештальт терапия теориясы және практикасы» (2-2,5 жыл)

Гештальт-терапевттерді кәсіби дайындау, терапияға, супервизиялық жұмысқа қатысу, кіші топтармен жұмыс, конференцияларға қатысу.

Супервизия – XX ғасырда пайда болды. Оының негізін салушы – Зигмунд Фрейд. Супервизия психотерапевт маманға келсі бір психотерапевттің педагог боуы. Яғни, оның тәжірибесіндегі мәселелерді талқылау және білімділігін жетілдіру.

Супервизия – психотерапевтикалық ортаның кәсіби мәдениетінің негізі болып табылады.

Супервизор – бұл басқа терапевтпен жұмыс жүргізетін терапевт қана емес, сонымен қатар үш негізгі рольмен ерекшеленеді – ұстаз, фасилитатор (терапевт) және кеңес беруші. Және үш қосымша роль атқарады – эксперт, менеджер және администратор.
Гештальт терапиядағы супервизия:

  • Іштей

  • Сырттай

Сырттай супервизия терапевт белгілі бір қиындықтар туындағанда және терапевт супервизорға бір немесе бірнеше клиенттің мәселесі бойынша жүгінгенде жүргізіледі. Сонымен қатар гештальт-терапевттің жұмысының бас кезінде жүргізіледі.

Ал, іштей супервизияның жүргізілуі бірнеше деңгейлерге бөлінеді:



  1. Тыныштандыру – жұмыстарын енді ғана бастаған терапевттердің бойында қобалжу, қорқу сезімдері болады. Сол үшін супервизор қиын жағдайда терапевт жанынан табылады.

  2. Мақтау және өз-өзін мақтауына рұқсат беру. Жұмысын жаңадан бастаған терапевт өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігіне байланысты супервизорға «Мен нені дұрыс жасамадым, қай жерден қателіктер жібердім» деген сияқты сұрақтармен жүгінеді. Сондықтан, оның өзінің жұмысын төмен бағалауын дамыту үшін, оны толықтай қолдау қажет. Мысалы, сен сессия барысында мынандай жұмыстарын жақсы болды, т.б.

  3. Әңгімелеуіне және айтуына рұқсат беру. Терапевт өзін толықтай еркін ұстап, сенімді болғаннан соң, осы кезңді жүргізеді. Супервизор терапевттен «сен терапия барысында не байқадың?» деген сияқты сұрақ қойып, оның барынша ашылуына мүмкіндік береді. Егер терапевт толық ашыла алмай, өзін ыңғайсыз сезінсе, онда алдыңғы кезеңге қайта өту керек.

  4. Сұрау. Бұл кезеңде супервизор нақты сұрақтар қояды. Бірақ, алдымен терапевттің қабылдауына, эмоциясына мән беру керек. Себебі, ол өзін әлі сенімсіз ұстауы мүмкін. Сондықтан, оның деңгейін барынша анықтап, «клиент былай айтқанда, сен қандай сезімде болдың?» немесе «қандай идеяларың бар?», «клиентке осымен не істемек болдың?» т.б. сұрақтар қояды.

  5. Әңгімелесу. Бұл кезең терапевттің өзін кәсіби салыстыруда супервизормен диалог құруымен сипатталады. Бұл кезеңде терапевт толықтай ашылып, өз-өзіне деген сенімі артады.

Пайдаланғған әдебиеттер:




  1. Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.

  2. Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.

  3. Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.

  4. Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.

  5. Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.



Тақырып- 4. Гештальт – тұрғыдан топпен жұмыс жасау процесі 2 сағат

1.Заманауи гештальт топтар мен олардың түрлері

2.Интерактивті топтық эксперименттер. Шеринг.

3.Топтық гештальттерапевтің негізгі жұмыс жағдайы


Гештальт топтарда жұмысты тек белгіленген адаммен атқарады. Гештальт топта міндетті түрде «ыстық орындық» болады. Гештальт топтардың жұмыстарын жүзеге асырудың негізгі формалары:

  1. Клиент – орталық терапия

  2. Топ – орталық терапия

  3. Шеберхана

Гештальт терапияда Т-топ қалыптасады. Т-топ алғаш рет 1945 жылы қалыптасты. 1947 жылы АҚШ-та Курт Левиннің бастауымен лаборатория тренингі ашылды.

Т-топтың келесі негізгі аспектілері:

  1. Өзін-өзі дамытуының төмендеуі, жеке тұлғаның психологиялық деңгейде күресуі, қорғансыз болуы.

  2. Топтардағы түсіну, ондағы талаптарды ескеру (топқа келуші адамдар);

  3. Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуде өзаралық қатынаста жетістікке жету;

  4. Топтық жағдайларға және ондағы жекеше және ұжымдық диалогты меңгеру (конфликтілерді шешу, топты ұйымдастыру).

Топтық терапияның міндеттері:

  1. Қатысушылардың іштегі конфликтілерінің шешілуі (ішкі жан дүниесіндегі);

  2. Эмоционалды және психологиялық қысымның жойылуы және шешілуі;

  3. Эмоционалды әсер етуге мінез-құлықты бейімдеуді үйрету;

  4. Тұлғааралық байланысты тиімді орнату.

Шеринг – ағылшын тілінен аударғанда «бөлісу» деген мағына береді.

  1. Өзіндік маңыздылығына байланысты орнату (маңызды фигураны шығару);

  2. Индивидуалды өсу. Қажеттілігі мен қанағаттануына кедергі келтіріп тұрған жағадайларды өздігінен сезіну;

  3. Терапиялық көмектегі актуалды қажеттіліктерді сезіну.

Шеринг мынандай жағдайларда болады:

  • «Мен сенің ақырын шыққан дауысыңды естігенде және жабырқаған күйіңді көргенде, мұңайдым»;

  • «Менде ұқсас жағдай болады. Соны есіме алғанда ашуландым»;

  • «Жұмыс барысында мен демалған жоқпын. Сен жылаған кезде, мен жеңілдікті сезіндім».

Т-топтың классификациясы (К.Рудестам бойынша)

  • Гештальт – топ

  • Денеге бағытталған терапия тобы

  • Психодрама

  • Би терапиясының топтары

  • Өнер терапиясының тпотары

Гештальт топтағы жұмыс түрлері:

  1. Драматизация

  2. Фантазиямен жұмыс

  3. Түс көрумен жұмыс

  4. Үй жұмысы

Гештальттағы топпен жұмыс жасау жаттығулары:

  1. «Сана зонасы».

Мақсаты: бұл жаттығу саналылықтың базалық тренингі ретінде қалыптасуын қарастырады. Гештальт топ дамуының алғашқы этапында маңызды.

Уақыты: 45 минут.

Өтілуі: Сіздің санаңыз 3 зонаға бөлінеді: ішкі әлем, сыртқы әлем және ой мен фантазия әлемі. 2 адам бірөбіріне қарама-қарсы отырады (денелерін бос ұстап). Олар бір-бірімен ішінде болып жатқан санасындағы әлеммен бөліседі. Оны мына сөздерден бастау керек: «Менің санамда қазір...»(мысалы, кез келген бір нәрсенің иісі, гуіл). Осы сөйлемдерді қайталай отырып, қазіргі уақыттағы миыңыздағы ақпаратпен бөлісесіз. Содан соң қатысушылар ауысады.

Ал, келесі кезең өзінің денесіндегі сезімдерімен бөліседі (ішкі ауру, аузының кебуі, қолының қышуы, т.б.) 1-2 мин.

Үшінші зона бойынша санаңыздағы жоспармен, естеліктермен, фантазиямен бөлісу керек. Осылайша келесі кезек қарсылас адамға беріледі.

Барлық сананың 3 зонасында болып жатқан дүниелермен бөліскен соң, осылардың ішіндегі қайсы басым болып отырғанын айту керек. Бірден 3 зона байқалуы мүмкін (мысалы, бөлмедегі шу – ішкі, біреудің оны бақылап отырғанын сезіу – орта зона, аузының құрғауы – сыртқы зона).



  1. «Мінез-құлықтың өзгеруі» жаттығуы

Мақсаты: клиенттің тұлғааралық конфликтісін жеңуіне және өздерін мазалайтын проблемаларын ұмытуға бағытталған рөлдік ойын.

Уақыты: 1 сағат.

Өтілуі: бір қатысушы топ ішінен мінез-құлқы жағымсыз, бірақ оны өзі емес, басқалары байқайтын адамды таңдайды (сыбырлап сөйлейтін, көзге қарап сөйлемеу, шыдамсыздық, т.б.). Егер топтағы бір адам өзінің мінез-құлқының негативті жағын байқамаса, оны топ айтады, түзетуге тырысады. Кері байланыс орнау керек. Әр қатысушыға 5 минут беріледі.

  1. «Қорғанушы және шабуылдаушы» жаттығуы

Мақсаты: қарама-қарсы рольдерді ойнау, біреумен белсенді күресу тәжірибесін жинау.

Уақыты: 45 минут.

Дайындығы: «қарама-қарсы» ұғымымен танысу. Басқарушыда гештальт терапия тәжірибесі болуы керек.

Өтілуі: 2 қатысушы шығып, біреуі шабуылдаушы, 2-шісі «қорғанушы» рөліне енеді. Араларында диалог құрылуы керек. Егер, сіз шабуылдаушы болсаңыз, ол өзін қалай ұстау керек, не істеу керектігін айтып, ұрсады немесе сынға алады. Ал, қорғанушы ақталып кешірім сұрайды. 10 минуттан кейін орындарымен ауысады. Болған соң талқылау болады.

Гештальт терапиядағы негізгі рәсімдер. Гештальт тұрғыдағы негізгі мақсат – топ қатысушыларының әрқайсысының ағзалық процесс күйін ояту.

Гештальтты басқарушы топтағы жұмыс темпін бақылайды. Ол топқа белгілі бір жаттығулар түрлерін беруі мүмкін.

Топ сенімділікті ұялатушы жүйе болып табылады. Гештальт топтағы жаңадан келген адам басқа психокоррекциялық жұмыстағы секілді қобалжуды сезінеді. Федер (1990) пікірінше, бұл жағдайда жаттығулар жасату керек.

Гештальт терапия кезіндегі техникалық негіздері:

Көпшілік терапиялық тұрғыдағы индивидуалды және топтық әңгімелесуші барысындағы негізгі әдіс клиенттің өз проблемасын толық айтуы және басқа адамдармен байланысты проблемалармен келуі.

Ал, гештальт терапиядағы әңгімелесу барысындағы негізгі назарлар іс-әрекетке аударылады.

Мұндай ерекше жұмыс формасы келесідей ерекшеленеді:

1-ден, бұндай жұмыс түрі белгілі бір мінез-құлық, клиенттің өзін-өзі ұстау диапазонын кеңейтеді.

2-ден, белгілі бір проблеманы айта отырып, клиент өз проблемасына үңіледі.

3-ден, белгілі бір терапиялық ситуация кезінде клиент өз проблемасын шешуге тырысады.

Клиент эксперимент объекті бола отырып, өз-өзіне деген беріктігі қалыптасады, өз-өзіне есеп бере бастайды. Осы кезде субъективазациялау принципі қалыптасады. Мысалы, «Мені бір нәрсе қысады», «Оны істеуге бір нәрсе кедергі болады» деген қиыншылықтармен келеді.

А.Левицский және Ф.Перлз терапиялық топқа тән форма түрлерін қарастырады:


  • Басқа адамдарды өсектеу және талқылау сияқты қарым-қатынас формасынан аулақ болуға үйренеді.

  • Тікелей қарым-қатынас. Клиенттің барынша ашылуы, клиентке және оның манипуляциясына назар аудару.

  • Аутоэкспрессия – ләззат алатындай ойды айту, эмоцияны шығару.

Пайдаланғған әдебиеттер:


  1. Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.

  2. Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.

  3. Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.

  4. Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.

  5. Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.



Тақырып 5. Терапиялық жұмыстардағы метафора, бейне және түс көрулер гештальт-тұрғыдан 3 сағат.

1.Гештальттерапиядағы мерфорамен терапиялық жұмыс.

2.Терапиялық сессиядағы фантазия және визуалды бейне.

3.Гештальттерапияда түспен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары


Жеке коррекциялық жұмыс барысында метафора қолданылады. Метафора балалармен жұмыс жасауда тиімді. Психотерапевт қызметінде метафора жеңіл жолмен шешім шығару үшін тиімді. Метафораны ең алғаш рет ғылымға енгізген және 4 элементін көрсеткен Аристотель.

  1. Категория немесе контекст

  2. Нақты категорияның ішіндегі объект

  3. Процесс. Бұны объект қандай функциямен жүзеге асырады?

  4. Бұл процестегі шынайы жағдайдың қосымшасы немесе олардың қиылысуы.

Метафора арқылы жұмыс жасау барысында тұлғаның жас еркшелігі ескеріледі. Жасөспірімдермен метафора әдісін қолдана отырып жұмыс істеу қиынға түсуі ықтимал. Себебі, жасөспірімдердің таңдаған кейіпкері, рөлі диагноз қоюға және оны түзетуге бірнеше терапиялық жұмыстардың қосылуын талап етеді.

Метафорамен жұмыс жасаудағы тиімді және ұтымды жақтары:



  1. Мұнда психолог қысымнан арылады, монологты диалогқа айналдырады, «Мен қазір саған бір қызықты әңгіме айтамын». Осы кездегі алдыңыздағы пациент сізді әңгімені айтушы фигура ретінде қабылдайды. Ал, өзін-өзі бір бейнеге айналдырады.

  2. Клиентті диагностикалауда бойындағы психологиялық қиындығына байланысты ауқымды материал жинақталады. Яғни, әңгімені талқылауы (ертегіні, егер бала болса), оқуы, суретке мінездемесі, таңдалған сюжеті, бұның барлығы тұлғаның психологиялық күйінің маңыздылығына байланысты ақпарат береді.

  3. Метафора сіздің психотерапиялық жұмысыңыздың жалғасуын қалыптасады. Психотерапия ол жан дүниенің ішкі жағдайын өңдейді. Көбінесе, суретке байланысты жұмыстар. Себебі, сурет тұлға санасындағы проекция. Сол себепті, оның сана-сезімімен жұмыс жасалады.

  4. Метафораның өзіндік құндылығы бар. Себебі, бұл тұлғаның өмірінде болып жатқан жағдайларға қайғыруы, қиындықтар мен конфликтілердің шешілуі. Метафорадағы сюжет арқылы, ондағы кейіпкерлерді толықтай меңгерту және оның қажеттісін тұлға өмірінде қолдана білу.

Визуалды бейне – бұл ми арқылы болатын ақпарат. Визуалды бейне тұлғаның көпшілік араында отырған кезінде де болады. Визуалды бейне арқылы адам өзін-өзі тынықтырады. Бейнелі өнерге шығармашылығын арттырады. Оның фантазиясымен санада жұмыс жасалады.

Түс көру Фрейд бойынша, өзін-өзі танудағы жол. Ал, Ф.Перлз Ранк ұсынысы бойынша, түс көрумен жұмыс істеуді бастаған. Ол өз жұмысында клиенттің түсіндегі әр кейіпкерге, ондағы элементтерге үлкен мән бере отыра, проекция ретінде қарастырған. Ал, Фром түс көруді ретрофлексия немесе аяқталмаған гештальт деп есептеген. Ал, Генгер өз еңбегінде түс көру арқылы жұмыс көптеген нәтиже береді деп есептеген. Түс көруде адам үшін маңызды жағдайлар болады. Осыған байланысты көптеген адамдар түсіндегі мәселелерді талқылау үшін психолог көмегіне жүгінеді. Жалпы, түс көрумен гештальт терапевттар емес, көптеген практик психологтар да айналысады. Гештальт терапияда түстің әр элементі жинақталады. Бұл «осы жерде және қазір» әдісі арқылы жүзеге асады. Түс көру, ол адам өмірінің өзіндік метафоралары. Мұнда, 1 режиссер, 1 актер болады, яғни ол – клиент. Мүлдем түс көрмеу болмайды. Бұл – адамдардың таң ата пайда болатын ұмытуы (амнезия). Осымен қатар, түстің басы, ортасы, аяғы болады. Клиент үшін түсті өздігінен аяқтау оның фантазиясымен жұмыстарын жүзеге асырады.

Түс көрумен жұмыстың нәижесі:

  1. өз эмоциясын көрсете білуі;

  2. өзін-өзі реттеп ашулануы және өзі үшін не маңызды екенін түсінуі;

  3. позитивті жағына өзгеруі;

  4. өздігінен интерпретациялау;

  5. өз сезімімен байланысқа түседі.

Фигура және фон түсініктері гештальт терапияда маңызды роль атқарады.

Мысалы,


- бір адам күз мезгілінде , көшеде келе жатып жерде жатқан жылтыр жапыраққа тайып, батпақты суға құлап түседі. Бірақ, әлі орнынан тұрған жоқ. Осы көріністегі фигура мен фонды қалай ажыратамыз.

Негізінде, фигура және фон тек қана қабылдауға байланысты.

Бұл жағдайда адам :


  1. Құлауының негізгі себебін іздеп, жапырақты табуы мүмкін. Яғни, себеп – жапырақ – ол фигура болып табылады. Ал, көше, күз, су, былғанған костюм, айналадағы адамдар – фон болып есептеледі.

  2. Өзінің назарын батпақты судың суықтығын сезінген денесіне аударады. Бұл жағдайда фигура – ол өзінің денесінің суықтығын сезінуі және денсаулыққа зиян бұл жағдайдан шығу жолын іздеуі. Ал, қалғандары – фон.

  3. Батпақты судың қолайсыз жерде пайда болғанына ашулануы. Егер бұл, бұл жерде болмаса - мұндай жағдайда да орын алмас еді деп ойлайды. Нәтижесінде, батпақты су – фигура, ал былғанған киім, жапырақ, көше – фон.

  4. Айналасындағылардан көмек күтуі, іздеуі (кім көмектеседі екен...). Онда жақын келе жатқан адам - фигура, ал қалғанының бәрі – фон.

Осы жағдайлардың барлығының негізі ол – қажеттілік болып табылады.

Өмір метафорасы – «метафора» - гр. тілінен аударғанда – ауысу деген мағынаны білдіреді.(1994, Михельсон). Ортақ белгілеріне байланысты бір затты екінші затпен салыстыру негізінде ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер немесе бейнелер.

Тәжірибе жүзінде метафорамен психотерапияның барлық бағыттарында жұмыс жүргізіледі.

Клиент терапевтке өзінің мәселесін немесе сол кездегі күйін жеткізу үшін, мынадай метафораларды жиі қолданады:


  • « Мен өзімнің бойымда белгілі бір ауыртпашылықты сезінемін...»

  • « Менің ойымша, менің төзімім таусылды...»

  • « Мен өзімді бөлшектеп тастаған сияқты сезінемін...»

  • « Менің жан дүнием құлазып, бойымды қорқыныш жаулап алды...»

Клиентпен жұмыс жасау барысында, ең алдымен оның қандай метафорамен өмір сүретінін біліп алу қажет. Яғни, оның өмір жайлы, айналадағы адамдар және өзі жайлы не ойлайтыны.

Сондықтан, жұмыстың басында клиентке өзінің өмірі жайлы ертегі құрастыруын сұрау қажет. Немесе өзінің өміріне ұқсас кейіпкердің өмірін баяндап беруін сұрау.

Адамдардың өмірді қалай қабылдайтынына байланысты қолданылатын метафоралар:


  • « өмір бұл – күрес » (бітпейтін, қатал т.б)

  • « өмір бұл – ойын » (шексіз, түрлі т.б)

  • « өмір бұл – би » (фламенко, степ т.б)

  • « өмір бұл – жол » (саяхат т.б)

  • « өмір бұл – мектеп » (мәңгілік, үлкен, қатыгез т.б)

  • « өмір бұл – сынақ »

  • « өмір бұл – әңгіме » (тарих, повест, ертегі, роман т.б)

  • « өмір бұл – өлім »

  • « өмір бұл – түс » (жағымды, жағымсыз т.б)

Түс көру – ұйқы кезіндегі адамның ішкі өмірі. Түс көруді теориялық тұрғыда зерттеу XX ғасырда З.Фрейдтің ықпалымен бастау алды. З.Фрейдқа дейін Шуберт және Шернер түс көру туралы күрделі зерттеулер жүргізген. (1814 ж. «Түс көру символизмі», 1861 ж. «Түс көрумен жұмыс »).

Түс көруге байланысты Фрейдтің « Түс көруді талдау » кітабы бар.

Ф.Перлз түс көрумен жұмыс жасауды жүзеге асыруда 4 этапты ұсынған. Олар:

1 – ші этап, клиентке өзінің түсін белгілі бір әңгіме ретінде баяндап беруі ұсынылады. Ал, терапевт оны жазбаша немесе ойша есте сақтайды.

2 – ші этап, « Түс көрудің жандануы ». Яғни, клиент түсін осы шақта баяндау арқылы , сол түстегі сезімдері мен күйін сезінуі қажет.

3 – ші этап, түсті қойылым арқылы көрсету. Яғни, оның кейіпкерлерін, заттарды т.б түстегідей орналастыру.

4 – ші этап, қойылымды ойнау. Қойылым кейіпкерлерімен қарым – қатынасқа түседі, ролін сомдайды.
Пайдаланғған әдебиеттер:


  1. Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.

  2. Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.

  3. Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.

  4. Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.

  5. Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.


Тақырып 6. Гештальт-тұрғыдан кеңес беруді ұйымдастыру 2 сағат

1.Гештальт-тұрғыдан кеңес беруді ұйымдастыру

2.Гештальттерапияның кеңес берудегі ерекшелігі

3.Гештальт-тұрғыда кеңес берудің тиімділігі мен нәтижесі.


Перлздың пікірі бойынша, адамдардың жағдайлары ортадан өзіне не қажет екендігін білмегендіктен пайда болады. Егер, жеке тұлға өз өміріне басқаларды араластырса, соған мүмкіндік берсе, өзіндік ой – пікірі болмаса немесе керісінше, басқалардың ашуын келтіріп, олардың өміріне араласады. Осы мәселелер гештальт – тұрғыдан кеңес алуда шешімін табады.

Гештальт терапиялық кеңес берудің мақсаты – қоршаған ортаның қолдауына жүгіне бермей, тәуелсіз болуға көмектесу. Перлз,гештальт – кеңестің негізгі мақсаты ретінде, мәселе неге және қалай пайда болды деген сұраққа емес,ол түлғаға қалай әсер етіп жатыр,тұлға оны қалай өткеріп жатыр деген сұрақтарға жауап беру деп қарастырған.Гештальт кеңеске, клиент экзистенционалды кризиске түскен кезде келеді. Гештальт кеңес көбінесе, өзі туралы жақсы білетін, бірақ тұлға ретінде өспеген адамдар үшін тиімді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет