Гуманитарлық факультет


Гештальт кеңестің міндеттері



бет6/6
Дата10.12.2016
өлшемі0,93 Mb.
#3567
1   2   3   4   5   6

Гештальт кеңестің міндеттері:

  • Клиент проблемасын анықтау, не үшін пайда болғанын білу, оған жауап қайтару, тұлғаның қандай әсерде екендігін білу;

  • Болып жатқан жағдайға байланысты клиент көзқарасы және оның өзіндік сезімі.

Гештальт терапиялық кеңес нәтижесі арқылы клиент өзіне не қажет және қандай әрекет жасау керектігін түсінеді, өзіндік реттеу процесі жүре бастайды, түрлі невротикалық симптомдардан арылады. Өз өмірін жағымды жағына қарай өзгертеді, басқалардың оны басқаруына төтеп бере алады және керісінше, өзі де басқалардың өміріне араласпайды.
Гештальт терапиялық кеңес берудің техникасы:
Алғаш қолданылатын техника ол – клиент пен гештальт терапевт арасындағы контракт. Бұл кезде, олар тең құқылы серіктес шартына қол қояды.

Контракт нәтижесінде, ондағы мақсаттар қалыптасады. Контаркттағы мақсат – клиент талабына сай болады. Егер, клиент жауапкершіліктен бас тартса, онда онымен қайта жұмыс жасау процесі жүреді. Гештальт терапиялық контрактіде топпен және жекеше клиенттермен атқарылатын жұмыстар еңгізіледі. Бұл мәселенің барлығын анализдей келе, контрактыға қол қояды. Нельсон Джоунс бірнеше ережелерді бөліп көрсеткен.

« Осы жерде және қазір » принципі. Бұл принциптегі қарым – қатынас «Сізге қазір не болып жатыр?» деген сұрақ арқылы жүзеге асады.
« Мен және сен ». Тікелей басқа адам арқылы емес, «Мен» есімдігін қолдану арқылы өтінішін білдіру.
« Жауапкершілік тілін » қолдану. Мысалы, « Мен бұны жасай алмаймын » деген сөзді, «Мен бұны жасамаймын!» деген сөзге өзгерту.
« Ұғыну континуумын » қолдану. Мінез – құлық мәселесіне қатысты зейінін « неге? » сұрағына емес, ал «қазір», «не?» және «қалай?» деген сұрақтарға аудару.
« Ешқандай өсек – аяң ». Қарым – қатынасқа түсу барысында басқа адамдар жайлы ойларын олардың қатысуында талқыламау.
«Сұрақтарды бекітулермен (утверждения) алмастыру». Топ қатысушылдарына, қолдау табу мақсатындағы қоршаған ортаға монипуляция жасауға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыруға емес, керісінше осы енжар сұрақтарды белсенді әрі тәуелсіз бекітулерге алмастыру ұсынылады.
Яғни, кеңес берудің тиімділігі ондағы принциптер мен жаттығулардың нәтижесі.

Гештальт – кеңесте көптеген ойындар мен эксперименттер қолданылады. Солардың ішінде тиімдісі «бос орындық» немес «екі орындық» техникасы болып табылады.

Гештальт терапевттар өз жұмыстарында көптеген техникаларды қолдануды жөн көреді. Олардың көбі басқа кеңес түрлерінен алынған. Мысалы, психодрама, арт – терапия, транзактілі анализден. Осы арқылы олар кеңес жүргізу процесінде мақсатқа жетеді.
Гештальт терапиялық техника 2 үлкен топқа бөлінеді. Олар:


  1. Диалог техникасы – бұл қарым – қатынас барысындағы терапевт пен клиент арасындағы контакт шекарасы арқылы жүзеге асады. Клиент әрекетінің бақылауда ұсталынуы, диалог барысында түрлі эксперименттердің жүргізілуі.

  2. Проективті техникаларбейнемен, түс көрумен, қиялмен жұмыста қолданылады. Бұл жұмыстар теориялық тұрғыда кеңінен қолданылса, тәжірибе барысында байланыспауы ықтимал.

Гештальт тұрғы шеңберінде отбасылық және жеке тұлғалық кеңестер, жеке тұлғалық өсуге және қарым – қатынасқа түсуін жақсартуға тырысатын тұлғаларға арналған тренингтер, әр түрлі мамандық иелерінен құралған топтарға арналған тренингтер, сонымен қатар ұйымдарға кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі кезде гештальт – кеңестің тәжірибесі Ф.Перлз ойлап тапқан модельден айтарлықтай айырмашылығы бар. Р.Нельсон Джоунс келесідей айырмашылықтарды бөліп көрсетеді:




  1. Қазір гештальт - кеңесшілер фрустрацияға көп ккөңіл бөлмей, көбінесе клиенттерінің қабылдауына үлкен қызығушылық танытып, жұмсақ тұрғыда жұмыс жасағанды жөн көреді.

  2. Заманауи гештальт – кеңесшілер өзіндік ашылуға бейім, сонымен қатар олар өздерінің неден қауіптенетінін, өз ұстанымдарын және араласуларын жасырмайды. Осы тұста гештальт – кеңесшілер өз клиенттерімен контактіні және клиент фокусировкасын күшейту үшін, «Мен» пікірімен шығуларына тура келеді.

  3. Гештальт – кеңесшілер мінез –құлық құрылымын сипаттау мақсатында психоаналитикалық формулировкаларды ашық қолдануына болады.

  4. Гештальт – кеңес жеке тұлғамен және сондай – ақ топпен де, ал жиі құрамдастырылған түрде өткізіледі. Кейбір гештальт – кеңесшілер топ алдында жеке тұлғалармен жұмыс жасау арқылы, Перлз стилін қолданады.

  5. Заманауи гештальт – кеңесшілер жалпы таныммен жұмысқа және теориялық негізде үйретуге көп көңіл бөледі.

Пайдаланғған әдебиеттер:




  1. Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.

  2. Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.

  3. Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.

  4. Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.

  5. Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.


Тақырып 7. Жұбайылармен жүргізілетін гештальттерапия 2 сағат

  1. 1.Отбасылық жүйеге гештальт-тұрғыдағы теориялық негіз.

  2. 2.Отбасылық жүйе шекарасы: сау және дисфункционалды отбасы.

  3. 3.Отбасына гештальттерапиялық сессия

Қай уақытта отбасы отбасылық психотерапевттің көмегіне жүгінеді. Егер отбасылық өмір процесінде бәрі жақсы болса, отбасы өз мақсатына жетіп, аяқталу және қанағаттандырылу сезімін сезінсе, ерлі-зайыптыларға отбасы психотерапевтінің көмегіне жүгінуге қажеттілігі болмайды. Егер өмір процесінде жалғыздық немесе жанның ауруы, іш пысу жиі қауіптілік сезімін тудыратын сезімдер пайда болады. Бұл жағдайда отбасы «қалай өмір сүретіні» жайлы ойлана бастайды.

Отбасылық психотерапевт – олардың отбасылық процесс ерекшеліктерін түсінуіне көмек бере алатын маман. Психотерапевт көмегімен отбасы мүшелерінің барлығына қызығушылық тудыратын ортақ «фигураны» табады, сол фигурамен жұмыс істейді.



Витакердің айтуы бойынша, отбасы терапиясының ортақ мақсаттарына келесілерді жатқызады:

  • өзара жеке қысымдарды күшейту;

  • отбасылық национализмді дамыту;

  • отбасының туыстарымен байланысын нығайту;

  • отбасының қоршаған адамдармен мәдениетін бақылау;

  • ағымдағы процестің ерекшеліктерін бақылау;

  • өзара толықтыру функциясы.

Отбасылық жүйеге байланысты терапевтикалық интервенциялар:



    1. бақылаулардың нәтижесі туралы айту. Мұнда сүйеніш. ол фенемологиялық мәліметтер. Терапевт отбасына өздері байқамайтын мінез-құлық ерекшеліктері жайлы айтады. Мұнда мінез-құлықты бағалау болмайды, терапевт тек өз байқағандары жайлы немесе бір-біріне қатысты не сезінетіні жайлы сұрақ қояды.

    2. Өз сезімдері жайлы айту. Егер терапевт ерлі-зайыптылармен өз сезімдерімен бөліссе, бұл жақсы интервенсия болады. Мұнда жұбайлар өздеріне, іс-әрекеттеріне жиі сырт көзбен қарауға көмектеседі.

    3. Үйрету. Жағдайды шешуге бағытталған нақты қабілеттер жаттықтырылады және модельденеді.

    4. эксперимент. Ол әрқашан отбасындағы нақты жағдайға негізделеді және мінез-құлықты өзгертуге және талдауға бағытталады. Мысалы, терапевт жұбайларды талқылайды, аяғына дейін апаруын өтінеді. Мұнда біреуі талқылаудан қашса, терапия аяқталуы мүмкін. Бұл соматикалық симптомдарды туғызуы мүмкін.

    5. Сессия кезінде ерлі-зайыптылардың біреуіне келісім арқылы ем жүргізу. Бұл қатысушылардың біреуі қозғалғысы келмегенде, ерлі-зайыптылық жүйенің қимылы бәсеңдеген кезде жүргізіледі. Ерлі-зайыптылармен жұмыс, олардың басқалармен өзара іс-әрекетін ескеруге бағытталады. Ал басқа қатысушылар терапияның куәгерлеріне айналады. Мұндай жұмыста абайлық таныту керек. Себебі, бір қатысушымен орнатылған қарым-қатынасты басқа қатысушылар астыртын бағытталған іс-әрекет ретінде қабылдауы мүмкін.

    6. жұмыстың аяқталуы. Яғни, терапевт және отбасы мүшелері барлық мәселелерді толықтай талқылайды.

Витакер бойынша, отбасы терапиясы процесінің динамикасы 3 негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. «құрылымға күрес» деп аталады. Мұнда терапия процесі және ережелерін кім анықтайтыны туралы талқылайды.

  2. «Инициативадағы күрес» деп аталады. Егер ол ойдағыдай өтсе, отбасы мүшелері терпия барысындағы жауапкершілікті өз мойынына алады.

  3. Отбасы өз проблемаларымен өздері жұмыс істеуді үйренеді. Терапевт отбасына өзгерістер қажет болмағанын анықтағанда, терапия аяқталады.

Фигураның пайда болуы – маңызды сәт. Мүнда терапевтикалық араласуды жүзеге асыруына болады. Терапевт:

  • Отбасылық өмірде болып жатқанды шынайы сипаттайды;

  • Отбасының әрбір мүшесінің не істейтінін анықтайды;

  • Жүйені сақтау үшін отбасы әрбір мүшесі не істейтінін сұрайды немесе жорамалдайды. Мұнда терапевт эксперимент жүргізуге болады.

Дж.Зингер терапевттерге болып жатқан отбасылық процесті «негізгі линза» арқылы көруіне кеңес береді:

    • Жұбайлар арасындағы болып жатқан процестің күшті, жиі, әлсіз жақтарын бақылау;

    • Ағымдағы процестің ерекшеліктерін бақылау;

    • Өзара толықтыру функциясы.

Пайдаланғған әдебиеттер:

  1. Булюбаш И.Д. Руководство по гештальт-терапии / И.Д. Болюбаш. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2004. – 768 с.

  2. Лебедева Н.М. Путешествие в Гештальт: теория и практика / Н.М. Лебедева, Е.А. Иванова. – СПб: Речь, 2005. – 560 с.

  3. Гештальттерапия. Теория и практика. – М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000. – 320 с.

  4. Польстер И. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Польстер И., Польстер М.. – М.: Независимая фирма «Класс», 1999 - 272 с.

  5. Таланов В.Л. Справочник практического психолога / В.Л. Таланов, Малкина-Пых И.Г. – СПб: Сова, М.: ЭКСМО, 2004. – 928 с.

Емтихан сұрақтары




  1. Конфлюенция

  2. Америка физиологы В.Кеннон бойынша «Гемостаз» түсінігі

  3. Экзистенционалды диалог

  4. Гештальттерапиядағы супервизор

  5. Инроекция

  6. Терапиялық жұмыстардағы метафора

  7. Гештальтта түс көрумен жұмыс жасау техникасы

  8. Гештальттерапиядағы фигура және фон

  9. Проекция

  10. Шеринг

  11. Гештальттағы топтармен жүргізілетін жаттығулар

  12. Ретрофлексия

  13. Гештальттерапияның даму тарихы

  14. Гештальттерапиядағы монадрамма

  15. Фрустрация және қолдау

  16. Гештальттерапиядағы дене феномені

  17. Фредрик Перлз бойынша невроз кезеңдері

  18. Курт Левиннің Т-топтың аспектілері

  19. Гештальттерапевтің жеке тұлғалық сапалары

  20. Дефлексия

  21. Гештальттерапиялық кеңес берудегі контракт

  22. Фредрик Перлздің өмірбаяны

  23. К.Рудестман байынша тренинг топтардың классификациясы

  24. Жағымды және жағымсыз контр ауысу

  25. Гештальттағы «self» Пол Гудман бойынша

  26. Гештальт топтардағы жұмыс түрлері

  27. Гештальт терапевтің жеке тұлғасы

  28. Профлексия

  29. Гештальттерапиялық сессияларда қолданылатын шығармашылық жұмыстар

  30. Гештальттерапия туралы А.Смирновтың он аңызы

  31. Аристотель бойынша метафораның 4 елементі

  32. Гештальт терапевттің кәсіби этика кодексі

  33. Түс көрумен жұмыс нәтижесі

  34. Эготизм

  35. Гештальттерапиядағы кеңес беру әдістері

  36. Терапиялық сессиялардағы визаулды бейне және фантазия

  37. Гештальттерапиядағы Вельгелим Райх еңбегі

  38. Кларксон моделі

  39. Жағымды конрт ауысу

  40. Гештальттерапиялық кеңес берудегі техника

  41. Нельсон-Джонстың кеңес берудегі ережелері

  42. Пол Вейстің гештальттерапиядағы тұжырымы

  43. Дивализация немесе құнсыздану

  44. Гештальттерапиядағы тұлғалық өсу моделінің сызбасы

  45. Денемен жұмыс жасаудың негізгі парамертлері

  46. Денсебилизация

  47. Гештальттерапиялық қатынастыға диалог

  48. Гештальт топтардағы жұмыс түрлері

  49. Психодрамма

  50. Гештальттерапиялық кеңес беруде қолданылатын екі негізгі техника

  51. Метафора туралы түсінік

  52. Гештальттерапияны оқу бағдарламасы

  53. Гештальттерапиядағы Пол Гудманның еңбектері

  54. Гештальттерапиядағы «ыстық орындық» және қойылатын сұрақтар

  55. Жағымсыз контр ауысу

  56. Ш.Силлс пен Ф.Джойстың гештальттерапиядағы терапевт қызметіне сипаттама

  57. Гештальт топтармен жұмыс жасаудың формалары

  58. Топтық терапияның міндеттері

  59. Перлздың «Терапия куәгері» атты еңбегіне сипаттам

  60. Гештальттерапиялық қатынастағы диалогтың төрт түрі

  61. Психоанализден гештальттерапияның айырмашылығы

  62. Гештальтерапиялық топтарда жүргізілетін ойындар

  63. З.Фрейдтің супервизор теориясы

  64. Байланыс шекарасы

  65. Гештальттерапиядағы феномен

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет