Х. Досмухамед атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы хабарлама тақырыбы



Дата24.03.2022
өлшемі16,39 Kb.
#136667
Байланысты:
Хабарлама
Қалыпты физиология пәнінен №1 Аралық бақылау сұрақтары, doc1577187029

С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті КеАҚ
Х.Досмухамед атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі


Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы


ХАБАРЛАМА
Тақырыбы: "Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттік пайда болу принциптері"

Орындаған:ҚДС/21-001-1к тобы студенті
Кенесбекова Сания
2021-2022 оқу жылы
"Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттік пайда болу принциптері"
Қазақ халқының ұлттық жаңғыру, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихын зерттеп,оны дәріптеу біздің қолымызда.Және осы жағдайға деген қажеттілігі бүгінгі күні арта түсуде. Біздің санғасырлық мемлекеттілік жеке тарихымыз бар. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы – қазақ жерінде бұрын-соңды құрылған мемлекеттер ішінде мемлекеттіліктің белгілері толық, әрі мығым , әрі демократты қалыптасқан бірден-бір мемлекет.

Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады.1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.


Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда президенттік басқару жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе даму мен алға басудың кепіліне айналды. Ал өзінің іргелі мемлекет ретінде даму жолында президенттік басқару жүйесінің тек оңды нәтижесін көрді. Бұл, менің ойымша, Қазақстан үшін ең дұрыс, ең үздік таңдау болғаны сөзсіз.


Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік институт қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі басты нәрсе – Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. 1993 жылы 28 қаңтарда ең алғашқы Конституция қабылданды. ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің атқарушы тармағына енгізді. Сөйтіп, бірінші Конституция Президенттің мәртебесін әлсіретті. ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясында Президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету құқығы туралы ережелер болған жоқ. 1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болып саналды. Өкілеттігі аса мол Жоғарғы Кеңес президентке мемлекет басшысы ретінде толыққанды және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Мұндай жағдайда елде демократиялық реформалар жүргізіп, нарықтық экономика құру мүмкін емес еді. Бірінші Конституцияның осындай кемшіліктері болғандықтан , жаңа Конституция енгізу керек болды. Осылайша 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциямыз қабылданды. 1995 жылғы Конституция Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған.


Әлбетте, жоғарыда айтылғандардың барлығы оңай жүзеге асқан жоқ. Бұның бәрі тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің арқасында. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің Президенті лауазымы Н.Ә.Назарбаевқа берілді. Ол кезде Президент көбінесе Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болды. Оның үстіне Қазақ КСР-нің Президенті егемен, тәуелсіз мемлекеттің басшысы болмады, өйткені Қазақ КСР-і Президентінің іс-қимылдары мен өкілеттіктері КСРО Жоғарғы Кеңесі мен КСРО Президентінің құзыретімен шектелді. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы бірінші рет бүкілхалықтық сайлауда ел президентін сайлады. Сайлаушылардың 88,2% келіп, 98,7% дауыспен Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті.


Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты.


Әр мемлекеттің өзіндік, мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері- Мемлекеттік Рәміздері болады. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне Мемлекеттік гимн, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік ту жатады. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданған.


Қорытындылай келе, Қазақстан басқа мемлекеттермен дәрежесі тең түсуі үшін аянып қалған емес,әлі күнге көптеген даму жұмыстарын атқаруда. Қазірдің өзінде еліміздің көптеген қуатты мемлекеттермен терезесі тең түседі. Сол себепті де, Қазақстан демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекет қатарына жатады.


Әдебиеттер тізімі

1.« Қазақстан тарихы» порталы. e-history.kz/ru


2. https://www.elib.kz/ru/search/read_book
3. https://openu.kz/kz/

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет