Х. Доспанова атындағы орта мектеп



Pdf көрінісі
Дата09.06.2023
өлшемі90,83 Kb.
#178494
Байланысты:
мінездеме
6-сынып информатика 3D -редактор құралдары, Сөж 2-апта, Сөж 2-апта, лад 2, it жылдық жоспар


Х.Доспанова атындағы орта мектеп 
5»Б» сынып оқушысы 
Сағынаев Амангелдіге 
педагогикалық-психологиялық 
Мінездеме
Сагынаев Амангелди Арманович 12.05.2010 жылы дүниеге келген. Өз отбасы туралы 
толық мәлімет бере алады. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Мектепке келіп оқиды. Сырт 
бейнесі өте тартымды, жарасымды. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. 
Денсаулық жағдайы жақсы. 
Оқу материалын орташа деңгейде қабылдайды. Қазақстан және дүниежүзі тарихы 
пәндерінен «жақсы, орташа» бағалануда. А. Сағынаевт өздігінен тапсырмаларды 
орындауда білім, білік, дағдыларын жетілдіруге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға орта 
деңгейде дайын. Өзінің жетістіктерін нақты бағалай алмайды, алдына қойылған 
міндеттерді түсіне алады. Жеке білім алу бағытын таңдауға және оны ұйымдастыруға 
ұмтыла алады. Оқу процесінде оқу-танымдық белсенділік жақсы. Сыныптастарымен 
қарым-қатынасқа түсуге ұмтылады. Құрбы-құрдастарының білім деңгейіне көңіл бөлу, 
яғни өзара бағалай алмайды. Теориялық және сыни ойлауының қалыптасуда. Ақпаратты 
қабылдау барысында ынтасының тұрақты. Тарихи дағды бойынша бір мақсатқа 
бағытталуы мен талғампаздығы тамаша. 
А. Сағынаевтің жетістік деңгейін анықтауда қолданатын жиынтық бағалауда: 
Өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және оларды тиісті түрде шешуге көмектесе 
алмайды. Өз жетістігін бақылай алмайды. Мақсатты стандарттарға қол жеткізе алмайды, 
бірақ та терең білім алуға немесе көп күш салуға ынталанады. 
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды 
қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр 
нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты 
жаман қылықтарды көрсетпейді. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы 
адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. 
Тәртібі өте тамаша.
 
Мектеп директоры Далиев Д.Е. 
тарих пәнінің мұғалімі, 
педагог-модератор Баймағамбетов Е.Р. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет