Сабақ тақырыбы Диаграмма. Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар



Дата07.02.2022
өлшемі83,8 Kb.
#84586
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ Мылтықбай Мөлдір
қосымша материал 1, material doc (1)

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.4 Диаграмма

Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мылтықбай Мөлдір Әбілқасықызы

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Диаграмма. Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.4.1
дөңгелек,сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу;
5.4.4.3
Кестелер немесе диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:
дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсінік қалыптасады және диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпараттарды ала алады

Бағалау критерийлері

дөңгелек,сызықтық және бағанды диаграммаларға талдау жасайды
диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпараттарды алады

Тілдік мақсаттар

- Дөңгелек диаграмма
- Кестелік диаграмма
- Бағанды диаграмма
- Графиктік диаграмма
- Статистикалық ақпарат

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады.
Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Физика, география

Бастапқы білім

Мәтін есептерге талдау жүргізу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
Оқу – құралдарын тексеру;
Назарларын сабаққа аудару.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.Топтастыру.
Сабақтың басталауы: «Диаграмма. Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар» тақырыбын игеруде оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру және теориялық материялды өздігінен игеру мақсатында статистикалық ақпараттарға ауызша талдау жүргіземін. Ақпаратқа сәйкес диаграмма құруды (салуды) үйретемін. Салынған диаграммаларға сәйкес сұрақтарға жауап бере отырып оқушыларда тақырып туралы түсінік қалыптастырамын.




Сабақтың ортасы

ДАМЫТУ: Графиктік және бағанды диаграммаға талдау жасай отырып түсінеді; (PISA есебін шығару)
Ауа райы
Суретте Астана қаласының 2011 жылғы 6-ақпаннан 19 - ақпанғаға дейінгі тәуліктік жаңбырдың орташа деңгейі қара нүктелермен көрсетілген. Тігінен – бір күндегі жауған жаңбырдың орташа деңгейі миллиметрмен көрсетілген; Көлденеңнен - ақпан айындағы күн реті көрсетілген. Көрнекілік үшін қара нүктелер сызықтармен қосылған. осы сурет арқылы 2011 жылғы 6-ақпаннан 19 - ақпанға дейінгі жауған жаңбырдың орташа деңгейінің жауабын бер.



1) осы сурет арқылы берілген аралықта неше күн жаңбыр болған жоқ екендігін тап.


2) осы сурет арқылы берілген аралықта неше күн жаңбырдың деңгейі 3мм кем болғандығын тап.
3) осы сурет арқылы берілген аралықта неше күн жаңбырдың деңгейі 3мм артық болғандығын тап.
4) осы сурет арқылы берілген аралықта бірінші рет қай күні жаңбырдың деңгейі 5мм болғандығын тап
5) осы сурет арқылы берілген аралықта қай күні жаңбырдың деңгейі ең үлкен болғандығын тап.

Қалыптастырушы бағалу:


Ауызша (қолдау, жігерлендіру) бағалау
Автокөлік
Мына диаграммада 1990 жылдан 2008 жылдар аралығында ВАЗ автокөлігінің қанша саны шыққандығы көрсетілген. Көлденеңінен –жылдары, ал тігінен-бір жылда шыққан автөкөліктер саны көрсетілген.



1) Берілген диаграмма бойынша қай жылы автокөліктер саны аз шыққанын анықта.


2) Берілген диаграмма бойынша, осы аралықта ең көп шыққан автокөліктер санын анықта.
3) Берілген диаграмма бойынша 1990 жылдан 2000 жылдар аралығында біржылда ең көп шыққан автокөліктер санын анықта.
4) Берілген диаграмма бойынша 1998 жылы шыққан автокөліктер санын анықта.


Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау критериі

Дескриптор

- Графикті және бағанды диаграммалар туралы түсініктер қалыптасады

Графикті және бағанды диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпараттарға талдау жасайды



-Графиктік және бағанды диаграммада берілген статистикалық ақпараттарға талдау жасайды;

-Алынған ақпарат бойынша есептеу жүргізе отырып, тапсырма сұрақтарна жауап береді:


-Оқушының ойлау ұшқырлығы мен креативті ойлауына байланысты диаграммамен берілген мәліметтерді салыстырмалы түрде болжай алады



Қалыптастырушы бағалу:


Смайликтер арқылы бірін-бірі бағалау



PISA математика
Мектепке математикадан PISA тапсырмалары
19-20 сұрақтар

Сабақтың соңы


Кері байланыс: не білемін, не білдім, не білгім келеді?
Бағалау парақшаларын тарату

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?












Үлестірме қағаздар, бағалау парағы


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тақырып бойынша түсініктеме беремін.

Ауа-райына берілген тапсырма сұрақтарын алдымен жұптық жұмыс арқылы талдап, сосын топтық жұмыста орындатамын.


Автокөлікке байланысты берілген тапсырмаларын жеке жұмыс ретінде орындатамын





Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында ауызша бағалау қолданылады. Бағалау парақшасы арқылы оқушылар бір- бірін бағалайды
Рефлекция бойынша оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеремін

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.
Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет