Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Студенттердің өзін - өзі бақылауга және тексеруге арналған



бет6/10
Дата25.11.2019
өлшемі1,04 Mb.
#52408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс
басқару, басқару, Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс , ҚМЖ 7 сынып 6 сабақ

Студенттердің өзін - өзі бақылауга және тексеруге арналған

сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Педагогикалық үрдісті менеджмент түрғысынан баскарудың түрлерін атаңыз?

  2. Менеджмент негізінде мектеп басқару ұстанымдарын атаңыз және әр

түріне сипаттама беріңіз.

  1. Аталған ұстанымдардың ішінде табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке

сәйкестілік идеяларының негізі туралы не айтар едіңіз? Олар сіз үшін қаншалықты маңызды?

  1. Аталған ұстанымдарды сіз білім беруді басқарудағы маңыздылығы бойынша қалай реттеп қояр едіңіз?

  2. Менеджмент негізінде басқаруда жүйесі үшін берілген рефлексия

логикасының кұрылымы мен мәнін түсіндіріп көріңіз.

  1. Білім берудегі менеджердің өзгелермен қарым- қатынастың психологиялық ерекшеліктері.

  2. Педагогикадағы субъектаралық басқару қарым-қатынасын қалай түсінесіңіз? Оған оқу үрдісін басқарудағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастар және басқару үрдісіндегі әкімшілік пен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастар тұрғысынан талдау жасап көріңіз.

  3. Менеджменттегі мотивация (түрткі жасау) негізінде басқару мен тұлғаға бағытталған субъект-субъекттік басқарудың айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?

  4. Инновацияық басқарудың пайда болу себептерін талдаңыз.

  5. Мектепті менеджмент негізінде басқару жүйесіне жататын объектілер мен субъектілерді атаңыз.


Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Менеджмент как метод управления современной школой. - Алматы, 1996

  2. Бахишева С.М. Гимназияны басқару: теория және тәжірибе, Алматы- 2004

  3. Вазина К.Я., Петров Ю.И., Белиловский В.Д. Педагогический менеджмент (концепция, опыт работы). -Москва, 1991

  4. Қожахметова К.Ж. Мектептегі ұлттық тәрбие жүйесі; теория және практика Алматы, 1997.

  5. Каракулов К.Д. Управление общеобразовательной школой в условиях демократизации общества. - Алматы., 1999

  6. Симонов В.П. Педагогический менеджент. Учебное пособие. - Москва, 1999.

  7. Третьяков П.И. Управление школой по результатам: Практика педагогического менеджмента. - Москва, 1998.

  1. Поташник М.М. Оптимизация управления школой.- Москва., 1991.

  2. Поташник М.М. Управление современной школой.- Москва., 1992. Ю.Хмель И.Д. Педагогический процесе в общеобразовательной школе. – Алма-Ата., 1984


Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау

Мақсаты:

Мектепішілік басқару деңгейін диагностикалау әдістемесі және оны тәжірибеде пайдалану жолдарымен танысу

Міндеттері:

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Диагностика арқылы мектепті басқарудағы негізгі жұмыстар деңгейін талдап отырудың кажеттілігі мен оның ерекшеліктерін меңгереді.

  2. Бүгінгі менеджменттің адамға бағытталған әлеуметтік-психологиялық қырларын айқындай алады.

  3. Диагностикалау әдістерін оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау мен интервью алу, әңгімелесу арқылы қолдана біледі және нәтижелерін өз беттерімен талдай алады.

Дәріс мазмұны:

Мектепішілік баскарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика - оқу процесінің жагдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинакталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Мектеп басқаруда орын алатын негізгі алатын ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі талданылып отыратынын атауға болады. Диагностикалау негізінде басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі айкындалады. Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады. Диагностикалық әдістерге окушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бакылау, интервью алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялык практикумдар жатады.

Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталды.

Диагностиканы төмендегі бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады:


  1. бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерін басқару арқылы кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;

  2. басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;

  3. әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;

  4. оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;

Диагностика негізінде басқару әрекеттеріндегі олқылықтарды түзету (коррекциялау), жою жолдарын белгілеу арқылы мектептің мүмкіндіктерін, одан әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы басқару мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруға болады.

Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:



  1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялык әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу;

  2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға
    көмектесу;

  3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға
    жағдай жасау;

  4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін
    анықтауға бағыттау.

Диагностикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалімнің кәсібилігіне, оқушының білім сапасына және педагогикалық-рефлексиялық әрекеттерге ықпал ететін факторларды қарастырады. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді:

кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;

педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылыктарды жоюдың жүйесін жасақтау;

ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б.

шаралар;

бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру.


Мектепішілік диагностика барысында төмендегі менеджменттің

сипаттары басшылыққа алынды:

  1. нақты мақсатқа бағытталу;

  2. анықталған нәтижелерді мектеп басқару қызметінде орынды пайдалану;

  3. ұжымдық әрекеттерді ескере отырып зерттеу;

  4. тұлғалық бағдарлы технологияны жүзеге асырудағы жүйелілік, бірізділік және үздіксіздік;

  5. нәтижелердің педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сай болуы.

Осы талаптардың мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушы мұғалімдердің қызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:

Тұлғалық қасиеттері:

  • адамгершілік және педагогикалық мәдениеті;

  • кәсіби парызын сезінуі мен жауапкершілігі;

- гуманистік және демократиялық көзқарастары.
Кәсіби дайындығы:

  • пән бойынша арнайы мамандығы;

  • әдістемелік дайындығы;

  • психологиялық дайындығы;

  • тәрбие теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
    Нәтижелік әрекеттері:

  • оқушының білім алуға жауапкершілігін қалыптастыруы;

  • оқушының еңбек етуге жауапкершілігін қалыптастыру;

  • саналы тәртіпке бағыт беруі;

  • өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге бағыт беруі;

- ата-аналармен, ұстаздармен өзара түсіністік қарым-қатынасқа үйретуі.
Диагностика педагогикалық қызметтің төмендегі сипаттарын көрсете

алады:


  • кәсібилігіне ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;

  • кәсіби құзырлылығы мен педагогикалық шеберлігі;

  • іс-әрекетінің нәтижелілігі.

Тұлғалық бағдарлы білім берудегі оқушылардың кызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:

  1. өзіндік білім алуға ынталылығы;

  2. шығармашылық жұмысқа ынтасы;

  3. адамгершілік тұлғалық ерекшеліктері;

  1. өзіндік білім алудағы ерік-жігері, киындықтардан жол таба білуі;

  2. өз мүмкіндігіне сай жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі;

  3. өзін-өзі бақылауда, бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі.
    Диагностика корытындыларын талдау барысында оқытушылар мен

оқушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тартылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде танымдық, эмоционалдық, мінез-кұлықтық өзгерістері үшін психологиялық қолайлы орта жасалып, педагогикалық өзара ықпалдастық мүмкіндіктері туғызылады. Бұл қатынастар тек әдістемелік және технологиялық құралдар арқылы ғана емес, мұғалімнің тұлғалық ұстанымдары негізінде де жүзеге асырылады.

Мектепішілік басқару жүйесіне енетін бағыттардағы жетістіктер мен кемшіліктерді диагностика негізінде үнемі талдап, бағалап отыру менеджмент қызметінің сапасын арттырып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар:

1) білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы барлық
сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім
сапасын тексеру қорытындысы:

  • оқу жылы басы және аяғындағы оқушылар саны, келім-кетімді
    бақылау динамикасы;

  • үздік оқушылар, екпінділер, үнемі орташа оқитындар,
    үлгермеушілер өзгеріс динамикасы;

  • ауруына байланысты, не себепсіз сабақ жіберу кестесі;

  • әртүрлі есепке алынғандар (отбасы жағдайы туралы, әлеуметтік, денсаулық деңгейі бойынша);

  • оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі;

  • ыстық тамақпен қамтылу деңгейі;

  • ұзартылған топқа қатынасатындар.

  1. сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарының сапасы бойынша:

  • дене тәрбиесі керсеткіштерінін тиісті деңгейге сәйкестігін талдау,

  • жыл сайынғы өзгерістері;

  • еңбек практикасының өнімділігі, нәтижесі;

  • сыныптардағы және мектеп бойынша өткізілетін шаралар деңгейін

  • бағалау;

  • оқушылар палатасы қызметін өзіндік бағалау;

  • ата-аналардың мектептегі іс-шараларға қатысу деңгейі.

3) әлеуметтік-психологиялық қызмет сапасын талдау:

оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш, жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар);

педагогикалыкқ ұжымдағы ахуал деңгейі;

ата-аналармен "Отбасылық таным" қызметі;

мектепке дайындық деңгейі;

мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі.


  1. әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет:

  • әдістемелік жұмыстың педагогтардын кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары;

  • педагогикалық шеберлікті арттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар;

  • рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі;

  1. мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау:

білімдік-мазмұндық;

нормативті-құқықтық;

бағдарлық-әдістемелік;

материалдық-техникалық;

финанстық;

Басқару үнемі өзара байланыста, қозғалыста болатын, дамып және өзара дамытып отыратын іс-әрекеттер жиынтығы. Басқаруды диагностикалау бір жүйенің екінші жүйеге әсерін, субъектердің өзара байланысты әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Осы жұмыстардың мектеп деңгейінде үнемі жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа даму деңгейіне өтуді қамтамасыз ететін жаңа мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді нақтылау жолға қойылады және олар оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база болып табылады. Сөйтіп, диагностикалық әрекеттер жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік береді.


Студенттердің өзін - өзі бақылауға және тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау дегеніміз не және ол не үшін жүргізіледі?

  2. Мектеп басқарудағы диагностика қандай бағыттарды қамтиды?

  3. Диагностикалау мазмұны қалай құрылады және оның белгілі бір міндеттері болуы мүмкін бе? Болса атап беріңіз.

  4. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталғаннан кейін қандай әрекеттер жүргізіледі деп есептейсіз? Неліктен?

  5. Мектепішілік диагностика барысында менеджменттің қандай сипаттары басшылыққа алынады?

  6. Мұғалімдердің қызметі қалай диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады?

  7. Оқушылар әрекеттері қандай диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады?

  1. «Мен мұғалім болуға дайынмын ба? Осы бағыттағы проблемаларым және оларды шешудегі талпыныстарым» тақырыбында рефлексиялық эссе жазып келіңіз.


Әдебиеттер:


  1. Бабанский Ю.Н.Оптимизация процесса обучения., -М.1997.

  2. Бочкарев В.И. Директору школы о самоуправлении. Пособие для руководителей школ. Москва.: ТИЦ "Владос", 2001

  3. Горшунова Н.В.Модернизация управляющей системы школы, реализующей новые педагогически идеи: Авт., дис... канд. пед.наук. (13.00.01) / ЧГУ.-Челябинск,1997.-27с.

  4. Качество образования: проблемы и технологии. Управление развитием школы / Под ред.М.М.Поташник и В.С. Лазарева. М, 1995.

  5. Кондаков М.И.Теоретические основы школоведения. М.;Педагогика, 1982-182с

  6. Кузьмина Н.В.Методы системного педагогического исследования.- Л., ЛГУ, 1980-17ІС.

  7. Лазарев В.С. Эффективность управления развитием. -М.Новая школа, 1995.

  8. Педагогика // Под ред. Хмель Н.Д. Курс лекции. Авторский колектив АГУ им Абая-Алматы, 2003.

  9. Хмель Н.Д. Особенности управления педагогическим процессом в общеобразовательной школе, А. «Мектеп», 1986, 70с.


Басқарудың тәжірибелік негіздері

Мақсаты:

Білім беруді басқарудың іс-әрекеттік негіздерімен және жүйесімен таныстыру.

Міндеттері:

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Басқару үрдісінің негіздерін меңгереді, басқарудағы іс-әрекет негізінде жүзеге асырылатын бір жүйенің екінші жүйеге әсері,басқару субъектердің өзара әсері туралы тұтастық және жүйеліліктеорияларымен танысады.

  2. Білім беру мекемелерінің басқарудың мәнін ажырата біледі.Басқару теорияларына сүйене отырып білім беруді басқарутехнологияларын дамыту жолдарын талдай алады.

  3. Басқару жұмысы кезеңдерін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау,шешім қабылдау, талдау, стратегиялық басқару әдістерін пайдалану негізінде құрастыра алады.

Дәріс мазмұны:

Мектеп басқару тәжірибесінің негізгі мазмұны ретінде әлеуметтік жүйелерді басқарудағы демократияландыру және ізгілендіру, жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыру, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыру үрдістеріне назар аударылуда.



Демократиялық басқарудың негізгі мәні - адамға, тұлғаға (оқушы, мұғалім, мектеп әкімшілігі) бағытталуын, білім мазмұнының демократиялылығын, білім беру мен тәрбие үрдісінің демократиялылығын біртұтас жүйе ретінде қарастыру болғанымен білім беру мекемелері қызметі бүгінгі күні әр түрлі сипатта болып отыр. Мысалы:

педагогикалық қызметтің бағдары: тұлғаға / қоғамға,

білім мазмұны: білімділік / дамытушылық,

мектеп бағдарлылығы: мемлекетке / демократиялық қоғамға,

өзара қатынас: авторитарлық / гуманистік.

Мектеп дамуын басқару демократиялық ашық кеңістік идеяларына сүйенгендіктен ішкі жүйелердегі басқару субъектілерінің өкілеттігі мен құзырлылығы жоғарылайды, сөйтіп ұжым мүшелерінің өз бойында және педагогикалық қызметінде жаңа өзгерістер пайда болуына жағдай жасалады, сол арқылы баскарудың жаңа мәнді құндылықтары, дамытушылық сапалары пайда болады. Басқарудын осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр мұғалімнің, оқушының жеке түлғасындағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтарын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.

Жалпы басқару әрекеті - максатқа бағытталып, жоспарланып, нәтижемен аяқталатын, нақты бір мәселені шешуге арналатын үрдіс. "Күрделі нәрсені ылғи да құрамдас бөліктерге бөліп қарастыру қажет, тұтас нәрсе бөліктерден тұрады. "Әр бөлікте бүтінге тән негізгі қасиеттер сақталады" дейді Л.В Выготский. Бірақ жалпы басқару сипатынан инновациялық басқарудан айырмашылығы болады, оның бөліктерінде тұтас инновациялық талап болмауы мүмкін, олар түрлі сипаттардың өзара байланысына қатысты қойылады. Мектеп басқару қызметі жаңалықтарды жасау, игеру, қолдану және таратудан тұрады, оның мәнін жеке тұлғаның өзіндік дамуының бастауы деуге болады.



Менеджмент негізінде басқару құрылымы дәстүрлі мектеп басқарудың жүйелік, кызметтік сипатына негізделіп, оның қызметтері ақпараттық-талдау, құндылықтық-мақсаттық, жоспарлау-жобалау, ұйымдастыру-орындау, бақылау-түзету секілді инварианттық құрылымынан тұрады.

  1. Ақпараттық-талдау қызметі педагогикалық үрдіс үздіксіз
    жүретіндіктен мектептің белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелерін
    жан-жақты үнемі талдап отыруды және оны жаңа талаптар негізіндегі
    ақпараттармен байытып отыруды көздейді.

  2. Құндылықтық-мақсаттық қызмет мектептің мүддесі мен қоғамның сұранысынан туындайтын нақты мақсат пен міндеттерден
    тұрады.

  3. Жоспарлау-жобалау қызметі арқылы педагогикалық үрдістегі нақты
    іс-әрекеттердің жүзеге асырылу жолдары белгіленеді.

  4. Ұйымдастыру-орындау қызметі мақсат-міндеттердің тәжірибедегі
    орындалуын көздейді.

  5. Бақылау-түзету қызметтері арқылы тәжірибедегі іс-әрекеттердің алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес болуы қамтамасыз етіледі.

Білім беруді басқарудың инварианттық құрылымы төмендегі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді:

- оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ақпараттық-талдау, жобалау-жоспарлау, ұйымдастыру-орындау, бакылау-түзету әрекеттері орындалады;



  • білім берудегі инновациялық үрдістер арқылы жаңа құндылықтарға негізделген ақпараттық-интеллектуалдық орта қалыптастырылады;

  • басқару әрекеттері барысында құрылымдык бөліктердің өзіндік
    дамуы және бірін-бірі дамыту жүзеге асырылады;

Менеджмент негізінде басқарудың мазмұны педагогикалық ұжымның мүмкіндіктері мен қажеттіктері, заман талабына сай ата-аналар мен оқушылар сұраныстары, оқу орнына қойылатын жоғары талап деңгейлерін қамтиды. Сонымен қатар мектеп дамуында болуы мүмкін өзгерістер мен ерешеліктерге және болжамдағы күтілетін нәтижесіне сай аталған тұжырымдамаға өзгерістер енгізіліп, жаңартылып отырады.

Басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі талаптардың орындалуы міндетті болады:



Мектепішілік ақпараттық қызмет.

Қандай да болмасын басқару ұжым басқарылып отырған үрдіс туралы ақпаратпен үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі басқару қызметінде әдістеме бірлестіктері, аттестациялық комиссия, педагогикалық кеңестер, директор және орынбасарлары жанындағы кеңестер мәліметтері тек басшылар үшін ғана емес, ұжым мүшелеріне де жеткілікті түрде таныстырылады;



Басқарудың мақсатқа бағытталғандық сипаты.

Басқарудың барлық буындарының жалпы ортақ мақсатқа бағытталғандық және үйлестірілгендік сипаты білім беру үрдісіне қатысушы тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінен көрініс табады.

Басқарудың түрткі жасаушылық сипаты (мотивация). Түрткі (мотив)-адамды іс-әрекетке бастайтын қозғаушы күш; сондықтан әр адамның әрекеттеріне жетекшілік жасайтын белгілі бір ішкі мотивация болуы қажеттігі міндетті түрде ескеріледі.

Мектепішілік демократиялық-құқықтық жағдай.

Басқару үрдісіне қатысушы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас, қабылданатын шешімдердің үйлесімділігі, әр деңгейдегі демократиялық зандылықтардың орындалуы, әр құрылымның өз құзырындағы мәселелерді шешуге құқықтылығы және міндеттілігі қатаң сақталады.



Мектеп басқаруды менеджмент негізінде дамыту құрылымы.

1 .Қажеттік -(мектептің өзіндік деңгейіне сай сұранысы)


2.Мотив


(оған ынталанушылықтың себептері, түрлері)

З.Әрекет


(үрдіске катысушылар әрекеті)
4.Нәтиже

(әрекет нәтижесіндегі қорытынды)

б.Жана қажеттік

(дамудың келесі сатысына өту)

5.Рефлексия



(корытынды нәтиже мен күтілетін нәтиженің сәйкестігі, себептері туралы тұжырым).

Басқаруды жоспарлау алдында білім беру үрдісіне қатысушы оқушы мен мұғалімнің өз әрекеттерін таңдауына, өзіндік бағытталуына, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына негізделген мақсаты белгіленеді. Оның орындалуы алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерінен анықталады. Жалпы алғанда олар төмендегідей мазмұнда болуы мүмкін:



1) мұғалімдер әрекеттерінен күтілетін нәтижелер:

  • оқушының өзіндік тәжірибесін сабақ барысында жинақтаудың және
    оны пайдаланудың тиімді жолдарын біледі;

  • оқушыларға оқу материалдарын өзі таңдау және оны орындаудың жолдарын өз бетімен табу мүмкіндіктерін туғыза алады;

  • оқу материалдарын меңгерудің жолдарын окушылармен бірлесіп анықтайды, олардың нақты пәнге қызыгушылықтарын ояту әрекеттерін жүргізеді;

  • жеке жұмыс аркылы әркімді өзінің оқу әрекетін өзіне тиімді етіп
    ұйымдастыруға үйретуді іске асырады;

  • орындалған жұмыс нәтижелерін өзіндік тексеру арқылы оқушыларды
    өз деңгейін бағалауға, қателерін табуға және оны түзетуге
    мүмкіндіктер бере алады;

  • педагогикалық қызметін субъектаралық және оқушы тұлғасына
    бағытталған диалогтық оқыту әдістемесі бойынша ұйымдастыра
    алады;

  • интерактивті және рефлексиялық қарым-қатынас түрлері арқылы білім
    сапасын көтеруге оқыту үрдісінің барлық мүшелерін (оқушылар,
    тәрбиешілер, мұғалімдер және ата-аналар) ынталандыра алады.

2) Оқушылар әрекеттерінен күтілетін нәтижелер:

  • өз білімі сапасына жауапкершілікті өзіне міндет етіп алады. Үнемі өзін-өзі бақылау, бағалау іске асырылады, бұл тек сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында да жүргізіледі;

  • өз жұмысының нәтижесіне рефлексиялық талдау жасап отыру арқылы алдағы жұмысына коррекциялық өзгерістер енгізе алады;

  • білім сапасының тек нәтижесі ғана емес, оған жету процесін, ондағы қиыншылықтар және алдағы жұмыс бағытын белгілеуде өзіндік іс әрекеттер жүргізе алады;

  • білім сапасын көтеруде жетістіктерге жету үшін бақылау өлшемдерін
    белгілей алады, түзету жұмысын мұғаліммен бірге орындайды;

  • мұғалім, ата-ана қатысуымен топтық және жеке рефлексия жұмысын үнемі жүргізіп отырады.

Басқаруда ұжымның бірлескен қызметін ұйымдастырудағы барлық мүмкіндіктер жүйеленеді. Олар: педагогикалық және әдістемелік кеңестер, семинарлар, практикалық жұмыстар, апталықтар мен ізденіс конференциялары, сайыстар т.б. Олар тәжірибе барысында төмендегі рефлексиялық әрекеттерге бағытталып жүргізіледі:

  • «мұғалімдер әрекетінің педагогикалық біртұгастығына, оқыту мазмұнының бір-бірімен тығыз байланыстылығына көз жеткізу;

  • әр педагогтың өз мақсатын айқындай алуына көмектесіп, әркімнің белгілі бір деңгейде өз бетімен әрекет етуіне мүмкіндік беру арқылы мектеп мүддесіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • кәсібилік пен инициативтік қасиеттерді қалыптастыратын түрлі әдістерді жобалау;

  • белгілі бір нақты, әрі маңызды мәселені шешу үшін мұғалімдердің шағын топтармен жұмыстарын жобалау, жүргізу, нәтижесін бағалау, түзету;

  • әркімнің өз бағытын, адаптивтік, авторлық бағдарламасын жүзеге асыруына, сол арқылы мектеп жоспарының түгел орындалуына жағдай жасау;

  • әр мұғалімнің жеке-даралық ерекшелігі негізіндегі әрекеттердің ұжым үшін маңыздылығын үнемі көрсете білу;

  • мұғалімдерді бірлескен шығармашылық әрекеттерге тарту, нәтиже арқылы ынталандыру, бір-бірімен қарым-қатынас маңызына көздерін жеткізу;

  • «мұғалім-оқушы» , «мұғалім-мұғалім», «мұғалім-әкімшілік», «мұғалім-ата-ана» араларындағы демократиялық қарым-қатынас модельдерін ұстану;

  • педагогикалық әрекеттердің қорытындыларын бақылау, бағалау арқылы нәтижелі және сапалы әдістерді оку-тәрбие үрдісіне енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет