Х. С. Муханбеткалиев 20 ж



бет4/10
Дата25.11.2019
өлшемі1,04 Mb.
#52408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс
басқару, басқару, Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс , ҚМЖ 7 сынып 6 сабақ

Педагогикалық менеджмент [Мәтін]: оқу-әдістемелік кешені 050112-химия мамандығына арналған: 3 курс, 4 семестр / Омарова К. Т.; Бокижанова Г. К.; Аубакирова К. Ф.; Сабирова А. С.; Асетова Ж. Б.; құраст. К. Т. Омарова [и др.].- Электрон. текстовые дан. (363Кб).- Қарағанды: ҚарМУ басп., 2009.- 37 б. 
Бахишева, С.М. 
Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті [Электрондық ресурс]: оқу құралы / С.М Бахишева.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2008.-90.

Кәсіби білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент. Оқу әдістемелік кешен. Әбілқасымова Гүлзәм Қайроллақызы

Педагогический менеджмент в системе профессионального образования. Учебно методический комплекс. Казимова Д.А., к.п.н., доцент ,Тажигулова Г.О., д.п.н., профессор

Тусупова А.К., преподаватель

Рысбеков, Т.З. Психология и этика делового общения: Электронный учебник.-Уральск:ЗКГУ им. М.Утемисова,2009.

Стил Л. Стиль жизни деловой женщины[Электронное издание].-М.:Говорящая книга,2004.-(Бизнесс ипсихология).

Стил Л. Стиль жизни делового мужчины[Электронное издание].-М.:Говорящая книга,2004.

bookz.ru/



www.nlrk.kz/-Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

ru.wikipedia.org/ Кітапхана Викепедия



www.pushkinlibrary.kz/ Пушкин ат. Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

biblioteka.cc/ - Russia  Электрондық кітапхана

www.kazneb.kz/ Мемлекеттік электрондық кітапханалық қоры

www.spring.kz/ С.Бегалин ат.мемлекеттік балалар кітапханасы

www.ineu.edu.kz/ Ғылыми кітапхана

nabrk.kz/ Ұлттық академиялық кітапхана ҚР




Оқулықтың толық библиографиялық сипаттамасы

Оқулықтың шығарылған жылы, ел және баспа

Бекітілгені туралы белгі гриф

Тілі.

Аударылуы туралы мағлұмат

Ақпараттың тасылу түрі


Кітапханадағы дана саны

Клонингер С. Теория личности познания человека: Учеб. –3-е изд.

М.: СПБ, 2003.

Мин. Обр.РФ

Орыс тілі

Баспа

18

Богословский В. В. Психология воспитания школьников: Учеб.

Л.: Гос. Пед. Инст., 1974.

Мин. Просв. СССР

Орыс тілі

Баспа

40

Масырова Р. Р. Психолого-педагогические аспекты анализа урока в школах инновационного типа: Учеб.

Алматы: РИК, 1998.

Мин. Обр.РК

Орыс тілі

Баспа

13

Талызина Н. Ф.Воспитание детей: Учеб.– 3-е изд. пер. и доп.

М.: Медицина, 1991.

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

36

Спенсер Г. Воспитание: умственное, нравственное и физическое: учеб.

М: УРАО,2002

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

2

Сейталиев К.Б. Теория воспитания: учеб.

Алма-Ата: Мектеп,1986

Мин. Просв. КазССР

Қазақ тілі

Баспа

45

Педагогика высшей школы: Учеб.

Алма-Ата: Мектеп, 1989.

Мин. Просв. КазССР

Орыс тілі

Баспа

45

Бордовская Н.В. Реан А.А. Педагогика: учеб.

Спб: Питер,2003

Мин. Обр.РФ

Орыс тілі

Баспа

37

Гессен С.И. Основы педагогики:учеб.

М: Школа-Пресс,1995

Мин. Обр.РФ

Орыс тілі

Баспа

16

Подласый И.П. Педагогика: учеб. Ч.1

М:Владос, 2001

Мин. Обр.РФ

Орыс тілі

Баспа

13

Подласый И.П. Педагогика:учеб. Ч.2

М: Владос, 2001

Мин. Обр.РФ

Орыс тілі

Баспа

13

Куписевич Ч.Основы общей дидактики: Учеб.

М.: Высш. Шк., 1986.

Мин. Просв. СССР

Поляк тілінен ауд.

Баспа

115

Оконь В. Введение в общую дидактику: Учеб.

М.: Высш. Шк., 1990.

Мин. Просв. СССР

Орыс тілі

Баспа

74

Сорокин Н.А. Дидактика: Учеб.пособ.

М,1974

Мин. Просв. СССР

Орыс тілі

Баспа

107

Основы дидактики: учеб./ Под ред Д.Н. Есипова

М: Просв., 1967

Ред-издат. Совет Акад. Пед.наук.

Орыс тілі

Баспа

74

Попков В.А., Коржуев А.В. Дидактика высшей школы: учеб. Пособ.

М: Академ., 2001

Акад. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

6

Кукушин В.С. Дидактика: учеб. Пособ.

М: Высшая школа,2003

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

7

Методика воспитательной работы: Учеб.

М.: Просв., 1989.

Мин. Просв. СССР

Орыс тілі

Баспа

53

Методика воспитательной работы: Учеб.

М.: Академ., 2002.

УМО по пед. Образов.

Орыс тілі

Баспа

8

Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания: учеб.

М: Академ., 2000

Мин. Образов. РФ

Орыс тілі

Баспа

6

Тажибаева С. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы: оқұлық

Алматы: Ғылым,2004

Мин. Обр. и науки РК

Қазақ тілі

Баспа

16

Овчарова Р.В. Практическая психология образования: учеб.

М: Высшая школа,2003

Мин. Обр.РФ

Орыс тілі

Баспа

3

Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология человека: учебн.

М: Школа-Пресс,1995

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

24

Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка: учеб.-8-е изд.

СПб: Питер,2003

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

12

Успенский В.Б., Чернявская А.П. Введение в психолого-педагогическую деятельность: учеб.

М: Высш. Школа,2003

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

16

Джуринский А. Н. История образования и педагогической мысли: Учеб.

М.: ВЛАДОС, 2003.

Мин. Обр. РФ

Орыс тілі

Баспа

16




  1. Дәрістік кешен

Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы

Мақсаты:

Менеджмент (басқару) теориясына шолу және оны педагогикада пайдаланудың тиімді жолдарын меңгеру

Міндеттері:

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Менеджменттің қалыптасуы және оның даму тарихы туралы

мәліметтермен таныс болады.

  1. «Психологиялық - педагогикалық менеджменттің мәні мен мазмұнын өз беттерімен ажырата алады.

  2. Білім берудегі менеджерлік қызметті тәжірибеде қолдану әдістерін меңгереді.

Дәріс мазмұны

Басқару әдіснамасы арқылы мектеп басқарудың заманға сай бағыт-бағдарын, дүниетанымдық жаңа ұстанымын қалыптастыру білім беруді ұйымдастырудың өзекті мәселелерінің бірі. Басқару теориясының өзгеруі мектеп басқарудың негізгі салаларында қалыптасқан ұғымдар мен түсініктердің жаңаруын көздейді. Бүгінгі басқару теориясында "басқару философиясы", "басқару социологиясы", "басқару экономикасы" деген жаңа ұғымдар пайда болды. Педагогика ғылымында басқару ұғымын білдіретін "қарым-қатынас педагогикасы" қалыптасты (Б.С.Гершунский, Ю.А. Конаржевский).

Менеджментті мектепке ендіру дәстүрлі мектеп басқарудан өзінің жаңа мазмұнына сай ерекшеленеді, ол бұрынғы басқару философиясындағы "басқару арқылы ықпал ету" түсінігі орынына "өзара қарым-қатынас арқылы басқару", "рефлексиялық басқару" түсініктері енгізілуін көздейді. Көптеген зерттеулерде (Ю.А.Конаржевский, В.А.Сластенин, Т.Б.Баймолдаев, т.б.) педагогика саласына батыстық басқару теориясында қолданылып жүрген "менеджмент" ұғымын ендіру арқылы басқару тиімділігін кеңінен қарастыруды ұсынылады. Ағылшын тілінде "management" сөзінің бірнеше баламалары бар. Олар - басқару өнері, әкімшілік дағдылары, адаммен қарым-қатынастық қабілет, әкімшілік ету әдістемелері т.б.

Неміс ғалымдары В.Зигерт пен Л.Ланг "Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершіліктік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару" деп көрсетеді. Ал, А.В.Попов өз еңбегінде "менеджмент - адам әрекеттеріне ықпал ететін және түрлі мақсаттарға сай ресурстарды қолдануда өзгерістер әкелетін әлеуметтік және технологиялық үрдіс және белгілі бір міндеттерді тиімді орындау үшін адамдар мен материалдық ресурстардың үйлесімді қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және бақылау"- деп түсіндіреді. Кейбір еңбектерде "менеджмент - өндірістің тиімділігі мен өкілділігін күшейту мақсатында басқаруда пайдаланылатын философияның, стратегиялардың, ұстанымдардың әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы" делінген.

Ю.А.Конаржевский басқаруға арналған осы көзқарастарға талдау жасай отырып, "педагогикалық менеджмент" идеясын қарастырады және оның негізі ретінде белгілі американдық ғалым П.Друкердің басқару теориясын есептейді. Осы теорияларға сәйкес мектеп басқаруда менеджменттің адам
айналасына шоғырланған, оларды бірлескен әрекеттерге тартуға, қолдау
көрсетуге бағытталған мазмұнын басшылыққа алынады. Өйткені,
өркениетті заман талабына сай бүгінгі басқару мазмұны, оның тиімділігі
адамға бағытталған әлеуметтік тұрғыдан сипатталады, менеджмент ұғымы басқару теорияларына сәйкес қызметтік басқарумен қатар сан қырлы ұйымдастырушылық-технологиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік салаларды басқаруды да терең қамтитындығы байқалады.

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда менеджменттің субъектілігі "субъектінің өзіндік өмір сүру ұстанымы" ретінде түсіндіріледі, мақсат қою, жоспарлау, оқу әрекеттері өзіндік бақылаудың саналы қызметі ретінде көрсетіледі, сол арқылы басқару төмендегі әрекеттерде жүзеге асырылады:


  • тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін ұйымдастыру;

  • тұлғаның жеке мәнді танымы негізінде білім беруді ұйымдастыру;

  • әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның дербес

және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру;

  • мектептегі білім беруді тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны оған

қатысушылардың көзқарасын өзгерте алады.

Бүгінгі мектеп басқарудағы менеджмент педагогикалық проблемаларды шешудің жаңа жолдарын енгізуге, педагогикалық үрдісті жаңғырту аркылы жаңа нәтижелер алуға бағытталғандықтан мазмұны жөнінде демократиялық болып табылады. Ғалымдар демократиялық қоғам мектептерінде төмендегі құндылықтардың болуы қажет деп есептейді: белсенді қарым-қатынас - оқушылардың және мұғалімдердің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;



  • ынтымақтастық - оқушылар мен мұғалімдердің өзара бірлескен әрекеттерге тартылуы, өзара қарым-қатынас пен бірігіп еңбек етуі;

  • индивидтік (дербестіқ) - әр оқушының және мұғалімнің жеке ерекшеліктерін дамытуы, көрсете алуымен қатар, әр индивидтің қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

  • өзіндік тәртіп - бойындағы тәрбиелілік, өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену, дамыту;

  • шыдамдылық (толеранттық) әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір бірінің пікірі мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау;

  • еркіндік - оқушылар мен мұғалімдерге өз мүмкіндіктерін бағалай отырып, тапсырмаларды таңдауда орындау жолдарын белгілеуде еркіндік пен жауапкершілік беру.

Басқару жүйесінің кұрамындағы бөліктер өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып жаңа өзгерістерге түсе алады. Ол төмендегілерді қамтиды:

  • басқарудың мақсаты мен мазмұны;

  • педагогикалық үрдістің технологиясы, әдістері мен құралдары;

  • оқыту мен тәрбие беру әрекеттерінің формасы;

  • басқару жүйесі;

Сонымен қатар менеджмент тұрғысынан басқаруда мынадай жағдайлар ескерілуі тиіс:

  • басқару технологиясындағы инновациялық үрдіс кездейсоқтық емес, белгілі

бір күтілетін нәтижеге бағытталады;

  • инновациялар білім беруді тиімді басқару үшін енгізіледі;

  • жаңа түзілімдер ішкі мүмкіндіктерді жаңа тұрғыдан қарастыру

негізінде жаңа жетістікке жету мақсатын қояды.

ЮНЕСКО XXI ғасырда білім саласында Дүниежүзілік деңгейде бірлікте өмір сүру, білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену сияқты білім құндылығының негізін құрайтын мәселелерге ерекше көңіл бөліп, осы бағыттағы білім жүйесінің инновациялық, демократиялық және гуманистік қадамдарын жоғары бағалайды. Адам баласына дүниенің біртұтас бейнесін қабылдай алуға мүмкіндік туғызу, оларды ең әуелі өзінің ішкі әлемін түсінуге, өзгелер үшін түсінікті болуға жағдай жасау білім берудің басты міндеті болып табылады. Сондықтан оқыту жүйесі белгілі бір білімдік қорды жинақтауға емес, адамгершілік, гуманитарлық көзқарастарды қалыптастыруға бағытталады.



Қазіргі кезде менеджмент негізінде мектепті басқаруды инновациялық жетілдіру - әлемдегі өркениеттің дамуының бір бөлігі болып табылады. Менеджменттің демократиялық және адам тұлғасына бағдарлылық идеясын қолдаушылар (Ю.А.Конаржевский, А.М.Моисеев, В.С.Лазарев, т.б.) оның мазмұнына төмендегідей сипаттама береді.

  • Менеджменттің негізгі тетіктері: адамды құрметтеу, адамға сенім, оқушы мен мұғалімнің дамуына бағытталған тұтастық көзқарас, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жетелейтін жағдайлар туғызу. Менеджмент жүйелілігінің сипаттамасы: басқарудың біртұтас жалпы жүйесі үшін де, оның жеке бөліктері үшін де үйлесімділік пен ынталылықты қамтамасыз етеді және осы сипаттардың өзара қарым-қатынаста, түрлі шешімдер қабылдау барысында сақталуына мүмкіндік береді.

  • Менеджменттігі нәтиже мен үрдіс: басқару соңғы нәтижені де, ұйымдастыру үрдісі мен мазмұнын да маңызды деп есептеледі, яғни тек нәтиженің орындалуы ғана емес, оған жетудің жолдары да құндылык ретінде тең қарастырылады;

  • Менеджменттегі біртұтастық: біртұтастық кұрылым жалпы баскаруда ғана емес, мұғалімнің және оқушының өз әрекеттерін белсенді ұйымдастыра алуына да негіз бола алады, соның нәтижесінде танымдық ынталандыруға қол жеткізіледі.

  • Менеджмент негізінде басқарудың жаңа сипаты - адам тұлғасына бағытталғандық - оның жүзеге асырылуы тек басқару мазмұнына дәстүрлі көзқарасты өзгертумен қатар тұлғаға бағытталған басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындап алуды қажет етеді.


Ұлттық мектептер және ізгіліктік басқару теориялары.

Демократиялық және гуманистік бағыттар - ұлттық мектептің негізін құрайтын құндылықтар. Оларда халықтың өзіне тән табиғаты, рухани-адамгершілік дамуының үлгілері, бүгінгі өркениетті үрдістер жинақталуда. Сондықтан, ұлттық мектептің жаңа сипаты ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тәрбиемен ұштастыру арқылы байытылады. Өйткені, ұлттық сипат генотип пен мәдениеттен түзіледі және адамның табиғаттан, өмір мен білімнен алатын рухани нәрін кұрайды. Бүгінгі ұлттық мектеп адамзаттык мәдениет пен этномәдениеттің өзара бірлігінде, жаңашыл бағытта бола отырып, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда үнемі жетілдіріліп отыратыны сөзсіз.

Қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын жырауларының дүниетанымдық көзқарастарынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірлерінен жалғасын табады. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жете алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысты екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген.

Бастауыш мектеп меңгерушілеріне арналған нұсқау хатының мазмұны

Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасын айқын көрсетеді.

¥лттық мектептің ізгілікті болуы туралы ой-пікірлер А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінен жалғасын тапты. Ахмет Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, бастауыш білім алуына көп күш жұмсады. Ол 1913 жылы жазған "Оқу жайы" мақаласында "Бүл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін - мектеп", -деп, ұлт болашағы үшін білім алудың маңыздылығын көрсетеді.

Ж.Аймауытов қазақ мектептеріндегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұйымдастырушылық шеберлігі жоғары болуы тиіс және ол профессионалдық еркіндікке ие болу керек" деп білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте оқушы тұлғасын тәрбиелейтін мұғалімнің шеберлігі мен адами көзқарастарының жоғары деңгейде болуын міндетті деп санаған.

¥лт болашағын мектептен қалыптастыру мәселесін қарастыруда Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше. Оның 1922 жылы Орынборда, 1923 жылы Ташкентте жарық көрген "Педагогика" оқулығындағы мұғалім, оқушы туралы ізгілікті ойлары бүгінгі ұлттық мектеп үшін аса құнды.



Қазіргі педагогикалық, психологиялық зерттеулерде тұлғаны дамытудың ізгіліктік гуманистік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған ұлттық мектептің мазмұны талдануда. Өйткені, қазақ ұлт мектебі тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе алуда, өйткені, ол ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздегі ең негізгі тірек - тұғырлық оқу мен тәрбие мекемесі, ал мектепті басқару қызметіне жаңа деңгейдегі талаптарды қою - оның дамуының басты шарты.
Студенттердің өзін-өзі бақылауға және тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мектеп басқару теорияларының дамуы.

  2. Менеджменттің қалыптасуы және дамуы тарихы.

  3. Менеджмент негіздері туралы батыстық және ресейлік ғалымдар еңбектеріне шолу.

  4. Бүгінгі басқару үрдісіндегі менеджмент негіздері.

  5. Білім беру үрдісіндегі психологиялық-педагогикалық менеджменттің мәні, мазмұны.

  6. Ұлттық мектептерді басқарудың теориялық негіздері.

  7. Қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі неден бастау алады? Мысал келтіріңіз.

  8. 1913 жылы жазылған "Оқу жайы" мақаласының авторы кім?

  9. Мына педагогикалық пікірді жазган кім? Бұл еңбек қалай аталады, қашан жазылды? "...балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болу ғана жетпейді екен. Бұлар сыннан өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, жаманын, алтыны мен мысын айырып ала білу үшін тәрбие майданында шынығып, ысылға тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, жақсы таныс болу керек".

  10. Қазіргі қазақ мектептері үшін менеджменттік тұрғыдан басқару қажеттігі қандай деп есептейсіңіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет