Х. С. Муханбеткалиев 201 ж


Тақырыбы: бейнелеу өнер сабағында оқушының кескіндемемен бейне кескінін орындаудың оқыту мазмұны және оның технологиясы. Объектісі



бет11/12
Дата01.04.2017
өлшемі1,86 Mb.
#13003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тақырыбы: бейнелеу өнер сабағында оқушының кескіндемемен бейне кескінін орындаудың оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 3 – сыныптың кескіндемемен бейне кескінді орындаудың оқыту мазмұны.
Предметі: бейнелеу өнер сабағында кескіндемемен бейне кескінін шығармашылық та орындаудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында оқушылардың кескіндемемен бейне кескінін орындаудың оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: бастауыш мектептің бейнелеу өнер пәнінің білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 3 сыныптың оқу - әдістемелік құралдар, ұсыныстар, көрнекіліктер, қағаз, көркем-техникалық құралдар: сурет альбомы, қаламдар, түсті қаламдар, кетіргіштер, қаламды ұштау аспабы, реквизиттер, акварель бояуы, кисть, су құятын ыдыстар, палитра, қалам, кетіргіш және т.б...
Жұмысты орындауға нұсқау.

3 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма №1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушының өз бетімен шығармашылықта орындайтын тақырыптардың бағыттарын анықтайды. Қажетті кескіндемені орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдарын, материалдарды іріктеп дайындайды.

Келесі кезеңде оқушының өз бетімен жұмысты шығармашылық дәрежеде орындау сапасын анықтайтын бақылау критериясын көрсетеді. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.



Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Кескіндеме жанрында оқушының шығармашылық жұмысы(2 сағат).
Тақырыптары:


    1. «Баланың ойыны».

    2. «Күз».

    3. «Жеміс ағаштары».

    4. «Өзен жағасы».

Тексеру сұрақтары.


  1. Шығармашылық жұмыстың мазмұнын анықтау жолы қандай?

  2. Шығармашылық жұмысты қолданылатын оқытудың құралдары?

  3. Жұмыстың мазмұны қалай анықталды?

  4. Жұмыс қандай оқыту формасында айқындалды?

  5. Оқушының жұмысын талқылауға қандай әдіс – тәсілдер қолданылды?

  6. Оқушының шығармашылық жұмысын тексеру критериясы қандай болды?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (3 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2003 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  4. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(3 сынып). -Алматы, 2003 ж.

  5. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  6. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  7. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983 ж.

  8. Мизанбаев Р. Живопись. Оқулық. -Алматы, 2005 ж.

  9. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  10. Ростовцев Н. Н. Рисунок, Живопись, Композиция (Хрестоматия). -М., 1988 ж.

Лабораторилық жұмыс №10


Тақырыбы: бейнелеу өнер пәнінде оқушыларға сәулет өнерімен таныстырудың оқыту мазмұны және оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 4– сынып сәулет өнері сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: бейнелеу өнер пәнінде оқушыларға ғимарат моделін жасату арқылы сәулетті өнермен таныстырудың оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында оқушыларды сәулет өнерімен таныстырудың оқыту мазмұн жобасын жасау.
Міндеттері:

  • жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;

  • белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;

  • көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;

  • сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;

  • оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;

  • орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;

  • орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.


Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектептің бейнелеу өнер пәнінің білім беру стандарты, 4 сыныпқа арналған бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, 4 сыныптың оқу - әдістемелік құралдар, ұсыныстар, альбом, түсті қағаз, картон, өлшегіш және белгі түсіретін аспаптар, қайшы, пышақ және т.б...
Жұмысты орындауға нұсқау.
4 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнын тапсырма № 1 танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнын негізгі нормативті құжаттармен салыстыру керек. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып және оқу бағдарламасынан анықталынады. Тақырып мазмұнына сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды оқушыға қалыптастыру қажетті оқу материалдарын іріктеп, сабақтың тиімді және қолайлы формасын, әдістерін, құралдары негіздей таңдайды. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын құрастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, қосу, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушының білімі мен іскерлігін оқу материалының элементтерін анықтайды. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсетіп, теориялық білімі мен практикалық іскерлігі ұстамды қалыптастыруға арналған қолданбалы дидактикалық тапсырмалар жасап, оқыту құралдарының функцияларына негізделе, оларды алдын – ала айқындайды. Қажет болса оқушының орындайтын практикалық жұмыстың объекті үлгісін жасап, көрнекіліктегі тиімді тәсілдерін белгілейді. Бұл объектіні оқушының сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшерін тексеріп алады. Оның қажетті нақты қолайлы материалдары мен аспаптары да анықталуы тиіс.

Келесі кезеңде оқушының теориялық білімі мен қолданбалы іскерлігінің бақылау формасы мен әдістерін белгілей қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық құрастыруға кіріседі. Оның үлгісі қосымшада көрсетілген. Сабақтың барысындағы оқыту мазмұнының әдістемесі көлемі, нақты анық және кең ашылған түрінде орындалады. Сабақ құрылымындағы кезеңдердің уақытысы белгіленеді.

Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген уақыт мөлшеріне сәйкестігін дәл анықтау міндетті орын алады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада немесе жетекшінің көмегімен талқылай түзете отырып, мұғалімнен рұқсат ала тәжірибеде (мектепте) тиімдігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, оның қанағаттанарлық бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысын орындалуы туралы оқытушыға есеп беріп жұмысын тапсырады.
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер.


  • жұмысты орындаушы тақырыптың оқу материалын толықтыруға, тереңдетуге, ықшамдауға мүмкіндігі бар;

  • оқыту түрін, формасын, құралын, әдістерін өз еркімен сабақтың мақсатына сәйкес таңдайды;

  • тақырыптық сабақ жоспарының оқыту құралдары, формасы және әдістері, дидактикалық материалдары оқушының танымдық, психикалық және физиологиялық функциялары мен процесс қасиеттерін дамытуға ықпалының болуы;

  • орындалған сабақ жоспарының жобасындағы құралдардың, іс - әрекеттердің дидактикалық принциптер мен критерияларына қайшы келмеуі;

  • жұмысты орындаушы төмендегі материалдарды оқытушыға тапсырады:

а) сабақ жоспарының жобасына теориялық негіздемесі;

б) тақырыптық сабақ жоспарының тәжірибеде тексерілген үлгісі;

в) оқытудың дидактикалық материалдары.
Тапсырма №1.
Тақырып: Сәулет өнері(2 сағат).
Сәулет өнері дегеніміз – адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, кешендер т. б. Сәулет өнерінің белгілі бір түрі адамдарды рухани, яғни эстетикалық тұрғыдан қалыптастырады. Қазіргі қоғамдағы адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргісі келеді. Сондықтан сәулет өнері әрқашанда дамып отырады.

Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын – ақ Греция мен Римде сәулет өнері биік шоқынның басына мәрмәр тастан Акрополь салынды.

Акрополь - грек қалаларының биік жерге салынған бөлігі.

Ғасырдан – ғасырға мұра болып келген сондай сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады. Ол белгілі бір үлгімен салынған.

Дүние жүзі халықаралық сәулет өнеріндегі өзіндік ерекшелігі ең алдымен қоғамдық даму сатысына, мәдени өркендеуіне және тұрмыс – салты мен ұлттық дәстүріне байланысты қалыптасқан.

Сәулет деген – ғимараттар мен құрылыстарды салу ғана емес, сонымен бірге адам баласының өмір тіршілігіне қажетті кеңістік пен ортаны ұтымды ұйымдастыра білу өнері. Ежелгі грек сәулетшілері салған көрікті сәулет өнерімен әлемге танылды.

Италия. Римдегі Әулие Петр соборы мен алаңын салу ұзақ жылдарға созылған. Собор ренессанс үлігісінде 17 ғасырда салынған. Бұл собордың ерекшелігі де алып тұлғасы мен әдемі салтанаттылығында.

Россия. Петербургте 18 ғасырда ірге көтерген Қысқы сарай ғимараты барокко үлгісімен салынған. Барокко үлгісінің ерекшелігі бай нақышында жатыр. Егер Петербург қаласының орталығын араласаң, мүсіндер мен безендірілген сұлу аркалы бағаналар мен сап түеген үйлерге кезігесің. Олар бір – бірімен салтанатты жарасым тапқан сәулеттік ансамбльдер болып табылады.

Шығыс халықтарының ішіндегі үнді, қытай, жапон елдерінде сәулет өнері өзіндік құрылымдық ерекшелігімен дараланды. Сәулет өнеріне қарап әр елдің тұрмыс – тіршілігін, мәдени дамуын көруге болады.

Үнді елінде дүние жүзіне әйгілі жеті кереметтің бірі Тәж – Махал ескерткіші бар. Ол – сәулет өнерінің тамаша туындысы.

Қазақстан. Алматы, Астана, т. б. қалаларда биік әрі әсемүйлердің бой көтеруі Қазақстандағы сәулет өнерінің елеулі жетістіктері болып табылады.

Алматы – жасыл желекке оранған әсем қала. Ол сәулет өнерінің салтанатты да сәнді, ғажайып ғимараттарымен де ерекше көз тартаы. Олар мысалы, Цирк, Республикалық оқушылар сарайы, Анкара қонақ үйі, «Арасан» сумен емдеу кешені, Орталық мемлекеттік мұражай, т. б. Сәулеттік құрылыстың жобасын сызып, қағазға түсіретін адамды сәулетші (архитектор) деп атаймыз. Сендер теледидар арқылы әр алуан қала көріністерін көресіңдер. Содан алған әсерлеріңді әрдайым есте сақтаңдар. Төбеі биік, керегесі кең, іші жарық жақсы үйде тұрғыларың келетін шығар. Сондай бір үйдің сыртқы көрінісін жобамен бейнелеп көрейік.

Экстерьер дегеніміз – ғимараттың сыртқы көрінісін бейнелеу.

Практикалық сабақта көне сәулетті ғимараттардың экстерьеріндегі бөліктерін даралап, моделін картоннан немесе қалың қағаздан жасатуға объектінің бір элементін ғана жасатуға бағытталады. Екінші бір ұсыныс топ оқушыларын қазіргі сәулетті ғимараттың экстерьерін картоннан жасатуға да болады. Даралап жасауға геометриялық формадағы, мысалы, «балясины», «ваза», әр түрлі цилиндр, конус формасындағы тіректі бағаналар және т.б. ауқымды денелер жатады. Бұл денелерді жасау және берік болу үшін алдымен олардың «скелетін» орындап, кейін бетіне картоннды желіммен бекіту керек. Сабақта, сонымен бірге сәулетті ғимараттардың моделін жасату үшін өте ұтымды материал және қолайлы пенапласт болып келеді. Бұл материал қазір кез-келген құрылыс немесе үйлердің интерьерін безендіруге арналған дүкендерде жиі кездестіріледі. Оны бекітетін немесе желімдейтін материалды табуда жеңіл. Материалмен жұмыс орындау үшін пенопласт, оның желімі, көлбеу пышақ «резак» жеткілікті.

Тексеру сұрақтары.


  1. Оқу материалының іріктеліну дәрежесі қандай?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Оқу сабағында сәулет өнерінің мәні неде?

  4. Сәулет өнерінің басқа салалармен байланысы белгіленді ме?

  5. Қандай тиімді оқыту құралдары қолданылды?

  6. Сәулет өнерінің қазіргі жобалау саласымен байланысы белгіленді ма?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  4. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(4 чынып). -Алматы, 2003 ж.

  5. Глаудинов Б. А. Архитектура Советского Казахстана. -М., 1987 ж.

  6. Галимжанов А. С. История искусств Казахстана. -Алматы, 2006 ж.

  7. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  8. Жұмабекова Ф. Құрастыру. - Алматы, 2005 ж.

  9. Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.

  10. Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 ж.

  11. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  12. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983 ж.

  13. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  14. Шорохов Е. В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. -М., 1972 ж.


4. Студенттің сабақ жоспарын моделдеуге және құрастыруға

әдістемелік көмек.

Сабақтың типі мен құрылымы.


  1. Сабақтың қандай типі таңдалды, оның мақсатқа сайлылығы.

  2. Берілген бөлім бойынша сабақ жүйесіндегі сабақтың орны.

  3. Алғашқы сабақ пен жаңа сабақтың өзара байланысы.

  4. Сабақтың барысы (логикалық) қалай?

  5. Сабақтың құрылымы берілген типті сабаққа сәйкестігі.

  6. Сабақтың аяқталуы мен біртұтастығы қамтамасыз етілді ме?


Оқыту принциптерінің жүзеге асуы


  1. Тапсырманы комплексті шешуде оқытудың бағытталу принципі.

  2. Оқытудың ғылымилығы, өмірмен байланысы.

  3. Оқытудың қолайлығы.

  4. Көрнекілік.

  5. Жүйелік және бірізіділік.

  6. Оқушының саналылығы, белсенділігі және өзбетімен жұмыс орындалуы.

  7. Сабақта оқушының танымдық қабілетінің дамуы.

  8. Танымдық іс - әрекет қандай сипатта болды.

  9. Оқытудың жекелендіру мен даралануы.

  10. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мүмкіндігі.



Оқытудың әдістері


  1. Сабақтың міндеттеріне әдістер сәйкес келді ме?

  2. Танымдық іс - әрекеттің сипатына мүмкіндігі берді ме?

  3. Оқушының белсенділігіне қандай әдістер әсер етті.

  4. Өзбетімен жұмыс қалай жоспарланды және орындалды.

  5. Оқытудың әдістері мен тәсілдердің тиімділігі қандай?



Сабақта оқу жұмысын ұйымдастыру


  1. Оқу міндеттері әрбір сатыда қалай жүзеге асты?

  2. Әр түрлі формадағы сатылардың өзара үйлесуі.

  3. Оқушының әр түрлі іс - әрекетінің бірізді орындалуы.

  4. Оқушының іс - әрекетін бақылауды ұйымдастыру қалай өтті.

  5. Оқушының білімі дұрыс бағыланды ма?

  6. Оқушының дамуын қалай жүзеге асырды?

  7. Оқушыларды ұйымдастыру мұғалім қандай тәсілдерді қолданды?

  8. Сабақтың сатыларын қорытындылау.

Мұғалімнің жұмыс жүйесі


  1. Сабақты жалпы ұйымдастыру іскерлігі.

  2. Оқу жұмысының тиімді тәсілдерін оқушыға көрсете білу.

  3. Сабақтың оқу материал көлемін анықтау.

  4. Мұғалімнің басқарудағы мінез – құлқы: такт, сыртқы көрініс, сөзі, эмоция, ақиқаттығы және т. б.

  5. Топтағы психологиялық көңіл – күйді орнықтыра білу.


Оқушының жұмыс жүйесі


  1. Сабақтың әр бір сатысында ұйымдастыруы мен белсенділігі.

  2. Оқушының эмоциясы сабаққа сәйкестілігі.

  3. Жұмыстың әдістері, тәсілдері және олардың деңгейінің қалыптасуы.

  4. Мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы.

  5. Білімді игеру деңгейі.

  6. Білімді шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі.


Сабақтың жалпы нәтижесі


  1. Сабақтың жоспарын орындау.

  2. Сабақтың үш міндетін орындап жүзеге асыруы.

  3. Оқушының білімді игеру деңгей және іс - әрекет тәсілдері.

  4. Қабылдау, түсіну, еске қалдыру деңгейі.

  5. Ұқсас жағдайларды қолдана алуы.

  6. Жаңа жағдайларда білімді қолдану.

  7. Сабақтың тиімділігі мен нәтижесін жалпы бағалау.

  8. Сабақтың сапасын жақсарту туралы ұсыныс.


Сабақтың типологиясы


  1. Кіріспелі

  2. Жаттығу

  3. Тексеру

  4. Білім, іскерлік және дағдыны бекіту

  5. Өзбетімен жұмыс орындау сабағы

  6. Техникалық құралдарды пайдалану

  7. Сарамандық жұмыс сабағы

  8. Біріктірілген сабақ

  9. Қайталау және жалпыламау

  10. Қайталау

  11. Білім, іскерлік және дағдылануды игеру

  12. Предметті сабақ.


Бейнелеу өнер пәнін оқытудың формасы, құралы және әдістері
І. Бейнелеу өнер пәні оқу жұмысын ұйымдастыру формалары:

- сынып сабағы;

- экскурсия;

- практикалық жұмыс;

- өзбетіндік жұмыс;

- лабораториялық жұмыс;

- шығармашылық жұмыс;

- плэнер;

- емтихан;

- сынақ.


ІІІ. Оқытудың және үйрену әдістері.

  1. Әңгіме.

  2. Түсіндіру.

  3. Сөйлесу.

  4. Пікір талас.

  5. Әдебиетпен жұмыс.

  6. Көрнекілік әдістері.

  7. Тапсырма орындау әдістері.

  8. Шығармашылық жұмыс орындау.

IV. Оқытудың құралдары.




  1. Оқу-әдістемелік құжаттар.

  2. Техникалық құралдар.

  3. Бейнелі-техникалық құралдар.


Бейнелеу өнер сабағының құрылымының жалпы үлгісі.


    1. Сабақтың тақырыбы.

    2. Сабақтың мақсаты.

    3. Сабақтың формасы.

    4. Сабақтың оқыту және үйрену әдістері.

    5. Сабақтың құрал-жабдықтары.

    6. Ұйымдастыру кезеңі.

    7. Өткен оқу материалын қайталау.

    8. Жаңа оқу материалын қарастыру.

    9. Практикалық (өзбетіндік)жұмыс.

    10. Жаңа оқу материалын бекіту.

    11. Сабақты қорытындылау.



Бейнелеу өнер сабағы бойынша оқушылардың білімі мен іскерлігіне

қойылатын талаптар
Практикалық жұмыстарын бағалау.


  • Жұмысты оқушының өзбетімен орындауы.

  • Игерген білімін жаңа тапсырмаға қолдана алу іскерлігі.

  • Өнер мен құбылыстың шынайлығын белгілей алуы.

  • Жұмыс орындауда ұқыптылық және танымға ұмтылушылығы.

  • сабақтың міндетін сапалы орындау.

  • Жұмыстың көркемдік мәнер мазмұндығы.

  • Машықтық техниканы игеруі.



Оқушының ауызша жауаптарын бағалау.


  1. Жауаптың толықтығы.

  2. Сөздің мәнерлігі мен образдығы.

  3. Жауап кезінде ұғымдар мен терминдерді қолдана алуы.



Жүргізілген сабақты талдаудың үлгі сұлбасы
Жалпы мәлімет


  • Сынып.

  • Сабақтың өткізілу уақыты.

  • Сабақтың тақырыбы.

  • Сабақтың міндеттері.


Сабақтың құрал-жабдықтары


  1. Оқытудың құралдарын қолдана алуы.

  2. Оқытудың көрнекілік және техникалық құралдарын дайындалуы.

  3. Сабаққа тақтаның дайындығы.



Сабақтың мазмұны

  1. Сабақтың міндеттері оқу бағдарламасының тақырыбына сәйкес келді ма?

  2. Дидактикалық өңдеу жүргізілді ма?

  3. Өткізлген сабақтың мазмұны қандай білім жіне іскерлікті қалыптастыруға бағытталған?

  4. Алғаш рет қандай жаңа материал оқушымен игерілді? Олар қалай бекітілді?

  5. Оқу материалы оқушының шығармашылық және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді ма?

  6. Қандай жалпы оқу және арнайы іскерлік пен машықтықтар оқушының бойында дамытылды?

  7. Қалай пән аралық байланыс жүзеге асты?

  8. Оқушының танымдық қасиетіне сабақтың мазмұны ықпал етті ма?



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет