Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі


Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі



бет9/13
Дата30.04.2024
өлшемі325,5 Kb.
#201617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
kur -halyq-pedagogikasyndagy-imandylyq-pen-adamgershilik-tarbiesi
httpswww.google.comsearchrlz=1CDGOYI enKZ902KZ902&hl=ru&q=улттык улан форма&tbm=isch&sa=X&ved=2ahUKEwiV94u86pD AhWwDhAIHYjE

2.1 Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі.


Қазақ халық педагогикасы - тәуелсіздік алған жас Қазақстан Республиасының келешек тағдырын шешетін негізгі фактор. Бұл аса жауапты міндетті шешуде мектептің атқарар ролі өлшеусіз де, мұғалімнің сан алуан формалы жұмысы баға жеткісіз, қазақ халқының халық педагогикасының негізі болып табылатын адамгершілікті, табандылықты, адалдықты, имандылықпен еңбек сүйгіштікті, Отан, туған жер, халқын сүю, ата-ана, бауырға құрмет-сүйіспеншілікті жас адамның бойына шынайы да табиғи- сапалы сіңірудің ең негізгі арнасы қазақ тілі мен әдебиет сабақтары.
Сонымен қатар біз оқушыларымызға исламның бес парызын, Пайғамбарымыздың Хадистерінен үзінділер, Тәуке ханның "Жеті Жарғысын", қазақша жыл қайыру әдістерін т.б. Әрбір сабақтарымызда, тәрбие сабақтарында, басқада сыныптан тыс өтілетін іс шараларында күнделікті мағлұматтар беріп, өз жұмыстарымызда басшылыққа алып отырамыз. Мұсылмандардың қасиетті сандары (3, 4, 7, 9, т.б.) туралы да түсініктер беріліді. Қазір діни ырымдар мен тиымдар әрбір мектеп қабырғасында көрнекті жазылып, ілінген.
Сабақтарда оқушы санасына сіңген ұлттық тәрбие сананы сыныптан тыс алуан жұмыс формаларын ұйымдастырып байқауға болады. Алтыбақан, ақсүйек кеші, сүйінші, шашу, көрімдік, бастаңғы, тоқымқағар кештері т.б. Қазақтың ұлттық, тұрмыстық бұйымдарының атын кім білетіндігін байқау үшін "Кім білгіш? - ойынын, Төле би, Қаз дауысты Қазбек, Әйтеке шешендердің сөз қағыстары бойынша "үш дана" тақырыбында жарыс өткізу т.б.
ІХ-сыныпта қазақ әдебиетінен Тұрмыс-салт жырлары тақырыбын өткенде халық педагогикасын өте тиімді де әсерлі пайдалануға болады. Ауыз әдебиетінің бұл тарауы екі түрге бөлінеді. 1) Мал шаруашылығы және егіншілік кәсіпке байланысты өлең жырлар. 2) Тұрмыс салтқа байланысты өлең –жырлар.
Бұл екі тақырыптағы ауыз әдебиеті туындыларын өткенде де сан алуан сабақ түрлерін пайдалануға болады. Драмалық сабақ, конференциялық сабақ т.б.
Халқымыз ежелден төрт түлік мал өсіріп, оның өнімдерін пайдаланып күн көрген. Сондықтан бұл кәсіптің қыры мен сырын зердеге тоқып, ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Төрт түліктің берер пазығы туралы, оның икесі мен бағып қағуы, күтімі туралы даналық түйіндер қалдырған.
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шаралап
Тоғыз қабат торқадан,
Тоқтышағымның терісі артық.
Деп тіпегнннің берер өнімін түйіндесе,
Қойды қорадан сатпа,
Аңды буазында атпа
Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады.
Қой көбейсе,
Қойшы таяғының құтты болғаны.
Жақсы қойшының төлі түлеп туады,
Жаман қойшының төлі жүдеп туады.
- деп түлік күтімінің сыры мен нәтежесін нұсқаған. Сондайақ қойды шақыру, қайыру үшін арнайы дыбыстық бейнелеу сөздерінде сол түлікті елең еткізердей етіп қолдына білген.
"Пшау-пшау" "шәйт-шәйт" "қош-қош" шақырса, қайырса, маңырауы, меңіреуі, ыңырануына қарап қойдың қасиеттерін қойындағы өзгерістерді аңғарған.
Балаң тентек болса – қой бақтыр,
Балаң жуас болса жылқы бақтыр.
- деп төрт түлік мінез құлқының иесіне әсерін де байқап, дөп басып айтқан. Сондай-ақ қой түлігінің тұқымына қарап, түр-түрге бөліп атаса, еркек-ұрғашысына жасына қарап та атаулар берген. Бұл ұғымдардың бәрі де қолдан жасалған таблица арқылы жеткізіледі.
Жылқы, түйе, сиыр түліктері туралы да дәл осындай көрнекілік арқылы түсіндірмелі ұғымдар беріледі.
Қыз ұзату тойындағы жар-жар, сыңсу, келін түсіру тойындағы отқа май құю, шашу, беташар рәсімдерін оқушылар рөльдерге бөліп орындайды, ұзатылатын қыз, жар-жар айтысындағы қыз бен жігіт, ақ бата беретін ата, отқа май құятын ене, ақ желікті келіншек, бет ашатын жігіт те оқушылардың өздері болып көрініс береді. Бұл сабақтың тиімділігі – ең бастысы оқушы тұрмыс салттық өлең-жырлар табиғатын да біле бастанды. Имандыққа бастайтын ат бабаларымыздан қалған асыл сөзді, нақыл өстетті, таза ұлттық өнердің нәрін шәкірт жүрегіне ұялата білу.
Халық педагогикасында тағы бір тәрбие құралына айналғаны – ертегілер. Халық ертегілері халықтың мінез-құлқын, психологиясын, өмірлік мақсаттарын айқын көрсете отырып, тәрбиелік маңыздылығын жойған жоқ. Ертегілердің кейіпкері арқылы халық ерлікті, адамгершілікті, шыншылдықты, сүйіспеншілікті имандылықты мадақтап, өтірік, жалқаулык т.б. адам бойындағы кемшілікті сынайды. Мысалы "Жақсылық пен жамандық", «Байдың үш баласы» т.б. ертегілердің сюжеті бойынша жақсылық болып бір оқушы, жамандық болып бір оқушы ойнап ертегінің мазмұнына қанығып, қаскөйлік пен адамгершіліктің ақыры не болатындығын аңғартады.
X сыныпта Ыбырай, Абай шығармашылықтарын өткенде, Ыбырайдың әңгімелерінен өлеңдерімен, Абайдың достық, махаббат лирикасынан, қара сөздерінен халық даналығы тәрбиелік нақылдарды көптеп айтып, оқушы бойында имандылық, адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыруға болады.
XI сыныпта С. Сейфулиннің "Аққудың айырылысуы" поэмасы бойынша, М.О.Әуезовтың "Абай жолы" эпопоясын өткенде. Ғ.Мүсірсповтың "Ана" туралы әңгімелерін т.б.туындыларды өткенде халықтык педагогиканы шебер пайдаланып, оқушылады имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу үшін: Ата-ана, үлкендер алдындағы борыш халық даналығы мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, кейбір деректі оқиғалар т.б. қосымша материялдар ана, әке туралы ән, жырлар арқылы оқушы санасына жеткізіледі.
Сондай-ақ қазақ тілі сабақтарында халықтық педагогиканы көптеп пайдалану арқылы оқушы бойына имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға болады. Мысалы: санасезімнің түрлерін өткенде "Жеті атаны ата, "Жеті қазына нелер?", "Парыздың түрлерін ата" деген сұрақтарды қойып, оған жауап алып имандылыққа тәрбиелеуге болады. Мысалы: Қазақтың үш билері туралы мына көріністі сергіту сәтінде пайдалануға болады.
Бір оқушы Төле би болып: «Сөз таныған жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар".
Әйтеке би болып бір оқушы: Айтыңыз, ұлы аға! Төле би: Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау;
Дауыстар: Бұл не жұмбақ, осындай жұмбақ бола ма? (бәрі аң-таң). Қазыбек: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат болса? Төле би: Рұқсат, қаздауысты Қазыбегім, рұксат!
Қазыбек:
Бір дегеніміз - бірлігі ел даман.
Екі дегеніміз - ерегісіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз - үш бұтаққа ілінген ағайын жаман.
Төрт дегеніміз - төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз - белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніміз - жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніміз - серпімеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз - торқалы қой, топырақты өлімге бас көрсептесе,
сол жаман.
Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас деген сөзіңіз, ұлы аға! Төле би: Рахмет, дәл таптың, сөзін асыл, өзің де асыл Қаздауысты Қазыбегім!-деді.
Міне, осындай шағын көріністің өзі халықтық педагогиканың қайнар бұлағын сусыңдата отырып, оқушының дүние танымын кеңейту мен есептеу қабылетін арттырып, сонымен бірге имандылыққа тәрбиелейді.
Ал сын есімді өткенде ата-ана, жақсы мен жаман, ана тілінің асыл қасиеттерін халықтық өсиеттер арқылы білдіріп, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге болады.
Ата-асқар тау, Ана-аққан бұлақ.
Жаксы адам жан жадыратады,
Жаман адам жан жабырқатады.
Өнер алды-қызыл тіл,
Тіл қылыштанда өткір т.б.
Сыныптан тыс уақытта ырым-тыйым сөздерді пайдалана отырып имандылықка тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет