Халықаралық білім беру корпорациясы қазақ бас сәулет-қҰрылыс



бет3/6
Дата22.02.2018
өлшемі2,07 Mb.
#38140
1   2   3   4   5   6

Ескерту:

1. Тарифтердегі өзгерістер, сондай-ақ онда көрсетілмеген қызметтер жеке қаралады және ХБК, ҚазБСҚА Басшылығының шешіміне сәйкес белгіленеді.

2. Ұсынылған қызметтерден бас тартқан немесе пайдалана алмаған жағдайда (Тарифтердің 5-тармағы) олардың ақшалай баламасы қайтарылмайды, сонымен бірге оқу құны кемімейді.

3. * - тарифтердің көтерілуіне сәйкес сома қызметтерді жеткізушімен қайта есептеуге жатады.

4. ** - басшылық шешіміне сәйкес.

4.3 ДИСТАНЦИОНДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

КОМПЬЮТЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ


Дистанционды оқыту және тестілеу департаменті – компьютерлік-техникалық орталық (ҚБЖТД -КТО) ҚазБСҚА-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, академия және ХБК бөлімшелеріне қызмет көрсетеді.

Бүгінгі күні ҚБЖТД -КТО ҚазБСҚА ПОҚ, білім алушылар, талапкерлерге қазіргі ақпараттық білім беру технологиялары арқылы прогрессивтік білім беру қызметтерін көрсететін және ҚазБСҚА-ның оқу үрдісін оңтайландыруда, білімді бақылаудың компьютерлік-емтихан формасын қамтамасыз етуде оқу-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық көмек көрсететін оқу-көмекші және ғылыми-ақпараттық буын болып табылады.

ҚБЖТД -КТО оқу үрдісін қажетті компьютерлік жабдықпен және қолданбалы бағдарламалық өніммен, факультеттердің компьютерлік сыныптарының және академия бөлімшелерінің барлық компьютерлік және ұйымдастыру техникасының жұмысын қамтамасыз етеді.

ҚБЖТД -КТО (№ 317-323 кабинеттер) күн сайын 830-ден 1730-ға дейін жұмыс істейді. Компьютерлік сыныптардың жұмыс кестесін 1700-ге дейін сабақ кестесіне сәйкес Тіркеуші офис құрастырады. 1500-ден 1730–ға дейін сыныптар СӨЖ өткізу үшін және академия студенттері, қызметкерлері және ПОҚ жұмыс істеуіне пайдалануына беріледі.

Әр факультетке жоғарыда көрсетілген уақытта пайдалануына болатын белгілі компьютерлік сыныптар бекітілген:

СФ –№ 320, 322, 329, 331 кабинеттер

ДФ –№ 311, 312, 313 кабинеттер

ЖҚФ –№ 324, 326, 328, 330 кабинеттер

ҚТИМФ –№ 314, 333, 335, 338 кабинеттер

ЖГДФ –№ 308 кабинет

ЖЖҒДФ –№ 325, 327, 332, 334 кабинеттер

Колледж –№ 311, 316, 318 кабинеттер.
4.4 МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАДА ЖОО КЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ

4.4.1 МАГИСТРАТУРА
Ғылыми және педагогикалық кадрлардың жоо кейінгі дайындығы жоғары оқу орындарының магистратурасы мен доктарантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізіміне сәйкес күндізгі оқу бөлімі бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріна жолдама беру жолымен жүзеге асырылады.

«Бакалавр» академиялық дәрежесі берілетін жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқу бітірген тұлғалар жоо кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін «магистр» акакдемиялық дәрежесін алу мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе ақылы негізде төменде көрсетілген мамандықтар бойынша ҚазБСҚА магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар:



  • 6М042000 – Сәулет

  • 6М042100 – Дизайн

  • 6М050600 – Экономика

  • 6М050700 – Менеджмент

  • 6М050700 – Менеджмент (МВА)

  • 6М071100 – Геодезия

  • 6М072500 – Ағаш және ағаштан жасалған бұйымдарды өңдеу технологиясы (қолдану саласы бойынша)

  • 6М072900 – Құрылыс

  • 6М073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру

  • 6М073100 – Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

Магистратурада кадрлар дайындау екі бағыт бойынша жоо кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

1) екі жыл оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;

2) бір жылдан кем емес оқу мерзімімен бейіндік.

Қосымша оқу бағдарламасы педагогикалық қызметпен айналысқысы келетін бейіндік магистратура түлектері үшін қарастырылған. Бұл бағдарламаны бітіргендерге мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

Магистратураға түсу үшін қойылатын талаптар: Өтініш қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі, қабылдау емтихандары –10-нан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін. Академияның қабылдау комиссиясына азаматтар магистратураға қабылдау туралы өтінішке қоса жоғары білімі туралы құжат (нотариуспен куәландырылған көшірмесін), 6 дана 3*4 фотосурет, 086-У формадағы медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, сондай-ақ шет тілі бойынша қабылдау емтиханы үшін төлем туралы түбіртекқағаз көшірмесі, кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін), ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (болған жағдайда).

Магистратураға түсетіндер шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады. Шет тілі бойынша қабылдау емтихандары төмендегі емтихандар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі құрған орталықтарда тестілеу түрінде тапсырылады:

- ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 баллдан кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, межелік балл –87-ден кем емес), (TOEFL межелік балл –560 баллдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, межелік балл –6.0-дан кем емес);

- неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгей С1), TestDaF-Prufung (Niveau C1/деңгей С1);

- француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaisе (DELF, деңгей В2), Diplome Approfondi de Langue franзaisе (DALF, деңгей С1), Тest de connaissance du franзais (TCF –400 баллдан кем емес).

Мамандық бойынша пәннен емтихан жоғары кәсіби білімнің алдыңғы сатысының бағдарламасы көлемінде академияның Қабылдау комиссиясымен өткізіледі.

Емтиханды қайта тапсыруға болмайды. Магистранттар қатарына қабылдау қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс қорытындысын шығарғанда магистрлік білім беру бағдарламаларын меңгеруге қабілетті және дайындалған тұлғаларға басым көңіл бөлінеді.

Магистанттар қатарына шет тілі мен мамандық бойынша қабылдау емтихандарынан төмендегі балл жинаған азаматтар жіберілмейді: 1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін 150 баллдан кем; 2) бейіндік магистратура үшін 130 баллдан кем (әр пән бойынша білімді бағалаудың 100-баллдық межесі болғанда). Қабылдау кезінде бірдей балл көрсеткіші болған жағдайда жоғары кәсіби білімі туралы үздік бағамен бітірген дипломы бар азаматтарға басым көңіл бөлінеді. Магистранттар қатарына қабылдау 25 тамызға дейін Қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен және көпшілік алдында магистрлік диссертациясын қорғаған білім алушыға тиісті мамандық бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі.
4.4.2 ДОКТОРАНТУРА
Ескі дәстүр бойынша Диссертациялық кеңес жұмысының аяқталуына байланысты, сондай-ақ «2002-2010 жылдарға Қазақстан Республикасында білім берудіді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жоғары және жоо кейінгі білім беру құрылымдары бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар дайындаудың көп деңгейлі жүйесіне ауысып келеді. Ол соңғы оқу кезеңінде жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың соңғы білім беру деңгейі болып табылатын PhD доктор дәрежесінің берілуін болжайды.

ҚазБСҚА докторантурасына төмендегі мамандықтар бойынша жоо кейнгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады:



  • 6D042000 – Сәулет

  • 6D042100 – Дизайн

  • 6D072500 – Ағаш және ағаштан жасалған бұйымдарды өңдеу технологиясы (қолдану саласы бойынша)

  • 6D072900 – Құрылыс

  • 6D073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру.



4.5 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Инновация және қосымша білім беру институты (ИҚБИ) Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Институт сәулет-құрылыс салаларының инновациясы, сонымен қатар қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметі саласында ғылыми қызмет жүргізу мақсатында құрылған.

Инновация және қосымша білім беру институтына құрамына төмендегілер жатады:

- Ғылыми орталық (ҒО);

- Республикалық сәулет-құрылыс саласы кадрларыныың біліктілігін көтеру орталығы (РСҚСКБКО);

- Үздіксіз білім беру институты (ҮБИ);

- Инженер-техникалық қызметкерлердің аттестациялық орталығы (ИТҚАО);

- Autodesk сертификатталған орталығы (СО);

- KNAUF оқу орталығы (ОО);

- Кәсіби-дайындық курстары (КДК);

- Жас сәулетші мектебі (ЖСМ);

- Лингвоорталық.



Инновация және қосымша білім беру институты сәулет және құрылыс саласында Қазақстан Республикасының жетекші оқу орны болып табылатын «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының» кең материалдық базасына ие.

Оқу кезінде тыңдаушылар зертханалар, ҚазБСҚА бай кітапханасының сирек материалдарын пайдалануға, құрылыс, сәулет, дизайн, құрылыс технологиялары және инжиниринг саласында жетекші мамандардан кеңес алуға мүмкіндіктері бар. Жоғарыда баяндалғандармен қатар тыңдаушылар қазіргі жабдықпен және жаңа бағдарламалық өнімдермен жабдықталған ғылыми-зерттеу зертханаларында өз дағдысын кеңейтуге мүмкіндіктері бар.



Дайындық курстары (Дайындық курстары)

Дайындық курстары жыл бойы жұмыс істейді, оқу топтарын жинау төмендегі пәндер бойынша жүзеге асырылады:



  • Қазақстан тарихы

  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдері

  • Математика

  • Бейіндік пән (Ағылшын тілі, Дүниежүзі тарихы, География, Физика, Химия)

  • Сурет, Сызу.

Дайындық курстары мамандандырылған дәрісханаларда ҚазБСҚА ғимаратында жүргізіледі. Сабақ 8-ден 15-ке дейін адамнан тұратын топтарда жүзеге асырылады. Курстардың ұзақтығы – 3, 6, 7 ай. Сабақтарды тестке дайындау тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді.

Республикалық сәулет-құрылыс саласы кадрларының біліктілігін

көтеру орталығы курстарының тізімі




Наименование дисциплины

Көлемі/сағатпен*.

Сәулет және дизайн

1

Композиция теориясы

30

2

Ландшафтық сәулеттің өзекті мәселелері

30

3

Сәулеттік орта дизайны (интерьер, экстерьер)

40

4

Жарнама дизайны (баспа және теледидар)

20

5

Autodesk 3ds Max

30

6

Autodesk AutoCAD

30

7

CorelDraw

20

8

Adobe Photoshop

20

Инженерлік мамандықтар

9

Жаңа технологиялар қолданумен құрылыстағы геодезиялық жұмыстар

20

10

Ағаш өңдеудің қазіргі технологиялары

30

11

Құрылыс конструкцияларын есептеуде қазіргі компьютерлік бағдарламалар

30

12

Құрылыс конструкцияларын есептеудің ықтимал әдістері

30

13

Ғимараттар мен имараттарды қайта құруда қазіргі күшейту тәсілдері (сейсмоқауіпті аймақтардағы құрылыс)

20

14

Конструктивтік шешімдер және ғимараттар және имараттар тұрғызуда құрылыс конструкцияларының сенімділігін қамтамасыз ету

20

15

Құрылыс материалдары және бұйымдарын өндірудегі қазіргі технологиялар

40

16

Инженерлік жүйелердегі қазіргі технологиялар және сумен қамтамасыз ету мәселелері

30

17

Жылыту және жылу-газбен қамтудың автономды көздері және жылу генераторлық қондырғылар

30

18

Жылу-газбен қамту және желдетудегі жаңа технологиялар

30

19

Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудың жаңа әдістері

30

20

Құрылыс және газ-мұнай құбырлары мен газ кен орындарын пайдалану

30

21

Құрылыстағы қазіргі экология мәселелері

20

22

Қолданбалы экология

30

23

Эргономика

20

24

Қауіпсіздік мәселелері және құрылыстағы төтенше жағдайлардан қорғау

30

25

Еңбек қорғаудың ұйымдастыру және құқықтық мәселелері

20

26

Сейсмотөзімді құрылыс негіздері

15

Экономика

27

АВС сметалық бағдарламасын пайдаланумен құрылыстағы сметалық істі ұйымдастыру

30

28

Project Expert бағдарламалық өнімді пайдаланумен инвестициялық жоба әзірлеу

20

29

Microsoft Project бағдарламалық өнімді пайдаланумен құрылыстың күнтізбелік жоспарын әзірлеу

20

30

Құрылыстағы менеджмент

30

31

Қызметкерлерді басқару, құқықтану, IT

30

32

Құрылыстағы қазіргі бухгалтерлік есеп +1С:Кәсіпорын

40


КНАУФ технологиялары бойынша жұмысшы мамандықтарына оқыту

2004 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы базасында кәсіптік мектеп жанында «КНАУФ-ҚазБСҚА» Оқу орталығы құрылды. Оқу орталығы «КНАУФ» фирмасының озық құрылыс технологияларының тыңдаушыларын тиісті сапасы мен жұмыс өнімділігін қамтамасыз ететін аспаптар, құрал-саймандар және жабдықтарды пайдалануы және қолданылатын материалдардың негізгі физика-техникалық қасиеттерін зерттеуді оқытады:



- КНАУФ-табақтар және КНАУФ-супертабақтарды қолданумен бөлмені өңдеу (аралықтар, аспалы төбелердің құрылғысы, қабырғаларды қаптау, едендердің құрама негізі)

- КНАУФ құрғақ сылақ қоспаларын қолданумен сылақ жұмыстары (қолмен орындалатын тәсіл)

- Ғаныш және цемент қоспамен сылақ жасау жұмыстары кезінде PFT жоғары өнімді машиналарды пайдалану.

Оқу қазіргі құрал-саймандар және материалдармен жабдықталған шеберханаларда жүргізіледі. Тыңдаушыларды оқыту үшін КНАУФ фирмасының жоғары білікті мамандары және ҚазБСҚА профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.


4.6 ЭДУКОЛОГИЯ ЗЕРТХАНАСЫ
Эдукология зертханасы (ЭЛ) білім беру саласында инновацияларды зерттеу және ҚазБСҚАның білім беру стратегияларын әзірлеу үшін ҚазБСҚА-да құрылды. ЭЗ негізгі міндеттері төмендегідей болып табылдаы:

  • Оқу-тәрбие жұмыстарының әртүрлі бағыттары бойынша әлеуметтік сауалдар жүргізу негізінде әлеуметтік ақпарат жинау: оқу үрдісі, оқыту сапасы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, қоғамдық өмір және студенттердің бос уақыты, кураторлық жұмыс, практикадан өту, академияның Студенттер үйінде тұру жағдайы және т.б.;

  • Білім беру стратегиялары мен ҚР, басқа шетел жоо жағымды тәжірибесі других зарубежных стран.

Оқу үрдісін жақсарту мақсатында ҚазБСҚА-да инновация енгізу жолын, сондай-ақ студенттерді толғандыратын өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік сауалдар жүргізу үшін қызықты тақырыптар ұсынуға қабілетті ынталы студенттерді бірге жұмыс істеуге шақырамыз.
4.7 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӨЛІМ
Халықаралық қызметтің барлық мәселелері ҚазБСҚА Халықаралық бөлімімен реттеледі және қамтамасыз етіледі.

ХБ жұмысының негізгі бағыттары:

- академиялық мобильділік бағдарламаларын, тағылымдамаларды және т.б. жүзеге асыру бойынша шетелдік туыстас оқу орындарымен екі жақты академиялық келісім жасау;

- шетелдік ЖОО-мен студент және оқытушылармен алмасуды ұйымдастыру;

- шетелдік серіктестермен бірге конференциялар мен семинарлар, фестивальдер, студенттер жұмыстарының көрмелері мен басқа іс-шаралар ұйымдастыру;

- Академияға шетелдік қонақтардың келуін ұйымдастыру;

- Академияның шетелдік студенттері мен қонақтарын визалық қолдау.

ҚазБСҚА-ныі барлық студенттері мен магистранттарының «Академиялық мобильділік» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар. Біздің студенттердің академиялық мобильділігі ҚР БҒМ грантының қаражаты есебінен, Еуропалық Одақ Эразмус аясында, Түрік Республикасының Мевлана бағдарламасы аясында жәнесеріктес жоо-мен ынтымақтастық туралы шарттар аясында жүзеге асырылады. 2017-2018 оқу жылында ҚазБСҚА студенттері төмендегі серіктес жоо оқуға бара алады:



  • Сеул Университеті (Оңтүстік Корея);

  • Қолданбалы зерттеулер университеті (Эрфурт қ., Германия);

  • Сочи сәулет, құрылыс және геодезия университеті (Болгария);

  • Каунас технологиялық университеті (Литва);

  • Вильнюс дизайн және технология колледжі (Вильнюс, Литва);

  • Варнен Еркін Университеті «Черноризец Храбър» (Болгария);

  • La Sapienza Университеті (Италия);

  • Ческе-Будеёвиц технология және бизнес институты  (Чехия);

  • Будапешт технология және экономика университеті (Будапешт);

  • Белосток технологиялық университеті (Польша);

  • Йылдыз техникалық университеті (Түркия);

  • Хитит Университеті (Түркия);

  • Волгоград мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (РФ);

  • Поволжье мемлекеттік сервис университеті (РФ);

  • Томск мемлкеттік сәуле-құрылыс университеті (РФ);

  • Брест мемлекеттік техникалық университеті (Республика Беларусь).

Талаптар: үздік үлгерім, ағылшын тілін білу, ҚазБСҚА қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

Басқа халықаралық білім беру бағдарламалары туралы, студенттермен алмасу бойынша халықаралық келісімдер туралы, ғылыми ынтымақтастық туралы ақпаратты халықаралық бөлімнен алуға болады, № А16 кабинет.


4.7.1 ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҮШІН АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының оқу орындарына нәсілдік және ұлттық тиесілігіне, жынысы, тілі, дінге қатысына қарамастан шетелдік азаматтар қабылданады.

Шетелдік студенттер жоо ұсынған білім беру қызметінің толық жиынтығын пайдаланып, факультет, колледж және студенттердің ғылыми қоғамына қатыса алады.

Шетелдік студенттер ҚР аумағында тұру және жүрудің және шетелге шығудың төмендегі негізгі ережелерін басшылыққа алуға міндетті:


  1. ҚазБСҚА-ға келген шетелдік студент Алматы қаласының ІІБ КПБ және Алматы қаласының ІІБ КПБ органдарына тіркелу үшін төлқұжатын беруі тиіс.

  2. Шетелдік студенттердің академия басшылығының және ВжТБ тиісті рұқсатынсыз Алматы қаласынан тыс жерлерге, сондай-ақ ҚР тыс жерлерге шығуына қатаң тиым салынады!

  3. ҚР демалысқа шығатын студенттің академиялық қарызы болмауы тиіс.

  4. ҚР демалысқа шыққан шетелдік студент бір ай бұрын деканының (колледж директоры) атына өтініш жазуы тиіс. Өтініште сапар себебі мен мерзімі көрсетіледі.

  5. ҚР-дан үшінші елге шыққанда шығу визасын ресімдеу академиялық қарыз болмаған және студент азаматы болып табылатын ел елшілігінің өтінішімен куәландырылған негіздеме болған жағдайда жүзеге асырылады.

  6. Оқу кезінде шығуға рұқсат ерекше жағдайларда ҚазБСҚА Президентімен беріледі. Бұл жағдайлар міндетті түрде ресми шақыру қағазбен, медициналық мекеме анықтамасымен, жеделхатпен және т.б. расталуы тиіс. Ресми құжат ретінде Елшілік немесе ел Консулдығының хаты қаралады. Мұндай хатта болжамды нақты шығу күні және осындай мән-жайлардың дұрыстығы көрсетіледі.

  7. Қазақстан Республикасында босқын немесе оралман статусын алған тұлғалар ҚР «Халықтың көш-қоны туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең барлық құқықты пайдаланады. Қазақстан Республикасында босқын статусын алған тұлғалар ҚР «Халықтың көш-қоны туралы» Заңына, ҚР «Босқындар туралы» Заңына сәйкес бостандыққа құқығы бар, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттарымен, Конституциямен белгіленге барлық міндеттерді атқарады.


Каталог: upload -> userfiles -> files
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
files -> Жоба 2014 жылғы мектепке дейінгі
files -> Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері
userfiles -> Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген 2010 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет