Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет11/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ә, ө, ү, ұ
 сияқты дыбыстарды қалай 
таңбалаймыз  деген  пікірлер  туындауда.  Әліпби  мәселесімен  ұзақ  жылдардан  бері 
шұғылданып келе жатқан белгілі ғалым Әлімхан Жүнісбек өз нұсқасында оларды 
Ä ä, 
Ö  ö, Ü ü,U u
 деп таңбалаған. Ал кейбір ғалымдар латын әліпбиіне мұндай қосымша 
таңбалар қоспай-ақ оларды қосалқы белгілер арқылы берейік дейді. Мәселен, 
ә
-ні 
ае

ө
-ні 
ое
, ү-ні 
we
 деген сияқты. Біздің ойымызша, түпнұсқа латыншаға диакритикалық 
белгілер  арқылы  қосымша  таңбалар  бергенше  бір  дыбысты  осылайша  екі  қосарлы 
таңба  арқылы  берген  жөн  сияқты.  Бұл  болашақтағы  латын  жазуы  негізіндегі  қазақ 
әліпбиінің халықаралық кеңістікке жылдам енуіне де мүмкіндік береді. 


25
Екіншіден
,  бүгіндері  жазудың  ең  тиімді  құралына  айналған,  миллиондар  пайда-
ланатын  компьютердің  түйметақтайшасын  жетілдіреміз.  Қазіргідей  қазақ  әріптері 
оңаша  ауылдай  шетте  жайғаспай,  көз  бен  қолға  ыңғайлы  тұсқа  орналасатын  бо-
лады.  Яғни  терудің  тиімділігі  артады.  Интернеттегі  өзімізге  қажетті  сайттарды  өз 
таңбаларымызбен – ақ ашу мүмкіндігіне ие боламыз да уақыт үнемдейміз. Үнемнің 
қай түрі болса да уақыт үнемдеуге апаратынын ескерсек, онда ұтарымыз көп болмақ.
Үшіншіден
, біз бүкіл әлем тартылып жатқан ақпараттық кеңістікке енуді мейлінше 
һәм барынша жеңілдетеміз. Бұған интернет, халықаралық пошта, көлік тағы да басқа 
әлемдік қарым-қатынас құралдарын қолдану мейлінше жеңілдейді. 
Төртіншіден
, қоғамда көрнекі ақпарат, жарнама, түрлі тауарлар мен заттар, интер-
нет арқылы өмірімізге әлдеқашан енген әліпбиді заңдастырамыз. 
Бесіншіден
, мемлекеттілігі бар түркі ағайындармен байланысымыз бұрынғыдан да 
арта  түседі.  Қазіргі  кириллицаға  негізделген  қазақ  әліпбиін  тұтынатын  түркітектес 
бауырларға келсек, онда біздің олардан әліпби жағынан алшақ тұрғанымыз аңғарылады. 
Төмендегі кестеге назар аударайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет