Халықаралық құқық негіздері



бет2/10
Дата02.01.2022
өлшемі431,95 Kb.
#107818
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит
CM20-5k2 Saduakhasova A, ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит, ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит
Өмірбаяны

Гераклит Эфестегі (Қазіргі Түркия жерінде) ақсүйек отбасында өмірге келген. Ол тіпті хандық таққа лайық болса да, орнын өз інісіне беріп, өзі Артемида ғибадатханасына жасырынып, қарапайым ойшылдық өмір кешірген. Кезінде Парсы патшасы Дарий оған хат жазып, ордада грек мәдениетінен сабақ беруге ұсыныс еткен кезде де ол асқақтықпен бас тартыпты. Ол: «атақты болудан үрейленемін, сондықтан парсылар арасына барғым келмейді. Мен үшін өзімнің осылай жай адам болғаным қымбат» деген екен. Ол саясатты - ponêra деп атапты (ponêra сөзі екі мағына береді: мүлдем қате және қиыншылық).

Бір қызығы, қартайғанша балалармен бірге асық ойнауға құмар болыпты. Жұрт оның балалармен бірге ойнап жүргеніне таңырқаса: «Сендер масылдар, несіне сонша таңырқайсыңдар! Әлде бұл сендер шұғылданған саясаттан жаман ба екен?» дейтін көрінеді.

 Әлдекім одан «неге сонша үнсіздік таныта бересіз?» деп сұрағанда, ол былай жауап беріпті:

"Не үшін дейсің бе? Сендердің мыңқылдай берулерің үшін!"

Бұл әңгімелер толық сенімді болмағанымен, бірақ бұл Гераклиттің жұртан өзгеше, оңаша, оқшау адам болғанын, өзінің сол бір сырлы нақылдары секілді өмірі де сырлы болғанын көрсетеді. Дегенмен, ол саясаттан тым аулақ жүрмеген де секілді. Эфестіктер оның досын Эфестен қуған кезінде ол қатты ашуланып былай деген екен: Эфестегі әрбір ересек адам асылып өліп, қаланы сәбидей пәк жастарға қалтырса екен. Ол халықты заң үшін күресуге, зұлым патшаны қуып шығуға жігерлендірген. Гераклит оңаша тұрмыс кешіріп, шөптің тамырымен қоректеніп жүріп уланған көрінеді. Сосын ол қаладағы емшіге барып, «Жаңбырлы күні құрғақ болуға бола ма?» деп сұрапты. Емші оның не айтып тұрғанын түсінбепті. Сосын ол сиыр қораға барып, сиырдың жапасымен өзін емдеп, уды қайтармақшы болған екен, бірақ ем қонбай 60 жасында қайтыс болыпты.

Гераклит ешкімді менсінбеген соң достары да болмапты. Қартайғанда тауда жасырынып алып, шөптің тамыры мен жеміс-жидек теріп жеп, ешкіммен араласпауға тырысыпты. Гераклит әйелмен де араласпаған делінеді. Өз нақылдарында ол әйелдерді "еркектермен тынымсыз соғысушы" деп сипаттайды. Дүние көптеген соғыстардан тұрады, дүниенің өзі соғыстан пайда болған, ал әйел мен еркек соғысы соның бірі деп есептеді. Ол ақсүйек ретінде ел басқаруға мүмкіндігі бола тұра тақтан бас тартқан, ешбір әлеуметтік міндет те атқармаған. Ол өз заманына айналасына бөгде, оқшау адам болып өмір сүрді. Ггректер оны сирек кездесетін болмыс ретінде әрі құрметтеп, әрі оған қатты таңырқағаны байқалады.

Лаэрттік Диогеннің айтуынша, Гераклит мұңая беріп өз шығармаларын жазып бітпеген көрінеді, сондықтан оны Жылауық философ (The Weeping Philosopher) деп атаған делінеді. Ал, Демокрит Күлкі философы (The laughing philosopher) деп аталған. Бұлай айыруды Sotion бастады деген сөз бар. Ол І ғ. кезінде: «Ашудың орнын парастақа жеңдіруде Гераклит көз жасына, Демокрит күлкіге сүйенеді" деген әйгілі сөз айтқан екен.

Гераклит айтқан екен: «Мен өзімді зерттедім» деп. Демек, оның философиясы жай ғана табиғатты тануға, ғарышты түсінуге (оның бір кітабы «Табиғат туралы» деп аталған болса да) қарағанда өзінің ішкі жан дүниесі мен іс-әрекетінің мән-мағынасын тануға көбірек бағытталғаны байқалады. Ол айналасының ықпалынан аулақтанып, өзін тұмшалап алды, мұның бәрі оның ішкі жан дүние ақиқаттарына бойлау қамынан болғаны анық. Жан дүниеде адамның болмысы бірдей, ол адамның ең бір өзі болып өмір сүретін аймағы.

Сондықтан Гераклитті оқу арқылы – түсініксіз тұңғиық болса да – рухани әлемімізді сезінгендей боламыз. Оның «Бәрі – ағын» деген сөзі бізге өте таныс, бұл оның осы сөзінің мағынасын түсінгендіктен емес, қайта өз жан дүниеміздегі және өмір уақытымыздың шындығын сезінуден қалыптасқан сезім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет