Халықаралық құқық негіздері



бет9/10
Дата02.01.2022
өлшемі431,95 Kb.
#107818
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит
CM20-5k2 Saduakhasova A, ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит, ЕП-19-3к2 Садувахасова М. Гераклит

Гераклиттің көптеген идеялары Пифагоршылдарға қарсы мағынада айтылғаны байқалады. Әсіресе соғысты дәріптеу, қайшылықты жақсылық ретінде түсіндіру Пифагорға ұнамағайтыны анық. Өйткені, Пифагордың өзекті тақырыбы екеу: Сан және Гармония. Логосты қайшылық күресінің бірлігі заңы бойынша түсіндіру арқылы Гераклит дүниенің оттай лаулаған қиян-кескі арпалысты шындығын елестетеді.

Діни көзқарасы

Дін жөнінде арнайы пікір айтпағанымен, оның идеяларынан Ксенофан секілді дәстүрлі діни түсінікке сын айтуды, астыртын мазақтауды байқаймыз. Ол діни құрбандық шалуды, тасаттық беруді, мүсінге табынушылықты соқырсенім ретінде бағалады. Гераклит Құдай бар деп сенгені анық, бірақ оның сенген құдайы «Логосқа бағынатын Мәңгілік От» болды. Ол құдайды салт-жосын мағынасында емес, ақылдық мағынада түсінуге тырысқан ойшыл. Дегенмен кейінгі грек-рим философиясындағы Стоик ағымы Логос пен Мәңгілік отты Құдай ретінде танып, философияны дінилестіруге тырысқанын көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет