Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі


Дәріс №3. Халықаралық жеке құқықтағы



бет3/12
Дата27.02.2023
өлшемі38,63 Kb.
#170402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Халы аралы жеке Ы ы п ні бойынша д рістер кешені д ріс №1. Х
Doc, БЖБ.№2 Гео. 7Сынып, 1347550, информатика, lektsiya 5, Нурмаханбет-Бекнұр
Дәріс №3. Халықаралық жеке құқықтағы
Дәрістің мақсаты: Халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық нормаларды талқылау. Негізгі сұрақтар:

  1. Коллизиялық нормалар

  2. Коллизиялық норма ұғымы.

  3. Коллизиялық норманың құрылымы.

  4. Коллизиялық байланыстар.

Дәріс мазмұны:
Коллизиялық норма мазмұны жағынан әдеттегі азаматтық-құқықтық нормаға ұқсамайды. Азаматтық-құқықтық норманың құрылымы әдетте үш элементтен (диспозиция, гипотеза, санкция) тұрса, коллизиялық норманың құрылымы екі элементтен тұрады: көлем (осы нормалар қолданылатын қатынастарды көрсетеді) және байланыс (шетелдік элементі бар құқықтық қатынасқа қай мемлекеттің заңы қолданылатындығын айқындауға мүмкіндік беретін қағидаға сілтеме).
Көптеген елдердің заңнамасы бойынша белгілі бір мемлекет аумағында орналасқан құрылысты мұраға алу осы мемлекеттің заңымен айқындалады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: жылжымайтын мүлікті мұраға алу сол мүлік орналасқан жердің заңдылығына бағынады.
Коллизиялық байланыстардың мынадай түрлері бар:
Lex loci contractus (шарт жасасу орны заңы) – шарт қай елде жасалғанын айқындау қажет болған кезде пайда болады. Қазақстандық заңнамаға сәйкессыртқы сауда мәмілесі бойынша шартқа қол қойған тараптардың құқықтары мен міндеттері шарттың жасалу орны заңымен айқындалады. Бірақ бұл жерде тараптар басқаша келісімге келе алады.
Lex societatis (заңды тұлғаның «ұлты») – бұндай байланыстың қажеттілігі заңды тұлға бір елде тіркеліп, екінші бір елде қызмет етіп, оның басқару органы үшінші елде орналасқан жағдайларда туындайды.
Lex volintatis (мәмілеге қатысушы тұлғалардың өз еркімен таңдаған заңы) бойынша тараптар шартта белгілі бір мәселелер бойынша қай елдің заңнамасын қолдану керектігін өздері көрсете алады.
Logus regit actum (мәміленің жасалу орны заңы) – белгілі бір елде жасалған мәміле осы елдің заңна бағынады.
Lex venditoris (сатушының елі заңы) байламы сыртқы сауда мәмілесіне тән.
Lex rei sitae (заттың орналасқан жері заңы). Қазақстандық заңнама бойынша затқа меншік құқығы сол зат орналасқан мемлекеттің заңына сәйкес белгіленеді. Бұл жерде мына жағдайды ескеру қажет: мұрагерлік жолмен алынатын затқа меншік құқығы мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет