Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі



бет4/12
Дата27.02.2023
өлшемі38,63 Kb.
#170402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Халы аралы жеке Ы ы п ні бойынша д рістер кешені д ріс №1. Х
Doc, БЖБ.№2 Гео. 7Сынып, 1347550, информатика, lektsiya 5, Нурмаханбет-Бекнұр
Lex loci delicti commissi (құқық бұзушылық орын алған жер заңы) бойынша сот құқық нормасын бұзу фактісі орын алған елдің заңын басшылыққа алады.
Lex fori (сот заңы) байламы азаматтық, сондай-ақ арбитраждық процесті жүзеге асыру кезінде қажет болады. Оның мәні мынада: шетелдік элементтің болғанына қарамастан, сот өз елінің азаматтық іс жүргізу заңын басшылыққа алады.
Lex personalis (жеке заң) коллизиялық байлам ретінде екі түрде өмір сүреді: 1) Lex patriae (ұлттық заң немесе азаматтық заңы);
2) Lex domissilii (тұрғылықты жер заңы).
Қазақстандық заңнамағы сәйкес шетелдік азаматтың азаматтық құқық қабілеттілігі ол қай елдің азаматы болса, сол елдің заңы бойынша реттеледі. Тұрғылықты жер заңы азаматтығы жоқ адамдарға қатысты (апатридтер) қолданылады.

Дәріс №4. Халықаралық жеке құқықтың субъектілері
Дәрістің мақсаты: Халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін талқылау.
Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық жеке құқық субъектілері ұғымы.

  2. Халықарлық жеке құқық субъектілерінің түрлері жылғы .

Дәріс мазмұны:
Халықаралық жеке құқық субъектілері ретінде осы халықаралық жеке құқықтық қатынастарға түсуші тұлғаларды танимыз. Ондай тұлғаларға ең алдымен жеке және заңды тұлғаларды жатқызамыз. Олар қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар болады. Бұл ретте аталған тұлғалар халықаралық жеке құқықтың субъектілері болу үшін олардың арасында туындаған құқықтық қатынастар шетелдік элементпен күрделенуі тиіс.
Сондай-ақ халықаралық жеке құқық субъектілеріне мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністі де жатқызуға болады. Осы тұрғыда олар қалайша халықаралық жеке құқық субъектілері болады деген сұрақ туындайды. Мысалы, мемлекет шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың қатысушысы болатын реттерде осы ұйымдар халықаралық жеке құқықтық қатынастарға түсетін жағдайларда мемлекет те белгілі бір дәрежеде осы қатынастардың да қатысушысы болады. Қазақстан Республикасының атынан республикалық мемлекеттік органдар, Президент, Үкімет т.б. әрекет етсе, әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан жергілікті атқарушы органдар, әкімиат т.б. әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет