Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі


Дәріс №2. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері



бет2/17
Дата09.04.2022
өлшемі38,63 Kb.
#138589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ дәріс
Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі, халықаралық экономикалық құқық, Ерлан
Дәріс №2. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері
Дәрістің мақсаты: Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерін жан жақты ашу.
Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері түсінігі.

  2. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері түрлері: халықаралық шарттар, мемлекеттің ішкі заңдары, сот және арбитраж тәжірибесі, халықаралық әдет-ғұрыптар.

Дәріс мазмұны:
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің ерекшелігі сол – оның көптеген нормалары мен ережелері түрлі халықаралық шарттар мен ережелерде қарастырылған. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерінің негізінен 4 түрі бар: халықаралық шарттар, мемлекеттің ішкі заңдары, сот және арбитраж тәжірибесі, халықаралық әдет-ғұрыптар.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекеттің халықаралық белсенділігі арта түсті. Ол көптеген халықаралық шарттарға қол қойды. Осы шарттардың көпшілігі халықаралық жеке құқықтың дерек көздері болып табылады. Қазақстан 1994 жылы 9-тамызда Литвамен, 1993 жылы 14-қаңтарда Қытаймен, 1993 жылы 22-қазанда Монғолиямен құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасасты. 1993 жылы 22-қаңтарда ТМД-ға мүше мемлекеттер азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенцияға қол қойды.
ҚР Конституциясының 7-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын сыйлайды, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен көршілік қатынастар, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт шешу саясатын жүргізеді, қарулы күштерді бірінші болып қолданудан бас тартады». Сондай-ақ Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі.
Халықаралық жеке құқық үшін ҚР Азаматтық кодексінің маңызы зор. онда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерді иеленеді делінген.
Қазақстанда ТМД-ның басқа да мемлекеттерінде тәрізді халықаралық жеке құқық туралы арнайы заң жоқ. Бұндай заң Австрияда, Турцияда, Швейцарияда, Румынияда, Венгрияда және Қытай Халық Республикасында қабылданған.
Кейбір батыс елдерінде сот және арбитраж тәжірибесі құқықтың дерек көзі ретінде көрінеді (Ұлыбританияда және АҚШ-тың кейбір штаттарында). Ағылшын құқығының басты ерекшелігі – онда әлі күнге дейін құқықтың негізгі қайнар көзі прецедент болып табылады. Прецедент дегеніміз – бұл Ұлыбританияның жоғарғы сот инстанциясы – лордтар палатасының заңдық күші бар сот шешімдері. Қазақстанда сот тәжірибесі құқықтың қайнар көзі ретінде танылмайды. Біздің елімізде тек заңдар ғана құқықтың қайнар көзі ретінде көріне алады.
Халықаралық әдет-ғұрыптар халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Ал халықаралық жеке құқық қатынастары халықаралық шартпен реттелмеген болса, халықаралық жеке құқықтың да дерек көзіне айналады. Халықаралық әдет-ғұрып деп барлық не кейбір мемлекеттер арасындағы қатынастарда ұзақ уақыт қолдану нәтижесінде қалыптасқан ережені айтамыз. Халықаралық әдет-ғұрыпта мазмұндалатын ереже тек қана оны мойындаған мемлекеттер үшін әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет