Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі


Дәріс №6. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар



бет8/17
Дата09.04.2022
өлшемі38,63 Kb.
#138589
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ дәріс
Орта ғасырдағы шаруалардың дене тәрбиесі, халықаралық экономикалық құқық, Ерлан
Дәріс №6. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар.
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сұрақтар:

  1. Заттық құқықтар ұғымы.

  2. Меншік құқығының түсінігі.

Дәріс мазмұны: Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтамыз. Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық деп бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе өзге де жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе жақтарға тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік ету құқығы болып табылады.
Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары.
Меншік - материалдық игіліктерді меншіктеу, әрі иеленуді білдіреді. Меншіктің экономикалық қатынасы құқықтық нормалармен реттеліп, меншік құқығына айналады. Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану, және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы объективтік мағынада меншіктік құқық институтын құрайды. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес : «меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану, оған билік ету құқығы».
1. Иелену құқығы- мүліктің нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етіледі. Ол меншік иесіне затқа немесе мүлікке іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік береді.
2. Пайдалану өкілетті құқығы - мүліктен оның пайдалануын табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етеді.
3. Билік ету құқығы- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет