Ханымдар мен арулар



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата28.02.2020
өлшемі3,21 Mb.
#59255
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
c522526e83794959fe3f14108ed97c23


Əдебиеттер:
1)  Бенвенист Э. Словарь индоевропейских социальных терминов. – 
Москва, 1995. 
2)  Қашқари Махмуд. Түрік тілінің сөздігі [«Диуани лұғат ит-түрік»] 
3 томдық шығармалар жинағы [Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі 
мен ғылымы түсініктерін жазған А.Егеубай]. – Алматы, 1997.
3)  «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – қазақ эпосының шоқтығы [Құраст. 
М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов]. Астана: «Фолиант», 2002.
4)  Коншин Н.Я. От Павлодара до Каркаралинска //Памятная книжка 
Семипалатинской области на 1901 г. – Семипалатинск, 1902. 
5)  Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы, 1985. 
6)  Потапов  Л.  П.  Сакральное  значение  слова  «богатый»  в  Алтае-
Саянских  тюрских  языках  //По  этнографическим  материалам  // 
Тюркологика. – Ленинград, 1986.– с. 230-237.
7)  Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. – Уфа, 1999. 
8)  Самойлович  А.Н.  Богатый  и  бедный  в  тюркских  языках  // 
Известия Академии наук СССР. Отделение общественных наук. 
– Москва – Ленинград, 1936. -№4. 

223
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ,
С.Аманжолов атындағы 
Шығыс Қазақстан мемлекеттік 
университетінің проректоры, 
филология ғылымдарының 
докторы, профессор
ҰЛЖАН АНА – АБАЙДЫ ДАНАЛЫҚҚА
ҰМТЫЛДЫРҒАН ТҰЛҒА
Абайдың  əдеби  ортасы  деген  тақырыптың  əліппесі,  əрине, 
ақынның  өскен  ортасы,  тəрбие  алған  ошағынан  бастау  алатыны 
заңдылық.  Бұл  арада  Ұлжан  ананың  есімін  бөліп  айту  орынды. 
Өйткені, Ұлжан – Абайды ақ сүт беріп өсірген анаcы, ол аз – Ұлжан 
Абайдың  ақын  болуына  тікелей  əсер  еткен  жан.  Демек,  Ұлжан 
туралы,  оның  Абайға,  Абайдың  ақындығына  қатысы  жайындағы 
сөзді  əріден,  Абайдың  нағашы  жұртынан  бастаған  жөн.  «Алып 
анадан»  деген  қанатты  сөздің  ақиқаттығына  Ұлжан  ананың  көп 
төменетектінің бір емес, данышпан Абайдың анасы деген атқа толық 
лайық ақылды да, сөзге шешен жан екендігін кеңірек əңгіме етуіміз 
керек сияқты. Орайы келгенде айта кетуді тілеп тұрған пікір кезінде, 
1986  жылы  Қазақ  ССР  Энциклопедиясындағы  мақалаларға  сын 
көзбен  қараған  абайтанушы-ғалым  Қ.  Мұхамедханұлы  Ұлжан  ана 
туралы былай дейді: «Абайдың шешесі Ұлжан туралы: «Ол Арғын 
ішіндегі Қаракесек руының шешендік, əзіл-əжуамен атағы шыққан 
Шаншар тобының қызы екен» делінген. Абайдың шешесі жайында 
толығырақ айту қажет еді. Ақынның нағашы жұртынан алған үлгі-
өнегесі  де  аз  болмаған.  Арғысы  атақты  Битен  мен  Шитен,  бергісі 
əйгілі  шешен,  əзілқой,  тапқыр,  мысқылшылдар  –  Қантай,  Тонтай, 
Жонтайлар.  Ұлжанның  əкесі  Тұрпан  –  Тонтайдың  інісі  екенін 
анықтап жазған дұрыс болар еді» [1, 138]. Ғалымның аз ғана түзету 
сөзінен Абайдың анасы туралы бірсыпыра мағлұмат алып қаламыз.
Ұлжан Тұрпанқызының тарихи бейнесі «Абай жолы» эпопеясында 
шынайы,  əрі  соншалықты  тартымды  сомдалған.  Абайдың 
өмірбаянын  жазған  шақта  да  Әуезов  Ұлжан  мен  оның  шыққан 
əулеті Бертіс биден бері қарай тоқтала келіп: «Ұлжанның əкесімен 
бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай орта жүзге қалжыңымен тегіс 

224
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
аты  жайылған,  белгілі,  мысқылшыл  тапқыш,  күлдіргілер  болған» 
[2, 112], – деп Шаншарлар руының бір-екі мінезін тілге тиек ететіні 
тағы бар.
Бұл əулеттің тілінің өткірлігі сондай «Шаншардың қулары келе 
жатыр», – десе жұрт дүркіреп қашатын болған.
Ұрылар  тонап  кетіп,  келесі  жазында  ауыл  аралап  жүрген 
Тонтайдың  керегеде  ілулі  тұрған  өз  тымағын  көріп,  менен  қашып 
көрген рахатың осы ма, күні-түні шаң басып, керегеде ілулі тұрысың 
мынау  деп  тымағын  жерге  атып  ұрып,  қамшымен  сабап  үй  иесін 
жерге кіргізгені туралы, ал өмірінің соңында «жазыла-жазыла қожа-
молдалардан  ұят  болды,  енді  өлмесем  болмас»  деп  ащы  сынмен 
күлкісі тиылмай дүниеден өткен жаны жайсаң, тілі мірдің оғындай 
тарихи тұлғаның əр сөзі, əр қылығы ел есінде жатталып, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келеді.
Ұлжанның  туысы  Мауқай  деген  əнші,  күлдіргі,  сөзге  шебер 
адамның  Абайдың  жас  кезінде  ақынның  жанында  болған  деген 
деректер  бар.  Мауқай  туралы  Р.Тоқтаровтың  «Абайдың  жұмбағы» 
романында ол Абайды жөргегінен тəрбиелеуші бірден-бір тəрбиешісі 
ретінде  суреттеледі  /қараңыз:  3/.  Өмірі  жайында  нақты  деректер 
сақталмаған  Шаншар  тобының  бір  өкілі  –  Мауқайдың    Абаймен 
байланысы туралы сөз болашақта болмақ.
Ұлжан  да  қалжың  сөзге  ұшқыр  болғанымен,  салмақтылыққа 
бағып көп əжуаға бара бермеген. Бұл біріншіден өз бойындағы əйелге 
тəн  ұстамдылықпен  байланысты  болса,  екіншіден  Құнанбайдай 
ел басқарып отырған көсем, сөз ұстап отырған шешенмен жарыса 
шығуды  жөн  деп  таппаған  ақылды  қазақ  əйеліне  тəн  қылықтан 
болса  керек.  Әйтсе  де,  іште  жатқан  өнер  шіркін  анда-санда  жарқ 
етіп  шығып,  ел  есінде  қалып  қоятыны    да  бар.  Ағалары  сияқты 
Ұлжан анамыз да өлер алдында Майбасар қайнысының «өлу деген 
қалай  екен?»,  –  деген  орынсыз  сұрағына:  «...ата  сақалың  аузыңа 
түскенше ақыл кірмеген сені көрдім, мен өліп көрді дейсің бе?», – 
деген  шымшыма  жауабында  парасаттылықтың,  биіктіктің  белгісі 
жатыр.  Дəл  осы  бір  уытты  қалжың  айту  Абайдың  бойына  да  мол 
сіңген.  Әуезовтің:  «Абайдың  сөзіндегі  салқын  ақыл  əкеден,  ащы 
тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма дейміз» [2, 113].- деген 
болжамы ақиқаттан алыс жатқан жоқ.
Абайдың өзі жасынан əзіл өлеңге үйір болып «Кім екен деп келіп 
ем түйе қуған» деп басталатын, немесе «Майбасарға» арналған бері 
қарай  талай  əзіл  –  қалжың,  арты  ащы  ирония,  сарказмға  баратын 

225
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
көптеген туындыларын келтіруге болады...
Шаншарлар  тілінен  Құнанбай  да  қатты  сақтанған.  Төмендегі 
дерекке жүгінейік: «Абай жас кезінде нағышыларына бармақ болған 
ойын əкесіне айтқанда, Құнанбай баланың тілегін құп алып:
- Балам, баруыңа қарсылығым жоқ. Өзіңе айтарым, сөйлер сөз, 
айтар ойыңның аңысын аңдағайсың», – деп ескерткен екен.
Бір  күні  нағашысы  Тонтай  екінті  намазын  обың-күбің  оқып 
тез-тез  бітіргені,  əрі  діни  қағиданы  бұзып  аяттарын  шатастырып 
оқығаны Абайға өрескел көрінеді де:
- Нағашы, намаздың шариғат белгілеген қағидасын бұзып, төте 
тартатын  жолы  да  болады  «екен-ау»,  –  деп  мысқылдап  қойған 
сауалына нағашысы:
-  Иə,  балам,  бұл  сұрауың  өте  орынды.  Әрі  сенің  бұл  айтқаның 
Имам шафиғының тар жолына жатады. Бірақ біз пір тұтатын Имам 
ағзамның жолы біреу-ақ: яғни əлем қандай кең болса, оның шариғаты 
да  сондай  кең.  Анау-мынау  ұсақ-түйек  қателіктер  кешіріле  береді. 
Өйткені, ол қағида «аттың жалы», «түйенің қомы», «садақтың оғы» 
сияқты қатал, қатыгез емес, – деп көзін сығырайта, көлгірси, күле 
жауап беріпті.
Абай  қайтқан  соң  əкесіне:  –  Тонтайдың  осынау  ойланбастан 
айтқаны,  əрбір  атаумен  атаған  өте  кескінді,  əм  зəрлі  сөзі  өкпеме 
найзадай қадалды, – депті. Құнанбай:
-  Я,  бұл  жұмбақ  сөзді  қалай  түсіндің?  –  деп  ызғарланған  екен. 
Абай:
-  Шешімін  əділдікпен  тура  айтсам,  «Аттың  жалы»  дегені  – 
Еңлік-Кебекті  атқа  сүйретіп  өлтірткен  қатыгез  Кеңгірбай  бидің 
билігі. «Түйенің қомы» дегені – Қодарды келінімен түйеге теңдеп 
өлтірткен  билердің  үкімі.  «Садақтың  оғы»  деп  өкіне  айтқаны  – 
Қалқаман-Мамырды садақпен тартқан Көкенайдың қаталдығы деп 
түсіндім. Бұл сөздер Тобықты еліне таңба боп басылғандай сезіндім, 
бармағымды тістей-тістей аттандым, – депті.
Кей  естеліктерінде  дəл  осы  «Садақтың  оғы»,  «Аттың  жалы», 
«Түйенің қомы не?» деген сұрауды Абайға Найман Ұлан-Бұланның 
асында Найманның бір шалы қояды [4, 149]. Дəл осы сауал Абайға 
екі  рет  қойылуы  да  мүмкін  немесе  ауызекі  айтылып  жеткен 
əңгіменің  көп  вариантты  болуы  əр  айтушы  өз  руына,  өз  атасына 
тартуынан туған ба деген ойға қалдырады. Жалпы Құнанбай, Абай 
төңірегіндегі  осындай  ақынның  жас  шағындағы  сөз  қағысулары, 
суырып-салма өлең-сөзі бізге ауызша жеткен. Хатқа түспей ескі көз 

226
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
естеліктерден жиналған мұраларда қиыс кетіп жататын, қайталанып 
келетін, Абайға бұл сөзді ананы емес, мына ақын айтқан деген уəжі 
қиын дүниелер де кездесіп жатады.
Абайдың сөзден тосылуы осындай ел ішіндегі қолайсыз оқиғаларға 
қатысты,  əсіресе  Тобықтының  істеген  зорлық-зомбылығына 
байланысты болып отырған. Сондай сөз барымтасы Бекбосын бимен 
болған. Бекбосын Домбайұлы – Қаракерей Семіз Найманның алғыр 
биі. Құнанбай, Абайлармен жақын таныс. Барымта кезінде Найман 
Қазығұл жігіттерімен сойылдасуда Тобықтының бір адамы өліп, құн 
даулауға  Абай  жүреді.  «Құнанбайдың  болыс  баласы  келе  жатыр» 
дегенді естіп, Қазығұлдар ат жіберіп Бекбосын биді алдырады.
Он  шақты  адаммен  Қазығұл  еліне  келген  Абайды  қарсы 
алғандардың арасынан Бекбосын суырылып шығып амандасып:
-  Жақсы  жігіт  жоқ  іздейді,  жаман  жігіт  боқ  іздейді.  Бірді  көп 
іздейді,  көпті  кім  іздейді?  Жүрістерің  суыт,  қабақтарың  қату  ғой. 
Тобықтының  сөзі  Кеңгірбай  еді,  өзі  Өскенбай  еді.  Құнекеңнің 
көзіндей  боп  жалғыз  келгенің  калай,  Абай?  Базекем,  Базаралым 
аман болса игі еді,- деп Абайды құшағынан босатпай тұрып алыпты. 
Абай:
-  Алысқа  жолаушылап  бара  жатқан  соң,  жолай  бұрылып  едік, 
рахмет! – деп Қазығұл аулынан түстеніп ғана аттанып кетіпті.
Сөйтсе  осының  алдында  ғана  Базаралы  Қауменұлы  бастаған 
Жігітектің 17 адамы итжеккенге айдалған екен. Бекбосын бидің осы 
оқиғаны тұспалдағанынан тұжырым жасаған Абай дауласып жатуды 
орынсыз көрген.
Қалай  десек  те,  дəл  осы  сөздің  салмағы  өте  ауыр-тын.  Әйтсе 
де,  нағашыға  тартқан  Абай  да  дəл  осы  нағашыларын  тосылтқан 
тұсы  бар.  Нағашылары,  əрі  қайын  жұрты  Қаракесек  еліне  қайын 
атасы Алшынбайға сəлем бере барған жас Абайды сынамақ болған 
Шаншардың алты-жеті қарты оны арнайы тосып отыр екен.
Дауысын  соза  «Ас-сə-лəм-аға-лей-кум!»  деп  есіктен  кірген 
Абайға бір қарт:
-  Пай-пай-пай,  мына  көмейі  суырылған  шешеннің  ұрпағы-ай,    
сəлемнің өзін əндете бастауын-ай! – дегенде, екінші қарт іле:
-  Е,  əкесі  Құнанбайға  ұқсамай,  өзін  тіл  мен  сұқтан  құдайдың 
сақтауын-ай! – деп қалады. Үшінші қарт жұлып алғандай:
- Әлден-ақ жүндес тоқты қошқардай бүкіл денесін қалың түктің   
қаптауын-ай! – дейді...
Сол кезде Абай басқа Шаншарларға сөз кезегін бермей, тосыннан 

227
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
киіп кетіп, əлгі үшеуіне тесіле қарап тұрып:
-  Әй,  əттеген-ай!  Әуелде  қыздарыңды  ұзатқанда,  бəрің  бірдей 
жабыла  жамырап: «Түкті бала таппа» деп айтпауың-ай! – деп төрге 
барып  отыра  кетіпті.  Орталарында  отырған  Алшынбай  аналарға 
оқыс бұрылып, рақаттана мырс-мырс күліп:
- Ал ендеше, үшеуіңе бір сыбаға! – деген екен.
Әуелден  кесек  сөйлеп  дағдыланған  Абай  атасы  Алшынбайдың 
бір  қылқұйрығына  қызығып,  Алшынбай  бергісі  келмей,  батамды 
берейін дегенде, «ондай батасын сатқан шал өзімде де бар», – деп 
қайырылмай кететіні бар ғой.
Мұндай  ұрымтал  тұста  сөз  табу  Абайдың  жас  кезінен  бойына 
біткен ерекшелігі боп, есейіп, қартайған шағында да бір толастамаған.
Құнанбайдың  екінші  əйелі  Ұлжанмен  тағдырлас  болуы  да 
Алланың  жасаған  кереметі  дерсің.  Ұлжанды  алғаш  Құнанбайдың 
інісі  Құтпанбетке  атастырады.  Құтпанбет  ру  арасындағы  бір 
қақтығыста найзаға түсіп өледі де қалыңдығы Ұлжан оң жақта қыз 
күйінде қалған соң, екінші əйел қып Құнанбай алады.
Ақылды  келін  Ұлжан  енесі  Зеремен  аса  бір  ынтымақтастықта 
ғұмыр  кешкен.  Жер  дауына  байланысты  оқтын-оқтын  тұтанып 
отыратын  Тобықтының  өз  ішіндегі  бас  араздық  осы  Зере-Ұлжан 
ауылында бітім тауып жататын-ды. Бұл жайында «Абай жолындағы» 
оқиғалардан қанықпыз.
Сол кездегі ата дəстүр бойынша Ұлжанның бар баласы өз қолында 
тəрбиеленбеген.  Әуезовтің  айтуынша  үлкен  ұлы  Тəңірберді  жас 
кезінде Өскенбай бидің қолында болса, Ысқақ Күңкенің тəрбиесінде 
болған. Абай мен кенже інісі Оспан Зере мен Ұлжанның тəрбиесінде 
болып, Абай жасынан бір ауыл боп отырған Құнанбайдың үшінші 
əйелі Айғызбен өз үйінің ортасында жүріп Телқара атанғаны белгілі.
Жалпы  Абай  тəрбие  алған  ел  аналарының  есімдерін  əріден 
бастауға болады.  Сонау Абайдың төртінші атасы Айдостың əйелі 
Айпара  сөз  бастаған  шешен,  ел  бастаған  көсем  болған.  Кейіннен 
төрт рулы ел болған төрт баласының бүгіні мен ертеңі төрт-ақ ауыз 
сөзге сыйғызған аузы дуалы ел анасы.
Бертінгі Құнанбайдың қарындасы Тайбала өзінің ешкімге ұқсамас 
өрлігімен,  ақылдылығымен  қалыңдық  боп  түскен  елінде  сыйлы 
болады. Құнанбайдың асырап алған баласы Ізғұттыны бала етіп еліне 
жіберген  тосын  шешімі  ел  аузында  сақталған.  Аз  ғана  сөзі  «Абай 
жолы»  арқылы  жеткен  Сары  апаң  дейтін  ақынжанды  анамыздың 
тəлімі  Абайға  аз  əсер  етпегені  анық.  Деректерге  жүгінсек:  «Сары 

228
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
апаң  –  Тобықты  ішінде  Тоғалақ,  Тайсоймас  дегеннің  қызы.  Уақ 
елінің нашар адамына атастырылып, күйеуімен екі жылдай тұрған 
соң, бір тоқтысын сойып, ауыл ақсақалдарын жинап былай депті:
-  Мен  аруақты  сыйлап  келдім.  Екі  жыл  тұрдым,  енді  басыма 
рұқсат  берсеңіздер  екен.  Төркініме  барып,  мал  жиып  алып,  мына 
күйеуіме қалың төлеп, əйел алып беріп, содан соң кетем, – депті.
Сонда ақсақалдар əрі ойлап, бері ойлап, ақырында рұқсат беріпті. 
Сары апаң айтқанын орындап, күйеуіне əйел алып беріп төркініне 
келіпті.  Осыдан  кейін  Сары  апаң  күйеуге  шықпапты.  Ел  ішінде 
суырып салма, тапқыр, айтқыш болып құрметке бөленген адам» [5, 
127].
Құнанбай  мен  Бөжейдің  арасы  ашылып  кеткен  кезде  Бөжей 
дүние салып, Құнанбайлар көңіл айтуға келгенде Бөжей жақ оның 
қыздарының аузына:
Арғы атасы Ырғызбай,
Айыпқа берді бір қызды-ай.
Жүйріктігі құландай
Шұбарлығы жыландай, -
деген жоқтау өлеңді салғанда, осы Сары апаң:
Мына да қарлар не дейді,
Жақсыдан жаман көбейді.
Асыл туған ұрпағын
Ұрлап та көмдің Бөжейді, -
деп сөз қарымын қайтарған екен.
Жігітектің  ішінде  Қожыкен  деген  көксау  шал  дөңнің  басында 
отырып  өліпті.  Сол  кезде  осы  Жігітектің  ішіндегі  Түлкібайлар: 
Қожыкенді жерге таласып жүрген Тоғалақтар (Сары апаңның руы) 
ұрып өлтірді, – деп қыздары дауыс айтыпты. Сары апаң сонда тағы 
да:
Қожыкен деген көксауың,
Кісіден өлгенге ұқсауын.
Апиын беріп өлтіріп
Екі де қардың қақсауын, -

229
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
деп жауап қайтарыпты. Тобықты ішіне сіңген ноғай Ысқақ бай 
Сары апаңа, мен туралы айтшы дегенде Сары апаң іркілместен:
Қазаннан келген пұшығым,
Қаңғырып келген күшігім.
Қаңғырғаның құт болып,
Түлкіден болды ішігің, -
депті. Сонда Ысқақ:
-  Апатай,  ар  жағын  айтпай-ақ  қой,  –  деп,  иығына  түлкі  ішігін 
жауыпты.
Ақындық өнері бір басына жететін Сары апаңның өлең мұрасы 
бізге  жетпеді.  Әйтсе  де  тамшыдай  сөз  тармақтарынан  ол  кісінің 
қандай адам болғандығы байқалып-ақ тұр. «Күтсеңдер, Сары апаңды 
күтіңдер», – деген сөзді Әуезов эпопеяда Құнанбай аузына тегіннен 
тегін салмаса керек.
Асыл  сөздері  кейінгі  ұрпаққа  əлсін-əлсін  жеткен  дала  аналары 
арысы Айпара əжемізден бастап Зере, Ұлжан, Сары апаң, Тайбала, 
Ботантай  аналарымыздың  Абайдай  ұланның  тəрбиесіндегі  орны 
оқшау.  Соңғы  аталған  Ботантай  апамыз  (Құдайбердінің  əйелі, 
Шəкəрім қажының əжесі) өте өжет, тентек мінезді, сөзге шешен адам 
болған. Құдайберді дүниеден өткен соң бүкіл ауылының шаруасын 
дөңгелетіп ұстап отырған ер мінезді, қайратты адам болған.
Əдебиеттер:
1.  Мұхамедханов  Қ.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  2-том.  – 
Алматы: Алаш, 2005. – 344 б.
2.  Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. – Алматы: Санат, 
1997. – 416 б.
3.  Тоқтаров  Р.  Абайдың  жұмбағы.  –  Алматы:  Әл-Фараби,  1997.  – 
752 б.
4.  Исабаев Б. Ұлылар мекені. –Новосибирск: 2001. – 623 б.
5.  Жұртбай Т. Құнанбай. – Алматы: Алаш, 2004. – 400 б.

230
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Рысбек БЕЙСЕТАЕВ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды 
мемлекеттік университетінің 
доценті, биология ғылымдарының 
кандидаты
 
ҚАЗАҚ АРУЫ СҮЗГЕ 
Есіл бойын жаз жайлаған Бес Мейрамның Төртуыл (Төрт ауыл 
– Бегендік, Шегендік, Сүйіндік, Қаржас) биі Сүйіндік бабамыздың 
ағасы  Бегендік  өлген  соң,  жеңгелей  алған  əйелінен  туған  қызы 
Сүзге сұлу – Сібір ханы Көшімнің төртінші əйелі. Демек, Сүзге – 
Мейрамсопының  бəйбішесі  Нұрпаядан  көрген  кенже  немересі. 
Сүзгенің  сұлулығы  Мейрамсопың    аңызға  айналған  сұлулығының 
көшірмесі,  көзінің  қаралығы  өз  анасының  (Кіші  жүз  қызы)  көзіне 
тартқан  деуімізге  болады.  Сүзге  ханымды  жырға  қосқан  қазақ 
ақынның бірі оны Жалайырға, бірі Найманға теліп жүр. Сондықтан 
аты тарихи аңызға айналған Сүзге (Сүзгінші) ханымның туған елі 
мен жері туралы дерек бермекпіз.
Қазақ  шежіресінің  дерегіне  сай,  Сүзге  сұлу  Жиделі-Байсыннан 
Арқаға бет алған Арғын елінің көшінде қасиетті Қаратау маңында 
1548  (мешін)  жылы  наурыздың  дəл  аяғында  туған  делінеді.  Сол 
заманда Бес Мейрам елі қыс Жиделі-Байсында болып, ал жаз Есіл-
Нұра бойын жайлаған. 
Сүзге ханым (1548-1582)
В.Ю.Софроновтың «Кучум-1» кітабынан алынған сурет

231
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Сүзге сұлудың Көшім ханға тұрмысқа шыққан жылы тағы белгілі 
–  1563  жылдың  жазы.  Көшім  ханның  туған  жылы  –  мешін  (1524) 
жылы. Сонда Сүзге Көшімге 15 жастан жаңа аса бергенде тұрмысқа 
шыққан. Сүзгенің артынан 3 ұл – Баймұрат, Бердімұрат, Көбеймұрат 
қалды.
Сібір билеушісі – Көшім хан (1524-1604).
Ресейге қолға түскен Көшім немересі
Абылай-Керімнің айтуы бойынша салынған сурет
Сiбiр  тарихында  Сүзге  сұлуға  арналып  сегiз  сарайлы  қала 
салынған делінеді. Қаланың аты – Сүзге-Тура немесе Сүзгін. Қайтыс 
болғаны – 1582 жыл, қыркүйектің аяғы (21-23) шамасы, 34 жастан 
асқан кезі болатын. 
Сүзге  сұлудың  атасы  –  Мейрам  сопы,  –  даналығымен, 
батырлығымен,  сұлулығымен  əрі  жеті  атасынан  бері  үзілмеген 
тектілігімен белгілі дала зиялысы – əйгілі Ұасым ханның кеңесшісі.
Сүзге сұлудың əкесі Есіл бойын жайлаған арғын Төртуыл (Төрт 
ауыл) елінің билеушісі – Сүйіндік би. Орыс жазуындағы: «Правитель 
Ишимских  степей»  делінген  сөз  шындық.  Мейрам  сопының 
бəйбішесі Нұрпаядан кенже баласы. Сүзге Сүйіндіктің 3 мүшелі (36) 
жасында туған кенжесі.
Сүзге сұлудың анасы Мейрам сопының екінші ұлы Бегендіктің 
əйелі.  Кіші  жүздің  қаракөз  аққұба  қызы  делінеді,  аты  белгісіз. 
Бегендік  өліп,  жеңгесін  Сүйіндік  алыпты.  Осы  некеден  бір  ұл  – 
Суғыншы, бір қыз – Сүзге туған. Арғынның көптеген əулиесі мен биі 
осы Суғыншының кіндігінен тарағаны тарихта белгілі, ал Сүзгенің 
бір өзі – тарих, ұлағатты өмір.

232
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Арғын    бабамыз  (1156-1262)  Шыңғыс  заманында  өмір  сүрген 
адам, Қотан (1370-1460) жылдары өмір сүрген. Ақжол (Дайырқожа) 
(1404-1456),  Мейрам  сопы  →  (1470-1550)  жылдар  аралығында 
өмір сүрген. Арғын шежіресінде осылардың ғана аты аталады. Осы 
дерекке сай, Арғын мен Мейрам сопы арасы туған жылы бойынша 
шамамен 1470–1156=314 жыл. Осы екі арада екі-ақ ата – Қотан мен 
Ақжол бар. Бұл жыл санауда айтылып жүрген шежірелік деректің 
мəнсіздігін білдіреді.
Десек те, қанжығалы Зейнолла Құрманəліұлының ақсақалдың бізге 
жеткен  шежіресі  мен  ғалымдарымыз  Р.Сыздықова,  М.Қойгелдиев 
жəне М.Алпысбес жазбалары осы мəнсіздікті толықтырып, анықтай 
түседі деген үміттеміз. Енді Бес Мейрамның шежірелік деректеріне 
көңіл аударайық:
Арғыннан алты ұл → ||Қаратай, Қаражан, Қараменде
                                         Қарамек, Қарабек, Қараша||
Арғын  əулеті  Қаражан,  Қараменде,  Қарамек,  Қарабек,  Қараша 
–  бесеуінен  бүгінде  ұрпақ  жоқ.  Шыңғыс  хан  заманында  қазақта 
ешқандай  сопы  болмағаны  белгілі.  Бұлай  жазу  –  З.Құрманəліұлы 
шежіресінің дəйекті екендігінің дəлелі.
Қаратайдан екі ұл → |Арал, Марал|.
Маралдан екі ұл → [Қазы, Жазы].
Міне  осы  Қазы  батыр  қазақ  ішінде  (Алтын  Орда  аясында) 
Қарақожа деген атпен белгілі болған. Тоқтамыстың қасындағы əрі 
ақылшы, əрі батыр осы Қарақожа болған. Қарақожа батыр туралы 
шынайы деректі белгілі ғалымдарымыз Р.Сыздықова, М.Қойгелдиев 
жазды (Қадырғали би Қосымұлы жəне оның жылнамалар жинағы. – 
Алматы: 1991. – 252 б.).
Қазыдан (Қарақожадан) бір ұл → [Шора].
Шорадан екі ұл → [Қотан, Жұман].
Қотаннан төрт ұл → [ҚаратабайТеңбайКөңілбай, Атабай].
Қаратабайдан үш ұл → [Дайрабай, Дайырқожа, Əділхан].
Шежіре одан əрі төмендегідей жалғасады:
Дайырқожадан (Ақжол) үш ұл → [Таңжарық_,_Сауыт,_Өткір_би_]._Өткір_биден'>Таңжарық, Сауыт, Өткір 
би].
Өткір биден – кіші арғындар, – Қостанай, Тоғай өңірінде тұратын 
арғындар тарайды (Шақшақ Жəнібек, Ахмет Байтұрсынұлы, ...).
Таңжарық батырдан үш ұл → [Бектібай, Бетжан, Момын би].
Бектібайдан бір ұл → [Мейрам сопы].
Бетжаннан бір ұл → [Бəсентиін]. 

233
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Момын  биден  сегіз  ұл  →  [Ақсопы,  Арықсопы,  Қарасопы, 
Күреңсопы, Тамбысопы, Нəдірсопы, Кенжесопы, Темірсопы].
Ақсопыдан екі ұл → [Жалықбас, Қамбар].
Бұл  екеуінің  ұрпағы  Арғын-Қаракесектің  құрамына  еніп, 
қаракесек болып кеткен.
Тамбысопының  ұрпағы  Арғын-Қуандықтың  құрамына  еніп, 
Қуандық болып кеткен.
Қарасопыдан екі ұл → [Атығай, Қарауыл].
«Олардың  Атығай-Қарауыл  болып  бірге  аталатыны  осыдан»,- 
дейді  профессор  М.  Алпысбес  (Алпысбес  М.  Сүйіндік  Айдабол 
бидің  ұрпақтары:  тарихи-генеалогиялық  зерттеу.  –  Қарағанды: 
ҚарМУ  баспасы.  –  2010.  –  476  б.).  Мақсат  Алпысбесұлының 
пікрінше,  Момын  биден  тараған  жеті  атаны  қазақ  Жеті  Момын 
дейді. Шежіре одан бері тараған атаға сай, өзіндік құрылымы бар 
дүние  ғой,  жазыла  беретіні  белгілі.  Зейнолла  Құрманəліұлының 
шежіресінде  Арғын  əулеті  жақсы  таратылса  да,  бір  айып  бар.  Ол 
–  Ақжолға  дейін  арғынның  ұраны  болған  Қарақожа  батыр  жоқ. 
Қарақожа  батыр  туралы  шынайы  деректі  белгілі  ғалымдарымыз 
Р.Сыздықова,  М.Қойгелдиев  анықтады  (Қадырғали  би  Қосымұлы 
жəне оның жылнамалар жинағы. – Алматы: 1991. – 252 б.).
Қазақ  елінің  тарихы  өзінің  тайпалық-рулық  құрылымымен 
тығыз  байланысты  екендігі  белгілі.  Қалаймыз  ба,  қаламаймыз  ба, 
бұл – біздің ұлттық тарихымыздың басты сипаты. Тайпалық-рулық 
қауымдастық жаңа заманға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алып, 
кешегі  XX  ғасырдың  30-шы  жылындағы  кеңестік  дəуірдің  берік 
орнығу  кезеңіне  дейін  ата-бабаларымыздың  əдеуметтік,  саяси-
шаруашылық  өмірімен  тығыз,  біте  қайнасып,  өрбіп  келді.  Бұл  – 
тарихта дəлелдеуді қажет етпейтін қағида!
Кеңестік  тоталитарлық  жүйе  жалғыз  рулық  қауымдастықты 
ғана  емес,  оның  негізінде  қалыптасқан  қазақ  халқының  өзіндік 
рухани болмысын, дəстүрлі шаруашылыққа негізделген тұтас өмірін 
күйретіп жіберді.
Бүгінгі күні шүкіршілік, біз адамзат қоғамының жаңа даму сатысы 
– өркениетті демократиялық қоғамға ұмтылудамыз. Бұл планетаның 
басым көпшілігі қабылдаған, басты мақсатқа бағытталған, біркелкі 
дамудың  негізгі  ұстанымы  екендігі  күмəнсіз.  Тəуелсіздік  алған 
еліміздің осындай айқын жолдағы аршынды қадамдары халқымызды 
рухани  рухтандырып,  саяси  сергітіп  қана  қоймай,  өзіміздің 
өткенімізді  танып  білуге  деген  ғаламат  құштарлықты,  ынтаны 

234

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет