Ханымдар мен арулар



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата28.02.2020
өлшемі3,21 Mb.
#59255
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
c522526e83794959fe3f14108ed97c23


Литература:
1.  Георги И. Описание всех обитающих в Российском государстве 
народов и их житейских обрядов, обыкновений, одежд, жилищ, 
вероисповеданий  и  прочих  достопримечательностей.  –  СПб., 
1799. – ч.П. –  с. 125.
2.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-кайсацких 
орд и степей. –Алматы, 1996. – с. 656.
3.  Андреев  И.Г.  Описание  Средней  Орды  киргиз-кайсаков.  – 
Алматы: Ғылым, 1998. – с. 64 (280).
4.  Народы  Сибири.  –  М.Л.,  1956.  –  с.  239,247,307,391,465,526.; 
Очерки общей этнографии.Зарубежная Азия. –М., 1959. – с.132.
5.  Кустанаев  X.  Этнографические  очерки  киргиз  Перовского  и 
Казалинского уездов. – Ташкент, 1894. – с. 330.; Гродеков Н.И. 
Киргизы и кара-киргизы Сыр- Дарьинской области. Юридический 
быт. –Ташкент. – 1889. – Т. 1. – с. 84-85 (320).
6.  Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области. 
Юридический быт. –Ташкент. – 1889. –Т.1. – с. 320.
7.  Баллюзек А. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне 
имеющие в Малой киргизской орде силу закона. // Записки 
Оренбург, отд. ИРГО, 1871- Вып.П. – с. 134.
8.  Арғынбаев X. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 65 б.

245
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жəзира НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ,
«Болашақ» университетінің 
доценті, филология ғылымдарының 
кандидаты
Айғаным ЖҰМАБЕКОВА, 
филология магистранты
«ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ
ҰЛТТЫҚ-МƏДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ
Гендерлік  лингвистика  тіл  білімінде  жыныстарға  қатысты 
сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым. Ал «гендер» ұғымы жынысты 
биологиялық тұрғыдан емес, оны əлеуметтік-мəдени құрастырылым 
ретінде  айқындайды.  Гендерлік  зерттеулер  аясына  «жыныс», 
«гендер», «гендерлік рөлдер» сияқты ұғымдар енеді. Қарым-қатынас 
процесінде  ер  адамдар  мен  əйел  адамдар  арасында  гендерлік 
ерекшеліктер  байқалады.  Адамның  жынысқа  бөлуіне  қарай  ерлер 
мен əйелдердің мінез-құлқы, іс-əрекеті ажыратылып отырады, олар 
түрлі қызмет атқарады. Тіл арнаулы «еркектік» жəне «əйелдік» болып 
бөлінбесе  де,  олардың  сөйлеу  əрекетіндегі  мінез-құлқына  қарай 
айырмашылықтар  байқалады.  Антропоцентрлік  парадигмадағы 
гендерлік  лингвистика  қоғамдағы  гендерлік  рөлдермен  астасып, 
ұлттық-мəдени  ерекшеліктермен,  халықтың  əдет-ғұрпы,  салт-
дəстүрі,  наным-сенімдерімен  тығыз  байланыста  қарастырылуды 
қажет етеді.
ТМД  елдерінде  көптеген  гендерлік  топшылаулар,  ой-
тұжырымдар,  зерттеу  еңбектер  жарық  көрді.  Атап  айтсақ, 
Е.М.Бакушева  ерлер  мен  əйелдер  тіліндегі  эмоционалдық 
мəселесін  қозғаса,  Г.Вэшле  ерлер  мен  əйелдердің  мамандығына, 
кəсібіне байланысты тілдік ерекшеліктерін қарастырады. Е.Г.Голян 
ауызекі  сөйлеу  тіліндегі  ерлер  мен  əйелдердің  айырмашылығын 
зерттесе,  Д.О.Добровольский  гендерлік  зерттеулердегі  феминистік 
идеологияның  критерийлері  мен  ғылымилығы  жөнінде  сөз 
қозғайды. Е.А.Земская əйел тілі мен еркек тілінің функционалдық 
қызметін анықтаса, А.В.Кирилина гендерлік лингвистиканың даму 
жолдарын,  орыс  паремиологиясындағы  əйел  дауысын,  гендерлік 
стереотиптер  туралы  жан-жақты  талдау  жүргізді.  Дж.Лаккофф 
гендерлік  лингвистиканың  когнитивтік  семантикамен  байланысын 

246
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қарастырса,  Н.А.Красавский  паремиологиядағы  əйел  образының 
бейнесін  анықтайды.  Зерттеушілер  өз  еңбектері  арқылы  гендерлік 
бағытты  дамытты.  XX  ғасырдың  60-жылдарынан  бастап  гендерді 
лингвистикамен байланыста қарастырған ғылыми зерттеулер жарық 
көре  бастады.  Зерттеуші  А.В.Кирилина  өз  еңбектерінде  «гендер» 
жəне  «жыныс»  ұғымдарын  ажыратып  берді:  «Гендер  (социальный 
или социокультурный пол) не является языковой категорией, но его 
содержание  может  быть  раскрыто  путем  анализа  структур  языка, 
что объясняет востребованность лингвистической компетенции для 
изучения культурной репрезентации пола» [1, 133]. XX ғасырдың 80-
шы  жылдарынан  бастап  гендерлік  зерттеулерге  арналған  еңбектер 
көбейе  түсті.  Тіл  білімінде  жыныстарға  қатысты  сөйлеу  үлгілерін 
зерттейтін ғылым – гендерлік лингвистика пайда болды. Гендерлік 
лингвистика  теориясын,  əдістемесін  талдап-түсіндіруде  батыс 
лингвистері Дж.Лакофф, Д.Спендер, О.Есперсон, орыс лингвистері 
А.В.Кирилина, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова елеулі үлестерін 
қосты.
Қазақ  тіліндегі  гендерлік  факторды  зерттеу  тарихи  сипатқа  ие. 
Гендер  факторы  қазақ  ағартушы,  зиялыларының  еңбектерінде  де 
жиі  ескеріліп  отырған.  Қазақ  гендерлік  лингвистикасының  негізін 
қалаушы  көрнекті  ғалым,  тұңғыш  профессор  Қ.Жұбанов  əртүрлі 
халықта  əйелдер  тіліне  тəн  ерекшеліктер  болатынын  көрсеткен. 
Ғалым  еңбектерінде  əйел  тілінің  спецификалық  ерекшеліктеріне 
баса  назар  аударылған.  Қ.Жұбанов  «Күншығыстағы  əйелдер 
тұрмысы  ерекше  жағдайда  болғандықтан,  əйелдерге  арнаулы 
түрлі  əдет-ғұрып  өзгешеліктері  мұнда  жиі  ұшырайды.  Сол  əдет-
ғұрып  өзгешеліктерінің  бірі  –  осы  күнге  шейін  Кавказда  армян, 
грузин,  түріктер  арасында  сақталған  əйелдердің  ым  тілі.  Жаңа 
түскен  келіншек  қай  жерде  бір  айға,  қай  жерде  бір  жылға  шейін 
ата-енесімен  дыбыстап  сөйлеспейді,  ымдап  сөйлеседі.  Бұл  тілді 
армяндар  «нашнауар»  дейді.  Нашнауар  сондай  бай,  сондай  дыбыс 
тілінен  еш  кемдігі  жоқ  сияқты.  Мұндай,  əйелдерге  ғана  арнаулы, 
жүйелі  болмаса  да,  əйел  тілінің  өзгешелігі  қазақта  да  жоқ  емес. 
Сол өзгешеліктердің бірі – əйелдерде ғана болатын «ернін шығару» 
(кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» 
(таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). Бұлар əйелдердің 
специфик тілі болып табылады»,- дейді [2,41].
Кейінгі  уақытта  отандық  тіл  білімінде  гендерлік  тұрақты 
тіркестердегі əйел лексемасын қарастырған А.Смайловтың зерттеу 

247
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
еңбегінде [3], қазақ əйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мəдениеттегі 
рөлі  мен  орнын  сипаттайтын  тілдік  деректерді  лингвомəдени 
бағытта  айқындап,  əйел  концептісінің  лексика-семантикалық, 
концептуалдық  мазмұнын  аялық  білім  деңгейі  тұрғысынан 
түсіндірген  А.Байғұтованың  кандидаттық  диссертациясында  [4], 
əйел  қолөнеріне  байланысты  атаулардың  этнолингвистикалық 
сипаты мен ономасиологиялық негіздерін жан-жақты зерттеп, əйел 
қолөнеріне қатысты атаулардың табиғатын тілдік жəне тілдік емес 
факторлар арқылы анықтап, оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен 
рухани-мəдени өмірдегі орнын, этномəдени мазмұнын қарастырған 
А.Әлімжанова [5] еңбектерінде қарастырылған. «Әйел», «Ер адам» 
концептілері кез келген мəдениетте кездесетін концепт болғандықтан, 
əмбебаптық  сипатқа  ие.  Дегенмен,  бұл  концептілердің  белгілі  бір 
қоғамға тəн нақты ерекшеліктері де бар екені анық [6, 65].
«Әйел»  концептісі  барша  халыққа  ортақ  концепт  болғанымен, 
əр  халықтың  менталитетіне,  дүниетанымына  орай  оның 
концептосферасы  айқындалып  отырады.  Әйел  затына  байланысты 
қазақ  тілінде  көптеген  мақал-мəтелдер  кездеседі.  Әйел  атаулыны 
сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, əлеуметтік орны, 
туыстық  байланысына  қарай  атаулары  да  əртүрлі  лексемалармен 
беріледі. Мысалы, «əйел» концептісінің туыстық қатынастар аясына 
қыз,  келін,  ана,  жеңге,  абысын,  ене  лексемалары  енсе,  қоғамдағы 
əлеуметтік  орнына  орай  бəйбіше,  тоқал,  жесір  лексемалары 
қолданылады. Ал жас ерекшелігіне орай қыз (бойжеткен, қалындық, 
келін, келіншек), əйел (жұбай, жары, қосағы), бəйбіше (тоқал, жесір), 
кемпір (əже, кейуана) ұғымдарын жатқызамыз.
Мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты 
қасиеттер  ғалымның  тілдік  бейнесіндегі  ана  образын  сипаттайды. 
«Əйел – ана» когнитивтік моделі аясына: Ана болған дана болады; 
Ананың  алақаны  –  балаға  айдынды  қоныс;  Мылқаудың  тілін 
анасы біледі. Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді; 
Ана  жақсылығын  ауырсаң  білерсің;  Ақ  жаулығы  ананың  –  ақ 
көрпесі баланың; Ананың басқан жерінде пейіш бар; Ана баласын 
арыстанның  аузынан  алады;  Анасыз  үй  –  панасыз;  Ағайынның 
алтын  сарайынан,  Анаңды  Меккеге  үш  арқалап  барсаң  да, 
Қарызынан да құтыла алмайсың; Ананың жыртық лашығы артық; 
Алты жеңге бірігіп ана болмас; Ағайын – алтау, Ана – біреу; Ана 
сүтін  ақтамағанды  ешкім  мақтамайды;  Анаңа  ауыр  сөз  айтпа, 
атыңа ауыр жүк артпа т.б. мақал-мəтелдер енеді.

248
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
«Əйел  –  үйдің  берекесі»  когнитивтік  моделі.  Ғаламның  тілдік 
бейнесінде  «жақсы  əйел»  ер  адамның  жақсы  қасиеттерін  асырып, 
жаман  қасиеттерін  жасырып,  отбасының  түтінін  түтетіп,  үйдің 
берекесін, ырысын молайтатын жан екені сипатталады. Əйел – үйдің 
көркі, Еркек – түздің көркі; Əйел – үйдің ажары; Үйді қырық еркек 
толтыра алмайды, Бір əйел толтырады; Əйел – үйдің ұйытқысы; 
Əйел – үйдің қазығы. Əйел өлсе, үйің кетеді, басыңнан күйің кетеді; 
Еркек үйдің иманы, əйел үйдің жиғаны.
«Əйел  –  адал  жар»  когнитивтік  моделі.  Дүниенің  гендерлік 
бейнесінде  əйелге  отбасы  ұйтқысы  ретінде  берілген  ерекше  орын 
паремиологиялық  бірліктерде  жиі  кездеседі.  Ер  адамды  ер  етіп, 
ел  ішінде  атағын  асқақтатып,  оның  отбасының  түтінін  түтетіп, 
жақсысын асырып, жаманын жасыратын да əйел екені сипатталады. 
Төменде келтірілген мақал-мəтелдер «əйел» концептісіне жағымды 
коннотация  үстейтін  ұғымдар  əртүрлі  тілдік  қолданыстар  арқылы 
суреттелгенін көрсетеді. Жақсы əйел басындағы бағың, астындағы 
тағың; Ер жолдасы –  қатыны, Ақ жаулығы болмаса; Жақсы əйел – 
теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.
«Əйел  –  үлгі»  когнитивтік  моделі.  Жақсы  əйел  жарының 
жақсысын асырар, жаманын жасырар; Жақсы əйел – үй дəулеті, 
Жақсы шапан – той дəулеті;
Дүниенің  паремиологиялық  бейнесінде  əйел  бейнесін 
сипаттайтын    жақсы-жаман  қасиеттер  қатар  қолданылып,  «əйел» 
концептісі  төңірегінде  жүйеленген  ассоциативтік  өрісін  көруге 
мүмкіндік  береді:  Жақсы  əйел  –  зейнет,  жаман  –  əйел  бейнет; 
Жақсы  əйел  жаман  еркекті  түзетеді;  Атың  жақсы  болса  – 
пырағың, Қатының жақсы болса – шырағың; Жақсы əйел жаныңды 
марқайтады, Жаман əйел ерте қартайтады; Жақсы əйел жаман 
еркектің басын хан қылады, Жаман əйел жақсы еркектің басын даң 
қылады;  Денің  сау  болса  –  бір  бақыт,  əйелің  жақсы  болса  –  мың 
бақыт;  Жақсы  əйел  –  жігітке  біткен  бақ,  Жақсы  жер,  жайлы 
қоныс  –  алтын  тақ;  Жақсы  əйел  өміріңді  ұзартады,  Жаман  əйел 
үстіңе тұз артады; Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір 
ет, Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет; Жаман қатын 
төсегінен белгілі, Жаман жігіт есебінен белгілі; Жақсы əйелдің қолы 
ұзын, Жаман əйелдің тілі ұзын.
«Жаман əйел» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік бейнесінде 
«Жаман  əйел» стереотиптік  үлгісін беретін мақал-мəтелдер «əйелі 
жаман болса еркектің қадірі кетіп, ел алдындағы абыройы түседі» 

249
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
деген  ой  тұжырымдайды:  Қатыны  жаман  –  ер  азар,  Қарашасы 
жаман – хан азар; Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа
Атың жаман болса, сатып құтыларсың, Қатының жаман болса, 
қайтып  құтыларсың?;  Ер  жігітті  қартайтатын  үш  нəрсе  бар: 
шабан ат, жаман қатын, өтпес пышақ; Қатының жаман болса, 
Арманың кетер. Қапа-қасіретпенен заманың кетер! 
«Жаман əйел» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай қасиеттер 
айрықша сипатталады:
еріншектік: Еріншек қатынның етегі жыртық, Ерке қатынның 
еріні  тыртық;  Еріншек  əйел  опа  жағады,  Ерінбес  əйел  еңбек 
табады;
салақтық: Салақ қатын тұтқышқа жарымас; Салақ қатынның 
үйінен  сабақты  ине  табылмас;  Салақ  қатынның  етін  құрт 
жейді,Терісін ит жейді; Тазалығы қатынның тарағынан белгілі;
олақтық: Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын сауықшыл; Олақ 
қатынның пісірген сүті іріп кетер, илеген терісі шіріп кетер; Үш 
күндігін  ойламаған  əйелден  без;  Жанбаса  –  отын  жаман,  Жаға 
алмаса – қатын жаман;
ұрысқақтық, жеңіл ауыздық: Жақсы əйелдің қолы ұзын, Жаман 
əйелдің тілі ұзын; Қатының шайпау болса, кісі алдында тіл қатпа;
айлакерлік: Əйелдің күші аз, айласы көп; Бұлт шығып жаңбыр 
жаумай елді алдайды, Əйелдің айлакері ерді алдайды; Бір қу байтал, 
екі айғырды аш қалдырады; Бір əйелдің айласы қырық есекке жүк 
болған; Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті;
ұятсыздық: Ұятсыз əйел – тұзсыз ас; Шыққан даудың себебін 
əйелден ізде;
арсыздық: Арсыз əйел зəрін шашады, Бəрін сатады. Абыройын 
ашады;
Қазақ  дүниетанымында  əйелдерді  еркектерден  бір  саты  төмен 
санаған. Осыған орай шөпжелкен, шүйкебас, салпы етек, төмен етек 
сияқты лексемалар да қалыптасқан.
«Әйел»  концептісін  қалыптастыратын  мақал-мəтелдер  «Әйел-
ана»,  «Әйел-шеше»,  «Әйел-қыз»,  «Әйел-келін»,  «Әйел-тоқал», 
«Әйел-жесір»,  «Әйел-қатын»  образдарын  топтай  келіп,  олардың 
əрқайсысына тəн гендерлік белгілерді жинақтап көрсетеді. «Əйел-
жесір» когнитивтік моделі. Көптеген мақал-мəтелдер жесір əйелдің 
гендерлік  бейнесін  сипаттайды.  Қазақ  халқы  жесірін  жылатпаған, 
басқа руға, жерге көшуіне рұқсат бермеген. Осыдан келіп, Əйел ерден 
кетсе де, елден кетпейді; Жесір қатын – жел буаз; Əйелдің ақылын 

250
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жесірінде көр, баланың ақылын жетімінде көр деген сияқты мақал-
мəтелдер пайда болған.
Қорыта  келгенде,  тіл  –  этностың  өмірінен,  оның  мəдениеті 
мен  тарихынан,  дүниетанымынан,  менталитетінен  хабар  беріп 
отырады. «Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мəтелдерден 
əйел  бейнесінің  ұлттық  табиғаты  жан-жақты  ашылады.  Қазақ 
тіліндегі  «Әйел»  концептісін  қалыптастыратын  мақал-мəтелдер 
образ  жасауда,  ұлттық  танымның  ерекшелігін  көрсетуде,  ұлттық 
дүниетанымды беру мақсатында, этнос болмысын, таным-түсінігін  
əр қырынан көрсетуде мол ақпарат береді.
 
Əдебиеттер:
1.  Кирилина  А.В.  Язык  и  гендер.  –Москва:  Языки  славянской 
культуры, 2005. – с. 624.
2.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер.  –Алматы:  Ғылым, 
1999. – 581 б.
3.  Смайлов  А.  «Әйел»  концептісін  қалыптастыратын  тұрақты 
тіркестердің  лингвомəдени  сипаты.  Филол.ғыл,канд.дисс.
автореф. –Алматы, 2008. – 25 б.
4.  Байғұтова  А.  «Қазақ  əйелі»  концептісінің  этномəдени  сипаты. 
Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2008. – 143 б.
5.  Әлімжанова  А.  Қазақ  тіліндегі  əйел  қолөнеріне  байланысты 
халықтық  лексиканың  этнолингвистикалық  сипаты.  Филол.ғыл.
канд.дисс. –Алматы, 2008. – с. 24.
6.  Нұрсұлтанқызы  Ж.  Қазақ  паремиологиясындағы  «Ер  адам» 
концептісі //Молодой ученый. – 2014. – №4.1. – 65-67 б.

251
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Болатхан САРБАСОВ, 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогика университетінің 
профессор м.а., филология 
ғылымдарының кандидаты
Индира САРБАСОВА, 
ШҚО Көкпекті ауданы 
Көкжота орта мектебінің мұғалімі
ҚАЗАҚ ТАҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ƏЙЕЛ ТҰҒЫРЫ
Халқымыз  жас  ұрпақты  оқытып  –  тəрбиелеу  жайында  небір 
сындарлы пікірлер айтқан. «Баланы сүйсең, тəрбиесін сүй», «Баланы 
мақтау  жетілдірмейді,  баптау  жетілдіреді»  –  дейтін  мақал-
мəтелдер баланы құр «айналайын» дей бермей, оны адамгершілікке, 
имандылыққа, мəдениеттілікке баулуға ой тастайтын нақыл сөздер.
Қазақ  тағылымының  ұстанған  негізгі  бағыты  –  ата-бабалардың 
үлгі-өнегесі, ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, 
еркіндікке, тəуелсіздік – дербестікке ұмтылысы. Бұл – алдан күткен 
арманы,  ойға  алған  негізгі  мақсаты.  Тəрбие  –  ұрпақ  үшін  күрес 
құралы.
Қыз-келіншек,  əйел-ана,  əже-кейуана  тағылымы  өшпес  із 
қалдырды. Ол – қазақ тілінің ана тілі деп аталуы. Мұндай жағдай 
қазақ əйелінің өзіндік қасиетін де, басқалардан айырмашылығын да 
танытады. Бұл – əйел қауымына көрсетілген зор құрмет! Әйелдер 
тек  қана  ерге  ие  емес,  жерге  де,  елге  де  ие,  олардың  жасаған  ісі, 
қалдырған ізі ақсақалдық мектептен ешбір кем емес, оның əманда 
тазалығына,  жаңарып-жаңғыруына  орасан  жағдай  жасады.  Бұл 
тағылымды жоққа шығаруға немесе елемеуге болмайды!
М.  Әуезов  «Адамдық  негізі  –  əйел»  деген  тұңғыш  туындысын 
(1917)  əйел  тақырбына  арнапты.  Ғалым:  «Адам  баласы  –  тағы 
болып,  еркегі  хайуандық  дəрежесінде  жүргенде  əйелден  бала 
туып, ол балаларының бəрі де жастық, қорғансыздықтан анасының 
айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын 
адамшылыққа кіргізген – əйел» – депті /1/.
Ұлы  ойшыл  осы  сөзімен  əйел  –  қоғамның  ұйытқысы  екенін 
əйел еркіндікке жетпесе, адамшылық та күрмеулі болатынын қадап 

252
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
айтып,  егер,  қазақ,  мешел  болып  қалмайын  десең,  бесігіңді  түзе, 
əйелдің халін түзе! – деп сол тұстың да, қазіргі біздің заманымыздың 
да ең зəру идеясын ұсынып еді.
Қазақ  елі  ел  болғалы,  қазақ  қазақ  болғалы  өмірбақи  анасын 
сыйлап өткен. Ертеден келе жатан наным-сенімдердің түп тамыры 
да – ана. Аспанда Тəңірі, жерде Ұмай ана деп табынады қазақтар. 
Ұмай ана – қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, əулет, отбасының пірі. 
Мұсылман  дінінде  бүкіл  адамзаттың  анасы  деп,  аналардың  анасы 
деп  Хауа  ананы  құрмет  тұтады.  Хауа  ана  –  Адам  атаның  зайыбы. 
Мұхамед (с.ғ.с) пайғамбарымыз əйел затын аса биік бағалап: «Əуелі 
анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақылық 
жаса»,  –  деп  өсиет  айтып  кеткен.  Бүкіл  түркі  халықтарына  ортақ 
«Құтты білікте» Жүсіп Баласағұн былай деп кеткен:
Əйел алмақ болсаң егер, қарарсың, 
Жіті бағып таңдаулысын аларсың.
Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,
Пəк ұлтты болсын жанның тұнығы.
Дұрыс үйдің қызы ол, қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.
Сені сүйіп басқа жанды білмеген,
Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін 
– деген екен /2/. Қазақ əйелдері ерін, күйеуін бəрінен де биік санап, 
сыйлап өткен. Өйткені, ол – мал табарың, ол – айбат-қорғаның, ол – 
төбеңдегі – шаңырақ.
Осындай  тəрбие,  иман-адамгершілік,  иба-көрегенділік,  көрік-
сымбат бар ма қазір? Бар əрине. Сырты сымбаттылар көп те, ибалы-
имандылар  аз.  Себеп?  Себебі,  жат  тəрбие,  жат  əдет-ғұрып,  кірме 
қылық  қазақ  қоғамын  өрмекшідей  торлаған.  «Қызға  қырық  үйден 
тыю» деген сөз бүгінде өз мəнін жоғалтып бара жатқан сияқты.
Қазақ  тағылымының  ортасы  үй  іші,  аулы,  руы,  аймағы  бүкіл 
атырабы. Осы ортаның бел ортасынан табылатын аналар мен əжейлер 
еді.  Ана-əже-кейуаналардың  қимыл-ісі,  əрекеттері,  ой-қиялы,  бар 
арман  тілегі,  мақсат-үміттері,  елжіреу-еміренулері  келешек  ұрпақ 
еді, сол ұрпақ жолында өлімге де басын байлайтын еді, адам төзбес 
қиындықтарды басынан кешіруге де даяр еді /3/.
Есімін  мəңгіге  қалдырған  аналар  қаншама!  Олар  сұлулықтың 
символы  болды,  оларды  ерекше  қастарлеген  тұспалдар  мен 

253
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
поэтикалық  портреттер  қаншама!  Талай-талай  ерлер  сүйген 
қызының намысы үшін құрбан болмады ма?
Қазақ та ақын қыз да, ақылгөй де, батыр қыз да көп болған ғой. 
Білек  күшімен,  шешен  тілімен,  ақыл  парасатымен  үлгі  болатын 
батыр қыздарымызға тоқтала кеткенді жөн көрдік:
Томирис – Тұран патшасы Афрасиябтың қызы. Патшайым болып 
ел басқарған батыр қыз.
Зарина – Сақ патшасының қыз. Ел тағдыры үшін өз махаббатын 
құрбан  етеді.  «Жеке  басымның  бақытын  елімнің  еркіндігіне 
айырбастай алмаймын. Махаббаттан да жоғары нəрсе бар, ол – 
менің елім», – дейді Зарина.
Бөрте  ханым  –  Шыңғыс  ханның  əйелі.  Қоңырат  тайпасының 
қызы.  Жат  елдікке  пенде  болғанмен  ұрпақ  тəрбиесінде  өз  елінің 
ұлттық тағылымын меңгерте білген.
Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын – бəсентин Малайсары 
батырдың қарындасы.
Есенбике – Олжабай батырдың анасы, үйсін Қарасай батырдың 
қызы.
Назым – Қабанбай батырдың қызы. 
Айтолқын – Абылай ханның қызы. Бұл батыр қыздарымыз ұлттық 
намысты ту етіп, халық тағдыры үшін ерлермен бірге қан майданда 
ерлік көрсеткен батыл жандар.
Бопай  –  Кенесарының  қарындасы,  бес  жүз  сарбазды  басқарып, 
Ресей  отаршылдарына  қарсы  соғыста  ерен  ерлік  көрсеткен  батыр 
қыз.
Мамыр  –  Байқазы  арғынның  қызы.  Шəкəрімнің  «Қалқаман-
Мамыр» дастанындағы өжет қыз. Өз махаббаты үшін құрбан болған 
батыл қыз.
Еңлік – Қарабатыр-Ықан деген кісінің қызы. Шəкəрімнің «Еңлік-
Кебек» дастанындағы батыл қыз. Нағыз махаббаттың мəңгі символы 
ретінде танылған өжет қыз.
Айбике  –  Бұланбай  батырдың  жары,  барлаушы  сарбаздардың 
басшысы  болған  қыз.  Талай  шайқастарда  жауынгерлердің  ұлттық 
рухын көтеріп, ерлікке шақырған батыр қыз.
Домалақ  ана  (Нүрила)  –  Бəйдібек  бидің  əйелі.  Нүрила  барлық 
адамдарға  өте  мейірімді,  ақылды,  əулие  əйел  болған.  Домалақ 
ананың осындай қасиеттерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіріп өссе, онда 
келешегіміздің көкжиегі одан сайын кеңи түсер еді.

254
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қалампыр  ана  –  Балуан  Шолақтың  анасы.  Жазушы  С.Мұқанов 
«Балуан  Шолақ»  романындағы  аналар  бейнесін  қызықты  етіп 
сомдаған. Өмірде өнегелі болған аналар бейнесі көркем өнерде жас 
ұрпаққа ғибрат берерліктей тəрбиелік маңызы зор.
Айша  Қобыланқызы    атақты  Қожаберген  жыраудың  жары. 
Халқымыздың тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» 
кезең  боп  таңбалаған  зұлмат  замандағы  қазақтың  мұңы  мен 
зарын,  арманы  мен  аңсарын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп,  дəуірдің 
дауылпазындай дабыл қағып, ерлік пен елдікке үндеген, елге ұран 
болған əндер шығарған батыл қыз.
Халықтың басына түскен осынау қайғылы оқиға тұсында шыққан 
«Елім-ай» жырын қалың жұрт қарт Қаратаудың қанталапай болған 
өңірінде  тұңғыш  рет  əуелетті.  Бұл  əн  ел  аналарының  ауызымен 
айтылып, халықтың ата жұртты аңсаған мұңлы əуені ретінде қазақ 
жерін  шарлап  кетті.  Қазақ  нəрестесін  бесік  жырымен  тербетсе, 
«Елім-ай»  əнімен  батырлыққа,  намысқойлық  пен  бірлікке  үндеді. 
Осы қаралы əн орындалғанда сай сүйегі сырқырамайтын қазақ жоқ. 
Соны бозторғайдай шырылдай шырқап, артта қалған келесі ұрпаққа 
ел ұранындай етіп қалдырған аналар есімі – тəуелсіз елімізде мəңгі 
ұмытылмас бейне.
Елімізге  қауіп  төнген  кешегі  екінші  дүниежүзілік  соғыста  «ер 
апаларының»  ерліктерін  жасаған  қазақтың  Мəншүк  пен  Әлиясы, 
Хиуаз бен Шағиласы – шығыс халықтарының мақтаны. Ел басына 
қиындық түскенде батыр қыздарымыздың ерлігі ерекшелене көзге 
түсетінін тарих та, өмір де дəлелдеп келеді.
Алашорда үкіметінің іргетасын қалауға өзіндік үлестерін қосқан 
əйелдер қауымынан А. Досжанова, Н. Құлжанова, Г. Асфендиярова, 
М.  Шəпенова,  Г.  Тынышбаева,  Ш.Шонанова,  Е.  Бөкейханова,  М. 
Төгісова,  Б.  Байбосынова  сияқты  қазақтың  күрескер  əйелдерінің 
есімін  үлкен  құрметпен  атап  мақтан  тұту  –  бүгінгі  ұрпақ,  əсіресе, 
қыз бала тəрбиесінде маңызы зор демекпіз.
Желтоқсан оқиғасының батыл қыздары Лəззат Асанова, Сəбира 
Мұқаметжанова  сияқты  ұлттық  намысты  берік  ұстаған,  ерлік  пен 
елдікті ұран қылған ұлтжанды қыздарымыз қаншама!
Ақын-жазушылар – халық тағылымының, халық өнегесінің қайнар 
көзі,  халық  кеңесшісі,  ой  елегі,  аспандағы  қыраны,  саңқылдаған 
сұңқарлары:  Шолпан  Иманбаева,  Мəриям  Хакімжанова,  Күлəш 
Ахметова,  Марфуға  Айтқожина,  Фариза  Оңғарсынова,  Қанипа 
Бұғыбаева, Ақұштап Бақтыгереевалар сөз өнерінің зергерлері. Олар 

255

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет