Хазірет айша


қарындасы! Сенің анаң да, әкең де мұндай жаман



Pdf көрінісі
бет76/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
қарындасы! Сенің анаң да, әкең де мұндай жаман 

қылық жасаған адамдар емес еді!» (Мәриям, 19\28) 

және


 «Ей, Мәриям! Сен көргенділік танытпадың» 

(мәриям,  19\27)  деп  қараған.  мұғжиза  кейіпте 

дүниеге  әкелген  баласын  зинақорлықпен  тапты  деп 

айыптады. Күнәдан таза адам үшін бұл жан төзгісіз 

азап  емей  немене?!  алайда,  құлшылыққа  құштар 

құлын  Жаратушының  өзі  қолдады.  Жұртқа 



«Мен 

Алланың құлымын, Алла маған кітап берді және 

мені пайғамбар етіп жіберді...»

 (мәриям, 19\30) деп, 

жаңа туылған хазірет Исаны сөйлетті. мәселе осылай 

шешімін тапты

330



Өте  арлы,  ұятты  жандар  болғанына  қарамастан 



Құран  хазірет  Жүсіп  пен  хазірет  мәриямның  аппақ 

арына дақ жағылғанын мысал еткен. 

329

  Хазірет мәриямның жүкті болуы жөнінде қосарымыз: бұл алғашқы 



нұрдың иесі пайғамбарымыздың руханияты болуы мүмкін. Қараңыз: 

мәриям, 19\17

330

 алла  расулының  бір  сөзінде  қиямет  күні  хазірет  мәриямның 



өзімен некелесетіні айтылады. Қараңыз: Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 

9\218; әз-Зәһәби мизанул иғтидал 7\316. мәселеге осы тұрғыдан 

қарағанымызда,  хазірет  мәриям  анамызға  пайғамбарымыздың 

әйелдері арасында деп қарай аламыз, бұл жағдайда айша анамызбен 

душар болған сынақ жағынан да бір ұқсастықтың болуы айрықша 

назар аудартады.




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

201


айша  анамыз  да  солай.  айша  анамыз  да 

«сыддықа»  деп  аталған  және  әкесі  сыддық  Әкбар 

болғандықтан  оны  сыддықа  бинти  сыддық  деп 

шақырған. Бұл атауды оған шәкірті мәсруқ берген

331



сондықтан да оны басқа адамдар да айша сыддықа 



деп шақыратын

332


міне,  Жүсіп  пен  мәриям  секілді  айша  анамыз 

да  жала  мен  ауыр  сынақтан  өтіп,  өзінің  таңдаулы 

жандардың  қатарында  екенін  көрсеткен.  Әсіресе, 

жала  оқиғасы  сыддық  дәрежесі  тұрғысынан  оның 

қаншалықты  қиындықтан  өткенін  ашық  көрсетеді. 

айша  да  хазірет  мәриям  сияқты  аллаға  шын 

ықыласпен құлшылық жасалатын үйде дүниеге келіп, 

кейіннен ең соңғы пайғамбарға жар болып, өмірінде 

одан басқа ер кісіні мойындамаған. Осыған қарамастан 

бірқатар  яһудилер  мен  мұнафықтар  оның  аппақ 

арына дақ жақпақ болды. Бір айға созылған осындай 

азапқа толы күндерден кейін таза ақталып, Жүсіп пен 

мәриям секілді оның да күнәсіздігін алла тағаланың 

өзі  баршаға  білдірді

333


.  Бір  айырмашылығы,  Жүсіп 

пен  мәриямның  ақ  екені  дүниеге  жаңа  келген  сәби 

немесе  қастарындағы  бір  адам  арқылы  дәлелденсе, 

анамыздың  пәктігін  алла  тағаланың  өзі  Құранда 

көрсеткен.  Күмәнсіз,  бұл  назар  аударарлық  жағдай. 

Керек десеңіз, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи 

331

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\241 (26086)



332

 мысалы,  қараңыз:  Әбу  нуайм,  Хилиятул  әулия  4\233;  абд  ибн 

Хумәйд, мүснәд 1\428

333


 Хазірет Жақыптың атын есіне түсіре алмаған айша анамыздың 

«не дейін, Жүсіптің әкесінің айтқанын айтамын: маған ендігі жер-

де үлкен сабыр керек» деуі де осы жерде айрықша назар аударуы 

мүмкін. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

202

уә  сәлләм)  өзге  пайғамбарлардан  артық  тұрғаны 



секілді  өзімен  өмірін  қосақтаған  сыддықаның  да 

басқалардан ерекшелігін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   185




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет