Хх ғ. 40-80 ж ж. мұражай ісі


Мұражайлардағы мәдени мұра



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі97,52 Kb.
#82258
1   2   3   4   5
Байланысты:
муражайтану прак №4
тарих прктика 4

Мұражайлардағы мәдени мұра

  • Тәуелсіздікпен бірге келген тарихи-мәдени мұраларға жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен ақпарат жүйелері сияқты әлеуметтік салалардың бағыт-бағдарлары, қызметі мен мақсаты-орталық саясат кезеңдерінде жоғалтқан құндылықтарды қалпына келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда мұражайлар қызметінің көтерер салмағы зор.

«Ұлттық мәдениетті сақтаудағы мұражайлардың рөлі».

  • Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақстан мұражайларының ішіндегі ең алғашқыларының бірі Қаазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы.
  • Мұражай қазақ жерінде ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болып, Кеңес үкіметі тұсында өз жалғасын тапты.Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар- тарих куәсі, оқу-тәрбие орталығы екендігін дәлелдейді.Қазіргі заманда мұражайлар заман талабына сай дамып келеді. Жаңадан ашылған мұражайлардың да тарихи-тағылымдық маңызы ерекше.
  • Мұражай қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана-сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізде жүйеленген мектеп мұражайларын көптеп ұйымдастыру алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі.
  • Арнайы пән ретінде мұражайтану теориялық және әдістемелік бағытта мұражай ісін дамытып, оның тарихи тәжірибесін жинақтайды.
  • Кеңес үкіметі тұсында мұражайлар ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық қызметін атқарды. Бірақ, олардың жұмысы идеологияға негізделген, көбінесе кеңес үкіметінің жетістіктері мен жеңістерін насихаттауға арналады. Қазақстандағы мұражайлардың қызметі еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты көп өзгерді.
  • Мұражай – ел тарихы, ұлттың көне менталитеті, дүние жүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер. Себебі, мұражай қойылымдарына орналасқан әрбір мұраның астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр. Демек, аталмыш тақырып қай тұсынан алып қарасақта бүгінгі күн талабына сай зерттеуді қажет ететін өзекті, көкейтесті мәселе болып табылады. Мұражай ісіне байланысты жекелеген зерттеулер болғанымен, олар Қазақстан мұражайларының қалыптасуы мен даму тарихы жөнінде толыққанды, аяқталған ғылыми негіз бере алмайды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мұражайлар, ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан былай қарайғы мұражайлар тарихы, қайта құру жылдарындағы мұражайлардың жай-күйі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі мұражайлар өміріндегі өзгерістер ғылыми зерттеу назарынан мүлдем тыс қалған.
  • Өкінішке орай, еліміздегі мұражайларымыз сонау кеңес дәуірінен бастау алатын өзінің кеңестік-аймақтық деңгейдегі қалпын бермей отырғаны тағы бар. Өйткені мұражайлардың құрылымы да, қызметі де бір жақты желіске, экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыруға ғана бағытталған. Сондықтан болар, мұражайларда археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, гералдикалық және басқа тарихи-мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу мүлдем жолға қойылмаған.
  • Мұражай жүйесі Отандық мәдениет тарихының құрамды бөлігі болғанымен бұл мәселе төңірегінде әр кезеңде жарық көрген ғылыми еңбектер көп емес. Мұражайлардың теориялық мәселелері мен қалыптасу тарихының жекелеген кезеңдеріне арналған толыққанды монографиялық еңбек жоқ. Жалпы мәдениет тарихына арналып, мұражай мәселесіне жанама тоқталған бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет