Ххі ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық ойын) Мақсаты



бет1/5
Дата22.02.2018
өлшемі464,1 Kb.
#38169
  1   2   3   4   5
ХХІ ғасыр көшбасшысы

(интеллектуалдық ойын)
Мақсаты:

1. Пәннен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

2.Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.


Ойын барысы

І.Кіріспе сөз.

Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ел мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Білімді, дарынды, ел сүйер дарындылар көбейе берсін!

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерін оқушылар ортаға салады.

ХХІ ғасыр көшбасшысы ” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойынға 3 сынып оқушылары қатынасады.



ӘДІЛ-ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ САЙЛАНАДЫ

1

2.

3.

Ойынымыздың кезеңдерімен таныс болайық



  • 1 кезең БӘЙГЕ

  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ

  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК

  • 4 кезең ЖОРҒА



Сұрақтар қойылған кезде дұрыс қол көтеріп, нақты жауап береміз. Тез әрі жауабы дұрыс оқушыға ұпай беріледі. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Сұрақтар:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?

9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

12. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

13. Жалпы есімдер қалай жазылады?

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

15. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

18. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)
2.«Полиглот» кезеңі
ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.



(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,


Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,


Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,


Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,


Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,


Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,


Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

10.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок)


3.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК» кезеңі
Сұрақтары:


Каталог: uploads -> doc -> 078d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
078d -> Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдерінің ұлттық тағамдарды дайындаудағы маңызы.. Мақсаты
078d -> Сабақ: Табиғи радиактивтілік Мектеп: №155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет