Менің ана тілім қазақ тілі. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім Осы дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы ең алғашқы әліппені таныдым. Міне, содан бері өз ана тіліммен сөйлеп келемін



Дата24.01.2022
өлшемі12,83 Kb.
#113821
Байланысты:
Менің ана тілім
Менің ана тілім, Менің ана тілім, 1652896291, Бейнелеу өнері жайлы лекция және оның мазмұны, 11 сынып Алпамыс, Приключение Том-WPS Office

Менің ана тілім – қазақ тілі . Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім

Осы дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы ең алғашқы әліппені таныдым. Міне, содан бері өз ана тіліммен сөйлеп келемін. Туған тілімізді құрметтеп білуіміз керек, және қазақ тілін білу – әр қазақтың парызы. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың азаматтың борышы. Өйткені, тіл – ата – бабамыздың бізге қалған аманаты. Ата – баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Б.Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихи ұмыту» - деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. Біздің дініміз, неше түрлі дәстүріміз және мәдениетіміз осы өзіміздің қазақ тілінде жатыр. Сондықтан да туған туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Бірақ, кейбір қазақтар өзінің ана тілін білмейтін кездер болады, және бұл өте ұят деп ойлаймын. Өзінің ана қазақ тілін білмей, басқа тілдерде сөйлеп жатады. Қазір, көп тілді білу – заман талабы. Қазақ елінің ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы : «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» - десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет адамсың» - деп А.П.Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сөз соңында айтарым, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біз қанша өзге тілдерді білсек те, өз тілімізді құрметтеп , сыйлауымыз керек, және де ана тілімізді ешқашан ұмытпауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет