«Химия және химиялық технология» кафедрасы курстық жоба tpus 3317- «КӨмірсутек шикізатын өҢдеу технологиясы



бет8/14
Дата07.02.2022
өлшемі281,16 Kb.
#89987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Базарбектің курстық жұмысы тексерілген
Doc8, Базарбектің курстық жұмысы тексерілген, 9 - сынып ҚМЖ
Технологиялық параметрлер

Каталитикалық крекинг кроцесінің нәтижесі шикізаттың айналу тереңдігі, мақсатты өнімнің шығымы және сапасы сияқты көрсеткіштермен анықталады.
Шикізаттың айналу тереңдігі деп бастапқы шикізаттан фракциялық құрамы бойынша ерекшеленетін жалпы өнімнің шығымын айтады. Кренингтің негізгі шикізаты – вакуумдық газойль (350 - 500ºС фракциясы), негізгі өнімі – газ + бензин + дизельдік фракция (жеңіл газойь) + кокс болып табылады. Шикізат қайнайтын температуралық аралықта қайнайтын ауыр газойльды шикізаттың айналмаған бөлігі ретіндеқабылдайды, бірақ ол шикізаттан химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді.
Процестің негізгі өнімі болып бензин және сығылған газ болып табылады. кокс материалдық баланста болғанымен (жоғалыммен қоса), отыра қондырғыдан шығарылмайды және регенераторда толығымен жағылыпжылулық балансты ұстайды.
Каталитикалық креккинг шикізатының қажетті айналу тереңдігіне және мақсатты өнімнің қажетті сапасын алуғы технологиялық процестің оперативті параметрлерін реттеу арқылы жетеді.
Каталитикалық крекинг процесінің басқарылмайтын параметрлеріне шикізат сапасы, катализатор сапасы (активтілік индексі), жобаға сәйкес келетін технологиялық режимді және шикізат бойынша қуаттылықты қамтамасыз ететін реакциялық аппараттардың түрі және конструкциясы байланысты.
Оперативті, яғни реттелетін параметрлерге химико-технологиялық процестердің кинетикалық теңдеулері жатады, бұл температура Т, контакт уақыты τ, реактанттардың концентрациялары. Каталитикалық крекинг процестің реакторының оперативті параметрлері ретінде крекинг зонасындағы температураны, катализатордың шикізатпен контакт уақытын, катализатордың айналу еселігін және крекинг қалдығының рециркуляция коэффициентін қарастыруға болады.
Контакт уақыты τ терминінің орнына көбінесе «көлемдік» және «шикізаттың массалық берілу жылдамдығын» қолданады – уақыт бірлігіндегі реакторға берілетін шикізаттың реактордағы катализатор мөлшеріне қатынасы. Негізінен шикізаттың берілу жылдамдығының кері функциясы контакт уақыты бар, бұл шартты түрде солай болады, өйткені есептеулерде катализатор қабатының бөлектілігі, кейде температура ескерілмейді.
Тек қана каталитикалық процестерде қоланылатын катализатордың айналу еселігі Кцккатализатордың реактор және регенератор аралығында циркуляциясы жүргізіледі. Кцк уақыт бірлігіндегі катализатор мөлшерінің шикізатқа қатынасы деп анықталады. Кинетиекалық тұрғыдан Кцк реакцияланушы жүйедегі катализатор концентрациясын сипаттайды: Кцкжоғары болған сайын, соғұрлым гетерогенді каталитикалық реакция катализатордың үлкен реакциялық бетінде жүргізіледі. Кцк өлшемі реакторлық блоктың жылулық балансына әсер етеді.
Каталитикалық крекинг процестерін көбінесе ректификация блогынан шығатын каталитикалық крекинг өнімдерінің газойльді фракцияларының рециркуляциясымен бастапқы кезде қолданылған активтілігі төмен аморфты алюмосиликатты катализаторлы қондырғыларда жүргізеді. Крекинг өнімдерінің рециркуляциясы шикізаттың конверсиясын жоғарылату, сонымен қатар катализаторды, реактордан өнім буларымен шығарылған – катализатор шламын қайтарумақсатында қолданады. Рециркулят ретінде тек қана ауыр газойлді қодана бермейді, оған қоса жеңіл газойльдер қолданылады.
ЦҚК өткеннен кейін бір айналымдағы конверсия тереңдігі жоғарылады, осыған байланысты газойльдердің рециркуляциясының қажеттілігі төмендеді (АСК – 30% дейін, ЦҚК – 10 – 15% дейін). Қазіргі кезде ЦҚК крекинг қондырғыларында ауыр газойльдің рециркуляциясы келесі мақсаттарда қолданылады:
– катализатор шламын қайтару;
– реаторлы блоктың жылулық жұмыс режимін басқару;
– техникалық көміртек алудың шикізаты термагазойль ретінде қоданылатын ауыр фракциялардың (270 – 420ºС) сапасын жақсарту. Катализатор шламын ауыр газойльдің бөлігімен шикізатпен бірге емес, реактордың жоғарғы бөлігіне немесе десорбция зонасына бөлек желімен беріледі, ауыр газойльдың құрамындағы полициклді көмірсутектер ЦҚК активтілігін айтарлықтайтөмендетеді. Каталитикалық крекингтің басқада түрлері бар («екісатылық»), оларда рециркуляттың крекингі бөлек реакторда жүргізіледі.
Осы типті қондырғылардағы реактор-регенератор жүйесіндегі қысым іс жүзінде қалыпты ұсталады. Қысымның жоғарылауы крекингтің талғаидылығын төмендетеді, және газтүзілу және кокстүзілудің жоғарылауына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет