Химия лаб раб



бет2/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc
Тест 200сұрақ 2, Есеп Азаматтық Зульфия, Зарипхан Дана әйел.ж.қатерсіз ісігі
Жұмыстың жалпы ережесі

Барлық жұмыста максимал сақтықта болу керек, ұқыпсыздық, абайсыздық, жұмыс жасалатын құралдар мен аппараттар және заттардың қасиеттерін білмеу нәтижесінде ауыр зардапты жағдайларға алып келуі мүмкін екендігін естен шығармау қажет.

Тапсырма бойынша жұмыс жасағанда, басқа жұмыстарға және әңгімеге алаңдамай, түсіндірілген және талап етілген жұмысты орындау қажет.

Химиялық реакцияларды әдістемелік нұсқауда көрсетілген мөлшерде, концентрацияда, ыдыста және құралда, сонымен бірге жағдайда жүргізу қажет.

Сабақ алдында әдістемелік нұсқаулар жазылған тақырыппен танысу керек.

Тәжірибе жасаған кезде түсінбейтін сұрақтарды оқытушыдан сұрап алып, содан кейін жұмысқа кірісесіз.

Барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Жұмыс орны реттеулі және таза болуы тиіс. Жұмысты бітіріп кетер алдында жұмыс орнын ретке келтіріп, химиялық ыдыстарды жуып, суды өшіріп, электр қыздырғыш приборларын өшіру керек.

Жұмыс жасаған кезде әдістемелік нұсқау немесе оқулық, дәптерлерді судың тиюінен сақтау керек.

Шыны ыдыстарды, реактивтерді кітаптың немесе дәптердің үстіне қоюға тиым салынады.

Тәжірибе алдында тақырыпқа байланысты теориялық материалдармен танысу керек.

Реактивтерді пайдаланған кезде олардың сыртындағы атауына назар аударған жөн.

Шыны ыдыстағы ерітінділер жабық түрде болуы тиіс. Олардың тығынын алмастырып алуға болмайды.

Жалпы қолдағы реактивтерді жұмыс орнынан алып кетуге болмайды.

Құрғақ реактивтерді арнаулы шпательмен немесе қасықпен алып құрғақ пробиркаға салады.

Артық мөлшерде алынған реактивтерді өз ыдысына қайта құюға болмайды.

Концентрлі қышқылдар мен негіздерді, күміс, сынап, бром және йод қосылыстарын сорғыш шкафтарда сақтайды.

Зиянды қосылыстарды сорғыш шкафтарда сақтайды.

Улы заттармен, қышқылдармен жұмысты сорғыш шкафтардың ішінде өткізу қажет.

Жеңіл жанғыш заттарды от көзінен алыс жерде сақтау керек.

Пробирканы қыздырған кезде оны пробирка ұстағышпен ұстап, пробирканың аузын өзіңнен және көршілеріңнен басқа бағытқа бағыттау керек.

Улы заттарды иіскеуге болмайды. Химиялық заттардың иісін білу үшін пробирканы белгілі бір жерде ұстап, газды немесе уды қолмен желкіп, өзіңізге бағыттайсыз. Бұл кезде тынысты толық алуға болмайды.

Сұйықты қыздырған кезде оның үстіне еңкеюге болмайды.


Лабораториядағы заттардың ¾ бөлігі улы заттарға жатады.

Концентрлі қышқылдарды (әсіресе күкірт қышқылын) еріткен кезде судың үстіне қышқылды бөлшектеп тамызып ерітеміз. Бұл әдісті керісінше істеуге болмайды.

Лабораторияда тамақ жеуге болмайды.

Су ағызатын раковинаға шыны қалдықтарын, қағаз және металл қалдықтарын тастауға болмайды. Барлық қалдықтарды арнаулы ыдысқа салу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет