Химия лаб раб



бет9/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc
Тест 200сұрақ 2, Есеп Азаматтық Зульфия, Зарипхан Дана әйел.ж.қатерсіз ісігі
Қышқылдарды алу

Тәжірибе 7. Пробиркаға 1г кальций карбонатын СаСО3 салып, оның үстіне концентрленген тұз қышқылын құйыңыз. Іле-шала пробирканы газ шығатын түтігі бар тығынмен тығындаңыз. Газ шығатын түтіктің ұшын басқа стақандағы дистильденген суға батырыңыз. Қандай құбылысты байқауға болады?

Химиялық реакцияның теңдеуін жазыңыз.


Тұздарды алу

Тәжірибе 8. Пробиркаға 1-2 мл күміс нитратының ерітіндісін және сондай мөлшерде ас тұзының ерітіндісін құйыңыз. Нені бақыладыңыз? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 9. Пробиркаға 5 мл күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, оның үстіне мыс оксидін салыңыз. Пробирканы қыздырған кезде көгілдір ерітінді түзіледі. Бұл қандай қосылыс? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 10. Пробиркаға 1-2 мл барий хлориді ерітіндісін құйып, оның үстіне 1-2 мл күкірт қышқылын қосыңыз. Ақ түсті тұнбаның түзілгенін көріңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 11. Таза темір шегені немесе скрепканы мыс сульфатының ерітіндісіне батырыңдар. Ерітіндінің түсі ағарғанша абайлап қыздырыңдар.

1-2 минуттан кейін шегені алып, қараңыз. Шегенің бетінде қандай өзгеріс болды? Реакция теңдеуін жазыңыз.



Тапсырма:

  1. Реактивтерді таңдап алу.

  2. Зертханалық жұмысты жасау.

  3. Реакция теңдеулерін жазу.

Жұмыста қолданатын негізгі схемалар мен формулалар:

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының арасындағы байланыс көрсетілген сызбанұсқа.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қышқылдардың аталуы, алынуы, қасиеттері.

  2. Негіздердің аталуы, алынуы, қасиеттері.

  3. Оксидтердің аталуы, алынуы, қасиеттері.

  4. Тұздардың аталуы, алынуы, қасиеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет