Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


АЛКАНДАР ҚАТАРЫНДАҒЫ ИЗОМЕРЛЕР САНЫ



бет398/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
АЛКАНДАР ҚАТАРЫНДАҒЫ ИЗОМЕРЛЕР САНЫ



Аты

Формула

Изомер саны

Метан
Этан
Пропан
Бутан
Пентан
Гексан
Гептан
Октан
Нонан
Декан

СН­4
С2Н6
С3Н8
С4Н10
С5Н12
С6Н14
С7Н16
С8Н18
С9Н20
С10Н22

1
1
1
2
3
5
9
18
35
75



ИЗОМЕРЛЕР ТҮРІ




Тақырыптарды қорытындылауға арналған есептер мен жаттығулар


Вариант 1
1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:
С10Н12 → С3Н6О2 → С3Н5ОСI → С10Н12О2
Теңдеулерде заттардың структуралық формулаларын жазып, реакцияның жүру жағдайларын көрсету керек.
2. Сірке және құмырсқа қышқылдары қоспасындағы формальдегид ерітіндісінің жалпы массасы 2,33г. Бұл ерітінді 8,4%-ті (ρ=1,07г/мл) 18,7 мл калий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеседі. Бұл жағдайда алынған ерітіндіні күміс нитратының сулы-аммиакті ерітіндісінің артық мөлшерімен қыздырған кезде 9,72г тұнба пайда болады. Алғашқы қоспадағы компоненттердің мольдік үлесін анықтау керек. Жауабы: 10% НСООН; 50% СН3СООН; 40% Н2СО.


Вариант 2
1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
С8Н14 → С3Н6О2 → С3Н5О2Сl → С3Н10О2N2
Теңдеулерде заттардың структуралық формулаларын жазып, реакцияның жүру жағдайларын көрсету керек.
2. 1,82г сірке және құмырсқа қышқылдары қоспасындағы формальдегид ерітіндісі 18,9мл 6,0%-ті (ρ=1,06г/мл) натрий гидроксидімен толық әрекеттеседі, ал бұл жағдайда алынған ерітіндіні сулы-аммиакты күміс оксиді ерітіндісінің артық мөлшерімен қыздырса, 8,64г тұнба түзіледі. Алғашқы қоспадағы компоненттердің мольдік үлесін анықтау керек.


Вариант 3

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:


Функционалды Х және У топтарын анықтап, барлық жүретін реакциялардың жағдайларын көрсету керек.

  1. Метанол мен этиламин қоспасының буы жететіндей мөлшердегі оттегі жанғанда 43,2г су және 4,48л (қ.ж.) газ түзілген, бірақ бұл газ натрий гидроксиді ерітіндісімен жұтылмайды. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, этиламиннің алғашқы қоспадағы массалық үлесін анықтау керек.



Вариант 4
1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:

Функционалды Х және У топтарын анықтап, реакциялардың жүретін жағдайларын көрсету керек.
2. Фенол мен изопропиламин қоспасы жеткілікті мөлшердегі оттегіде жанғанда 13,5г су және 1,12г (қ.ж.) түзілген газ натрий гидроксиді ерітіндісінде жұтылмайды. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, алғашқы қоспадағы изопропиламиннің массалық үлесін есептеу керек.


Вариант 5

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек):

С4Н5Na → С4Н6 → С4Н8О → С4Н11О2N
Теңдеулерде реагенттер мен реакция өнімдерінің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

  1. Майдың толық қышқылдық гидролизі нәтижесінде 55,6г линолен қышқылы (С17Н29СООН) және 9,2г глицерин түзілген. Сонымен бірге гидролиз нәтижесінде түзілген олеин қышқылының (С17Н33СООН) массасын есептеу керек.

Вариант 6

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек):

С3Н8О → С3Н6О2 → С3Н5СIО → С3Н5О2Nа → С6Н12О2
Теңдеулерде реагенттер мен реакция өнімдерінің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

  1. Массалары бірдей мөлшерде алынған пропанол, пропион қышқылы және фенол араластырылған. Осы қоспамен ас содасының тек 5,68г ғана реакцияға түседі. Алынған заттар қоспасының осындай өлшемімен натрий гидроксидінің қанша максимал массасы әрекеттеседі?



Вариант 7

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

Вг2(1 моль) 5% NaOH CuO t KMnO4
С3Н8 ───→ А ───→ В ───→ С ───→ Д
t 0 H2O H2SO4
А-Д қосылыстарының структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.

  1. Этилацетат және гексилацетат қоспасын жаққанда түзілген су массасы 2,70г 150С температура мен қалыпты қысымда бөлінген көмір қышқыл газының көлемін есептеу керек.



Вариант 8

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек:

СI2 (1 моль) КОН Н2О КМnO4
С2Н8 ────→ А ────→ В ────→ С ────→ Д
hυ спирт H2SO4 H2SO4
А-Д қосылыстарының структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.
2. Құрамына тек олеин қышқылының қалдығы кіретін май жартылай гидролизге ұшырағанда алғашқы май массасының 58,19%-тін құрайтын глицериннің күрделі эфирлерінің қоспасы түзілген. Жартылай гидролизге ұшыраған осы май өнімдері қоспасының 1кг массасы қанша сутегінің мөлшерін қосып ала алады?


Вариант 9

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д. Бұл әріптерге сәйкес заттар: С6Н12Вг2, С6Н5Вг, С6Н6 және С6Н12 реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

  2. 7,49г пиридин гомологы 25,6г 10% -ті тұз қышқылымен толық әрекеттеседі. Гомологтың молекулалық массасын анықтап, оның төрт изомерінің структуралық формуласын жазу керек.



Вариант 10

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д. Бұл әріптерге сәйкес заттар: С4Н8; С4Н8О2К2; С4Н10О2; С4Н9I. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

  2. 115г пирролдың бензолдағы ерітіндісі калий металымен әрекеттескенде 1,12л газ (қ.ж.) бөлінеді. Алғашқы ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін есептеу керек.



Вариант 11

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д . Бұл әріптерге сәйкес заттар: С7Н6О2; С7Н5О2Na; С7Н8; С7Н10. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

  2. Сақинасында орын басқан топтары жоқ азоты бар гетероциклді қосылыстың үлгісін жаққанда 7,5л көмір қышқыл газы, 3,75л су буы және 0,75л азот (қ.ж.) түзілген. Алғашқы заттың структуралық формуласын анықтау керек.

Вариант 12

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д. Бұл әріптерге сәйкес заттар: С7Н8; С7Н7О2N; С7Н5О4N; С7Н14. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

  1. Сақинасында орын басқан топтары жоқ азоты бар гетероциклді қосылыстың үлгісін жаққанда 1,2л көмір қышқыл газы, 0,75л су буы және 0,15л азот (қ.ж.) түзілген. Алғашқы заттың структуралық формуласын анықтау керек.



Вариант 13

  1. Мына кестеге сәйкес жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек (структуралық формулаларын пайдаланып): А → В → С → Д. Бұл әріптерге сәйкес заттар: С2Н7О2N; С5Н11О2N; С2Н6О; С2Н4О2. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.

  2. 100г пиридинді 2000С температурада және 500кПа қысымда каталитикалық гидрлеуге қанша көлем сутегі қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет