Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


Мақсаты: Студенттерді сандық есептер шығарудың жалпы қағидаларымен таныстыру. Нақты мысалдарды шығара білуге үйрету. Жоспар



бет8/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Мақсаты: Студенттерді сандық есептер шығарудың жалпы қағидаларымен таныстыру. Нақты мысалдарды шығара білуге үйрету.
Жоспар:
1. Сандық есептерді мектепте шығартудың маңызы.
2. Сандық есеп шығаруда жіберілетін басты кешіліктер
3. Сандық есептерді шығаруда қолданылатын тәсілдер
4. Негізгі тәсілдерді қолданып есептер шығару
Химиялық білім беруде оқытудың бір тәсілі ретінде сандық есептер шығару маңызды орын алады. Химиядан сандық есептер шығару арқылы химияның оқу материалы терең меңгеріліп, алынған білім, білік, икемділік, дағдылары дамытылады, оқушылар алған білімін өз бетімен қолдануға жаттығады.
Химиялық білім нақты, тұрақты болу үшін оқушы алдымен ұсақ, соңынан ірі мәселелерді шеше алатындай болуы керек. Яғни шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, ақыл-ой әрекеті жетілген оқушы химиялық есептерді қиналмай шығарады. Бұл оның күрделі ойлау қабілетінің жоғары сатыда екенін дәлелдейді.
Химиядан сандық есептерді шығаруға үйрету мәселесін психологиялық тұрғыдан зерттеу мынаны көрсетіп отыр. Сандық есеп шығару дағдысының қалыптаспауы оқушының көп нәрсені ескермегендігінен туындайды.
Мысалы химиядан сандық есепті шығару кезінде:

  • оқушы көбіне есепті оқытушы көрсеткен жолмен ғана шығарады да, өз бетімен есептің басқаша стандартты емес шығару жолын қарастырмайды;

  • оқушы есеп шығарып отырып есептің мағанасына көңіл аудармайды, өзінің іс-әрекетін дұрыс пайымдамайды;

  • көбінесе есептің мазмұнына талдау жасамайды, оны ой елегінен өткізіп, талқыламайды;

  • есепті шығару жүйелілігін сақтамайды;

  • химиялық тіл, математикалық есептеу, өлшемдер бірлігін жүйелі қолдану, физикалық шамаларды белгілеу дұрыс ескерілмейді;

  • есептің жауабын қандай да жолмен дәл табу алдыға мақсат етіп қойылып есепті шығарылу жолын түсіндіруге көңіл аударылмайды;

  • шыққын есептің жауабын әртүрлі жолмен тексеру яғни кері есеп шығару немесе басқа әдіс қолдану сияқты шаралар қолданылмайды;

  • есептерді бей-берекет, белгілі бір жүйеге келтіріп алмай, бір-бірімен байланыстырмай шығарады.

Оқушыны осы аталған кемшіліктерді жібермей сандық есеп шығаруға үйрету өте көп жұмыс атқаруды талап етеді. Оқушы химиядан сандық есептерді шығаруды меңгеру үшін алдымен сандық есептерді жіктеп алуымыз керек. Содан кейін сандық есептерді шығаруды сол жүйе бойынша іріктеген жөн.
Бір типке немесе түрге жататын есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға, жоғарғы сыныптарда оқушылардың математикадан білімінің өсуіне қарай тәсілді күрделендіруге назар аударылған. Бұл сыныптарда есепті шешудің жинақтап қорытылған жалпы тәсіліне ауысқан тиімді. Есептерді шығаруға барлық оқушыларды бірдей қатыстырып, өзін-өзі бақылауға, өздігінен есептер құрастыруға үйретсе ғана олардың білімі мен білігі тиянақты болады.
Сандық есептерді шығару кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады. Енді мектеп сарамандығында мұғалімдердің сандық есептерді шығарудың әр түрлі әдіс, тәсілдерін қалай қолданатынына тоқталайық.
Сандық есептерді шешу тәсілдері және әдістемесі
Сан есептерінің екі жағы бар. Біріншісі – заттармен, химиялық реакциялармен және ұғымдармен байланысты химиялық мазмұны, екіншісі – сандық мәліметтермен жүзеге асырылатын математикалық амалдары. Есептеу есептерінің міндетті түрдегі талаптарының бірі бір немесе екі белгісіз мәндерді табу болып есептеледі. Ол мәндер ізделетін мәндер деп аталады. Кейде ізделетін мәндер сапалық сипатты болады. Мысалы, қосылыстың формуласын жазу немесе химиялық элементті анықтау қажет. Шындығында бұл есепті шешу үшін қосылыс молекуласындағы атомдардың белгілі санын немесе қосылыстың молдік массасын табу қажет болады.
Есептеу есептерінің берілісінде үнемі мәндердің сандық мөлшері беріледі және оның іздеуге түсіп отырған мәнмен белгілі бір байланысы болуы мүмкін. Ол мәндерді есептің берілісі деп атайды. Есептің берілісі сан түрінде емес, қосылыс аты, формуласы, физикалық мәндер түрінде болуыда мүмкін.Есепті шығару әрдайым оның шартын тлдаудан басталады. Ең алдымен қандай мәндермен есептеуді жүргізу керектігі анықталып, біркелкі өлшем бірлігіне келтіріп, есептің барысында нені іздеу керектігін дәл анықтау керек. Есепте келтірілген химиялық өзгерістерді реакция теңдеуі түрінде жазып, коэффициентін міндетті түрде қойған жөн. Есеп берілісіндегі мәндермені ізделіп отырған мәндер арасындағы сандық қатынастарды анықтап, белгілі заңдылықты табу керек.
Көпшілік жағдайда есепті шығаруды иллюстрациялау арқылы жеңілдетуге болады. Суретте схема түрінде есепте ізделіп отырған нысандарды: ерітінді, қоспа, қосылыс жіне оның құрамдас бөліктерін белгілейді. Сонымен қатар нысан мен оның бөліктері арасындағы сандық қатынасты белгілейтін формулаларды жазады. Схема түріндегі сурет есеп мазмұнын дұрыс қабылдауға жағдай туғызады. Әсіресе газдармен, ерітінділермен байланысты есептерде көзбен қабылдау есептін мәніне жылдам ой жүгіртуге мүмкіндік береді.
Есептің шарты көбінесе тек бір ғана жауап алуға әкеледі. Кей есептердің берілісінде іздеп отырған мәнді табуға қажетті ақпараттан тыс мәлімет те берілуі мүмкін. Дегенмен осының бәрі есептің тек бір жауабы болуға әкеледі. Кей есептерді бірнеше әдіспен шешуге болады.
Сандық есептерді шығару математиканы қолдануға саяды. Есептің шығару жолы оқушы тәжрибесіне, математикалық білімін қалай қолдана білуіне байланысты. Химияны оқытудың бастапқы кезеңдерінде пропорция құруды үйрететміз. Сандық есептерді шығаруда пропорцияны қолдану есеп мәндері арасындағы байланыстық қатынастарды талдауға мүмкіндік береді. Математикалық мүшелеріне қарай сандық есептерді шешу бірге келтіру, пропорция құру, алгебралық, графикалық және алгоритмдік тәсілдер деп жіктеледі.
Алгоритмдік тәсілді оқытушылар өз іс-тәжрибесінде қалай қолданатынына тоқтала кетейік.
Типтік есептерді шығару алгоритімін қолданудың артықшылық жақтары біршама:
1. Оқушылар есептің шығарылу жолын жаттап алмай, дұрыс ойланып, химиялық көркемдеуге, сауатты жазуға дағдыланады.
2. Типтік есептерді қолдануда формальдылықтан құтылып, алгоритм операцияларының орындалу тәртібі біртіндеп естерінде жақсы сақталады.
3.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Есеп дегеніміз бұл болмыстың қысқаша схемаланған моделі. Ол ғылым заңдылықтарына қайшы келмей, тілі жатық түсінікті, теория мен фактілерге сүйенген болу керек. Сонымен бірге белгілі бір қиындық деңгейіне сай, бағдарлама мөлшеріне дәл болуы үлкен рөл атқарады.
Формула бойынша есеп шығаруда зат құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша формула құру алгоритімін қолданып, қиынырақ есеп шығаруда пайдалана білуге қалай үйретететінімізге мысалдар келтірейік.
Есептің алгоритімі:
- есептің берілісін қысқаша жазу;
- салыстырмалы тығыздығы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;
- заттың 1 моліндегі элементтердің атомдық массалары және молярлық массаларын анықтау;

  • моль атомдар саны бойынша заттың жай формуласын құрып, оның салыстырмалы молекулалық массасын табу;

  • заттың бір моліндегі элементтердің моль атомдар санын анықтап, егер бөлшек сандар шықса, кішісіне бөліп бүтінге айналдыру;

  • заттың нақты молекулалық массасын төртінші амалда алынған массаға бөліп қатынасын табу;

  • заттың нақты формуласын құру.

Алдымен аса күрделі емес, жеңіл типтік есеп шығарылады. Мысалы:
1-есеп. Егер қосылыс құрамына кіретін көміртектің массасының үлесі –86, 7-пайыз ал сутектің массалық үлесі –14,3 пайыз және қосылыстың сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 21-ге тең болса, нақты формуласы қандай болғаны?
Берілгені:
1. Д(Н2)=21
W(C)=85,7%
W(H)=14,3%
CхHу-?
Шешуі:
1. Д(Н2)  M(CхHу) / M(H2)  M(CхHу)  Д(Н2) M(CхHу)
2. M(CхHу)= 212=42
3. AR(C) = 12 M(C)= 12 г/моль AR(Н) = 1 M(Н)= 1 г/моль
4. =m/M v(C)= 85,7/12 = 7,14 г/моль v(H)= 14,3/1=14,3 г/моль
х:у= 7,14:14,3; х:у= 7,14/7,14:14,3/7,14= 1:2
5. CH2 M(CH2)= 12+21= 14 г/моль
6. M(CхHу)/ M(CH2) = 42/14= 3 есе артық
7. (СН2) 3 = С3Н6 Жауабы: С3Н6 (5)

3 Дәріс тақырыбы: Химияның негізгі заңдары, атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыптарына есептер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет