«Хордалылар типі. Бас сүйексіздер тип тармағы. Басхордалылар класы»


-сурет. II. Ланцетниктің көлденең қимасы



бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі71,09 Kb.
#171835
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практическое занятие 8-1672421759322
Лекция №1 Педагогиканы теориялы - діснамалы негіздері Лекция ж

24-сурет. II. Ланцетниктің көлденең қимасы.


II-Желбезек маңы көрінісі.
1-миомер,2-арқа қанаты, 3-метаплевральды қатпар, 4-миомер, 5-құрсақ бұлшық еті, 6-хорда, 7-нерв түтігі, 8-невроцель, 9-нерв түтігінің қуысы, 10-дəнекерұлпалы қабық, 11-миосепта, 12-желбезекаралық перде, 13- эндостиль, 14-желбезекүсті бороздасы, 15-целомдық каналдар, 16-атриальды қуыс, 17-бауыр өсіндісі, 18-жыныс бездері,
19-қолқа тамыры.

Қантамырлар жүйесі ұзын негізгі екі: арқа жəне құрсақ қантамырларынан құралады. Жұтқыншақ астында желбезекаралық перделерге қан əкелгіш құрсақ қолқасы жатады.


Желбезек перделерінде суда еріген оттегіне қаныққан артерия қаны- шығарушы желбезек артериясы арқылы, арқа қолқасының түбірі деп аталатын жұп желбезек үсті қантамырларына келеді. Бұл жұп желбезек үсті қантамырлары қосыла келіп, арқа қолқасын түзеді. Арқа қолқасы хорданың үстінен өтіп жəне ланцетник денесінің артқы жартысындағы мүшелерге тармақталады. Желбезек үсті қан тамырлары дененің бас бөліміне қан алып келетін ұйқы артерияларына жалғасады.



24-сурет. III-Ішек маңы көрінісі:


1-хорда, 2-нерв түтігі, 3-арқа қанаты, 4-миомер, 5-целом,
6-желбезек айналасындағы қуыс, 7-ішек, 8 -арқа қолқасы, 9- ішекасты венасы.

Вена қаны ішектен ішек асты венасы бойымен бауыр өсіндісіне келіп, осы бауыр өсіндісінің қабырғаларында капилляр-торларына тарамдалып, бауырдың қақпа жүйесін құрайды. Бауырдан қан бауыр венасына шығып, құрсақ қолқасының түбірінде орналасқан вена синусына құйылады. Мұнда сонымен бірге, оң жəне сол екі кең, жұқа қабырғалы Кювьеров жолдары да құрайды. Бұл Кювьеров жолдары қанды дененің алдыңғы жəне артқы бөлімдерінен алып келетін алдыңғы жəне артқы қос кардиальдық веналардың қосылуынан құралады. Қан вена синусынан құрсақ қолқасына құйылады.Жоғарыда айтылғандардан байқалатындай ланцетниктің қан айналу жүйесі тұйық, жүрегі болмайды. Қаны түссіз болады.Жүрегі болмағандықтан қан құрсақ жағындағы қолқаның жиырылуы мен желбезектегі қан тамырларының төменгі бөлімінің жиырылып-жазылып тұруы нəтижесінде қозғалады.


Ланцетниктің нерв жүйесі өте қарапайым болып құрылған.Олардың орталық нерв жүйесі деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып
созылып жатқан нерв түтігі болады. Осы нерв түтігінен əрбір ет сегментіне қосарланған арқа жəне құрсақ қозғалғыш нервтері таралады.
Сезім мүшелері - өте қарапайым. Ланцетниктің бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш – Гессе көзшелері орналасқан. Олар осы Гессе көзшелері арқылы жарықтарды сезеді.Сонымен қатар денесінің алдыңғы ұшында иіс сезу оязы, яғни шұңқыры болады.Оның көмегімен судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Бұдан басқа да денесінде – эпидермисте бытырап жатқан сезгіш жасушалары болады.
Зəр шығару мүшелері – желбезектің екі шетінде жұтқыншақ маңайына метамерлі орналасқан, түрі өзгерген көптеген (90 жұп) метанефридия түтікшелерінен тұрады. Метанефридия түтікшелерінің сыртқы ұшы желбезек маңындағы (атриальді) қуысқа ашылады да, екінші ұшы целом (бүтіндей) қуысына еніп тұрады.
Көбею мүшелері желбезек саңылауларының маңайына орналасқан, денесінің екі бүйірінде жатқан сопақша тəрізді денешіктерден тұрады. Ланцетниктер-дара жыныстылар. Жетілген жыныс жасушалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады, яғни ұрықтану сыртта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет