«Хордалылар типі. Бас сүйексіздер тип тармағы. Басхордалылар класы»


Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар



бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі71,09 Kb.
#171835
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практическое занятие 8-1672421759322
Лекция №1 Педагогиканы теориялы - діснамалы негіздері Лекция ж
Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоптар, лупалар, дене мүшелері белгіленген арнаулы ертінділерде сақталған ланцетниктер, ланцетниктердің тотальді (бүкіл денесін қамтитын) препараттары мен көлденең кесіндісі бар микропрепараттар, микротаблицалар жəне схемалар.


Студенттердің өзіндік орындайтын жұмыстары.





  1. Тапсырма. Ланцетниктің систематикасымен танысып, оны жазып алу.

СИСТЕМАТИКАСЫ:


Хордалылар типі-Chordata
Бас сүйексіздер тип тармағы- Acrania Бас хордалылар класы- Cephalochordata Мұртшалы ауыздылар отряды
Өкілі: Ланцетник- Branchiostoma lanceolatum



  1. Тапсырма. Лупалармен немесе микроскоптың кіші ұлғайтқыштарымен дене мүшелері белгіленген арнаулы ерітінділерде сақталған ланцетниктерді қараңыздар. Оның денесінің алдыңғы жəне соңғы ұштарына, бүкіл дене пішініне назар аударыңыздар.Денесінің алдыңғы ұшында орналасқан ауыз қармалауыштарын жəне соңғы ұшынан-дорзальді жағынан арқа қанатына өтетін сүйірленген құйрық қанатын тауып, көңіл бөліңіздер.

Препаратты алдыңғы ұшынан соңғы ұшына қарай жылжыта отырып, ланцетниктің ішкі құрылысын қараңыздар. Мускулатурасынан миомерлері мен миосепталарын ажыратыңыздар. Арқа жағында бүкіл денесін бойлап
созылып жатқан қаңқа қызметін атқаратын-хордасын табыңыздар. Хорданың үстінде жатқан нерв түтігін, сонымен бірге микровинтті қозғалта отырып жарық сезгіш-Гессе көзшелерін тауып, көңіл бөле қараңыздар.
Хорданың астында дененің алдыңғы бөлімінен басталып, желбезек саңылауларын аралап өтетін кең жұтқыншағы жатады. Жұтқыншағы одан əрі ішекпен жалғасып, аналь тесігімен бітеді. Микровинтпен жұмыс істей отырып жəне жарықты өзгерте отырып орта ішектен шығатын бауыр өсіндісін іздеңіздер. Жұтқыншақтың екі қырынан атриальді қуыс пен атриопорды табыңыздар.
Зəр шығару мен қан айналу жүйелерін бұл препараттардан таба алмайсыздар, сондықтан оларды схемалар бойынша оқыңыздар.
Жыныс мүшелері жетілген ланцетниктер денесінің екі бүйірлерінде сопақша денелер тізбектері тəрізді болып көбею мүшелері-гонадалар орналасқан. Ланцетниктің ішкі құрылысының суретін салып, мүшелерін белгілеңіздер.

  1. Тапсырма. Ланцетниктің көлденең кесіндісі бар микропрепараттардан жұтқыншақ пен ішек маңайын қараңыздар.Ланцетниктің көлденең қимасын жақсы ұғыну үшін бұл микропрепараттарды тотальді препараттардың салынған суреттерімен салыстыра оқу керек.Сосын барып, көлденең қиманың суретін салып, мүшелерін белгілеңіздер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет