Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
 
Жыр 
Хан қызы! Орнымнан тұрайын ба?
Жағаңнан, алқымыңнан алайын ба?
Табанымның астына салайын ба?
Қара болат өз қылышым қолыма алайын ба?
Өз кеудеңнен басыңды кесейін бе?
Жан тәттісін саған білдірейін бе?
Алау қаныңды жер үстінен төгейін бе?
Хан қызы, себебі неден-ді, айтшы маған,
Қатты қысым етермін енді саған
деді. 
Дерсе ханның әйелі сөйлейді, көрелік не сөйлейді:
– Ей, Дерсе хан! Мені азаптама, ісініп ащы сөздер 
сөйлеме; орныңнан тұр; ала ордаңды жер үстіне тіктіріп, 
аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойдыр; Ішкі 
оғыздарды, Тысқы оғыздарды жи; аш көрсең, тойдыр, 
жалаңаш көрсең, киіндір; борыштыны борышынан құтқар; 
төбедей қылып ет үй, көлдей қылып қымыз саудыр; ұлы 
той жаса, тілек тіле, бәлкім, бір аузы дуалының алғысы 
келіп, Тәңірі бізге бір батпан ұл берер, – деді. 
Дерсе хан әйелінің сөзімен ұлы той жасап, тілек 
тіледі; аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар 
сойдырды. Іш оғыз, Тыс оғыз бектерін жиып, сауын айтты; 
аш көрсе тойдырып, жалаңаш көрсе киіндірді; борыштыны 
борышынан құтқарды; төбедей қылып ет үйді, көлдей 
қылып қымыз саудырды; қол көтеріп, тілек тіледі. 


67 
Бір аузы дуалының алғысы келіп Аллах тағала аян 
берді; әйелі жүкті болды, біраз мезгілден соңыра бір ұл 
туды. Баланы сүт анаға берді, бақтырды. 
Ат аяғы – тұлпар болар, озан тілі – жүйрік болар. 
Сүйегі толып, қабырғасы қатты. Оғлан он бес жасқа толды. 
Оғланның әкесі Байындыр ханның ордасына барды. 
Сөйтсе, хан-екем, Байындыр ханның бір бұқасы бар 
екен, бір дағы бурасы бар екен. Ол бұқа қатты тасқа 
мүйізін сүзсе, ұндай қылып үгітеді екен. Жазда бір рет, 
күзде бір рет бурасын алыстырып, бұқасын сүзістіріп, 
Байындыр хан қалың оғыз бектеріне тамаша көрсетеді 
екен. 
Сөйтіп, сұлтаным, әдеті бойынша жазда бұқаны 
сарайдан шығарады. Үш кісі оң жағынан, үш кісі сол 
жағынан темір шынжырмен бұқаны бұғаулап әкеліп, алаң 
ортасына қоя береді. Сөйтсе Дерсеханның ұлы тағы үш 
баламен алаңда асық ойнап жүр екен. Бұқаны қоя беріпті 
де, балаларға қашыңдар дейді. Әлгі үш бала қашты да, 
Дерсе ханның ұлы қашпады, ақ алаңның ортасында қарады 
да тұрды. Бұқа болса баланы сүзбекке оқталды. Баланың 
өлімін тілегендер де болды. Оғлан жұдырығымен бұқаның 
қақ маңдайынан салып қалады, бұқа артқа шегініп кетті де, 
баланы 
сүзбекке 
қайта 
ұмтылды. 
Оғлан 
бұқаның 
маңдайынан 
тағы 
жұдырығымен 
қатты 
ұрды 
да, 
жұдырығын таяған қалпы кері итеріп алаңның басына 
шығарды. Бұқа мен бала бір-біріне өліспей берісер 
болмады. Бұқаның екі жауырынының үстіне көбік тұрды, 
не Оғлан жеңер, не бұқа жеңер болмады. Балаға ой келді, 
айтты: «үйде тіреу болады, тіреу таяқтан болады, мен 
мұның алдында не үшін тіреу болып тұрмын?» Оғлан 
бұқаның маңдайынан жұдырығын жұлып алып, жолынан 
былай тұрды. Бұқа аяғымен тұра алмады, омақаса 
төбесімен құлады. Оғлан пышағын алды да, бұқаның 
басын кесті. 


68 
Оғыз бектері келіп баланың қасына жиналды, бә-
рекелді айтысты. 
Қорқыт атаны шақыртты, Оғланды алып әкесіне 
барды. Қорқыт ата оғланның әкесіне сөйледі, көрелік, хан-
екем, не сөйледі: 
Ей, Дерсе хан, бектігіңді бер бұл ұлыңа, 
Тағыңды бер, ер екен; 
Құлаш мойын бәдәуи ат бер бұл ұлыңа, 
Мініс берсін, өнерлі екен; 
Отарыңнан сансыз қой бер бұл ұлыңа, 
Сойыс берсін, ер екен; 
Келеден қызыл бұйра аруаналар бер, 
Қоныс берсін, өнерлі екен; 
Алтын төбелі еңселі үй бер бұл ұлыңа,
Сая болсын, ер екен; 
Өңірі жібек шекпен бер бұл ұлыңа, 
Киіс берсін, өнерлі екен.
Байындыр 
ханның 
ақ 
алаңында 
бұл 
ұлың 
тайсалмады, бұқа өлтірді. Балаңның аты Бұқаш болсын, 
атын мен бердім, жасын Алла берсін», – деді. 
Дерсе хан ұлына бектігін берді, тағын берді, ұлы 
таққа отырды. 
Бала әкесінің қырық жігітіне қарамайтын болды. Ол 
қырық жігіт күндеп, бір-біріне айтты: «Келіңдер, баланы 
әкесіне шағыстырайық, бәлкім, баласын өлтірер, сонда 
біздің абырой-ізетіміз әкесінің алдында артар», – десті. 
Қырық жігіт жиырмасы бір бөлек, тағы бір 
жиырмасы бір бөлек болып бөлінді. Әуелі бір жиырмасы 
барды, Дерсе ханға мынадай хабар жеткізді: «Көрермісің, 
Дерсе хан, нелер болды? Жарымасын-жалшымасын, сенің 
ұлың опасыз азғын болды. Қырық жігітін жанына алып, 
қалың оғызға жорыққа шықты. Қай жерде сұлу қыз көрсе 
олжалап алды, ақ сақалды қарының аузын сөкті, ақ 


69 
жаулықты қарт ананың сүтін жерге сауғызды. Бұл хабар 
аққан судан терең кешіп, арқалы Ала таудан жоғары асып, 
хандар ханы Байындырға жетсе, «Дерсеханның ұлы айтуға 
ауыз бармайтын іс жасады» десе, тірі жүргеннен өлгенің 
игі еді. Байындыр хан сені шақырар, қатты қысым етер. 
Мұндай азғын ұл неге керек, ондай ұлдың болғанынан, 
болмағаны игі еді, оны өлтір», – десті. Дерсе хан: 
«Шақырыңдар, өлтірейін», – деді.
Сөйткенше, 
хан-екем, 
арамзалардың 
қалған 
жиырмасы тағы шыға келді де, өсек-аяңды қаулата түсті: 
«Дерсе хан, сенің ұлың орнынан ыршып тұрды, бауыры 
көркем биік тауға аңға шықты, сен барған жерден аң 
аулады, құс салды, анасын жанына шақыртып, ал қызыл 
шарап ішіп, онымен ақылдасты, әкесіне қастық ойлады. 
Ұлың опасыз азғын болды. Арқалы Ала таудан хабар асса, 
хандар ханы Байындырға жетсе, «Дерсе ханның ұлы 
айтуға ауыз бармайтын іс жасады» десе, сені шақыртар,
Байындыр ханның тарапынан саған азап болар, азғын ұл не
керек, 
өлтірсең 
етті» 
десті. 
Дерсе 
хан 
айтты:
«Шақырыңдар, өлтірейін, азғын ұл маған керек емес», – 
деді. Дерсе ханның нөкерлері айтты: «Біз сенің ұлыңды 
қалай келтіреміз, сенің ұлың біздің сөзімізді тыңдамайды, 
орныңнан атып тұр да, жігіттеріңді қаруландырып жаныңа
ал, ұлыңды ертіп аңға шық, құс ұшырып, аң аулап 
қызықтаған ұлыңды атып өлтір, осылай өлтірмесеңіз,
басқа жолы жоқ, осыны біліңіз», – десті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет