I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет45/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


2118 - Нұсқа 
1-мәтін 
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет, Өнер біткеннің 
бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал 
живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның 
эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка 
тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни 
музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды тузеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, 
адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді. 
1. 
Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз 
сәйкес келеді?
 
A) 
Жігітке жетпіс өнер де аз 
B) 
Еңбек ер атандырады 
C) 
Өнер - таусылмас азық 
D) 
Кең пейілдіге ас көп 
E) 
Жолың алыс болса, атыңды қинама 
2. 
Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі 
қай кезде арта түседІ?
 
A) 
Сурет өнері мен музыка үйлескенде 
B) 
Тіл мен музыка үйлескенде 
C) 
Сәулет өнері мен музыка үйлескенде 
D) 
Спорт пен музыка үйлескенде 
E) 
Қол өнері мен музыка үйлескенде 
 
2- 
мәтін 
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», 
- деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден 
айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды. 
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген 
қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес: 
1) 
Үзбей  жаттығу.  Атақты  неміс  археологы  Генрих  Шлиман  үнемі  жаттығуының  арқасында 
күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде 
үйренген. 
2) 
Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. 
Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады. 
3) 
Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу 
керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын 
адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз. 
4) 
Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін 
үйренуде жақсы көмекші. 
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик 
философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін 
ұмытпайық! 
3. 
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?
 
A) 
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 
B) 
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
C) 
Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. 
D) 
Басқа пәле - тілден. 
E) 
Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді. 
4. 
Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге 
негіз болатын басты әрекет
 
A) 
Күн сайынғы жаттығу 
B) 
Музыка тыңдау 
C) 
Тілдердің ұқсастығы 
D) 
Қорқынышты жеңе білу 
E) 
Адамның жеке қабілеті 
6. 
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз? 
A) 
Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды 
B) 
Он шақты тіл меңгергендерді 
C) 
Жазушылық қабілеті бар адамдарды 
D) 
Екі тілді меңгерген адамдарды 
E) 
Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды 
5.  
Мәтін 
бойынша 
адамның 
есту 
қабілетін қалай артгыруға болады? 
A) 
Көп әңгімелесу арқылы 
B) 
Ән шырқау арқылы 
C) 
Музыка жазу арқылы 
D) 
Әуезді саз тыңдау арқылы 
E) 
Әдемі сөйлеу арқылы 
 
3- 
мәтін 
I. 
Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзі
2
м
8
ен
9
-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас 

290 
 
 
жігітті  бір  көргенде  бұйығы  ма  деп  қаласың.  Сөйтсек,  ол  бойында  үлкен  сыр  жатқан  жігіт 
болып  шықты.  Кезінде  біраз  елдің  құлағына  ілінген  Актөбе  облысынан  шыққан  вундеркинд 
бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік. 

Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, 
үйренуге  талпынысымды  көрген  атам  2-3  жасымда  әріптерді  үйретпек  болса,  мен  бәрін  де 
бірден  қағып  алыппын.  Содан  төрт  жасымда  кез  келген  кітапты  зуылдатып  оқи  бастаған 
екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. 
Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. 
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті. 
II. 
Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін 
көршіміз  мен  туралы  айтады.  Олар  қызығушылык  танытып,  мені  алдырады.  Тексерушілер 
менің  кітап  оқи  алатыныма  шүбә  келтіреді,  бірақ  «Бозінгеннің»  кез  келген  жерін  зуылдатып 
оқып  бергенімде,  шалқаларынан  түсе жаздайды.  Бәрі  де  мүғалімдер  емес  пе,  есеп шығартып, 
баска  «білігімді»  де  тексереді.  Сөйтіп,  қатты  таң  қалып,  мені  қаладағы  Мақсат  Құсайынов 
атындағы дарынды балалар мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді. 
1-сыныптың  4-тоқсанына  ғана  келдім.  Төртінші  тоқсанда  оқып  жүргенде  зерігіп,  басқа 
шаруалармен  айнапысып  кететінмін,  өйткені  маған  оқу  өте  оңай  болды.  Келесі  жылы  2- 
сыныпқа  барған  едім,  бұл  жерде  де  маған  сабақ  өте  жеңіл  болып,  еш  нәрсеге  қызықпай, 
тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалық кеңесі мені бірден 3-сыныпқа 
ауыстырды. 
III. 
Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса қиындық тудырған жок. 

Өзіңнен үлкен балалармен оқу қиын болған жоқ па? 

Әрине,  өзіндік  қиындықтары  болды.  Мәселен,  олардың  оп-оңай  білетін  кейбір  дүниелерін 
мен ұға алмай тұрып қалатын кездерім жиі болатын. Оның үстіне бәрі де менен үлкен, бәрі де 
менен  күшті.  Ал  бала  болған  соң  алысып-  жұлысып  ойнамай  қоймайсың,  сондайда  бәрі  де 
маган әлімжеттік жасап кететін. Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді. 

Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жандар ма еді? 
IV. 
-  Жоқ,  екеуі  де  карапайым  жұмысшылар.  Әкем  темір  жолға  орналасты,  ал  шешем  бір 
асханаға жұмысқа кірді. Жергілікті билік вундеркинд баланың ата-анасы  деп менен басқа үш 
баласы  барларға  бермей,  отбасымыз  шағын  бізге  бес  бөлмелі  үй  бермек  болды.  Әкем  қарсы 
болып, кейін үш бөлмелі пәтер алдық. 
1991  жылы  №32  қазақ  мектеп-гимназиясына  ауыстым.  Мұнда  бізді  профильдерге  бөлді,  мен 
химия-биологияны ұнаттым. Сол жылы Қазақстандағы соңғылардың бірі болып Бүкілодақтық 
пионерлер  лагері  «Артекке»  де  барьш,  бір  ай  оқып  келдім.  Ондағылар  10  жасар  баланың 
жетіншіге қалай өткеніне ұзақ уақыт сенбеді. Артектегі оқу орысша, соған қарамай мен жақсы 
оқып  кеттім.  Сонымен  бірге  спортгық  жарыстардан  бірнеше  грамота,  мақтау  қағаздар  алып 
қайттым. 
7. 
Мәтін мазмұныны сай келмейтін сөйлемді көрсетіңіз 
A) 
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті. 
B) 
Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік. 
C) 
Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді. 
D) 
Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым. 
E) 
Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады. 
8. 
Баланың  ерекше  қаситетін  алғаш 
таныған кім? 
A) 
Әкесі 
B) 
Мұгалім 
C) 
Атасы 
D) 
Мектеп басшысы 
9. 
КөршісіМәтін мазмұнының реттілігін 
анықтаңыз. 
1. 
Қаладан келген қонақтар. 
2. 
Бүкілодақтық пионер лагері. 
3. 
Үшінші сынып оқушысы. 
4. 
Нұр жүзді жігіт. 
5. 
Дарынды баланың әке-шешесі. 
A) 
1,3,5, 2,4 
B) 
4, 1,3, 5, 2 
C) 
3,5, 2,4,1 
D)  
5, 2,4, 1,3 
E)  
2, 4, 1,3,5 
10. 
«Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» деп автор нені айтқысы келіп отыр? 
A) 
Атаққұмарлығын 
B) 
Мақтаншақтығын 
C) 
Танымалдығын 
D) 
Жүрек жұтқандығын 
E) 
Қарапайымдылығын 
11. 
Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті пәнін таңдағаны туралы қай бөлімде айтады? 

291 
 
 
A) 
II 
B) 
І 
C) 

D) 
III 
E) 
IV 
12. 
Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас тартты? 
A) 
Ауылға көшіп кетпек болғандықтан 
B) 
Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан 
C) 
Аумағы кішкентай болғандықтан 
D) 
Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан 
E) 
Қалада үйі болғандықтан 
4- Мәтін 
1. 
Ұрыс  сәрсенбі  күні  таң  ата  басталды.  Абылай  да,  Ценан-Доржи  да  елшілер  арқылы 
уәделескен  мезгілдерінде  өз  әскерлеріне  «Аттан!»  деп  бұйрық  берді.  Көлденеңі  он 
шақырымдай  жазық  далада  қан  төгіс  қырғын  тез-ақ  қызып  кетті.  Алып  майданның  екі  жақ 
шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ әскері қиын да болса алға қарай жылжып 
бара  жатқаны  сезіледі.  Тек  екі  жақтың  екі  бас  қолбасшысы  тұрған  майданның  орта  шебі 
мызғыған жоқ. Тағы: 
2. 
-*  Аттан!  Аттан!  -  деген  ұран  шықты.  Сол  сағатта-ақ  Сеңгірбай,  Сағымбай,  Қанай  бастаган 
сұлтанның  мың  жігіті  зеңбірек  оғы  жетпейтін  қалың  жыңғылды  сайдан  шыға  сала  Цеван- 
Доржидың  тұрған  төбесіне  қарай  лап  қойған.  Бірақ  бір  шақырымдай  шапқан  кезде  кенет 
гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарыныц маңдай алдынан кеп 
гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер 
қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе 
жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы 
да  жүзге  таяуы  қаза  тауып,  қалғаны  кейін  серпілді.  Зеңбіректі  Цеван-Доржиды  бұлай  ала 
алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша қүрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай, 
оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға шығып, 
ең  батыр  деген  үш  жүзге  тарта  ер  жігіттерінен  айрылған  әскер  не  істерін  білмей,  тағы 
дағдарып қалды. Бұған Абылай: 
3. 
-  Япырмай,  осыншама,  қазақтан  жауға  шабар  бір  еркек  кіндікті  тумаған  ба?  -  деді  қатты 
дауыстап.  -  Қайсың  барсың?  Осы  кезде  топ  ішінен  «Абылай!»  деген  дауыс  шықты.  Бүл  ұран 
салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап,  зеңбіректерге қарай атой 
салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты 
кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт 
тағы  тына  қалды.  Дәл  осы  кезде,  Абылайдың  зеңбіректерді  қоршаған  жігітгерінің  оң  жақ 
тұсынан Цеван-Доржи түрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз 
бала  «Қабанбай!  Қабанбай!»  деп  ұран  тастан,  суырыльш  шыға  берді.  Ақбоз  ат  көсіле  сермеп 
келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау 
қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды. 
4. 
-  Абылай!  -  Атығай!  -  Ақжол!  -  Қарақожа!  -  Қабанбай!  -  Абылай!  Абылай!  «Қабанбай»  аты 
аталған  тұстағы  Найман  жігіттері  гуілдей  шапқан  топтың  алдарында  келеді.  Зеңбіректер 
ортадағы  топтың  алдыңғы  қатарына  ғана  оқтарын  жіберіп  үлгерді.  Бірақ  екі  бүйірдегі 
сойылгерлер  сапы  тез-ақ  жетіп  қалды.  Ар  жағындағы  жоңғар  атты  әскері  келіп  үлгергенше, 
түйелі  зеңбіректерді  түйе-мүйесімен  таптап  кетті.  Ақ  болат  сауыты  жарқылдап, 
Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын 
жинай  бастады.  Сөйткенше  болған  жоқ,  Жоңғардың  шаян  құйрықты  сары  жібек  жалауы 
шығысқа қарай шегіне берді... 
5. 
Осылай жоңғар мен қазақ арасындагы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл казақ 
елінің  жоңғар  қонтайшыларын  мүлдем  жеңіп,  атамекен  жерінен  қуудын  ең  алғашқы  айқасы 
еді.  Абылай  өз  шатырына  келгеннен  кейін,  бағанағы  қалмақ  зеңбіректеріне  жападан-жалғыз 
карсы  шауып,  бүгінгі  жеңіске  жол  салған  қызды  іздетті.  Бұл  Қабанбай  батыр  мен  қазақтың 
батыр  қызы  Гауһардан  туған  жас  Назым  екен.  Бүлдіршіндей  жас  қыздың  осыншама  ерлік 
көрсеткеніне  риза  болтан  Абылай,  беліндегі  сом  алтыннан  соғылған  жаңа  белбеуін  шешіп 
берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды. 
13. 
Автор қазақ халқының ержүректілігін 
қалай жеткізгісі келді? 
A) 
Қабанбай әрекеті арқылы 
B) 
Қыз әрекеті арқылы 
C) 
Батыр Баян әрекеті аркылы 
D) 
Қанай әрекеті арқылы 
E) 
Қолбасылар әрекеті арқылы 
14. 
Абылай неге жауынгерлеріне ренжіді? 
A) 
Әскерлері соғыс алаңынан қорықты 
B) 
Жауынгерлері алға жылжи алмады 
C) 
Шабуылды жаңаша жоспарламады 
D) 
Әскерлер бас амандығын ойлады 
E) 
Қан төгіс қырғын қыза түсті 

292 
 
 
15. 
Мәтіннің 
төртінші 
азатжолының 
түйіні 
A) 
Жаудың шабуылға шығуы 
B) 
Жау шебінің мықтылыты 
C) 
Жаудың жеңілісі 
D) 
Хан сыйлығы 
E) 
Жау зеңбірегінің жеңісі 
16. 
Абылай неге қызға белбеуін сыйға 
тартты? 
A) 
Ерлігіне риза болғандықтан 
B) 
Шыққан тегіне риза болғандықтан 
C) 
Шабандоздығына риза болғандықтан 
D) 
Қыздың жастығына сүйсінгендіктен 
E) 
Қабанбайдың қызы болғандықтан 
 
17. 
Ақбоз атты қыздың ұраны 
A) 
«Абылай!» 
B) 
«Ағытай!» 
C) 
«Қарақожа!» 
D) 
«Ақжол!» 
E) 
«Қабанбай!» 
 
19. 
Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A) 
Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу 
B) 
Соғыс әдістерін үйрету 
C) 
Қазақ батырларын таныстыру 
D) 
Жоңғардың соғыс күшін суреттеу 
E) 
Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты 
дәріптеу 
18. 
Неліктен 
қазақ 
жауынгерлері 
тығырыққа тірелді? 
A) 
Қалмақтың қаруы басым болды 
B) 
Қорғандары болмады 
C) 
Дұрыс ұйымдаса алмады 
D) 
Қолбасшылары болмады 
E) 
Аттары шабан болды 
20. 
Жанайдың жауға қарсы шыға алмау 
себебі 
A) 
Соғыс әдіс-тәсілін білмеді 
B) 
Астындағы аты үрікті 
C) 
Аты үйретілмеген болды 
D) 
Қолында қаруы болмады 
E) 
Жауға жалғыз беттей алмады 
 
2121 - Нұсқа 
1-мәтін 
1.  Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор - «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау 
алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. 
2. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге 
ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. 
3.  Кұсы  көп,  әсіресе  жазғытұрым  қаз  қаптап  кетеді.  Жұмыртқаларын  қамыс  құраққа  салады. 
Қайықпен  аралап  жүріп  қаптап  алуға  болатын.  Қамыстарда  шағала,  үйрек,  қаз,  бірқазан, 
әупілдектер,  суында  құндыз,  ондатрлар  мекен  етеді.  Мұнда  шабақ  балық  көп,  одан  кейін 
шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 
1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? 
A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты 
B) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты 
C) Көл толқындарының бұйралығына байланысты 
D) Көлдің әдемілігіне байланысты 
E) Көл толқынының сылдырына байланысты 
2. Екінші азатжолда не туралы айтылан? 
A) Қамысты құрақтағы құстар туралы B) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы 
C) Көлдегі балықтар туралы D) Көлдің көлемі туралы E) Көл атауы туралы 
2-мәтін 
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, 
себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңқай 
көрінді.  Соған  таяндым.  Мұндай  жерден  ылғи  да  бір  құбылыстар  ұшыратуға  болады.  Бүгін 
солардың  бірінің  үстінен  түстім.  Сондағы  құмырсқа  илеуіне  бір  қара  қарға  аунап  жатыр.  Бұл 
не?  Әлде  жараланып,  илеуге  жығылған  соң,  құмырсқалар  талап  жатыр  ма?  Байқаймын,  олай 
емес.  Қарға  біресе  бір  жамбасына.  біресе  екінші  жамбасына  аунап  түседі  де,  күнге  аунаған 
тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Кұмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан 
тәрізді. 
Қара  қарға  онымен  қоймай,  құмырсқаларды  тұмсығымен  іліп  алып,  қанатының  астына 
тығады.  Қарға  бірнеше  минут  осылайша  құмырсқа  илеуінде  жатты  да,  бір  бұтаққа  барып 
қонды. Содан соң шаңды  бұрқырата әбден сілкініп алды  да,  қауырсындарын тарақтап болып 
ұшып кетті. 
Қара  қарға  сияқты  басқа  құстар  да  өз  денесіне  қан  сорғыш  насекомдарды  құрту  үшін 
құмырсқа  илеуін  осылайша  емхана  ретінде  пайдаланады.  Ал  құмырсқа  илеуіндегі  қышқыл 
қансорғыш насекомдарды жойып жібереді. 
3. Мәтін не туралы? 

293 
 
 
A) Орман тіршілігі туралы B) Ормандағы өсімдіктер туралы 
C) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы D) Құмырсқалардың достығы туралы 
E) Ормандағы құбылыс туралы 
4. Авторды таңғалдырған жағдай 
A) Құмырсқалар илеуінің көптігі B) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны 
C) Қарганың адамнан қорықпағандығы D) Саңырауқұлақтың жоқтығы 
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі 
5, Мәтін стилін анықтаңыз 
A) Ғылыми B) Публицистикалық C) Көркем әдебиет D) Ауызекі сөйлеу 
E) 1с қағаздар 
6. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз 
A) «Құмырсқа илеуі» B) «Қара қарға» C) «Құстар достығы» 
D) «Қансорғыш жәндіктер» E) «Емдеу орталығы» 
3 мәтін 
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі 
шелектің  біреуі  тесік  екен.  Бүтін  шелек  өзіне  кұйылған  суды  қожайынның  үйіне  сол  күйі 
шашау  шығармай  жеткізеді  екен  де,  ал  тесік  шелек  болса,  толтырып  құйылған  судың  үйге 
жеткенше  жол  бойы  сыздықтатып  отырып,  әрең  дегенде  жартысын  ғана  апаратын  көрінеді. 
Бүл  жағдай  дәл  осылай  тұп-тура  екі  жыл  бойы  жалғасыпты.  Су  тасушы  күн  сайын 
қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау 
шелек  өзінің  қалтқысыз  қызметін  мақтаныш  көрген  сайын,  тесік  шелек  байғұстың  іштей 
мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. 
Екі  жыл  өтіп,  бір  күні  әдеттегідей  өзен  жағасына  тағы  барғанда,  шыдамаған  тесік  шелек  су 
тасушыға  қысыла-қымтырыла:  «Сізден  кешірім  сұрасам  деп  едім,  білсеңіз  ылғи  алдыңызда 
ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» 
деп  сұрапты.  Шелек:  «Өйткені  менің  бір  бүйірім  тесік  болғандықтан  ылғи  да  сіз  толтырып 
құйған  судың  жартысын  ғана  жеткізіп,  өзіме  жүктелген  міндетті  толық  орындай  алмай 
жүргеніме  іштей  қатты  қысылам.  Менің  кесірімнен  сіз  де  өзіңізге  тиесілі  төлемақыңызды 
толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жок. Одан да 
қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана. 
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы 
жайқалған,  иісі  аңқыған  небір  гүлдерге  толы  екен.  Тіпті  әлгі  гүлдерге  қызуы  жақсы  түсіп 
тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті 
менің  байқағандығым  әрі  оның  өз  жөнін  тауып,  орайластыруымның  жемісі,  -  деп  сөзін 
жалғастырыпты.  Жолдың  сен  жағына  әдейілеп  гүлдер  ектім,  ал  сен  болсаң,  күн  сайын  біз 
өзеннен  су  алып  қайтқанда  оларды  суғарып  тұрдың.  Екі  жылдан  бері  осы  әдемі  гүлдермен 
қожайынды  таңқалдыра,  өтер  жолды  жайнатып  келдім.  Егер  сен  тесік  болмағаныңда 
қожайынымыздың үйінде мүндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен. 
7. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз 
1.Гүлге оранған жол 
2.Екі шелек туралы 
3.Тапқыр су тасушы 
4.Кінәлі тесік шелек 
A) 3.1.2.4. B) 1.3.2.4. C) 4.1.2.3. D) 2.1.4.3. E) 2.4.3.1. 
8. Тесік шелекке тән қасиет 
A) Өшпенділік B) Менмендік C) Батылдық D) Ізеттілік E) Қорқақтық 
9. Су тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз. 
A) Сенімсіздігі B) Дарындылығы C) Әңгімешілдігі D) Алғырлығы 
E) Тапқырлығы 
10. Мәтін стилі 
A) Іс қағаздар B) Ауызекі сөйлеу C) Публицистикалық D) Көркем әдебиет 
E) Ғылыми 
11. Мәтінге лайык атау 
A) Тесік шелек B) Өзен жағасы C) Бүтін шелек D) Риза қожайын E) Жана шелек 
12. Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді? 
A) Мақтаншақтығы B) Жағымпаздығы C) Намысқойлығы D) Жалқаулығы 
E) Озбырлығ 
4  Мәтін 
1.  Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі - 
Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасан, мөлдір судың түбіндегі 

294 
 
 
тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, 
судың  беткі  аумағы  3,7  шаршы  шақырымды  құрайды  екен.  Ал  ең  терең  жері  -  он  төрт  метр. 
Әрине, географиялық сипатгамасы өз алдына жеке әңгіме. 
2.  Жасыбай  көлінің  тарихи  тарту  болар  тамашалары  да  баршылық.  Егер  аңыз-әңгімелерге 
сенсек,  бұл  көлдің  бұрынғы  атауы  Шойынкөл  екен.  Бірақ  кейін  келе  Жасыбай  атанған. 
Негізінен,  Ер  Жасыбай  -  қан  жұтқан  қалмақтармен  қиян-кескі  соғыста  ерлігімен  көзге  түсіп, 
елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы 
тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан 
Баянауыл  жерін  басып  алуды  көздеп,  шабуыл  жасаған.  Сол  кезде  қазақтың  ханы  Абылай 
Сабындыкөлдің  шығыс  жағынан  жауға  тойтарыс  беру  үшін  жедел  түрде  Олжабай 
Толыбайұлын  басшы  етіп  әскер  ұйымдастырған  екен.  Сол  әскер  жасақтарының  бірін  көзсіз 
батыр  Жасыбай  басқарып,  шабуылдаушылармен  соғыста  алдыңғы  шепте  болган.  Мұның  
өзінде  де  үлкен  мән  жатыр.  Егер  де  әскердің  алдыңғы  шебі  мықты  болса,  онда  жауды  жеңу 
оңайырақ  болады.  Яғни  тиген  жерінен  ұрандатқан  жауды  тесіп  өтер  өткір  де  қайсар 
қаһарманның  керегі  анық.  Міне,  осындай  жауапты  тапсырманы  Жасыбайға  жүктеген. 
Шойынкөлдің  оңтүстік-батыс  бөлігінде  Жасыбай  бастаған  жасақ  жоңғарларға  қарсы  тұрып, 
жеңістің  жалауын  желбіреткен.  Табанды  ер  бастаған  ұлдардың  тоқпағына  төзе  алмаған 
қалмақтар  жеңіліс  тауып,  қазақтың  қылышынан  аман  қалғандары  тентіреп,  тым-тырақай 
қашкан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдін ортасында жолдастарымен 
демалып  жатқанда,  калмақтың  аман  қалған  қаскүнемдерінің  бірі  садақпен  оқ  атып,  батырды 
жаралап өлтірген. 
3. Бұл  әрине,  сол  уақытта  қазақ  әскері  үшін  орны  толмас  қаза  еді.  Қайғылы  хабарды  естіген 
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың 
соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан 
бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып 
тастаған  көрінеді. Және  сол  жер  бүгінгі  күнге  дейін  «Қалмаққырылған»  деп  аталады.  Жалпы 
мүндай  шабуыл  екі  ғасырға  созылған  қазақ-қалмақ  соғысында  күшті  тойтарыстардың  бірі 
болды.  Ал  жергілікті  халық  болса,  Шойынкөлді  батырдың  атымен  атап  кеткен.  Яғни  бүгінгі 
күнге дейін көл мен сол аймак Жасыбай деп аталады. 
13. Көлге неліктен Жасыбай атауы берілген? 
A) Ханның ел басқаруына орай B) Ру атына сәйкес 
C) Көлдің байырғы атауы болғандықтан D) Батыр ерлігіне орай 
E) Жоңғар шапқыншылығына сәйкес 
14. Алғашкы азатжолда ой қалай берілген? 
A) Салыстыру арқылы B) Тұжырымдау арқылы C) Суреттеу арқылы 
D) Пайымдау арқылы E) Дәлелдеу арқылы 
15. Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A) Ер аруағы – қаруы B) Ердің екі сөйлегені өлгені C) Ел үмітін ер ақтар 
D) Ер тарықпай, молықпайды E) Ерді жаяулық емес, ұаяулық аздырар 
16. Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) Іс қағаздар стилі B) Ауызекі сөйлеу стилі C) Ресми стиль D) Fылыми стиль 
E) Публицистикалық стиль 
17. Мәтінді қай мақал қорытындылап тұр? 
A) Ер азығы мен бөрі азығы жолда B) Ер есімі - ел есінде 
C) Батыр жарасыз болмас 
D) Ер - ырыстың кілті 
E) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі 
18. Бірінші азатжолда не туралы айтылған? 
A) Жасыбай көлінің шипасы B) Жасыбай көлінің тарихы 
C) Жасыбай көлінің географиялык сипаттамасы D) Жасыбай көлінің байлығы 
E) Жасыбай туралы аңыз-ертегілер 
19. Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған? 
A) Сын мақала B) Аңыз әңгіме C) Ой толғау D) Тарихи аңыз E) Шыншыл ертегі 
20. Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай барыпға байланысты 
A) Бесен B) Абылай C) Бәсентиін D) Олжатай E)Жасабай 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет