I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет47/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


2359 - Нұсқа 
1-мәтін 
 
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы 
отыз  алты  килограмға  дейін  жетеді.  Мойны  мен  басы  мамықсыз  болады.  Аяғы  екі  саусақты, 
қанаты  нашар  жетілген.  Қоразының  түсі  қара,  оның  қанат,  құйрық  қауырсындары  ақшыл. 
Мекиенінің түсі қоңыр болып келеді. 
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктің ұрығын, 
жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді. 
Түйеқұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық 
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. 
Түйеқүстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады. 
1. Түйеқүс қандай жерді мекендейді? 
A) Орманды алқапты 
C) Тоғай ішін 
E) Құмды даланы 
B) Егінді даланы 
D) Өзен жағасын 
2. Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі 
A) Түсі қара 
C) Еті пайдалы 
E) Ең жүйрігі 
B) Мамығы пайдалы 
D) Қауырсындары ақшыл 
 
2- 
мәтін 
 
Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, 
салмағы  200  килограмға  дейін  жетеді.  Жазда  арқасы  мен  бүйірі  коңыр,  бауыр  жағы  акшыл 
түсті  келеді.  Еркегінде  де,  ұрғашысында  да  мүйіз  болады.  Құлжасының  мүйізі  ірі,  бұралып 
иілген,  айшықты,  аналығынікі  нәзік,  өте  қысқа,  бозғылт  қоңыр  түсті  болады.  Мүйізіндегі 
сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталык Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды 
мекендейді. Арқар — биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындагы далалы өңірде 
жайылады.  Қыста  салқын  түссе,  таудың  етегіне,  көктем  мен  жазда  таудың  субальпілік 
белдеуіне  қарай  ауысады.  Бұл  мезгілде  олар  10-15-тен  топтанып  жүреді.  Тек  жазда  көбею 
кезінде бөліне бастайды, кебіне егіз туады. Аркарлардың басты жауы - қасқыр мен барыс. 

302 
 
 
Арқар  дәмді  ет,  сапалы  тері  беретін  аң  болып  саналады.  Алайда  саны  жылдан-жылға  азайып 
барады. Сондықтан казір оны аулауға тыйым салынған. Қазакстан Ғылым академиясының бір 
топ  ғалымдары  арқарды  меринос  қойымен  будандастыру  аркылы  казақтың  асыл  тұқымды 
арқар-меринос қойын шығарды. 
 
3. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A) Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B) Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді 
C) Арқардың мүйізіне карап жасын анықтады 
D) Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
E) Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
4. Аркардың негізгі жауы нелер? 
A) Шөп қоректілер 
C) Үй жануарлары 
E) Жұптұяқтылар 
B) Жыртқыш кұстар 
D) Жыртқыш аңдар 
5. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A) Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
B) Мүйізі үлкен болғандықтан 
C) Егіз төл беретіндіктен 
D) Сирек төлдейтіндіктен 
E) Меринос қойымен будандастыратындықтан 
6. Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A) Құмдауыт ойпаттарды 
B) Жазық даланы 
C) Eric алқаптарын 
D) Шөлейт жерлерді 
E) Тау бөктерлерін 
3- 
мәтін 
 
1. Амансың ба, Бауыржан! 
Қазір  сенің  ең  жұлдызды  сәтің.  Пән  олимпиадасынан  республикалық  олимпиадада  жеңімпаз 
атану  екінің  бірінің  колынан  келе  бермейді.  Мектеп  директоры  Нұрмағамбет  ағайың  сол 
хабарды  ести  сала,  аудан  орталығындағы  ауруханадан  сұранып  шығып,  жетті  емес  пе?  Үйіне 
бармастан бірден мектепке соғып, жиналыс жасап сені құттықтады. «Мектебіміздің тарихында 
тұңғыш  рет  біздің  оқушымыз  республикалық  додадан  бірінші  орын  алып  келіп  отыр!»  - 
дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысылып, томен қарадың. Сол олимпиадада иеленген 
«Мақтау  қағазы»  мен  қарақалпақтың  «Қырық  қыз»  дастаны,  директордың  қолынан  қайта 
алғанда,  тіпті  ауырлап  кеткендей  болды.  Ал  кеште  Нұралы  ағайың  бастаған  бір  топ  мұғалім 
үйіңе кіріп келе жатқанда кеудеңді мактаныш биледі. Әкеңнің сәл мактаныңкырап сойлегенін 
де  көрдің.  Қалаға  барса,  сен  үшін  кітап  сатып  әкеліп  жүретін  Атажан  көкең:  «Біздің  Баукен 
Төлеген  ағасы  сияқты  шайыр  болады...»  -  дегенде  ұрланып  өлең  жазып  жүргеніңді  бәрі 
білетіндей қысылғаның не? Абырой болғанда, онынды ешкім байқамады. 
2.  Енді  баска  тірлікті  сөз  қылайық.  Саған  айтатын  ақылым:  өзімшілдік  -  жақсы  касиет  емес. 
ЬІлғи:  «Менікі  дұрыс!»  -  дей  беруге  болмайды.  Әсіресе,  футболда.  Футбол  -  ұжымдық  ойын. 
Төрткүл  ауданында  болған  жарыста  не  істедің?  Тақтакөпір  ауданының  құрамасымен 
ойнағанда алғы шептегі Жамбыл мен Түгелбайға пас бергің келмей, өзің гол салғың келді. Екі 
рет  алаң  ортасында  доптан  айырылып  қалдың.  Соның  бірі  гол  болып  қақпаларыңа  енді. 
Балалар ойын соңында кінә артқанда мойындамай қойдың. Тіпті өздерін кінәлі ғып шыгардың. 
Бірак  сенікі  дұрыс  емес  екенін  ішің  біледі  ғой.  Сол  жолы  ұткандарыңда,  жартылай  финалға 
шығар едіндер. Мүмкін, әрі карай ақтық сынға тұяқ іліктірер ме едіңдер... 
3.  Дегенмен  сен  бақыттысың,  Бауыржан.  Әке-шешең,  бауырларың  касыңда.  Ал  армандарың 
тіпті ғажап. Кейде түнімен үйықтамай, армандайтының бар. Сол армандарыңа жетесің түбі. Ал 
әзірге сабағыңды жаксы оқы! 
 
7. Үшінші бөлім Бауыржанды қандай бала ретінде танытады? 
A) Арманшыл 
C) Сабырлы 
E) Тиянақты 
B) Бауырмал 
D) Ұқыпты 
8. Мәтінде қандай стиль түрлері кездеседі? 
A) Публицистикалық, көркем әдебиет 
D) Ғылыми, публицистикалық 
B) Көркем әдебиет, іс қағаздары 
E) Ауызекі, публицистикалық 

303 
 
 
C) Ресми, көркем әдебиет 
9. Екінші азатжолда автор Бауыржанның қай қасиетін сынға алады? 
A) Өркөкіректігін 
C) Мансапкорлығын 
E) Табандылығын 
B) Шыдамдылығын         D) Екіжүзділігін 
10. Бауыржанның құпия әуестенушілігі 
A) Поэма жазу 
C) Өлең жазу 
E) Әңгіме жазу 
B) Шежіре жазу 
D) Естелік жазу 
11.  «Мектебіміздің  тарихында  тұңғыш  рет  біздің  оқушымыз  республикалық  додадан  бірінші 
орын алып келіп отыр!»  - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысыльп, төмен қарадың» 
деген пікір Бауыржанның қай қасиетін танытады 
A) Сенімсіздігін 
C) Жасқаншақтығын 
E) Салғырттығын 
B) Ұялшақтығын 
D) Немкұрайлығын 
12.  Мәтін мазмұны бойынша дұрыс тұжырымдар 
1. Бауыржан - республикалық олимпиада жеңімпазы. 
2. Бауыржанның тілекшілерінің бірі - Атажан көкесі. 
3. Бауыржан өлең жазумен қатар, спортқа да жақын. 
 
A) Біріншісі мен екіншісі 
C) Үшеуі де бұрыс 
E) Үшеуі де дұрыс 
B) Біріншісі мен үшіншісі 
D) Екіншісі мен үшіншісі 
4- 
мәтін 
 
Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта комақты әмиян тауып алды. Жан-жағына қараса, 
ешкім  көрінбейді.  «Әмиян  тауып  алдым,  кімдікі?»  деп  айкайлап  үш  рет  айтқандай  болды. 
Дегенмен өз даусын баскалар түгілі өзі де естімеді. 
Былайырақ  шығып  алып  әмиянды  ашып  қараса,  ішінде  бір  машинаға  жетерлік  қаржы  бар 
сияқты.  Қуанғаннан  не  істерін  білмей  аңтарылып  қалды.  Ішінде  бір  жылылық  пайда  болып, 
бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, 
ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та 
жемегені  есіне  түсті.  Әмиянды  қалтасына  сала  бергені  сол  еді,  кенет  бұрыштан  ботадай 
боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді. 
-  Айналайын  адамдар-ау,  кайырымды  жандар,  балаларымның  анасы  айықпас  дертке 
шалдығып,  соны  емдету  үшін  ағайындарым  мен  жаны  жайсаң  адамдар  ауыздарынан  жырып 
берген  қаржымды  әмиянымен  қоса  жоғалттым.  Енді  не  істеймін?  Жұбайыма  қажетті 
операцияны  қаржысыз  қалай  жасатамын?  Жұбайым  о  дүниелік  болып  кетсе,  балаларымның 
күні  не  болады?  Бұл  азапты  көрсеткенше,  маған  тезірек  өлім  жібере  қойшы,  тәңірім,  -  деп 
жылайды. 
Әмиян  тауып  алған  жігіт  ары  ойланды,  бері  ойланды.  Акыры  ұяты  жеңіп,  ботадай  боздаған 
кісінің  жанына  калай  жетіп  барғанын,  әмиянды  ақшасымен  косып  қалай  бергенін  өзі  де 
байкамай қалды. 
Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келтенде, әмиян тауып алған жігіт сасып 
қалды.  Топтың  ішінен  салиқалы  жігіт  ағасы  шығып,  әмиян  тапқан  жігітті  қапсыра  құшақтай 
алып: 
- Бауырым, саған үлкен рақмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді 
адал  жандар  барын  дәлелдедің.  «Ондай  жандар  мына  заманда  жоқ,  өткен  ғасырларда  ада 
болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он 
жылқы  береміз.  Ал  таба  алмасаң,  бар  байлығыңды  бізге  бересің»  -  деп  коймаған  соң,  
серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы каладағы театрдың актері. 
Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал 
адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен коса саған бердім. 
Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылкысын да саған бердім, - 
деді. 
Қызық  көрмекші  болып  келген  тобырдың  еңселері  түсіп  кетіпті.  Өздерінің  арасынан  әмиян 
тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сиякты. 
- Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі 
де  тазалықтың  бар  екенін  дәлелдеген  АДАМ  деген  атыңнан  айналайын,  әмиян  тауып  алған 
жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толкып түрып. 
 
13. Мәтін бойынша өмірде жақсылықтың бар екеніне сенімін жоғалтпаған кейіпкер кім? 
A) Олжалы болған пенде          C) Киімі жұпыны жігіт 
Е) Театр актері 
B) Уәделескен жан 
D) Жиналған қауым 

304 
 
 
14. Мәтіннің қорытынды бөліміндегі жігіт сөзінің түйіні. 
A) Ақкөңілден арамдық шықпас, 
Арамдық шықса да, жамандық шықпас. 
B) Көңіл - қазы, көз - таразы. 
C) Байлыққа қол жеткізу - әркімнің арманы. 
D) Адам болмысы - ізгілік пен адалдық. 
E) Ала жіпті аттамағанның абыройы биік. 
15.  Жақсылық пен жамандықты айыру үшін тобырдың осындай әрекетке баруына не түрткі 
болды деп ойлайсың? 
A) Адами құндылықтардың жұтаңдауы. 
B) Ақша мен байлықтың басты құндылық болуы. 
C) Байлыққа қол жеткізуге ұмтылуы 
D) Өмірде пиғылы, ары таза адамдардың көп болуы. 
E) Байлықтың адамды бақытқа жеткізуі 
16. Қызық көрмек болған тобырдың еңсесінің түсуіне не себеп болды? 
A) Серттескен адамның жеңілуі. 
D) Әмиянын жоғалтқан адамның сөзі. 
B) Әмиянның қайтарылуы 
E) Әмиянның жоғалуы. 
C) Серттескен адамның күлкіге қалуы. 
17. Топтың арасынан шыққан жігіт қандай? 
A) Атаққұмар 
C) Мақтаншақ 
E) Ниеті қара 
B) Жүрегінің түгі бар 
D) Ақ жүрек 
18. Жігіттің әмиянды қайтарып беруіне не себеп болды? 
A) Өзінің кедейлігі есіне түсті.       D) Өзін ұры санайды деп қорықты. 
B) Ар-ұяты жеңіп шықты 
E) Одан да көп ақша аламын деп ойлады. 
C) Жиналған топтан сескенді. 
19. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз. 
1. Еңіреген жігіт 
2. Көңілі түскен топ 
3. Оңай олжа 
4. Сенімін жогалтпаған жан 
A) 3.4.1.2. 
C) 2.4.1.3. 
Е) 1.3.4.2. 
B) 3.4.2.1. 
D) 3.1.2.4. 
20. Оңай олжаға кенелген жігіт пен уәделескен жігітті не байланыстырады? 
A) Отбасылық жағдайлары 
C) Жүрек адалдығы 
E) Кедейліктері 
B) Кеңпейілдіктері 
D) Әлеуметтік жағдайлары 
 
2411 - Нұсқа 
1 мәтін 
Бір  нәрсеге,  не  өнерге  талпыну  үшін  адамға  алдымен  табандылық  қажет.  Өнер  біткеннің 
бәріне,  жаратылысынан  бейім адамның  болуы  шындыққа  жанаспайды.  Өлең  өнері  сөзбен,  ал 
живопись  (жанды  жазу)  өнері  бояуымен  құлпырады.  Музыканың  негізгі  мақсаты  -  адамның 
эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, ойткені тіл мен музыка 
тілі  бір-  бірінен  етене  қатысқан  кезде  музыканың  әсерлілігі  арта  түседі.  Бұл  ғылым,  яғни 
музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, 
адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді. 
1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді? 
A) Жолың алыс болса, атынды қинама B) Кең пейілдіге ас көп 
C) Жігітке жетпіс өнер де аз D) Еңбек ер атандырады E) Өнер - таусылмас азық 
2. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседі? 
A) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде B) Спорт пен музыка үйлескенде 
C) Тіл мен музыка үйлескенде D) Сурет өнері мен музыка үйлескенде 
E) Қол өнері мен музыка үйлескенде 
2 мәтін 
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау дсген оймен, 
себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңкай 
көрінді.  Соған  таяндым.  Мұндай  жерден  ылғи  да  бір  құбылыстар  ұшыратуға  болады.  Бүгін 
солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл 

305 
 
 
не?  Әлде  жараланып,  илеуге  жығылған  соң,  құмырсқалар  талап  жатыр  ма?  Байқаймын,  олай 
емес.  Қарға  біресе  бір  жамбасына,  біресе  екінші  жамбасына  аунап  түседі  де,  күнге  аунаған 
тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан 
тәрізді. 
Қара  қарға  онымен  қоймай,  құмырсқаларды  тұмсығымен  іліп  алып,  қанатының  астына 
тығады.  Қарға  бірнеше  минут  осылайша  құмырсқа  илеуінде  жатты  да,  бір  бұтаққа  барып 
қонды. Содан соң шаңды  бұрқырата әбден сілкініп алды  да,  қауырсындарын тарақтап болып 
ұшып кетті. 
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа 
илеуін  осылайша  емхана  ретінде  пайдаланады.  Ал  құмырсқа  илеуіндегі  қышқыл  қансорғыш 
насекомдарды жойып жібереді. 
3. Мәтін стилін анықтаңыз 
A) Публицистикалық B) Ауызекі сөйлеу C) Ғылыми D) Көркем әдебиет 
E) Іс қағаздар 
4. Авторды таңғалдырған жағдай 
A) Саңырауқұлақтың жоқтығы B) Қарғаның адамнан қорықпағандығы 
C) Құмырсқалар илеуінің көптігі D) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны 
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі 
5. Мәтін не туралы? 
A) Құмырсқалардың достығы туралы   B) Ормандағы өсімдіктер туралы 
C) Орман тіршілігі туралы    D) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы 
E) Ормандағы құбылыс туралы 
6. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз 
A) «Құмырсқа илеуі»   B) «Қансорғыш жәндіктер»    C) «Құстар достығы» 
D) «Қара қарға» E) «Емдеу орталығы» 
3 мәтін 
Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге 
тырмысып,  жотаның  төбесіне  қарай  өрмелеген,  таспадай  тартылған  жалгыз  аяқ  жолдың 
жағасында бармақтай-бармақтай шілтиген кішкене кекшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен 
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді. 

Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып 
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа. 

Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда 
барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз. 

Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріннің өзі қандай әсем, жаннат секілді. 
Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан. 

Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан 
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз. 

Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар. 

Е, неге, біз де жол тауып алайық та. 

Гүлдер  ұшпайды,  орнында  тұрып  тұқым  себеді.  Сол  тұкымы  келесі  жылда  көктеп,  ұрпагы 
тарайды.  Ал  гүлдің  ұшқаны  -  өлгені.  Шаңға  көміліп,  жүргіншілер  табанының  астында 
жаншылып жатады. 
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау 
айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді. 
Жұлдыздар төніп, 
Қадала жерге қарайды. 
Жарығын төгіп, 
Бақытқа соны балайды. 
Үмітке теліп, 
Телміртіп тұрды талайды 
Алайда гүлдер қызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір 
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес. 

306 
 
 
7. Мәтіннің тақырыбына лайық атау 
A) Қызғаншақ құмырсқа B) Гүлдер айтысы C) Қызық қанат көбелек 
D) Арманшыл гүлдер E) Орындалған арман 
8. Гүлдердің армандауына себеп болған не? 
A) Жел B) Жұлдыздар C) Қарағай D) Құмырсқа E) Көбелек 
9. Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді? 
A) Даукестігі  B) Мақсатшылдығы C) Арманшылдығы 
D) Қайрат-жігері E) Талапшылдығы 
10. Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар» 
деген сөздері қандай мақсатпен айтылған? 
A) Қол ұшын беру үшін B) Көңілін көтеру үшін C) Босқа үміттендірмеу үшін 
D) Қанаттандыру үшін E) Жігерлендіру үшін 
11. Мәтіннің стилі 
A) Публицистикалық B) Ауызекі сөйлеу C) Ғылыми D) Ресми іс қағаздар 
E) Көркем әдебиет 
12. Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел 
A) Жақсы сөз - жарым ырыс B) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді 
C) Арманның үлкен, кішісі болмайды D) Таң атпаймын десе, күн қоймайды 
E) Жол мұраты – жету 
4 мәтін 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ср балаға айдар шаш және 
кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта 
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің  сау  болуын  тілейді.  Халық  айдарлы  балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған 
айдарды  бала  жеті  жасқа  немесе  он  үш  жасқа  келгенше  тіл-көзді  сұғынан  сақтайды  деп 
алғызбаған.  Халық  дәстүрінде  балаға  сұқтанған  адамның  көзі  айдарға  түсіп  алдансын  деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар  тәрізді  Тайланд  халқы  да  балаларына  айдар  кояды.  Олардың  наным-сенімдсрі 
бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A) Алғаш аңға шыққан кезде B) Бала сырқатынан айыққан кезде 
C) Жеті жасқа толган кезде D) Мүшел жасқа келген кезде E) Үйленген кезе 
14. Айдарға байланысты қазақтын наным-сенімін көрсетіңіз 
A) Бала дәулетті, бай адам болады   B) Бала болашақта ғалым болады 
C) Тіл мен көзден сақтайды D) Баланың дос-жарандары көп болады 
E) Бала аурудан тез сауығып кетеді 
15. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A) Қырқынан шығарған кезде B) Тілі шыққан кезде C) Сүндетке отырғызған кезде 
D) Он жасқа толған кезде E) Тәй-тәй басқан кезде 
16. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды 
2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған 
3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар 
A) Екінші мен үшінші B) Біріншісі мен екіншісі C) Тек екіншісі 

307 
 
 
D) Тек үшіншісі E) Тек біріншісі 
17. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 
2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3. Наурызбай батырдың айдары болған. 
A) Біріншісі мен екіншісі B) Үшеуі де бұрыс C) Екіншісі мен үшіншісі 
D) Біріншісі мен үшіншісі E) Үшеуі де дұрыс 
18. Мәтінге атау беріңіз 
A) Бүгінгі шаш үлгісі B) «Айдар» есімі туралы C) Тайландық «Айдар» 
D) Айдар шаш E) Қарын шаш 
19. Мәтін стилін анықтаңыз 
A) Ауызекі сөйлеу B) Ресми C) Іс қағаздар D) Ғылыми E) Көркем әдебиет 
20. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A) Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
B) Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі 
C) Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
D) Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
E) Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
2416 – Нұсқа 
1 мәтін 
Қауын  -  ыстыққа  төзімді,  жарықсүйгіш,  шөлге  шыдамды,  біржылдық  өсімдік.  Қауын  25- 
30°С  температурада  жақсы  өседі.  Қауынның  кұрамында  қант,  А,  Р,  С  дәрумендері,  аскорбин 
қышқылдары, темірдің минералды түздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза 
көміртектері  бар.  Дәрумендер  мен  қант  құрамы  бойынша  қауын  тіпті  қарбыздан  да  асып 
кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады. 
Қазақстанда  қауынның  22  аудандастырылған  түрі  егіледі.  Жемістері  қайта  өңделген  күйде 
кеңінен  қолданылады.  Қауыннан  бал,  цукаттар,  тосап,  мармелад  дайындайды.  Оларды 
кептіреді  және  қақтайды.  Қақталған  қауындарды  «қауынқақ»  деп  атайды,  олар  ұзақ  уақыт 
бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. 
1. Қауын дәнінен не дайындалады? 
A) Қант түрлері B) Тәтті өнімдері C) Май өнімдері D) Түрлі дәрумендер 
E) Қауынқақтар 
2. Бірінші азатжолда не туралы айтылған? 
A) Қауынды баптау туралы B) Қауынның адам денсаулығына пайдасы туралы 
C) Қауынның түрлері туралы D) Қауынның адам денсаулығына зияны туралы 
E) Қауыннан жасалатын тағамдар туралы 
 
2 мәтін 
1.  Отбасындағы  ұл  тәрбиесінде  әке  мен  аталардың  рөлі  ерекше.  Әке  —  отбасы  мүшелерінің 
тірегі,  асыраушысы,  камқоршысы.  Ата-бабаларымыз  балалар  тәрбиесіне  үлкен  мән  берген. 
Әкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-  қатынасы,  өнері,  білімі  -  ұл  баланың  көз  алдындағы 
үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі 
немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан. 
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Ата - балаға 
сыншы» деген мақалдар осыны растайды. 
2. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне 
бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының ерескел мінез- 
құлықтарын көрсе ұрсып,  зекіп, тыйым салуға,  ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық 
тәрбие арқылы  отбасында  жақсы  тәлім-тәрбие  алған  азамат  ертеңгі кезде  ұлттың  тағдырын 
ойлайтыны анық. 
3.  Қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне,  оның  ішінде  қыз  баланын  тәрбиесіне  ерекше  мән  бергені 
баршамызға  мәлім.  Кез  келген  ата-ана  қызының  ертең  барған  жерінде  тастай  батып,  судай 
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. 

308 
 
 
4.  Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені 
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. 
3. Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? 
1. Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді. 
2. Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 
3. Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы. 
A) Үшеуі де B) Екінші C) Бірінші мен үшіншісі D) Тек үшіншісі E) Бірінші 
4. Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты 
A) Қатарынан қалмауы B) Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі 
C) Қатарының алды, өжет болуы D) Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы 
E) Басқа үйдің ұл-қыздарына үлгі болуы 
5. Бірінші азатжолдағы негізгі ой 
A) Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны 
B) Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады 
C) Отбасында ананың орны жоғары 
D) Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген 
E) Отбасында балаға барлық жағдай жасалады 
6. Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады? 
A) Үшінші B) Бірінші және екінші C) Бірінші D) Екінші E) Төртінші 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет