І. Жансүгіров атындағы жетісу


«Жасанды интеллект» пен виртуалдық шындықтың философиялық мәселелері



бет65/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

«Жасанды интеллект» пен виртуалдық шындықтың философиялық мәселелері


Қазіргі қоғамда ақпарат- тандыру үрдістері жаһандық сипат алуда. Информатика, компьютерлік техника,

автоматты жүйелер өндіріс пен технологиялардың магистральды даму бағыттарын айқындауда. Компьютерлер еңбек пен білім алу мазмұнын өзгертуде, адамның ақыл-ойы мен ойлау өрісін дамытуға жаңаша талаптар қоюда.
Қазіргі философияның басты мақсаты – жаппай ақпараттық технологиялардың енгізілуінен болған әлеуметтік, интеллектуалдық және мәдени салдарының мәнін ашу. Информатиканың қазіргі заманғы философиялық мәселелеріне гносеологиялық, онтологиялық,

антропологиялық, этикалық, мәдени, әлеуметтік-тарихи аспектілерді жатқызамыз.
Информатиканың дамуы барысындағы ең зәрулі гносеологиялық мәселе – адам ойлауы мен машина ойлауының («жасанды интеллект») арақатынасы мәселесі.
1960 жылдардың өзінде-ақ Винер адам миы ойлау жүйесі ретінде машинадан анағұрлым артық деп айтқан. «Басты артықшылығы – ол мидың анық емес түсініктердің өзімен жұмыс істей алуында. Мұндай жағдайда, есептеуіш машиналар қазіргі кезде өзін-өзі бағдарламалауға қабілетсіз. Біздің миымыз өлең, роман, суреттерді еркін қабылдайды, ал кез келген есептеуіш машина оларды аморф дүние ретінде ысырып тастайды. Сол үшін адамға адами дүниені, ал есептеуіш машинаға машиналық дүниені беруіміз қажет ».
Винердің бұл ойларды айтқанынан бері компьютерлік техника мен компьютерлерді пайдалану технологияларының дамығаны соншалықты, нәтижесінде таным теориясының ерекше саласын зерттеу мәселесі туындады. Гносеологияның бұл жаңа саласы ақпараттық эпистемология деген атқа ие болды, оның мақсаты – компьютерлерде білімнің құрылу үрдісін зерттеу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін дәстүрлі гносеологияның көптеген мәселелерін қайта қарап немесе нақтылау керек. Жасанды интеллект пен адамзат дамуының қазіргі және болашақтағы ролін зерттеуде екі бағыт қалыптасқан: Бірінші бағыт А.П.Назаретянның «Дүние жүзіндегі интеллект» кітабында анық көрініс тапқан. Оның ойынша, адам іс- әрекетіндегі ақыл-ой еңбегінің ұлғаюы жалпы эволюциялық заңды бейнелейді, ол күрделі жүйе екі өсу векторына қатысты – технологиялық потенциал және ұйымдастырушылық күрделілік. Жаһандық мәселелерді шешумен бірге, алдыңғы қатарға жаңа – табиғи және жасанды ақыл-ойдың арақатынасы мәселесі шықты. Егер адамзат «екі билеуші ақыл-ойлар таласы» мәселесімен қақтығысса, онда оны шешудің конфронтациялық жолдары жоққа шығарылады, тек синтездеу нұсқалары ғана қарастырылатын болады. Осындай симбиоздық жүйелердің қалыптасуы шексіз қабілетті интеллектуалдық даму мен биологиялық ағзаның шектеулі мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды диалектикалық жолмен шешуді қастамасыз етер еді.
Екінші бағыт орыс ғалымы А.А.Мальцев «Интеллект және ресурс» мақаласында компьютерлік ойлау арқылы барлық мәселелерді шешуге болмайтынын дәлелдей отырып, жасанды ақыл- ой жанкүйерлерінің ыстық үміттерін суындыруға тырысты. Ол алгоритм құрудағы компьютерлердің шектеулі мүмкіндіктеріне назар аударды. Сонымен қатар, Мальцев ақыл-ой байлығының асыра
қолданылатындығы, тозатыны, адами ақыл-ойдың «сомалық межесі» оның осы салада алға дамуын тежейтінін айтады.
Информатикадағы тағы маңызды философиялық мәселе – жаңа тіршілік түрі – машиналық-ақпараттық ағым, яғни виртуалды шындық (лат. Virtualis – мүмкін болатын, белгілі бір жағдайда пайда болатын) мәселесі. «Виртуалды шындықтың» мағынасы – компьютер мен компьютерлік жүйе арқылы адамның көруі, естуі, әрі басынан кеше алуы. Витуалдық мәселесі психологияда жеке бағыт ретінде қалыптасып, оның тұлғаның психологиялық мінездемесімен, адами мотивациялардың еркіндігі және тәлкегімен байланыстылығы анықталып отыр. Психологтар виртуалдық шындықты модельдеуде негізгі, басты мақсат ретінде қанағаттандырылған күй, гипотетикалық және ұсынылған диалог шарттарының мәнін іздеуді қарастырады.
Виртуалды шындықтың сыны туралы айтқанда екі қарама- қайшы жағдайды ескерген жөн: бір жағынан, виртуалды шындық актуальды шындықпен бірдей – екеуінде де кеңістік, уақыт, қозғалыс, даму, бейнелену бар, екінші жағынан, онда идеалды-артефактты, виртуалды-спецификалық қасиеттер болады.
Виртуалды шындықтың жаңа ғылыми зерттеуді, философиялық түйсінуді талап ететін келесідей қасиеттері бар:
панорамдылығы – кез-келген оқиға өзіндік интерпретация тұрғысынан да, көптеген пікірлер негізінде де оқылуы мүмкін;
полисемантикалылығы (көпмағыналылығы ) - виртуалды шындық өзіндік идентификациялау мәселелерін өршітеді, солай бола тұра, оларды толығымен терістей алады;
тәнсіз заттылық - виртуалды шындық онтологиялық жеке шындықтарды дәнекерлеп, адамның екеуленуіне қолайлы өріс туғызады. Виртуалды шындықтың негізгі қызметтері: туындаушылық, көкейкестілік, автономдылық, интерактивтілік.
Виртуалды тіршілікті типологиялау мәселесінде виртуалды шындық және физикадағы «виртуалды бөлшек» ұғымын салғастыру қажет. «Виртуалды бөлшек – кванттық физикадағы өріс, оның қасиеттері «физикалық бөлшектердегі» сияқты, бірақ олар нақты жағдайда қанағаттандыра алмайды. Мысалы, виртуалды фотонға салмақ нольдік болуы шарт емес. Олардың ешқайсысы кәдімгі бөлшек сияқты өмір сүре алмайды. Олар қалыпты тіршілік етпейді, потенциалдықтан бір сәт шыққан соң, ешқашан жүзеге аса алмайды».
Көптеген авторлардың пікірінше, физикалық виртуалды бөлшектермен салыстырғанда, компьютерлік виртуалды шындық парадоксты болып табылады. Виртуалды шындық қолмен ұстауға келеді, бірақ заттық болмысы жоқ, оның тіршілігі өзін тудырушы негізбен қамтамасыз етіледі. А.Ю.Севальниковтың ойынша, «мұндай
болмыстың парадокстылығы: шын мәнінде жоқ нәрсенің «болуында». Біздің пайымдауымызша, виртуалды шындықтың болмысын полионтологиялық көзқарас анық айқындайды: «Виртуалистика – полионтологиялық ындыққа негізделген көзқарас». Виртуалистика – homo virtualis (виртуалды адам) мәселесі – ақпараттық революцияның салдары ретінде өзінің тұжырымдалуын күтуде. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, виртуалды адам ХІХ ғасырда негізгі мәселеге айналады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет