Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет108/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
Жер құқығының негіздері
Жер құқығы – жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының жер заңдары мына принциптерге негізделеді:
- Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
- жерді (табиғи ресурс), Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
- жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- жерді нысанды пайдалану;
- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;
- жерді ақы төлеп пайдалану және т. б.
Еліміздің жер қоры ауыл шараушылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді.
Қазақстанда жер мемлекеттік және жеке меншікте болады. Осы кездегі пайдаланып жүрген нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасына мынадай мөлшерде тегін беріледі:
- ауылдық жерде өзіндік немесе қосалқы үй шаруашылығын жүргізу үшін - суарылмайтын жердегі 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар;
- жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар;

  • бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін -0,12 гектар.

Жер құқығы басқа да құқық салалары сияқты өзіне тəн құқықтық реттеу əдістеріне ие, олар реттелетін қатынастардан жəне оларға құқықтық нормаларды сақтамаған жағдайда мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудан туындайды. Жер қатынастарына қатысушыларға белгілі бір əрекеттерді жасауға берілген мүмкіндіктері немесе белгілі бір əрекеттерді жасауға тыйым салу түріндегі аталған құқықтары мен міндеттері өз мəн бойынша олардың жүріс-тұрысының үлгісі болып табылады.
Жер құқығы қатынастарын құқықтық реттеуде объектінің сипаты мен оның құқықтық жағдайы ескеріледі. Мысалы, жер, бір жағынан, бұл — табиғат объектісі, ал екінші жағынан — меншік объектісі, мүліктің бір түрі жəне басқару объектісі; осы жағдайлар жерді қорғау мен пайдалануға қатысты қатынастарды реттеу əдістерінің ерекшеліктерін анықтайды.Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік əдісі қолданылады.Жерге меншік құқығын жəне жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре » — «таңдаймын») əдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскелерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мəселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.Жерге табиғи объект ретінде әкологиялық əдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пəнінің, яғни, жердің (жер учаскесінің) табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 1-бабының 3-тармағына сəйкес, Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейтті;
5) шөлді;
6) тау етегі-шөлді-далалық;
7) субтропикалық шөлді;
8) субтропикалық-тау етегі-шөлді;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстік-сібір таулы аймақтар.
Жердің (жер учаскесінің) құқықтық режимін орнықтыру кезінде сумен қамтамасыз етудің табиғи жағдайлары (дымқылдығы), оның табиғи құнарлығы жəне т.б. ескеріледі.Жер қатынастарын реттеуде әкологиялық əдісті императивтік жəне диспозитивтік əдістермен бірге де, дербес өзін бөлек те қолдануға болады.Әкологиялық əдісті қолданудың нақты үлгісі ретінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңды алуға болады. Бұл заң субъектілерге құқықтар беру жəне оларға міндеттер жүктеу кезінде осы қорғалатын аумақтардағы табиғи жағдайларды ескереді. Табиғи жағдайларды есепке алмай тұрып мұндай аумақтардағы жер құқығы субъектілерінің құқықтық режимін, əсіресе, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан да, әкологиялық əдіс императивтік жəне диспозитивтік əдістерді қолдану барысында міндетті түрде пайдаланылады. Бұл əдіс құқықтың тыйым салушы нормалары анықталған жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Жер құқығы əдістерінің түрлері:

  • диспозитивтік;

  • императивтік.

Диспозитивтік əдістің түрлері:

  • ұсынушы;

  • санкциялаушы;

  • құқық беруші.


Императивтік əдістің түрлері:
1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін орнықтырушы;
2) тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары
қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);
3) әкологиялық əдіс.
Құқықтық реттеудің ұсынушы əдісі — бұл жер құқығы қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде субъектіге өз мақсаттарына жету үшін жүріс-тұрыс тəсілін таңдауға мүмкіндік беріледі.Санкциялаушы əдіс жер құқығы қатынастарының субъектісіне өзінің жерге қатысты əрекеттерін уəкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыру құқығын беруден көрініс табады. Мысалы, өзіндік қосалқы шаруашылық, жеке тұрғын үй құрылысын, бау-бақша жəне саяжай құрылысын жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шектік мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана əкімдері мен атқарушы жəне өкілдік органдардың бірлескен шешімдерімен анықталады (ҚР ЖК, 50-б. 3-т.).Құқықтық реттеудің құқық беруші əдісі жер құқығы қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар мен бостандықтар беруден көрініс табады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 64-бабына сəйкес жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушы өз шаруашылығының қажеттіктері үшін ешқандай мəміле жасаспай сол жер учаскесіндегі құмды, балшықты, тастарды жəне басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, торфты, өсімдіктерді, жер үсті жəне жер асты суларын пайдалануға жəне жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қолдануға құқылы.
Әкологиялық əдістің түрлері:

  • жер-құқықтық;

  • жер-әкологиялық.

Жер-құқықтық əдісі ретіндегі жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабында қарастырылған, мысалы, аталған баптың 1-тармағы жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді осы учаскенің нысанасынан туындайтын мақсатта пайдаланып, сол жерде дербес шаруашылық жүргізу құқығын береді.Жер-әкологиялық əдіс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 140-бабында қарастырылған, оған сəйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғауға, жерді қалпына келтіруге жəне т.б. бағытталған міндетті шараларды жүзеге асыру міндетін жүктейді. Әкологиялық əдістің құрамына бюджет жəне салық заңнамаларына сəйкес жерді қорғау мен пайдалануды әкологиялық ынталандыру кіреді (ҚР ЖК 140-б., 3-т.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет