Құқық негіздерінің қайнар көздері


Халықаралық бұқаралық құқық бөлімдері



бет111/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
1.2. Халықаралық бұқаралық құқық бөлімдері.
Халықаралық жеке құқық ғылымы үш бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы бөлім - жалпы теоретикалық мәселелерді зерттейді;

  2. Ерекше бөлім - халықаралық жеке құқықтың арнайы мәселелері қаралады;

  3. Халықаралық азаматтық процесс.

Халықаралық жеке құқық саласына шет ел жеке және заңды тұлғаларының құқық қабілеттілігі және іс-әрекет қабілеттілігі, шет ел азаматтарының Қазақстан аумағындағы мүлкіне меншік құқығы, сондай-ақ, Қазақстанның және оның азаматтарының шет елдегі мүлкіне меншік құқығы, сыртқы саудадағы мәмілелер жасасудың тәртібі мен жағдайлары, шет елдіктердің санаткерлік меншік құқықтарын қорғау, Қазақстан азаматтарының ашқан жаңалықтарын шетелде қорғау, шет елдіктермен некеге тұрудың ұйымдастыру-құқықтық түрлер, еңбек қатнастары мен оларды шет елде жүзеге асыру.
Халықаралық жеке құқық реттейтін қатынастарға шет ел элементінің болуы шарт. Ол үш түрге бөлінеді:

  1. Құқықтық қатнас қатысушысы шет ел заңды немесе жеке тұлғасы б.т.;

  2. Құқықтық қатнас объектісі қазақстаннан тыс, шет ел мемлекетінің аумағында болады;

  3. ХЖҚ реттейтін қатнастар негізінде шет елде орын алған заң фактісі болады.

Құқықтық қатынаста осы аталған үш элементтің бірінің болуы оның халықаралық жеке құқық қатынастарының қатарына жатқызады.
Халықаралық қатынастардың толық деңгейде дамытуға бел байлаған мемлекет шет ел немесе өз мемлекетінің заңының қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормаларды белгілейді. Осы коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқық негізін құрайды. Халықаралық жеке құқық нормаларының бірі унификацияланған (біркелкі) материалдық нормалар болып табылады. Шет ел элментімен азаматтық-құқықтық қатынастарды құқықтық регламенттеу бұл елде Арнайы қабылданған ішкі заңнаманың материалдық нормалалрымен жүзеге асырылады. Мәселен қазақстан республикасының "шет ел инвестициялары туралы" заңы, Қазақстан Республикасының "Кеден ісі туралы" заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Жарлығы. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық көпшілік құқықтан айырмашалығы. Халықаралық заң әдебиетінде бұл туралы әртүрлі көзқарастар бар. Олардың біріне сәйкес халықаралық жеке құқық - халықаралық көпшілік құқықтың бөлігі болып табылады. Тағы бір көзқарасқа сәйкес халықаралық жеке құқық пен халықаралық көпшілік құқық бір пән. Ғалымдардың үшінші тобы халықаралық жеке құқықты ішкі азаматтық құқықтың ерекше саласы болып табылады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет