I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



бет3/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тақырыптың өзектілігі: Терминология мәселесі, оның ішінде салалық термин мәселесіне аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі күннің зор талабы ретінде жұмысымның өзектілігін белгілейді.

Терминология – үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан, терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, Н.А.Баскаковтың, В.И.Сифоровтың, Р.А.Будаговтың, О.С.Ахманованың, Б.О.Орузбаеваның, М.Ш.Гасымовтың, Т.Бертагаевтың т.б зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.

Сонымен қатар, түрколог ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев Ә.Қайдаров, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ә.Әбдірахманов, С.Исаев, т.б еңбектерінде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып салалық термин жасау мәселесі жолға қойылды.



  • Салалық терминология мәселесін зерттеудің бірнеше себептері болды. Атап айтқанда ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай әрбір өркениетті елдің терминологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс.

  • Екіншіден, қазақ әдеби жазба тілі – мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі оның жон арқасы болуға тиіс.

  • Үшіншіден, қазақ тілі терминологиясы әртүрлі жағдайларға байланысты қазіргі кезде үлкен дағдарысқа ұшырап отыр./1.4/. Термин практикасы аяқасты болып, әркімнің өз бетінше термин жасауы барынша орын алып отыр

Демек, қазіргі кезеңде мемлекеттік мәртебелі ана тіліміздің табиғатына сай жаңаша қалыптастырудың принциптерін белгілеу басты мақсат.

Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі – заң терминдері.

Республикамызда заң мамандарын дайындау XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында басталды. Демек, сол кезден бастап қазақ мемлекетінде заң саласындағы терминдер қалыптаса бастады.

Ғылым мен мәдениттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т.б осы сияқты көне атаулар архаизмге: кеңес, сот, прокурор, қорғаушы, тергеуші т.б. сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.

Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-жолдарынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен, қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады. Мысалы, күә, халық соты, заң, шағым, бас бостандығы, қоғамдық тәртіпті қорғау, бап, құқық, еңбек тәртібі, борыш, жауапкер, талап арыздары, айыпкер, жаза, қылмыс, азаматтық істер, меншік, сот үкімі, сот билігі, қарсы талап, айғақ, куәлар, айыптаушы, аса ауыр қылмыс, тағы басқа сөздер бірер жылдың жемісі емес, халықтық қолданыста бар, кейбірі бұрыннан-ақ терминдік мән алған сөздер. Тілді жаңа термин байытудың ең тиімді де өнімді жолы сол тілдің көрнекті тіл мамандарының бәрі дерлік мақұлданған.

Осы кезге дейін бізге мәлім боып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түр-түрлі болып келгенін білеміз. Бірқатар терминдер жалпытүркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптасуынан пайда болды. Мысалы, әкімгершілік ұғымды білдіретін "хан","тархан", "бек" сөздері көне түркі дәуірінен белгілі. "Жала", "құн", "айғақ", сияқты қылмыстық құқыққа қатысты сөздер байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "компетенция", "күә", "шара", "айып" сөздері – басқа тілден ауысқан кірме атаулар. Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы, өз тарихы бар. Бұлардың бәрі де дүниенің әлеуметтік тынысымен, халық шежіресімен астасып жатады.

Сондықтан заң терминдерін бір ізге салудың, оларды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл салада істелген біршама жұмыстар да бар.

Алғаш рет заң терминдерін жүйеге салып, сөздік жасаған ғалым Т.Күлтелеев. 1962-64 жылдар аралығында басылып шыққан заң кодекстері – заң терминдерінің қалыптасып дамуына игі әсерін тигізеді.

Мысалы, 1960 жылы шыққан С.Байсалов пен Ұ. Құдайбергеновтің орысша-қазақша терминологиялық сөздігінің үлкен пайдасы болды. Онда 2700-ге таяу заң терминдерін қамтылды.

Бұл сөздік – қазіргі кезде заң терминдерінен хабардар ететін бірден-бір лингвистикалық еңбек деп айтуға болады.

Заң терминдері ғана емес, жалпы терминология мәселесінің теориялық жақтары қазақ тіл білімінде әлі толық шешімін таппай отыр.

Демек, Қ.Жұбанов, С.Бәйішев, К.Аханов, Ә.Сатыбалдин, Ә.Әбдірахманов т.б. еңбектеріндегі және оқулықтарындағы берілген анықтамалар негізінде алынып, бүгінгі кезеңде арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймыз.

Бүгінгі таңда Республикада заң терминдерін зерттеп білу міндеті өзінің көптеген шешімдерін күтуде. Солардың бірі – заң терминдерінің қалыптасу кезеңдерін анықтау, олардың шығу төркіні (генезисі), терминдік жүйе ретінде қалыптасуы арнайы зерттелген жоқ.

Заң терминдерін ғылыми жағынан зерттеудің маңызы зор. Әсіресе, жоғары оқу орындарындағы заң факультеттері студенттері, заң, сот мекемелерінде қызмет істейтін мамандардың күнделікті жұмыстарында пайдалануға аса қажет.

Демек, бұл айтылғандардың бәрі де зерттеп отырған мәселелердің өзектілігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі "қазақ тіліндегі заң терминдері" мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет