І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұн


Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар



бет2/3
Дата10.03.2017
өлшемі0,64 Mb.
#11245
1   2   3

1.3. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар.

Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.

Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс.

Оқушыларға экологиялық білім берудің мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған табиғи ортада саналы түрде өзінің мінез-құлқында жауапкершілік ережелерін сақтауға деген қажеттілікті тәрбиелеу болып табылады /5/.

Орта білім беретін мектептің түлегінің экологиялық сипаттағы білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды есепке ала отырып, негізгі іскерліктер мен оны құрайтын дағдыларды сипаттайық.

Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл оқушының гуманитарлық және жаратылыстану – ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты.

Іскерліктер мен дағдылардың дамуы процесінде өз бетінше зерттеу жүргізу барысында танымның интеллектуалды және эмоционалдық бастамаларының өзара байланысы күшейеді. Нәтижеде жеке адамның маңызды қасиеттері қалыптасады – сенімділік, ол оқушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Оқушылардың арнайы бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие болады. Сондықтан оқушылар адамның қоршаған табиғи ортадағы мінез-құлқының адамгершілік және құқықтық негіздерін ой-санасына тез қабылдайды /8/.

Қоршаған орта нәтижелі тәрбие құралы болуы үшін, педагог оқушыны қоршаған орта жағдайын жақсартудың белгілі бір іс-шараларын бағытталған түрде қатыстырып отыруы тиіс. Оқушы табиғат оъектілерін тиімді пайдалану немесе қорғауды үйренеді, олар оқушы үшін еңбек және қамқорлық көрсету заты болады да, ал осы объектілерге қатысты құқықтық және этикалық талаптарды орындау – мәнез-құлық ережесі болып табылады.

Өмірде нақты маңызды әскерлікке қоршаған табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қорғау жатады. Мұнда үш түрлі іскерліктердің маңызы зор.

Іскерліктердің бірінші түрі – жеке мінез-құлқындағы мәдениеттілік (мысалы, қоршаған ортада теріс қылықтарды жасамау, шөптерді таптамау, тұрмыстық қалдықтармен ластамау, шуламау және т.б.).

Екіншісі, басқа адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде табиғи ортада пайда болған теріс нәтижелердің алдын алу не жоюға бағытталған. Мысалы, броконьерлікті, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзуға қарсылық жасау. Мұндай іскерліктер белгілі бір сезімдік-жігерлілік сапаларды тәрбиелеуді, адамдармен еркін араласу дағдыларын қажет етеді.

Үшінші түрдегі іскерліктер пайда болған теріс, жағымсыз құбылыстарды еңбек іс-әрекеті нәтижесінде жою. Мысалы, басталып келе жатқан өртті өшіру, топырақты эрозиядан қорғау, рекреация аймағындағы қоқыстарды жинау, балықтардың жас шабақтарын және т.б. жануарларды қорғау.

Экология мен табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін насихаттаудағы іскерліктер мен дағдылар оқушылардың экологиялық білім беруін қорытындылайды. Себебі, оларды жүзеге асыру тіршілік жағдайларында орта және оны қорғауға кең теориялық білімдерге сүйенуді қажет етеді /14/.

Оқушылардың экологиялық білімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз, сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдың – мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция, жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет. Оқушы алуан түрлі ақпарат көздерін пайдалана білуі керек, өз ойын айтудың логикасы мен психологиясын, тыңдаушылар үшін тиімді жолмен ақпаратты жеткізу.


ІІ тарау. Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс- тәсілдері.

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейлері.

Қаланың бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық білім деңгейін анықтау мақсатында №25 және №26 мектеп гимназияларда сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жалпы – 70 адам қатысты. Сауалнама анонимді түрде жүргізілді. Зерттеуге әр мектептің бастауыш сынып оқушыларынан 50 адам қатысты.

Сауалнамаға оқушылардың жалпы экологиялық көзқарасын көрсететін 10 сұрақ енді. Алынған мәліметтер 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3



Сауалнама сұрақтары



Сұралған жалпы санынан дұрыс жауаптар %

№25 және №26 гимназия арасындағы айырмашылық

№25 гимназия

№26 гимназия

1

Экология дегеніміз не?

31

23

8

2

Экологиялық мәдениетті қалай түсінесің?

38


18


20


3

Табиғат сіздің өміріңізде қандай орын алады?

45


34


11


4

Табиғатта өзіңізді ұстау ережелерін білесіз бе? Және оларды орындайсыз ба?

46


14


32


5

Біздің қаламыз бен оның айналасындағы қоршаған ортаның жағдайы сізді ойландыра ма?

48

41

7


6

Шымкент қаласында қоршаған орта жағдайына не әсер етеді деп ойлайсыз?

42

25


17


7

Сіздің денсаулығыңыз қоршаған орта жағдайына байланысты ма?

41


40

1


Кестеден көрініп тұрғандай сұрақтарға толығырақ жауап берген №26 гимназия оқушылары болады. Олардың №25 гимназия мектеппен салыстырғанда экологиялық білімдерінің деңгейі жоғары. №26 мектеп-гимназиясының оқушылары өздерінің білім деңгейін «Экология» арнайы пәнінің оқытылуы себепті, аталған сұрақтардың тереңірек талқыланылатынымен түсіндірді. Ал №25 мектеп гимназиясында мектептің тарихи-гуманитарлық бағыттылығына байланысты экология пәні тек 7-8 сыныптарда факультативті курс ретінде ғана жүргізілгендіктен оқушылардың білімі төмен 47,7 % құрады.

Сонымен қатар №25 мектеп оқушыларының табиғатта өзін қалай ұстау керек, қандай ережелерді орындау керектігі туралы білмейтіндігі анықталды. Ал №26 гимназия оқушылары табиғатқа жиі шығып Машат, Біркөлік шатқалына жорыққа шығады. Танымжорық алдында олар өзін табиғатта қалай ұстау керектігі туралы ережелермен танысады.

Сауалнама нәтижелері бойынша төмендегі қорытындыны жасауға болады: №26 мектеп гимназиясы оқушыларының экологиялық білімдері мен экологиялық мәдениеті №25 мектеп гимназиясымен салыстырғанда жоғары. Мұндай нәтижелерді №26 мектеп гимназиясында арнайы «Экология» пәнінің оқытылуымен, мектепте табиғат қорғау саясатының белсенді түрде насихатталуымен әр түрлі экологиялық семинарлар, байқаулардың ұйымдастырылуымен түсінуге болады.

Аталғандардың барлығы мектеп оқушыларында экологиялық мәдениетті және оларда табиғатқа деген жанашырлықпен қарауды қалыптастырады.
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары.

Бүгінгі таңда жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жаңаша құру және оны өміршең ету республикамыздың білім беру тұжырымдамасында жан-жақты қарастырылған. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерді 12 жылдық оқу жүйесіне көшіру қалыптасқан оқу үрдісіне көптеген өзгерістер әкелері сөзсіз. Осы тұрғыда бастауыш сыныптарда оқушыларды 6 жастан бастап оқыту көзделіп отыр. Сондықтан оның оқу жоспары мен бағдарламаларын оңтайландыру қажеттігі туары анық. Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні оқытылады. Бұл пәннің жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруда рөлі зор. Яғни, үздіксіз білім берудің біртұтастық, жүйелендіріп кіріктіре оқыту ұстамдарының бірізділігін жүзеге асырады. Тағы бір жағдай соңғы жылдары үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру барысында кейбір бастауыш мектептерде экология курсы енгізіле бастады. Көптеген мұғалімдер өзінің авторлық бағдарламалары бойынша сабақ жүргізеді. Бастауыш мектепке арналған экологиялық оқу бағдарламаларын бір жүйеге келтіру міндетті тұр.

Бастауыш сынып экологиясы бүгінгі талапқа сай «Дүниетану» курстарына қосымша білім беруге бағытталған. Алдына қойған негізгі мақсаттары:

1. Жасөспірімдерге айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.

2. Жасөспірімдерге қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.

3. Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік ой-өрісін дамыту.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны құрастыруда 1-4 курстар бойынша қамтылған білім жиынтығы былайша топталған. Мәселен, 1-сыныпта: Қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым-қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір-бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.

Екінші сынып бойынша – адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатын, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістер дамытылады.

Үшінші сыныпта – адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс-әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.

Төртінші сыныпта оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.

Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.

Әрбір курсты аяқтауы табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.

Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар (І-ІV сыныптар).

І сынып бойынша оқушылар:

- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды;

- табиғаттағы заттарды, өсімдіктер мен жануарларды;

- ауа, су, топырақты ажыратып олардың адам үшін қажеттілігін;

- адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс.

Оқушылардың біліктілігі:

- табиғаттағы заттарды (өлі және тірі заттар) ажырата білу;

- ауа, су, топырақты ажырату және олардың пайдасы туралы айтып бере алу;

- өсімдік пен жануарларды ажыратып, олардың адам үшін қажеттілігін іс жүзінде білу.



ІІ сынып бойынша оқушылар:

- өзінің тұрған үйін, мекеннің тазалығын, жеке басының гигиенасын сақтауды;

- ірі құрылыстар, көліктердің түрлер мектеп т.б. мекемелер туралы;

- тұрған мекенінің айналасындағы табиғат құрауыштарын, азық –түлік сапасын, айнала мен көше тазалығын сақтауды;

- үй және жабайы жануарларды ажыратып, олардың адам өміріндегі маңызын білулері тиіс.

Оқушылардың біліктілігі :

-үйдің айналасы, көше , үй –іші және өзінің жеке басының тазалығын сақтауды;

- ірі ғимараттар мен мекемелерге бару, жол жүрудің қарапайым ережелерін;

- азық-түліктің сапасын ажырату, үй және түздегі жануарлармен қамқорлық қарым-қатынас жасау және сақтану шараларын;

- өсімдік пен жануарларды немесе ғимараттардың аттарын біліп ажырата алады.

ІІІ сынып бойынша оқушылар:

- табиғаттағы заттардың бір-бірімен байланысы, адамның табиғатты пайдалану себептерін;

- табиғаттағы өзгерістерді байқау, мәдени өсімдіктер мен орманның ерекшеліктерін;

- бау-бақша, мектеп үлесі, гүлдердің түрлері, оны күту, олардың пайдасы мен зияны туралы мәселелерді білулері тиіс.

Оқушының біліктілігі:

- табиғаттағы заттарды атап, оның не үшін керектігін;

- өсімдіктер мен орманның түрлерін ажыратып, олардың маңызын;

- пайдалы мен зиянды организмдердің бірнешеуін атап, олардың адам үшін маңызын айтып беруді меңгереді.

ІV сынып бойынша оқушылар:

- адамның табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануы немесе пайдаланбауы;

- өсімдік пен жануарлардың мәңгі еместігі, олардың сиреп немесе біржола құрып кететіні;

- тірі организмдердің өмір сүруі және тіршілігінің адамға тәуелділігі;

- қызыл кітаптың маңызы және кейбір сирек аң мен құстар жайлы және оларды қорғау;

- өзен мен көлдер және жерді қадірлей білу мен олардың ластануының себептері;

- ауаның сапасы және адам денсаулығы туралы мәселелерді білулері тиіс;

- табиғи байлықтардың бірнешеуін атап, олардың қорын, дұрыс пайдалану барысына баға беруді;

- сирек өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше түрлерін атап және кездесетін жерлерін білу, оларды қорғау жолдарын;

- қызыл кітапты оқып, оның мәнін түсіндіріп және өз өлкесінде кездесетіндерін есепке алуды;

- өзен мен көлдер, ормандарда тіршілік ететін аң мен құстарды ажыратып, оларды қорғауға қорғау туралы іс-тәжірибелерді;

- ауа мен судың сапасы және тазалығын ажыратып, олардың немен ластанатынын ажыратып, талдау жасауды игереді.



ЭКОЛОГИЯ

(І-ІV – сыныптарға арналған бағдарламалар)

Экология (1-сынып)

Тақырыптар

Сағат саны

Саяхат

1

2

3

І. Кіріспе

2




1.1. Адам және қоршаған орта туралы түсінік

1




1.2. Адам және табиғат арасындағы байланыс

1




ІІ. Қоршаған орта және адам

8




2.1. Қоршаған ортаны біз қалай сезінеміз

1




2.2. Сезім мүшелері және табиғат

1




2.3. Айнала қоршаған ортаны байқау

1




2.4. Табиғаттағы құбылыстарды ажырата білу

1




2.5. Табиғаттағы заттардың түсін ажырату

1




2.6. Теледидар арқылы заттарды ажырату

1




2.7. Теледидар арқылы табиғатты түсіну

1




2.8. Табиғат құрауыштарын ажырата білу

1




ІІІ. Қоршаған ортаның көптүрлілігі

20




3.1. Қоршаған ортаның әр түрлілігін түсіндіру

1




3.2. Үй мүліктері және оның қажеттілігі

1




3.3. Тірі және өлі заттарды ажырата білу

1




3.4. Заттарды сипатына қарай жіктеу

1




3.5. Ауаның қасиеттері

1




3.6. Ауаның адам үшін маңызы

1




3.7. Судың қасиеттері және маңызы

1




3.8. Суды үнемдеу

1




3.9. Топырақ және оның қасиеттері

2




3.10.Топырақтың адам, өсімдік және жануарлар үшін маңызы

2




3.11. Өсімдіктер туралы түсінік

1




3.12. Өсімдіктердің кейбір түрлерін ажырата білу

2




3.13. Жануарлар туралы түсініктер

1




3.14. Жануарлардың кейбір түрлерін ажырата білу

2




3.15. Өсімдіктер мен жануарларды ажырата білу

2




ІV. Адамның іс-әрекеті

4




4.1. Адам – табиғат туындысы

1




4.2.Адамның табиғатпен байланысы

1




4.3. Адамның табиғаттағы орны, рөлі

2




4.4.Табиғатқа саяхат




2

Барлығы:

34




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет