I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін спорттық мерекелер



бет96/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін спорттық мерекелер лагердің жабылуы таянып қалған кезде өткізіледі.

Жазғы демалыс лагерінің мерекелік бағдарламасына жеңіл атлетикалық ойындар түрі жоспарланады. Алғашқыда жарыс топтың ішінде ұйымдастырылады, содан соң топ арасында өткізіледі. Қорытынды дене тәрбиесі мерекесінде салтанатты шеру құрады, бұқаралық гимнастикалық жаттығулар көрсетіледі, сонымен қатар топтар арасындағы өзара жарыспен аяқталады. Спорттың мереке жарысының жеңімпаздары анықталады.



Серуендер. Саяхатқа шығу. 1-2- сынып оқушыларымен ұзақтығы, 1,5-2 сағаттық серуендер өткізіледі. Мақсаты – қоршаған ортамен, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, гүлдер, жидектер түрлерін жинау, орман, тоғай, тауларды бақылау. Серуенді топ жетекшілері, тәрбиешілер өткізеді. Серуен барысында балалармен ән айту, ойын ойнау, әр түрлі қызықты әңгімелер тыңдау қарастырылады.

3-сынып оқушылармен серуен басқа 3-4 сағаттық саяхатқа шығу ұйымдастырылады. Саяхатқа шығу барысында жоғарыда аталғандардан басқа әр түрлі заттардың жиынтығын жинау, гербарий, тұрған орынның бағытын компас, карта бойынша анықтау, сонымен қатар тұрған орынға байланысты ойындар өткізу қарастырылады.

Серуенге және саяхатқа шығудан басқа бір күндік, екі күндік саяхатқа шығу қарастырылған. Бұл іс – шара түрінде ден саулығы мықты, денесі шынықтырылған балалар қатыса алады.

Саяхатқа шығар алдында жетекші саяхатқа қатысушылармен бірнеше сабақтар өткізедң, оқушылардың міндеттерімен таныстырады. Саяхатқа шығушылардың саны 20-25 адамнан тұрады, топ жетекшісі, тәрбиеші, дене тәрбиесі пәнінің жетекшісі, дәрігер және мейірбике қатысады.



Мерекелер. Жазғы демалыс лагерінде жалры мереке өткізіледі. Мерекелер лагерьдің ашылуы мен жабылуына арналады. Мерекеде оқушылар еркін жаттығулармен қатар, пирамидалар жасайды, акробатикалық жаттығулар түрлерін көрсетеді. Мерекелерді ұйымдастыру оқушылар демалуға келген күннен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет